Азақ тіл білімінің зерттеу барысында тілші- ғалымдардың таным теориясының қалыптасуына қосқан үлесі.



3.Мақал-мәтелдердегі тілдің тәрбиелік сипатының көрінісі. Мақал-мәтел – әрі қысқа, әрі нұсқа айтылған сөз мәйегі, ой маржаны. Мақал-мәтел бір ғасырдың ғана жемісі емес. Олардың алғашқы үлгілері есте қалмаған ықылым заманда туып, өзінің қалыптасу, даму, өсу процесінде талай ғасырмен бірге жасасқан. Бұл жолда әр түрлі қоғамдық, таптық тілектерге сәйкес өзгеріп, жаңарып отырған. Мақалдар мен мәтелдерде айтылмайтын, сөз болмайтын өмір саласы жоқ десе де болады.

Мақал-мәтелдерден халықтың ой-санасы, дүниеге көзқарасы, ақыл- өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал-мәтелдер ой дәлдігімен, мазмұн тереңдігімен, түр жағынан ықшамдылығымен ерекшеленеді. Онда өмірдің сан алуан салалы құбылыстарына баға беріліп, ой түйінделіп, халықтың ғасырлар бойғы тәжірибесі негізінде пікір айтылады.

Халық терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, шебер беруге тырысқан. Сөйтіп, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» жинақтап, қорытып береді. Онда халық тарихы, әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі кең көрініс тапқан. Мақал-мәтелдердің адамды игі қасиеттерге үндеу, уағыз-өсиет сипаты бар екені баршаға мәлім. Бұл қазына тәрбиелі қыз, ұлағатты ана, ардақты ұл, елі аялаған ер, жылы жүректі әке қандай болуы керек, осының бәрін тобықтай сөздің түйінінде түйіндейді.

Қазақ халқы мақал-мәтелге өте бай. Мақал-мәтелде халқымыздың өніп-өсуіне, мінез-құлқын қалыптастыруға, тіршіліктің қыры мен сырын түсінуге, оның қайшылығын тануға терең баға беріледі. Мақал-мәтелді кез келген адам шығаруға құқылы. Ал ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, уақыт арқалатқан жүкті мойымай көтеріп, сөйтіп, қалың елдің мұқтажын өтейтін мақал-мәтелдер салиқалы ой иесі, ділмар шешен, адуын мінезді ақындар араласуымен жасалған. Қазақтың мақал-мәтелдеріне өз үлесін қосып, отты сөздері ел аузына кең тараған М. Әуезов, Б. Момышұлы, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин сияқты ұлы адамдар есімі ел есінде сақтаулы.

Жастарға өнер-білім, тіл үйретуге, жан-жақты тәрбие беруде мақал-мәтелдің мән-маңызы өте зор. Білім мен өнер еңбектің бір түрі болса, аз сөйлеп, көп тыңдаған, көп оқып, білімін байытқан бала ғана өмірден өз сыбағасын алып, өз орнын таба алатыны сөзсіз.

Қазақ халқының даңқын шығарып, абыройын асырған айтулы ұлдардың бірі – жазушы, қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының «Ер серігі – сергек ой», «Сын ерді шыңдайды, қорқақты қинайды», «Азаматқа өмірден ар қымбат, өлімнен ұят күшті», «Қорқақ – дөрекі, әрі ақымақ», «Алғырлық ойдың ішкі мазмұнын нұрландырып тұрады», «Ақылгөйлік кейде өнегесіздікке тірейді» деген ұлағатты сөздері қанатты сөздер қатарынан шығып, мақал-мәтелдер қатарынан мықты орын алуы заңды құбылыс десе болады. Осы мақал-мәтелдерді жастар оқып-үйренсек, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

Бауыржан Момышұлының мақалдары ерлікке, адамгершілікке шақырады. Мысалы: «Анаң үшін аянба, ант ұрады,

Балаң үшін аянба, бетің күйеді,

Елің үшін аянба – ерлігіңе сын,

Жұртың үшін аянба – жігіттігіңе сын»,

немесе: «Жерге тер төгіп қызмет ет,

Халыққа қан төгіп қызмет ет»,

«Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,

Әдісіңе ақылыңды жолдас ет»

деген мақалдары әрбір елжанды ұрпақтың жүрегіне әсер етпей қоймас.

Халық ақыны Қайып Айнабековтың мақалдарына көңіл аударып көрейік. «Алаңғасар адамнан ақау шықпай қалмайды», «Ердің сыны – сырында, сөздің сыны – шынында», «Ерінбегеннің еңбегі жанады, іркілмегеннің ерлігі артады», «Ойлай берсең, дана боласың, ойнай берсең, бала боласың» деген мақалдары – тәлім-тәрбиесі мол даналық.

Қазақтың мақал-мәтелдерінің өскелең ұрпақтың эстетикалық мәдениетін дамытуда да маңызы зор. Мұндай мақал-мәтелдердің мазмұны ата-бабаларымыздың бүкіл өмір тәжирибесін қамти отырып, жас ұрпақ санасын, әсемдік сезімін, талғамын, көзқарасын дамытады. Осыған орай көптеген ғалымдарымыздың ғылыми зерттеу еңбектерінде сөз болған мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні жөніндегі пікірлеріне көңіл аударып көрелік. Мысалы, Б. Адамбаев «Халық даналығы» деген еңбегінде: «Әр халықтың мақалы мен мәтелі – сол халықтың өзі жасап алған логикалық формуласы, ережесі. Ол кез-келген оқиғаның, мәселенің тұсында еске түседі, тілге оралады. Сөйтіп, көп ойлануды, ұзақ баяндауды керек ететін қиын нәрсені жеп-жеңіл, оп-оңай, бір-ақ ауыз сөзбен түсіндіреді, ұғындырады» деп, мақал-мәтелдердің мінез-құлық мәдениетіне, өнерге, әдебиетке, деген негізгі талаптарын тұжырымдауға болатынына тоқталады.

