Тіл – ойлау мен таным құралы



Көркемдік тәсілдердің эмоционалдығы

Билет 10

1.Когнитизмнің ғылыми негіздері, оның қазіргі тіл біліміндегі орны мен мәні. Когнитивтік ғылым ақпараттарды өңдеу мен мағлұматтар жайлы түсініктер жүйесін және ойлау процесін басқарудың жалпы принциптерін айқындайды. Адамның физиологиялық, психологиялық, психофизиологиялық ерекшеліктерін ғана есепке алмай, оны қоршаған дүние жайлы мағұлматтарды жүйелеу, сарапқа салу қажеттілігі туады. Когнитивтік лингвистикалық зерттеулерде түрлі ұлттарда дүниенің тілдік бейнесі түрліше қалыптасқаны айқындалып отыр./1/

Когнитивті лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын, тіл мен танымды біртұтас жүйеде қарастыру. Айнала қоршаған ортаның адам санасында бейнеленіп, тілде көрініс табуы, тілдің танымдық сипаты когнитивті лингвистикада тереңнен қарастырылады.

Қазіргі лингвистикалық теорияның маңызды ерекшелігі-когнитивтік лингвистикада ойлау, тіл және танымның біртұтас бүтін, біртұтас когнитивтік тілдік кешен болып айқын көрінуінде. Біртұтас когнитивтік тілдік кешен XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы лингвистикада тілді түсіну аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бастапқыда танымдық процестерді қазіргі заманның есептеуіш техника негізінде белгілі бір құрылымдар ретінде түсіндіру орын алады. Алайда бұндай пікірге қарсы пікірлер де аз емес: «Когнитивтік ғылым адам танымының құрылымын қазіргі заманғы есептеуіш техника көмегімен үлгілеу жолдары арқылы зерттеу әрине өзекті, ең бастысы-іс жүзінде қолданбалы. Дей тұрғанмен, адамның танымдық құрылымдарын механикалық құрылымдарға пара-пар етуге болмайды. Бұл адамның ойлау қабілетін немесе когнициясын зерттеу ақпаратты символдық өңдеудің бағдарламасын зерттеумен бірдей дегенге әкелер еді. Онда адамның ми қыртысын нерв жүйелерінің өзара қарым-қатынасы ретінде де, оның ментальды жағдайын танымдық ғылым аясында зерттеудің ешқандай да қажеті болмас еді» (36,43). Осы пікірді қуаттай келе В.З.Демьянков бұл «адамдар мағыналық нәрселермен ойлағандықтан адамның іс-әрекетінің интенционалдығын зерттемей, тек қана символдармен ғана түсіндіруге әкеліп соғады» дейді (37,48).

Когнитивті лингвистика ғылымына қатысты Р.Шепард бұндай сипаттама жеткіліксіз дей келе, өз тарапынан адам ми қыртысындағы ментальды процестерді белгілі бір жүйеге келтіріп, басқарып отыратын жалпы қағидалар туралы ғылым деген анықтама береді. Ал бұл принциптердің пайда болуы мен олардың қызмет атқаруын ғалым жалпы дүниенің белгілі бір заңдылықтарға сүйенетіндігімен ұштастырып, ойлау" заңдылықтары мен механика заңдылықтары арасында ұқсастықтар табады (35).

Танымдық ғылымның аясының кеңдігі мен күрделілігі, оның зерттеу нысаны болып табылатын білім мен танымның табиғатын, білімнің шығу көздерін, оларды жүйелеу, білімнің дамуын, бұның бәрі психология, антропология, философия, нейрология, тіл және де жасанды интелектіні үлгілеу т.б. ғылымдардың өзара карым-қатынасы негізінде жан-жақты зерттеуді талап ететіндігі сөзсіз.

