Лттық тәрбие негіздерінің философиямен біртұтастығы



3.Когнитивті лингвистика бағытына қатысты алғашқы еңбектер мен зерттеулерге шолу. Басты танымдық ұғымдардың қатарында когнитивистер логикалық таным мен когницияның ара-жігін ажырату қажеттігін ескертті, сөйтіп, екеуінің өзіндік белгілері мен байланысқа түсер мүмкіндіктерін ғылыми негізде жіктеп зерделеген дұрыс деген қорытындыға келді. Когниция - бұл танымның өзгеше сипаты, ол адамды қоршаған шынайы болмыс туралы жан-жақты мәлімет беретін, сезім, эмоция, жады, қиял, қабылдау, ақыл-парасат сияқты әрекеттермен бірлікте дамитын құбылыс ретінде айқындалады.

Ғалымдар танымдық тілдік зерттеулердің ұғымдық, терминдік аппаратын қалыптастыру және оның ғылыми-теориялық ұстанымдарын айқындау аса маңызды міндеттердің бірі болып табылады деп есептейді.Когнитивтік лингвистиканың терминологиялық жүйесі жоқтан емес, тіл білімінде бұрыннан қолданылып келе жатқан және өзге ғылымдар жүйесінен алынған ұғымдардан құралатындығын” атай отырып, В.А.Маслова оқу құралында оның ұғымдық бірліктері қатарында ақыл-ой, білім, концепт, концептуалды жүйе, когниция, әлемнің тілдік көрінісі немесе бейнесі, когнитивтік база, ментальді көзқарастар, танымдық модель немесе үлгі, категоризация, вербалдану, мәдениет константтары, концепттік ая, ұлттық мәдени кеңістік және т.б. сөздер сөз тіркестерін қарастырады.

1.Когниция - бұл адамды қоршаған шынайы болмыс туралы жан-жақты мәлімет беретін, сезім, эмоция, жады, қиял, қабылдау, ақыл-парасат сияқты әрекеттермен бірлікте дамитын құбылыс.

2. Танымдық тіл білімінің құралдары ретінде– фреймдер немесе стереотипті жағдайлар, сценарийлер; концепттер, яки барлық мағыналар жиынтығы; т.б. – танылып келеді.

 

 

Билет 12


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!