Мақал-мәтелдер өмір құбылыстарының барлық саласын қамтитын болғандықтан, олардың тақырыптары да сан алуан. Мақал-мәтелдер де айтар ойды әсерлі жеткізу үшін көркемдеу құралдары қолданылады. Мысалы, «Жақсы жігіт – жағадағы құндыз, жақсы қыз – аспандағы жұлдыз», «Жаман тұқым егінді былғайды, жаман жігіт елді былғайды», т.б. Мұндай орынды қолданылған бейнелеу құралдары мақалдың ажарын ашып, ой өткірлігін арттырады, адамның бойында мәдени дағдыларды қалыптастырады.

Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы ұлы ақын Абай Құнанбайұлы ұлтымыздың ауыз әдебиетінің асыл қазынасы мақал -мәтелдердің шығу тегін терең зерттеп, құнды пікірлер айтты. Мысалы, Жиырма тоғызыншы қара сөзінде: «Біздің қазақтың мақал-мәтелдерінің көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтыны да бар» дей келе, «Қалауын тапса, қар жанады, сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ», «Атың шықпаса жер өртте», «Алтын көрсе, періште жолдан таяды», «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті» деген мақал-мәтелдердің сұрамсақтық, пәлеқорлық, дүниеқоңыздық, қулық-сұмдық, алаяқтық сияқты жат мінездерді уағыздайтын, мағына-мәні қайшы мақал-мәтелдер екенін дәлелдеді. Сондай-ақ, Отыз үшінші, Отыз алтыншы сөздерінде «Өнерді үйрен, үйрен де жирен», «Өнерліге тоғыз өнер де аз», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер», «Ағайынның азары болса да безері болмас», « Жол қуған қазынаға, дау қуған пәлеге жолығады», т.б. халықты өнерге, бірлік-берекеге, достыққа шақыратын мақал-мәтелдердіңмәніне баға берді.

Қазақ ата-бабаларымыздың ақыл-парасаты дүниежүзілік алдыңғы қатарлы ойлау жүйесімен деңгейлес екеніне халқымыздың мақал-мәтелдері куәлік ете алады. Шығыста: «Үш іс тындырған адам, яғни бала өсірген кісі, тал өсірген кісі және кітап жазған кісі өлмейді» деген даналық сөз бар. Қазақ халқының «Ер адамның алдында ашылатын есігі болсын, әйел адамның алдында тербиелейтін бесігі болсын», «Адам ақылымен сымбатты, ұрпағымен қымбатты», «Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар» деген мақалдарының идеясы да соған саяды.

«Тәрбие тілден басталады» дейтін халқымыз ана омырауынан ажырамаған кезден-ақ бөбегің ана тілінің ақ уызымен ауыздандыра бастау керектігін, ана тілі – адамның ғұмыр бойғы серігі, рухани қуаты, күрестегі құралы екендігін меңзеп отыр.

Қазақтың халық педагогикасы – ғасырлар бойында қалыптасып, қорлана байып келе жатқан ғылым. Халқымыз «Мақал – сөздің мұнарасы» деп, халық ауыз әдебиетінің асыл бір жанрына осындай бағаны өзі берген. Мұнара биіктікке, асқарлыққа, парасат асқарына мезгейді. Мақал-мәтелдің озық-артықшылығы ойды сығымдап, нақышты әрі әсерлі, санаулы сөзбен әрі өткір, әрі мәнді айтып, суреттеуінде. Халық өзінің тәлімгерлік трактаттарын мақалдар мен мәтелдерге шебер сыйғыза білген. Бір естігеннен жадыңда қалады, тәлімгерлердің де, тәрбиеленушілердің де жаттауына оңтайлы, жеңіл. Және бір ғажабы, өмірдің өзі секілді желісі үзілмей, өркен жайып, жыл асқан сайын жемісін елге ұсынып отыратын даналық көзі мақал-мәтелдер өз қатарын қалыңдатып отырады. Жаңа дәуір талабына сай жаңаша туындайтын мақал-мәтелдердің иесі де, көнеден сақталып келе жатқан, сұрыптала, сұлулана түскен асылдарды сақтаушы да – қарапайым халық. Сонымен, өткен замандарда жасаған сал-серілер мен ақылмандарымыздың бізге қалдырған ой-парасат, мирасы даңғыл жол сияқты екен.

«Әкесіне қарап ұл өседі, шешесіне қарап қыз өседі», «Әкесіне қарап, ұлын сына» деген мақалдардың ұлағатына көз жіберіңізші. Өзіне тартқан өнегелі ұл өсіре алмаған әке ұятты, ал абыройлы әкеге тартып өсе алмаған жасық, болбыр ұл да ұятты деп тұрған жоқ па?