2.Эпикалық фразеологизм және концепт. Фразеологизмдер шығарма тіліне айырықша көрік, ұтымды мазмұн,ұлттық колорит береді. Халық тілінің бұл қат-қабатты қазынасына барлау жасап, көзін табу, қажетіне жарату «адам жанының инженері»-жазушының шеберлігіне байланысты.Фразеологизмдердің көркем шығармада атқаратын функциясы-образ жасау, кейіпкерге тілдік мінездеме беруде, кейіпкерді мінездеу белгілі бір ситуацияға қортынды жасауда жиі қолданылады [4; 55].Қаһармандықты, ерлікті, елдікті, сүйіспеншілікті жырлаған, қазақы топырақта жасалған эпос, дастан, тарихи жырлар, толғау жырлар тәрізді көркем сөз үлгілерінің жанрына жататын дүниелерді әдетте эпикалық туындылар деп түсінеміз. Эпикалық көркем дүниелерде «тұрақты» қолданылатын, «ерекше қызыметі» бар фразеологиялық бірліктер болады. Бұларды біз эпикалық фразеологизмдер деп атаймыз. Әрине ауызша үлгілердің бір-бірінен ажырайтын парқы бар. Эпос тілінде кездескен фразеологизмдердің бәрі бірдей эпикалық фразеологизм болып табылмайды. Әдетте эпикалық шығармалар «кең тынысты», «кең өрісті», «ауқымды кең» сипатта болады. «Кеңдік», «ауқымдық», «кесектік» семантика эпикалық шығармада негізгі орында болады. Белгілі бір эпикалық мәтінде жиі, тұрақты қолданылатын және «кеңдік», «кесектік» семантика эпикалық шығармаларда жиі, тұрақты қолданылатын және «кеңдік», «кесектік», «ауқымдылық» тәрізді мазмұнға қызмет ететін тілдік бірліктердің мазмұн межесіне «кеңдік», «ауқымдық» тәрізді немесе «қасиетті», «құдіретті», «ең таңдаулы» тәрізді әлуметтік семасы бар тұрақты сөз тіркестерінің түрін эпикалық фразеологизмдер деп атаймыз. Эпикалық шығармаларды кездесетін фразеологизмдердің мағына құрлымындағы ерекшеліктеріне байланысты үш түрлі типін байқаймыз:«Аса зор», «тым үлкен» семаларының ерекше мән алуы: Мысалы:астыңғы ерні жер тіреп, үстіңгі ерні көк тіреп; қабағына қар жауып, кірпігіне мұз қатып деген фразеологизмдерді көруге болады.Алдыңғы фразеологизм аса күшті үлкен жануардың образын берсе, екінші фразеологизм қаһарға мінген, қатуланған, сұсты жан иесінің образын берді. Сол арқылы мәтінге эпикалық заряд беретін мұндай фразеологиялық образдар эпикалық мазмұнға қызмет етеді. Жай ғана драмалық немесе лирикалық шығармалар мәтінінде мұндай фразеологиялық образдар кездеспейді деуге болады; Сондай-ақ батырлар жырында ала балта, қанды көбе, ақ сауыт, ақ берен, алдаспан ауыр қылыш, ақ найза, ақ сұңқар, күпшек санды күрең, толғамалы ақ балта, асқар тау, асқар тау, айдын көл, балдағы алтын құрыш болат, қан жұқпас қара болат, кетепті қара нар, қарағай найза,сары садық, толғамалы ай балта, қозы жауырын ақ оқ, толғаулы найза, бедеу ат, наз бедеу, қызыл найза, тоғыз көзді кіреуке, бадана көзді сауыт т.б эпикалық фразеологизмдерде көрінеді [2; 13]. Сөзіміз дәйекті болу үшін жырдан мысалдар келтірсек:Қарағай найза саптатты.Алмас қылыш соқтырып,Күмістен қынын шақтатты -деген жолдарда «қарағай найза», «алмас қылыш» секілді эпикалық фразеологизмдер көрініс табады.Сондай-ақ: Беліне семсер іледі,Ақ сауытын киеді,Ноғай бөркін киеді(«Қобыланды батыр»)-деген жырдағы сөз қолданыстарынан «семсер», «ақ сауыт», «ноғай бөрік» сынды фраза тіркестерді көреміз. Бұл да жырдың мазмұнын тереңдетіп, айшықтап тұрған эпикалық фразеологизмдердің бір тобы.Сонымен бірге жырда: Беліне семсер іледі,Денеге сауыт киеді. Тоғыз қабат ақ сауыт,Шапсаң қылыш кеспейді,Атсаң мылтық өтпейді. Бадана көзді ақ сауыт секілді эпикалық фразеологизмдер де бар.«Ер Тарғын» жырында қаһарманнның бейнесі С.Сейфуллинің мына сөзінде дәлме-дәл объективтенген: «Жал-құйрығы сүзілген, бауырынан жараған, жер тарпып жұлқынған сәйгүлік ат.Ол аттың үстіндегі ақ кіреуке,қынама саутты, темір дулығалы, алмас қылыш желекті найза тәрізді фраза тіркестер айқиқат өмірдегідей дәл бейнеленіп тұр. Қаһарманның санадағы нобайына «қан жүгіртіп»өмірдегідей бейне жасалған. «Эпос жырларының барлығында дерлік батырлар «буырқанып,бұрсанып,мұздай темір құрсанып», «айбат шегеді, жауға аттанады, ұрысқа кіреді ойын салады». Осы тұста тағы жырдан мысал келтірсек: «Арандай аузын ашады, Аяғын топ-топ басады.Бір төбенің тозаңын, Бір төбеге қосады» деген жолдарда батырдың тұлпарын суреттеуде «арандай аузын ашады» деген фраза тіркесті қолданған. Яғни, эпикалық фразеологизмдердің бір көрінісі болмақ.Эпикалық жағымды қаһармандарға тән тағы бір ерекше сипат – олардың бір кіндіктен інісі не ағасы болмай, жалғыз болуы. Мұны қазақ этносының ментальды дүниесіндегі өзіндік ерекшелік деп ұғынамыз. Өйткені байырғы

