Этнолингвистиканың зерттелуі.



ХХ ғасырдың соңына қарай тіл әлемінің өзіндік табиғатын, даму заңдылықтарын толық та жан - жақты зерттеу мақсатында тіл білімінің ішінен жіктеліп жаңа салалар – әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, статолингвистика, паралингвистика, прагмалингвистика, когнитивтік лингвистика, этнолингвистика іспеттес ғылымдар қалыптасып дами бастады. Әр саланың дербес мақсат-міндеті, өз зерттеу нысаны бар. Осыған орай, этнолингвистика-этнос болмысын оның тілі арқылы танып - білу мақсатынан туындаған лингвистиканың жаңа да дербес бір саласы деп айтуға болады [1, 28].Этнолингвистика «этнос», «этнос болмысы», «этнос тілі», «тіл әлемі» деген ұғым түсініктерге ерекше мән береді. Этнолингвистика - халықтың этногенезін тұрмыс салты мен әдет-ғұрпын, мекен-жайын, басқа халықтармен тарихи-мәдени байланысын, күнделікті тұрмысын материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімінің жаңа саласы.Бүгінгі таңда қазақ этнолингвистикасы ғылыми негізі қалыптаса бастаған, жан – жақты ізденіс нәтижесінде өзіндік ерекшелігі мен үрдісі айқындалып келе жатқан, дербес те перспективті ғылым саласы ретінде танылып отырғанын көреміз. Оны академик Ә. Қайдардың «Қазақ тілінің өзекті мәселелері» деген еңбегінен білеміз. Бұл еңбекте қазақ топырағында дүниеге келген этнолингвистика ғылымының төңірегінде ғылыми мектеп қалыптасқандығы және бұл салада көп жылдар бойы үздіксіз жүргізіліп келе жатқан ізденістердің нәтижесінде айқындала түскен оның бағыт – бағдары, өзіндік үрдісі, зерттеу объектілері мен әдіс – тәсілдері кеңінен сөз болады [1,32].Ә.Қайдардың анықтамасы бойынша, этнолингвистиканың зерттеу объектісі – этнос тілі болса, мақсаты – осынау бай тіл қазынасын этнос болмысы тұрғысынан толық меңгеру, оның бейне бір тұңғиық теңіздей терең мағына – мазмұнына бойлай еніп, оны игеріп, танып – білу, жүйелей түсіп, жан – жақты зерттеу, яғни сол тіл арқылы этнос болмысын танып – білу.

Этнолингвистика қазақ тілінің лексикалық байлығын мүмкін болғанша түгел қамтып, індете зерттеуді мақсат етеді. Қазақ этнолингвистикасының тағы бір ерекшелігі – лексикалық байлықтың мазмұны мен мән – мағынасын этностық таным тұрғысынан толық ашу, этнос болмысына қатысты бағалы мағлұматтар мен құнды деректерді түгел сөйлету, тілдің өзіне тән бояу – нақышымен бейнелі де көркем түрде суреттеу, сондай – ақ, жүйелілікті сақтау болып табылады [2,25].

Қазақ тілінің байлығын этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу қажеттілігі туындайды. Сонда ғана тіл әлеміне тән лексикалық байлықты тұтас та түбегейлі меңгеру, мән – жайын, мағына – мазмұнын түсіндіру арқылы этностың болмысын терең түсіне аламыз. Ол үшін қазақ этносын жалпы түркі тіл әлемі арқылы ғана емес, өз тілінің мүмкіншілігі мен өзіндік табиғи ерекшелігі арқылы ғана танып – біліп, этностың тіл әлемін түбегейлі игеру керек. Бұл – этнолингвистикалық зерттеудің қиын да күрделі мәселелерінің бірі десек те болады. Себебі, қазақ тілінің лексикалық байлығын тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар оны сапа жағынан да саралап шығу, яғни сөз маржанының түбіне бойлап, сан ғасырлар бойы сақталып келе жатқан сырын ашу – оңай шаруа емес екендігі белгілі. Сөз құпиясына үңілу кез – келген зерттеушінің қолынан келе бермейді.

Этнос туралы небір құнды дерек – мағлұматтармен толықтырып, мазмұн, тақырып ауқымын кеңейтіп, мән – мағынасын тереңдете түсетін тілдің негізгі көздері бар. Ғалымдар оларды «этнолингвистикалық арналар» деп атайды.

Олар мыналар: баламалар, тұрақты теңеулер, фразеологизмдер, мақал – мәтелдер, жұмбақтар, ауыз әдебиеті үлгілері.