«Тектей білген екшей де біледі» демекші, адам танумен шұғылданған, ертедегі өткен ата-бабалар қасиеттерін түптеп зерттеген кісі бүгінгінің жақсысы мен жаманын саралай алады, өзі де терісінен түңіледі, безеді, тектісіне еліктейді, өзгелерді де еліктіре ертеді.

«Білімсіз бүлдіреді, ата-анасын күйдіреді»... бұл да бір ақылды мақал. Надандар, намыссыздар әке-шешесін ғана емес, бүкіл жұртын жерге қаратады. Ендеше, осы сияқты мақал-мәтелдерде тәрбиелік мән, мазмұн тұнып тұр.

«Азамат – елдің ажары» деген ақылды мақалды оқушыға қайталаудан жалығуға болмайды, себебі балаға кішкентай кезінен бастап-ақ елдіктің еңсесі ер азаматтарымен биік екенін құлағына құя берудің несі артық?! «Алты қадам алдын көрмеген, алысқа ұзап кете алмас», «Арманменен ер – сұлу, орманменен жер – сұлу» деген мақалдар бүгіннің ығында ғана бүкжеңдей беруге болмайды, ертеңді де ойлау керектігін, сонда ғана алға жылжуға болатынын меңзейді. Бұл ойды «Арманды адам – пәрменді» деген мақал нықтай, нақтылай түседі.

«Ананың алдында асқар тау да аласа», «Ана – өмірдің қайнар бастауы», «Ана болған дана болады», «Ана – бала бақытының бағбаны» деген мақалдар кімге болсын ана алдындағы парызды ақтаудың биік маңызын ұқтырып тұр. Ержеткен ұл, бойжеткен қыздың ешбір жарғымен бекітілмеген, халық өзі шығарған заңында аталған парызы бар. Ол: «Ана алдында – құрмет, ата алдында – қызмет». Ана парызын өтеуден артық құрмет, ата парызын өтеуден асқан қызмет жоқ екенін ұғындырып тұр бұл мақалдар. «Анасына орын ұсынбаған, әкесіне қолын ұсынбайды» деген мақалды алайық... Халық әдетте қамқорлықтың ұсақ-түйектен-ақ көрініс табатынын осылай ескертеді. «Ана сүтін ақтамағанды ешкім жақтамайды» деген даналық өте сыпайы айтылса да, өткір айтылған айып. «Әкеңнің төріне сенбе, маңдайыңның теріне сен» деген мақалдың тәрбиелік мәні ешкімге иек артпа, өз күніңді өзің көруге машықтан, ешкімге масыл болма, адал еңбегіңмен дәм-тұзыңды ақта, теріңді төгіп тапқан еңбегіне ғана сен дегенге саяды.

«Көпке пайдаң тисе, төбең көкке тиер» деген мақалдың тәрбиелік мәні ашып көрейік. Кез келген адамның өзіне бұйырғаны тек өзінің ғана игілігі емес екені белгілі. Жеке азамат тағдырының мәнділігі қалың қауымға тигізетін себімен, көмегімен өлшенетіні де даусыз. Ендеше көпке тигізген пайда арқасында кім болса да құрметке ие болатыны да айғақ нәрсе екені ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін сияқты. «Ағайын азарында алыстанар, ағадан жөн сұрауға намыстанар» деген мақал бар дана халқымызда. Бұдан ұғынатынымыз жамандыққа сүйрейтін мінездің бірі жалған намысшылдық екен. «Өзім білем», «Мен сенен кеммін бе?» – деп, көкірек қағу, омырау соқтық орға жығумен тынатынын сезу қиын емес.

Халқымыздың кемеңгерлігін дәлелдейтін даналық сөздерді бір еңбектің аясында түгесу мүмкін емес.

Билет 13

1.Тұрмыс-салт жырларындағы тілдің тағылымдық мәнінің ашылуы. Қазақ фольклорының салтқа қатысты үлгілерінде жарапазан, дін айтысы, жар-жар, жуату, естірту, көңіл айту, жоқтау, дұға, бата, амандасу, қоштасу, көрісу, бәдік, арбау, дуалау, дем салу және т.б. діни ұғым-түсініктер тереңірек көрінеді. Фольклорлық туындылар ұлттық болмысты, дүниетаным мен құндылықтарды ашып көрсетеді. Фольклор бұл ұлттың рухани байлықтарын меңгерудің негізі және халықтық әдептің қайнар көздерінің бірі. Ұлттық дүниетаным мен құндылықтарды танытатын фольклор үлгілерін дінтанулық негізде қарастыру қазақ руханиятының көкейтесті мәселелерінің бірі екендігі даусыз.Қазақ мәдениетіндегі бата беру дәстүрі ұлттық рухани мұрамыз. Әдет-ғұрып өлеңі бата – қазақ мұсылмандығы мен діндарлығының айқын көрінісі. Бата ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан рухани мұрамыз. Бата бұл қазақы рухтың және қазақы тәлімнің, ұлттың өмірлік рухани ұстанымын бейнелейді. «Батаменен ер көгерер» деген халқымыз батаға ерекше ықыласпен қараған. Батаны елдің абыройлы, жасы үлкен, көпті көрген қариясы береді. Бата жаңа іс бастарда, сапарға шығарда, дастарханға, жастарға беріледі. Халық дәстүрінде бата тілек маңызды орын алады. Батаны батагөй, аузы дуалы қария жасайды. Бата берген адамға қадия-сый жасалады. Бата сөзі ұйқасты және мәнді де, мазмұнды, мәнерлі болып келеді. Бата дұғаның ұлттық дәстүрдегі түрі. Дұға – бұл тілеу, шақыру, сұрау, жалбарыну деген мағынаны береді. Дұға мен бата жасаудың әдептері болады. Бата – Жаратушының көркем есімдерімен басталып, Жаратушыдан сұрайтын тілек түрінде көрінеді. Қазақ дәстүрінде бата адамды пәле-жаладан, түрлі қиындықтардан сақтайды және жақсылықты шақырып, жамандықты қашырады деген ұстаным бар. Бата мұсылман қазақтың рухани жан дүниесін және имани ділдік қасиетін көрсетеді. Қазақ халқының философиясы көне түркі дәуірінен басталып, бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтиды. Қазақ философиясының тарихын зерттеу бұл халқымыздың тарихын, мәдениетін, ауыз әдебиетін, діні мен ділін, тілін зерттеуді талап етеді. Қазақ философиясының қайнар көзінің бірі ретінде қазақтың жыр-дастандардын зерттеу философиялық мұраларымызды толыққанды танып білуге жол ашады деп санаймыз. Қазақ руханиятының имани-мәдени және ділдік негіздерінің бірі бұл қазақтың жыр-дастандары болып табылады. Қазақ дастандарының рухани-ділдік идеяларының әлеуетті күші оның құндылықтық маңызында жатыр.