қазақтың жан дүниесі «бұл жалғанда не жаман?» деген сауалға, яғни «жамандық» деген концептіге «бұл жалғанда жалғыздық пен жаяулық жаман» деп жауап табады. Эпикалық жырдан мысал келтірейік: «Жаяулық пен жалғыздық жалғанда үлкен жаман-ды» («Алпамыс»-3).Эпикалық жағымды қаһармандардың ирреалды бейнесі белгілі бір стереотиптерге құрылады. Қаһарман суға салса, батпайды, суға салса жанбайды, кессе, қылыш атса, оқ өтпейді. Бұдан қаһарман ерекше қасиеттерін айқын аңғаруға болады. Эпикалық қаһарманның байырғы тілдік ұжым санасында мұндай ирреалды бейненің қалыптасуына өзіндік қисын жоқ емес. Олай болатыны қаһарманның ата-анасы перзент көрмей, «әулие» кезіп, «әулиеге түнеп» әулие әнбиелердің жаратушы хақтың сұрауымен жалған дүниеге келеді. Осы тұста жырдағы: Құлақ салмақ сауапты, Бес уақытқы азанға. Жар болғай Алла өзіме,Шыбын жаным көрінді,Бүгін менің көзіме деген жолдардан Аллаға арқа сүйеген халықтың ұрпағы екенімізді көрсетуде эпикалық фразеологизмдер қолданылған.

Эпикалық қаһармандардың сырт көрінісі: «алтын айдар, шоқ белбеу», «Бір кекілі алтыннан, бір кекілі күмістені, алар бүркіт қабақты, алма майын сабақты» («Алпамыс»-1) тәрізді фраза тіркестермен беріледі.

3.Мақал – мәтелдердің танымдық ерекшелігі. Зерттеуші – ғалым С.Ғ.Қанапина ‟Қазақ тіліндегі мақал – мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары негізінде)” атты монографиялық еңбегінде паремиология жайлы былай дейді: ‟тілдің осы паремиологиялық қорында ұлттың мұң – мұқтажы мен тұрмыстық жағдайлары көрініс табады. Себебі, мақал – мәтелдер халықтың рухани өмірімен, өткен тарихымен тығыз байланысты және мақал – мәтелсіз тілдегі ұлттық нақышты, дүниенің тілдік бейнесінің ұлттық ерекшелігін толық сипаттау мүмкін емес.

Бүгінгі күнде халықтың алтын тұғыры, рухани – мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің жалаң түрдегі лингвистика ғылымының зерттеу ауқымы кеңейіп, өркені өсіп отыр. Оған себеп, тілдің өз бойында бүкіл тарихты, төл мәдениетті, ұлттық таным мен талғамды, мінез бен көзқарасты, сана мен салтты, дәстүр мен даналықты, сенім мен нанымды сақтап, берік тұтынуында. Басқаша айтқанда, әр тіл – өз ұлтының бойтұмары іспетті тұнып тұрған қасиетін белгілейтін таңбалық жүйе. Осымен байланысты тілдік жүйенің құрылымдық бірліктері тек дәстүрлі лингвистиканың ғана емес, этнолингвистика, социолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика, когнитивтік лингвистика т.б. ғылым салаларының зерттеу нысанына айналып отыр. Мұның өзі тіл табиғатына терең бойлап, жан – жақты қарастыру нәтижесінде тілдік жүйе құрылымының сипатын айқын тануға жол ашты. Сондықтан да тілді қарапайым таңбалық жүйе деп қарастыру ол туралы түсінікке кереғар әсер етеді және зерттеу мүмкіндіктерін шектейді. Тіл, көнеден айтылып келе жатқандай, таңбалар жүйесі ғана емес, ол осы жүйені көмкерген мәдениет. Сондықтан да қазіргі тіл білімінің антропоцентристік бағытына сәйкес, ол – әр халықтың ұлы мұрасы, ұлттық тарихи жетістігі. Тілдегі мақал – мәтелдер – мәдениетті тану кілті, рухани және материалдық мәдениеттің қалыптасуына қатысатын үлкен күш, мәдени ескерткіші, ұлт өмірінің айнасы. Ол мәдениеттің жалпы сипатын анықтайды, негізгі ақпаратты жинайды, сақтайды және жеткізеді. Осыған сай тіл әрбір этнос мәдениетінің өзгешелігін, екінші жағынан, тіл шеңберінде мәдениеттің ұрпақтан – ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз етеді. Тіл, соның ішінде мақал – мәтелдер, қазіргі, келер ұрпақты үлкен бір тарихи арнаға, бүтіндікке байланыстырады” [4, 3 бет].