Ұлттың рухани дүниесінің жаңғыруы, сонымен сабақтас материалдық өндіріс пен тұрмыс күйі әркімнің жеке басының жағдайына байланысты емес, ол - халықтың әлеуметтік - психологиялық, мәдени, тұрмыстық, дүниетанымдық жағдайына байланысты қалыптасатын жалпыхалықтық құбылыс

2.Когнитивті лингвистиканың когнитологияның құрамында оның жеке саласы ретінде дамуы. Когнитивті лингвистика (лат. cognitio білім, түсінік, көзқарас) дегенді білдіреді.Когнитивті лингвистика — тілді жалпы танымдық механизм ретінде қарастыратын бағыт" (В.Демьянков), сол себепті тілдік құрылымдардың ақпаратты өңдеу барысындағы қызметін айқындау, өзге танымдық құбылыстармен байланысын сұрыптау аталмыш саланың негізгі мəселелерін жүйелеуге көмектеседі. Когнитивті лингвистика - "...адамзат тілін жалпы хабарды ұсынуға, оны бір күйден екінші күйге ауыстыруға мүмкіндік беретін таңбалар жүйесі, таным механизмі əрі құралы ретінде қарастыратын лингвистика саласы" (Когнитивті терминдердің қысқаша сөздігі; КТҚС 53). Таным - дүниені, өмірді танып-білу қабілеттілігі (Қазақ тілінің

түсіндірме сөздігі, 8-т.); Адамның дүниені біртұтаскүйінде тануын анықтайтын, тіл мен таным сабақтастығын қарастыратын осы сала.

Когнитивті тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизмін түсіндіруді және ақпараттық білім алудың негізі болып табылатын тілдік модельдік жасаушы болып табылады.Өз кезінде В.Гумбольт айтқандай, тіл – адам баласының болмысы мен танымының барлық саласына араласа алатын адамзат рухының ең басты әрекеті.Тіл зерттеушілері когнитивтік тіл білімі арқылы танымның шарттары мен құралы ретіндегі тілдің рөлін айқындауға мүмкіндік алады. Когнитивтік тіл білімі қазіргі антропоцентризмдік талдаулар деңгейінде қалыптасқан когнитивизм негізінде пайда болып, тілдік зерттеулердің көкжиеегін кеңейтеді. Когнитивизм, когниция ұғымы тек адам рухына (білім,сана, ақыл,ой,түсінік,шығармашылық,ойлау) қатысты жайттарды ғана емес, сонымен бірге қабылдау,еске сақтау,зейін танып білу сияқты процестерді де қамтиды.

3.Мағжан Жұмабаевтың тіл, ой, сана арқылы адамзаттың даму процесін сипаттауы М.Жұмабаев – қазақ әдебиеті мен тілінің даму сатысында өз орны бар, тілді қолдануға шығармашылық тұрғыдан келетін тілдік тұлға, аса білімді, мәдениетті, ой өрісі кең элитарлық тұлға, меңгерген білім дағдыларын, ғаламның тілдік бейнесіндегі ұрпақтан-ұрпаққа беріліп сақталған ұлттық таным мазмұнын келер ұрпаққа жеткізетін ұлттық тұлға;

– М.Жұмабаев тіліндегі «жан», «өлім», «махаббат» концептілері біртұтастықта ақынның жеке танымын сол концептілердің философиялық, психологиялық, діни-мифологиялық түсініктермен сабақтастықта бере алады. Демек, интеллектуалдық, әлеуметтік, психологиялық т.б. негіздеріне сай құрылған ракурста жеке тұлғаның болмысы жан-жақты ашылады.

– М.Жұмабаев шығармаларындағы көріктеуіш құралдар мен лингвомәдени бірліктердің окказионалдық сипаты ұлттық-мәдени ақпаратқа иелілігімен ерекшеленіп, прецеденттік мәтіндер мен афоризмдердегі имплициттік мағыналар мен олардың берілуіндегі уәжділік оның тілдік тұлғасының прагматикасын көрсетеді.

Билет 16

1.Когнитивті психология. Когнитивті социология. Когнитивті антропология. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. «Когнитивтікпсихология» деген терминді 1967 жылы У.Найсер ұсынды. Психологияның танымдық бағыты субьектілердің қабылдау, ойлау, пайымдау, түсіну әрекеттерін жан-жақты талдау негізінде адамның ішкі, көзге көріне бермейтін әрі нақты механизмдер мен үдерістер арқылы емес, сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерді шешуге бағытталды.

Алғашқы кезең үшін структурализм мен бихевиоризм идеяларының әсері тән болса, екіншісі лингвистика мен психолингвистикадағы трансформациялық туындатушы грамматиканың басым болуымен байланысты. Психолингвистика дамуының ағымдық кезеңі когнитивтік әдістің психолингвистикалық білімдер, ділдік репрезентациялық табиғатын орнатумен байланысты зерттеуге әкеліп соғады.

Когнитивтік психология («тіл біліміндегі психологизм» туралы)дегеніміз- адамдардың дүние, әлем, қоршаған орта жайлы ақпаратты қалай алатыны мен адам осы ақпаратты қалай ұғынады, ақпарттың есте сақталып білімге айналуы мен осы білімдердің біздің зейініміз бен жүріс-тұрысымызға тигізетін әсерін зерттейтін психологияның бір саласы.

Когнитивтік әлеуметтану. Когнитивтік әлеуметтану социолингвистика мен когнитивтік лингивистика ғылымдарының қалыптасып дамуына ықпал жасады. Бүгінгі таңда әлеуметтік лингивистика тілдің әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың тілге әсер ету тетігін, қоғам өміріндегі тілдің атқаратын қызметін зерттейтін ғылым.

1. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды.

2 Когнитивтік әлеуметтану социолингвистика мен когнитивтік лингивистика ғылымдарының қалыптасып дамуына ықпал жасады.

3. Антропология – адамның биологиялық табиғатын зерттейтін ғылым.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!