Құран-Кәрім және хадис-шәріп құндылықтары, ислам тарихына қатысты деректер діни дастандарда сараланған. Діни дастандарда Құран аяттары мен хикаяларынан, пайғамбарлардың өмірі мен белгілі діни тұлғалар баяндалып, үлгі аларлық тәлім-тәрбиелік мәні бар мәселелер көтеріледі. Сондықтан да, жыр дастандардың тақырыптары ұлттық рухта жырланып, ұлттық болмысты ашып көрсетті.Шығыстық сюжеттегі дастандар халық ауыз әдебиетінің бір ажырамас саласына айналып, халықтың рухани құндылығын айқындайтын қайнар көз ретінде ел ішіндегі сүйсіне тыңдалатын асыл қазынаға айналды. Қазақ фольклорын зерттеушілер дастандарды: қаһармандық дастандары; тұрмыс-салт дастандары; діни дастандар; ғашықтық дастандар; хикаялық дастандар; қиял-ғажайыптық дастандар деп бөлінеді. «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Қыз Жібек» жыры т.б. мұраларымызда рухани құндылықтарымыз бен дүниетанымдық ұғымдарымыз айқындалады. «Алпамыс батыр» жырында ислам діні мен құндылықтарының ұғым түсініктері баяндалады. Бұл жырда Байбөрінің Жаратушыға құлшылық қылып бес уақыт намаз оқитыны, ел-жұртына зекет, садақа беретіндігі баяндалады.Құптанның болды уақыты,
Намазын оқып шам жағып,
Бұрынғы қылды әдетті,
Бір етегін төсеніп.
Аяқтарын көсіліп,
Бір етегін жамылып,
Көзінен жасы ағылып,
Құбылаға бас беріп,
Жарыса түсіп, бұл жатты.Осылайша жыр желісінде Жаратушының Байбөрінің дұғасын қабыл қылғаны айтылады.Ислам дінінде намаз – бұл діннің діңгегі, бес парыздардың ішіндегі ең маңыздысы болып табылады. Намаз бұл дұға ету, дұға жасау деген мағынаны білдіреді. Намаз бұл балиғат жасына жеткен, ақыл-есі дұрыс, әрбір мұсылманға парыз. Намаз – бұл Жаратушы мен адам арасындағы рухани байланыстың негізі. Намаз пенденің жаратушыға жасаған ғибадаты. Намаз – бұл адам баласының Жаратушыға жасаған шүкірлігі, қарыздар екендігі және ризашылығы. Жаратушы Құран-Кәрімде: «Расында, намаз белгіленген арнайы уақыттарда парыз етілді»

2.Ұлттық таным аясындағы тілдің рөлі. Таным- дүниені, өмірді танып-білу қабілеттілігі (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 8-т.); Адамның дүниені біртұтас күйінде тануын анықтайтын, тіл мен таным

сабақтастығын қарастыратын когнитивті лингвистика. Тіл мен ойлауға байланысты тіл мен ұлт біртұтас деген қағида басшылыққа алынады, яғни тіл тек ойды білдірудің құралы емес, тіл – ең əуелі сол ойды əр ұлттың өзіндік танымына ғана тəн, мыңдаған жылдар бойына дарытқан этнопсихикалық, дүниетанымдық негізде құрап беруші құрал. Ғаламды тану тəсілі мен оның біртұтас танымдық моделі тілдің терең құрылымдарынан бастау алады. Бұл бағыттағы зертеулерде

тілдің коммуникативтік қызметінің тасасында қалып келген, тілдің танымдық, руханилық қызметі - кумулятивтік қызметіне назар аударылады