Зерттеуші-ғалым Ш.П.Қарсыбекова өзінің 2004 жылы қорғаған ‟Қазақ мақал – мәтелдерін этнолингвистикалық тұрғыда топтастырудың этнолингвистикалық принциптері” атты кандидаттық диссертациясында мынадай тұжырым жасайды: ‟этномәдени танымды айшықтайтын қазақ тіліндегі мақал – мәтелдер тек сан жағынан ғана емес, сапа, мазмұнына қарай да алуан түрлі. Оның басты себебі: ұлттық менталитетіміздің тілдегі ерекше бір жарқын, мәнді де маңызды өрнегі болып саналатын мақал–мәтелдер – қазақ этносына тән дүниетаным мен сананың айқын айғағы, халық даналығы мен философиялық толғанысының, эстетикалық танымы мен тағлым – тәлімінің, өркениеті мен мәдениетінің – барша болмысының қайнар бұлағы. Мақал-мәтелдер сан ғасырлар бойы екшеленіп, қырланған, мазмұны түрліше, сан алуан тақырыпты қамтуымен қатар, адам өмірінде, тұрмыс – тіршілікте, әр қилы қоғамдық жағдайларда кездесетін құбылыстарға, тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға. Халық арасына өте көп тараған және жалпы тіліміздің қаймағы ретінде ұзақ өмір сүретін құрамдық бөлшегі де – мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдер – шешендік өнермен туыстас жатқан сөз өрнегі. Мақал-мәтелдер – жалпы тұрақты тіркес саласының ең көлемді, қолдану аясы кең, мазмұны тиянақты тарауы болып есептеледі. Кезінде мақал-мәтелдерді айтушылар болған. Олар – ұлы ойшылдар, ақын – жыраулар, шешендер, дана билер, қазылар, қысқасы ақыл – парасат иесі, өз дәуірінің озық ойлы кемеңгерлері. Бұлар халықтың мүддесін ойлаған, жұртшылыққа үлгі – өсиетін айтып, ақыл – кеңесін беріп, мұңды – шерлі жүректерді жұбатып, асып – тасығанның төгілетінін, қоғамнан тосқауыл көретінін ескертіп, жастың өсетініне, жарлының байитынына, қиянаттың қияметке қалмайтынына сендірген”. Қазақтың белгілі паремиолог – ғалымы Ә.Қайдар мақал-мәтел туралы былай дейді: ‟Қазақ мақал-мәтелдерінің халықтың өткен өмірі мен бүгінгі болмысын танып білуде дүниетанымдық, логикалық, этнолингвистикалық жағынан мәні өте зор. Себебі, дүниеде, қоғамда, табиғатта қалыптасқан құбылыстардың бәріне мақал-мәтелдердің қатысы бар. Дүние болмысының өзінде о бастан – ақ қалыптасқан табиғи реттілік бар. Ол реттілік барша заттар мен құбылыстарды үлкен үш салаға топтастырып, ішкі жүйесі мен мағынасына қарай шоғырландырып қарағанда ғана көрінеді”. Сондықтан академик Ә.Қайдар оларды шартты түрде ‟Адам”, ‟Қоғам” және ‟Табиғат” деп атауды ұсынады. Бұлай үш салаға бөліп қараудың ұстанған принципі – барлық құбылысты түгел қамту дегендік деп түсінеміз.

Түркі халықтары мақал-мәтелдерді ‟аталар сөзі”, ‟даналық сөздер”, ‟нақыл сөздер”, ‟асыл сөздер” деп атап, ‟Ақылың бар ма – ақылға ер, ақылың жоқ па – нақылға ер”, ‟Атаңның сақалына қарама, айтқан мақалына қара”, ‟Мақал-мәтел мардан сөз” деуі – халықтың берген әділ бағасы.

Мақал-мәтелдер айтылатын ойдың бағытына қарай – тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, тыңдаушысына ой салады

Билет 11


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!