Торлы модельдер, олардың мысалдары.



Когнитивтік лингвистикаға байланысты терминтанудың тіл білімінде алатын орны, оған қатысты әр түрлі көзқарастар мен пікірлері.

Билет 17

1.Когнитивизм және когнитология. Бүгінгі таңда тіл біліміндегі когнитивтік бағыт тілдік мәселелерге мүлде өзге қырынан келуді алға тартып отыр. Когнитивизм саласы ғылымның философия, логика, лингвистика, психология, мәдениеттану, интеллект сияқты бірнеше салалардың басын тоғыстыру арқылы тілдік мәселелерді шешуді ұсынады. Осының салдарында тілді «өз ішінде және өзі үшін» қарастыратын зерттеулер жеткіліксіз болып, оны ой-санамен тығыз байланыста қарастыру қажеттігі туындап отыр. Демек, бұл адамды тіл арқылы және керісінше, тілді адам арқылы анықтау.

Когнитивизм ғылымының құрамына енетін когнитивтік лингвистика адамның дүниетанымы туралы ғылым. Когнитивизм негізінен адамзаттық когнитацияны зерттейді. Адамның когнитивті дүниесі оның ойлау әрекетінен көрінеді десек, сол әрекетті танытатын негізгі белгі оның тілі болып табылады. Тіл – адамның қабылдаған ақпаратын өңдеп санада реттелген нәтижесін көрсететін құрал.

Когнитивизмнің зерттеу нысаны- когнитивтік тіл білімі когнитивизм ғылымымен тікелей байланысты.Оның зерттейтін нысаны – адамзаттық когниция екендігі, ол – ақиқат дүние туралы санада қалыптасқан білімді ішкі рухани танымы мен моделі арқылы, заңдылығын, теориясын зерттейтін ғылым. Когнитивтік лингвистикада когниция ұғымына ерекше назар аударылады. Когниция – адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі. Адам баласына дүниедегі мәліметтердің лингвистикалық арналар арқылы жетуі адамды концепт әлеміне жетелейді.

Зерттеуші В.А.Маслова «... елестету, схема, картина, фрейм, сценарий (скрипт), гештальт» сияқты бірліктерді адам танымындағы ақпараттарды сыртқа шығаруда қолданылатын тілдік құрал деп есептеген.

1. Когнитивизм ғылымының құрамына енетін когнитивтік лингвистика адамның дүниетанымы туралы ғылым.

2. Когниция – адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі.

Жалпы таным - білімге, жан-жақты жинақталған ақпараттарға қатысты әрекеттердің барлығы когниция немесе когнитивтік әрекеттер деп аталады. Когнитивистика – адамзат ойлауын зерттейтін пәндер тобының атауы. Бұл термин ғылымдар бірлестігіне қатысты, әрі жалпы термин, өзіне бұрын-соңды салыстырылмаған, оның ішінде когнитивтік психология, гносеология, лингвистика, компьютерлік ғылымдар, жасанды интеллект теориясы, математика мен нейропсихологияның зерттеу қырларын енгізеді.

Когнитология – адамның ақпаратты пайдалану, жинақтау, игеру үрдісін, сондай-ақ білімді концептуальды ұйымдастыру жолдары мен білімді көрсету құрылымын зерттейтін ғылым.

1. Жалпы таным - білімге, жан-жақты жинақталған ақпараттарға қатысты әрекеттердің барлығы когниция немесе когнитивтік әрекеттер деп аталады.

2. Когнитивистика – адамзат ойлауын зерттейтін пәндер тобының атауы.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!