3.Сәрсен Аманжолов және оның таным процесі туралы ойлары. Ұлы ағартушылардың адамзат ойы мен таным процесі туралы көзқарастары. "Тіл — амал, құрал, оның арқасында адам бірімен-бірі қарым-қатынасқа енеді, пікір алысады жəне бірін-бірі түсініседі. Тіл ойлаумен тікелей байланысты болғандықтан, сөзді жəне сөйлемдегі сөздердің бірлігінде ойлау ісінің жетістіктерін тіркеп отырады. Демек, адамның дүние танудағы жетістіктері сөзде, сөйлем құрылысында тіркеледі, сөйтіп адам қоғамында пікір алысуға мүмкіндік жасайды"(Аманжолов; 89-90) деп көрнекті ғалым С.Аманжолов атап көрсеткендей, тіл мен таным ұғымдарының сабақтастығы, тілдік құралдар арқылы адам санасында орнығатын танымдық бейнелер мен үлгілер — барлығы дерлік осы маңызды лингвистикалық бағыттың зерттеу нысанын сұрыптады. Психология, логика, пəлсапа ұстанымдарымен тығыз байланыста айқындала отырып, когнитивті лингвистика сана, қабылдау, сыртқы əлеммен уздіксізбайланыста болу, тану, бақылау, пайымдау сияқты ұғымдардың ұштасуы негізінде дəйектеліп келеді.

Билет 14

1.Тіл және адам қабілеті. Қабілет дегеніміз не?Ол – адамның бір іс-әре-кетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туыс, қоғамына да тигізетін пайдасы зор.
Яғни, адам неғұрлым қабілетті болса, ол соғұ-рлым қай істі де табысты орындап, сый-құрметке бөленеді. Иә, адамдар үшін өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне жұм-сағаннан артық бақыт жоқ. Тек есте болатын бір жағдай, кейбір адамдарда ерекше бір көзге түсетін бірнеше де қабілет кездеседі. Бұл – Жаратқан Иеміздің сол адамға берген несібесі. Бірақта біз оны күндемей, өз бойымыздағы қабілетті танып-біліп, оны бағалай, баптай білуге тиістіміз. Өмірде кездесетін бір сәтсіздіктен соң: «Менің бойымда еш қабілет жоқ, бәрібір мен бұл істі атқара алмаймын», - деген сары уайымға салынып, түңілмегеніміз, өз қабілетімізді одан әрі жетілдіре түскеніміз жөн.
Қабілеттілікті қалай таниды?
Ұлы ойшыл Кіші Сенека: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі», - депті. Ол рас. Сол себепті әрдәйім өз ісіңе сын тұрғысынан қарап, одан қорытынды шығара білуің қажет. Сірә, сондықтан да шығар, Дельфий храмында: «Өз бойыңа өзің үңіл» деп жазылып қойыпты. Мұны психологтар көпке дейін айтып та, жазып та жүрді. Мұнан туатын қорытынды: әрбір адамның өмірдегі бағыт, бағдары да, іс-әрекеті де, бәрі-бәрі өзінің бойына үңілуден басталады.
Қабілеттілік – адамның мінез-құлқын реттеп, оның тіршілік етуіне қызмет етеді, психикалық әрекеттің негізіне, шартына айналады. Қабілеттілікті анықтайтын қасиеттер: сезімталдық, бай-
қағыштық, аңғарымпаз-дық, зеректік, ойлампаздық, көрегендік, зерделі-лік, идеяларды оңай туындата алушылық, сөз саптау еркіндігі, тұтас қабылдауға, ұғымдарды салыстыруға (алыстату, жақындату, қиыстыру, т.б.), топшылауға бей-імділік және тағы да басқалар. Тек есіңізде болсын, өз қабілетің өз ырқыңа көнеді. Саллюстий айтпақшы: «Әр адам өз тағдырын өзі шешуге тиіс». Ал адам қабілетінің қайнар көзі ешқашанда таусылмайды. Адам қабілеттілігінің артуына байланысты оның дарындылығы мен данышпандылығы да айқындала түседі. Осыған орай психолог-мамандар былай деген: «Адам өз қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі», - деген сөз оның іс-әрекететінің өлшемі. Әрине, ауыз ашпай тұрып ән сала аласың ба, дауысың келе ме – жоқ па, білу қиын. Өмірден өз орныңды табу жөнінде де тап солай. Сіз қабілетіңізді, талантыңызды дәл индикатордай өлшейтін, сізді адам қатарына қосатын қолайлы жағдайға тек еңбегіңіз арқылы, еңбек-кер ұжымның ішінде жүріп сарыла істеген шығармашылық қызметіңіз арқылы ғана жете аласыз».
Қабілеттің дамып, қалыптасуы.Бұл үрдіс әртүрлі деңгей-де өрістеп отырады. Он-ың алғашқы деңгейін репродуктивтік, екінші деңгейін шығармашылық деп атайды. Мұндағы репродуктивтік деңгей – жұрттың бәріне ортақ оқи, жаза, есептей білу, шығармашылық деңгей – арнайы қабілеттіліктің танылуы. Әрбір адам баласы өз бойындағы қабілеттің дамып, қалыптасуындағы алғашқы деңгейінде оқу, білімді игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде жүзеге асыруда икемділік көрсететін болады. Екінші деңгейде жаңа бір заттар мен туындыларды жасай алатын мүмкіндігін байқатады.Қабілеттің қандай түрі де еңбекпен дамып, қалыптасады. Ешкім маңдай терін тамшылатып еңбек етпейінше, оның бойындағы қабілет ешқандай мән-маңызға ие бола алмайды. Өйткені, қабілет ойлау, күшті ерік-жігер, тұрақты мінез, қажыр-қайрат, ұшқыр қиял тәрізді адамның жан қуаттарының сан түрлі жақтарымен тығыз байланысты. Қабілетті адам шығармашылықпен іс атқармаса, тіпті талантты болса да өз қабілетінен айырылып қалады. Адам баласы күнделікті тұрмыс-тіршілігінде бар уақытын тамақ ішіп, ұйықтап, арақ-шарапқа салынып өткізбей, қандай да болмасын, бір жұмыспен айналысатын болса, әр күнгі ісін, қызметін, шаруасын тыңғылықты тындырып отырса, өз бойындағы қабілетін өлтіріп алмай, дамытып, қалыптастырып отырады. Бұл өмір тәжірибесі дәлелдеген ақиқат.
Ғалымдар, психолог мамандар адамның қабілеттілігін түр-түрге бөліп, жіктеп талдап жатады. Біз енді оның кең танылғанына ғана тоқталсақ.
Когнитивтік лингвистика дегеніміз - "тілдегі жалпы когнитивтік механизм ретіндегі когнитивтік құрал, яғни ақпаратты репрезентациялау, кодтау және трансформациялауда маңызды рөл атқаратын таңбалар жүйесі ретінде қарастырылатын лингвистикалық бағыт" /22,53].

Когнитивизм туралы В.А.Маслова өз пікірін төмендегіше көрсетеді: «В когнитивистике главное внимание уделяется человеческой когниции, исследуются не просто наблюдаемые действия, а их ментальные репрезентации (внутренние представления, модели), символы, стратегии человека, которые и порождают действия на основе знаний; т.е. когнитивный мир человека изучается по его поведению и деятельности, которые протекают при активном участии языка, образующего речемыслительную основу любой человеческой деятельности - формируя ее мотивы и установки, прогнозируя результат».Когнитивизмнің басты зерттеу нысаны - адамзаттық когниция. Оны тек байқау, бақылау әдістері арқылы зерттеп қоймай, ментальді репрезентациясын (ішкі танымын), білімнің негізін қалыптастырған символдар мен адамның стратегиялық таңбаларын айқындау керек. Демек адамның когнитивтік әлемі оның ойлау әрекеті мен тәжірибесі арқылы анықталады. Адамның бұл әрекетін танытатын негізгі белгі - оның тілі. Себебі тіл - адамның қабылдаған ақпаратын өңдеп санада реттеген нәтижесін көрсететін құрал.

Тілді когнитивтік тұрғыдан қарастыратын болсақ, тіл объективтік дүниені танушы, оны тілдік формада бекітуші, оның репрезентациясын (ішкі танымын) көрсетуші және сонымен бір уақытта дүниені тану мен игерудің құндылық, тәжірибесін қабылдаушы ретінде қарастырылады. Тілдің осындай когнитивтік ерекшеліктері негізінде когнитивтік тізбектегі тәуелділік пен арақатынастарды орнату мәселелері «ақыл-ой (сана) - тіл - ішкі таным (репрезентация) - концептілеу (концептуализация) - категориялау – кабылдау» [28,31 түрінде танылады].??
Жасыратыны жоқ, философия тарихында қабілет-тілік жеке адамға туа біткен ерекше күш, адам жан-дүниесінің тұқым қуалау жолымен беріле-тін ішкі қасиеті ретінде де түсіндірілді. Р.Декарт «ақыл-ой қабілеті іштен туа бітеді», - деп есептеді. 17-18 ғасырларда ағылшын философы Дж.Локк, сондай-ақ, француз материа-
листері бұл пікірмен келіс-кен жоқ. Сөйтіп, олар қабілеттілікті адам өмірінің сыртқы жағдайымен байланысты пайда болатын, соған тікелей тәуелді қасиет ретінде қарастырды. Қазір ойшылдар: «Шынды-ғында қабілеттілік ішкі мүмкіндіктер арқылы ашы-лып, адам баласының әр түрлі іс-әрекеттерге қатысуы, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуі арқылы нақты қалыптасып, дамиды», - дейді. Ал, В.Обручевтің пайымдауынша: «Қабілеттілік те бұлшық ет тәрізді жаттығумен жетіледі».
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.

2.Тілдің халықтық тәрбиемен ұлттық сананы дамытудағы рөлі. Дүниені тіл арқылы танып білуде ең негізгі объект болып табылатын, сөздердің жасалуына негіз болатын логикалық заңдар туралы айтыла бермейді. Адамзат баласы айнала дүниедегі барша зат, құбылыс атаулыны белгілі бір ұғымдар арқылы тани алатынын мойындасақ, оның ойлау процесі арқылы жүзеге асатынын ұмытпауымыз керек. Ойлау дегеніміз, ең алдымен, шындық дүниенің адам миында бейнеленуі болып табылады. Ол, біріншіден, ұғым арқылы бейнеленген дүниетанудың нəтижесі болса, екіншіден, дүниені тереңірек, толығырақ танып білудің құралы. Шындық дүниедегі көрнекті бейнелерді жалпылап, нəрселердің ішкі қасиеттерін, табиғат пен қоғамның заңдылықтарын абстрактылы ойлау арқылы танып біледі. Абстрактылы ойлау дүниетанудың екінші, жоғары сатысы болып табылады. Сезімдік танымға қарағанда ойлау дүниені тереңірек жəне толығырақ танып білуге мүмкіндік береді. Ойлау процесі іштей сөйлеуге, яғни ойды іштей жинақтауға ғана байланысты емес, ол – сана мен тілге қатысты күрделі процесс.

Тілдік тұлға - 1. құндылық, дүниетанымдық, тəрбие мазмұны компоненті, яғни құндылықтар жүйесі жəне өмірдің мəндері; 2. Мəдениеттану компоненті, яғни тілге деген қызығушылықтың тиімді құралы ретінде мəдениетті игеру деңгейі; 3. Жеке тұлғалық компонент, яғни əр адамда бар терең жекелік қасиеттер. (В.А.Маслова)Ғаламның тілдік бейнесі - адам баласының - əлемді тануының негізі, білімдерінің жиынтығы жəне оның тілде көрініс табуы. Дүниенің бейнесі - жеке танымды, белгілі бір табиғиқұбылысқа қатысты жағдай, эстетикалық құндылықтарды айқындайтын шексіз тұрмыс көріністері (Г.В.Колшанский).Тіл – табиғатпен тығыз байланыста жаратылған ерекше құбылыс. Ол өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтары тұрғысынан табиғат пен қоғамның қалыптасуына, дамуына əсер етеді. Тілдің өзіне ғана тəн əлеуметтік, қоғамдық сипаты бола тұра, ол жалпы табиғи процестерден, табиғат пен қоғамнан тысқарастырылмайды, қайта сол жалпы заңдылықтармен тығыз бірлікте қарастырылады. Таным мен тілдің ара қатысы,сайып келгенде, адам проблемасының өзегі дара тұлға тұжырымдамасымен шешіледі. Оның себебі мынада: таным сыртқы дүние заттарына бағытталған тəрізді көрінгенмен, оны жүзеге асырып отырған адам болмысы тұрғысынан бағдарласақ, айтылған процестің үнемі ішке қарай (адамның ішкі дүниесіне қарай) бағытталғының көреміз. Таным процесі адамның ішкі дүниесінің күрделі құрылымдарын тудырады жəне соған сəйкес сипаты да өзгеріп отырады. Осылайша, танымның жүрісін адамның баласының ішкі қажеттіліктер дəрежесі белгілейді. Күрделі терең

қажеттіліктердің біріне адамның өздігінен жетілуі кіреді. Өздігінен жетілу – ерекше дара қасиет.Іштей құптау, өзін-өзі өзектендіру, үздіксіз ішкі қозғалыста болу, өздігінен даму – терең беймəлім себептерден туындайды

3.Құдайберген Жұбановтың тіл адамды, өмірді, зерттеп- танудың көрсеткіші екендігі жөніндегі пікірлері, оның ғылыми негіздері. Қ.Жұбановтың «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» және Қ.Иассауи «Хикметтерінің» тіліне арналған «Түрки әдебиеттер тілінің танымы» атты еңбектерін қазақ әдеби тілінің қалыптасу, даму тарихының сүбелі екі кезеңінің (ХІ ғ.түркі жазба әдеби тілі және ХІХ ғ.ІІ жартысындағы қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі) басты өкілдерін талдау объектісі ете отырып, қазақтың поэтикалық тілінің бастау алған қайнарлы бұлағын танытуға арналған алғашқы зерттеу үлгісі деуге болады.Алдымен зерттеуші поэзия тілін жалаң құрылымдық, лексикалық талдаумен шектелмейді. Кез келген шығарманың тілі оның шығу тарихымен, сол шығарма дүниеге келген дәуірдің қоғамдық, әлеуметтік құбылыстармен тығыз байланыста талдануы керек деген принципті басты ұстаным етіп алған Қ.Жұбанов Хожа Ахметтің тіліндегі жеке қолданыстарды, шығарма мазмұнындағы кейбір фактілерді тарихи этнографиялық, мәдени таныммен сабақтастыра қарастырады. «Яғни, ол әдебиет сол қауымның саяси құрылысын, мәдениет халін, шаруашылық күйін, дүниетану көзқарасы дәрежесін, әдет-ғұрпын, қысқасы нені жақсы, нені жек көретінін бізден жасыра алмайды. Өйткені, біз қандай адам болмасын ол сол бір кездегі өзінің туған, өскен орталығының, әлеумет пен қоғам орталығының жемісі еді деп білеміз. Сол адамның сөйлеген сөзі, істеген ісі, қылуасы сол қауымның бір бөлігінің болса да мүддесін, елестетпей қоймайды деп білеміз», - деп жазады.Тілді оның құрылымдық, функционалдық сипаты тұрғысынан ғана зерттеудің аздық ететіні адам факторының алдыңғы орынға шығуы нәтижесінде айқын көріне бастады. Тілді диахронды түрде зерттеуге ерекше мән беріліп, оның әдіс-тәсілі кеңейтілді. Тілді ұлт тарихымен, ұлт дүниетанымымен, ұлттық идеямен тамырластыра зерттеуге көңіл бөліне бастады. Тілді антропоөзектік парадигмада зерттеудің бір саласы – тілді ұлттың мәдениетімен, салт-дәстүрімен, рухани болмысымен сабақтастыра қарастыру. Осы бағыттың басты көрінісі тіл білімінің этнолингвистика, лингвоиәдениеттану, лингвоелтану тәрізді жаңа салаларымен негізделді. Бұндай бағыттағы зерттеулердің негізгі қазақ тіл білімінде Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева т.б.ғалымдардың еңбектері арқылы қаланды.

Аталған бағыттар бойынша тілдің коммуникативтілік (байланыстыру, жеткізу), информативтік (ақпарат беру) қызметінен өзге мынадай қызметтері, қасиеттері бар: кумулятивтік, яғни ұлттық мәдениетті сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу қызметі, экспрессивтік-эмоциональдық, яғни адам сезімі мен көңіл күйінің, бағалауының тілдік көрінісі т.б. «Тілдік тұлға» теориясы аясындағы М.Жұмабаевтың тілдік тұлғасы. Тіл біліміне «тілдік тұлға» категориясының енгізілуі жалпы «тұлға» ұғымының жаңа мазмұнмен толығуына мүмкіндік жасап, тілді зерттеудің құрылымдық-функционалдық аспектісі аясынан шығып, адамның санасы, ойы мен рухани қызметімен тығыз байланыстағы антропологиялық тіл біліміне айналуына негіз жасалды. Соның әсерімен тіл ғылымында тілді тұтынушы адамға, шығармашылық тұлғаға деген қызығушылық күшейіп, қазіргі таңда жаңаша зерттеулердің өзегіне айналған, ғалым Ю.Н.Караулов еңбектерінде [1] жүйеленген «тілдік тұлға» теориясының орны бөлек.

Тілдік тұлғаның даралық сипатын оның шығармаларының ерекшелігін танытатын мәтіндер негізінде зерттеуге арналған еңбектер қатары көбейе түсуде. Осы тұрғыда тілдік тұлға мәселесі қазіргі орыс тіл білімі мен қазақ тіл білімінде төмендегідей бағыттарда қарастырылып келеді деп шартты түрде белгілейміз:1) нақты тұлғаның тілін оның когнитивтік және прагматикалық интенцияларын назарға ала отырып талдау; 2) көптеген ғылыми еңбектерде тарихи тұлғалар тілін диахрониялық тұрғыдан сараптау орын алған; 3) бөлек-бөлек мәтіндер негізінде тілдік тұлғаны модельдеуге арналған зерттеулер де пайда бола бастады; 4) шығармадағы кейіпкерлердің тілдік тұлғасын ашу арқылы шығарма авторының тілдік тұлғасына шығуды мақсат тұтқан зерттеулер де кездеседі; 5) тілдік тұлға бойындағы қасиеттерді оның ұлттық болмысына сай қарастырған еңбектер. М.Жұмабаевтың тілдік тұлғасын тануға арналған зерттеу жұмысымызды жоғарыда қарастырылған бағыттардың ішіндегі соңғы бағыт шеңберінде негіздеуге тырысатын боламыз.

Соңғы кездері тілдік тұлғаны түсіндіруге бірнеше бағытта келу үрдісі қалыптасқандығын байқауға болады:

1) тілдік тұлға болып табылатын жеке адам қалыптасуының негізгі жүйелерін анықтау (тегі, өмір сүрген ортасы, әдеби және тілдік, ұлттық-мәдени ықпал және т.б.);

2) жеке адамның тілдік тұлғалық болмысын құрайтын жеке қасиеттерін танытатын ерекшеліктерді көрсету, яғни оны өз бетінше білім алу, өзін-өзі жетілдіру, тәрбиелеу, өз тілдік тәжірибесін ұрпақтарына мұра етіп қалдыруда жеке жауапкершілігін сезіну, білім дағдыларын игеру, шеберлік дағдыларын меңгеру, игерген білімдері мен тәжірибесін болмысты өзгерту үшін қолдану т.б. қасиеттерден тұратын күрделі, көпсатылы зерттеу нысаны ретінде оның тілінің ассоциативтік-вербалдық, лингвокогнитивтік, прагматикалық деңгейлерін сипаттаудан тұратын деңгейлік талдау арқылы қарастыру қажет екені айқындалды.

Көрсетілген деңгейлердегі жеке тұлғаның ұлттық болмысын ашудың маңыздылығы туралы ғалым Ж.А.Манкееваның пікірлеріне жүгінсек: «аталған деңгейлердің дамуының белгілі бір тілдік тұлғада көрініс табуы әртүрлі дәрежеде өрістеп, түрлі сипатта көрінеді. Оның шығармашылық танымдық мазмұны дүниетанымдық, мәдени құндылықтар жүйесінен тұрады. Сондықтан тілдік тұлғаны алдымен ұлттық тілдік тұлға ретінде түсінеміз. Себебі тілдік тұлға табиғаты тұлғаның ұлттық мәдени сатысымен тікелей байланысты», – [2, 281-284] болып шығады.

Сонымен бірге тұлғаның өмір сүруінің негізін құрайтын, оның мақсаттары, ниеттері мен ұстанымдарын белгілейтін шығармашылық қажеттіліктері туралы да айтуға болады. Тұлғаның қоршаған әлемге, айналадағы басқа адамдарға, өзіне деген қарым-қатынасы арқылы анықталынатын құндылықтар жүйесі, яғни адамның материалдық және рухани игіліктері мен мұраттары, белгілі бір әлеуметтік, мәдени және адамгершілік құндылықтарды таңдап алуының себептері оның танымындағы ғалам бейнесін ашу арқылы анықталынады. Ал танымы мен мақсат-мүдделерінің прагматикалық әлеуеті оның тілі арқылы көрініс табады

Билет 15


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!