Тілдің грамматикалық жүйелері



3.Когнитивті лингвистиканың қазақ тіл біліміндегі көрінісі. Жалпы тіл біліміндегі ғылымдар арасындағы интеграция процесінің негізінде туындаған когнитивті лингвистика ғылымы соңғы жылдары қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдардың да назарын өзіне аударуда. Бұл сала бойынша қазақ тіл білімінде соңғы кездері когнитивтік лингвистика мәселелеріне ерекше көңіл бөліп зерттеу нысанына айналдырған Р. Сыздық, Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, Г. Гиздатов, Қ. Жаманбаева, Ж. Манкеева, Э. Сүлейменова, Г. Смағұлова, Б. Момынова, А. Салқынбай, К. Күркебаев, Г. Снасапова, Ф. Қожахметова, Н. Айтова, А. Әмірбековалар секілді зерттеушілер бұл мәселені лексикология, этнолингвистика, когнитология, лингвомәдениеттану салалары тұрғысынан қарастырып зерттеу үстінде. Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеулер соңғы он жылдықта ғана қолға алына бастады. Академик Ә.Қайдардың этнолингвистика саласына қатысты ойлары қазақ тіл біліміндегі жағңа ғылыми бағыттардың қалыптасуына негіз болды./10/ Дәлірек айтсақ когнитивтік бағыттағы зерттеу еңбектерінде ретінде Г.Гиздатовтың еңбегін атауға болады. Зерттеушінің «Сөйлеу қызметіндегі когитивтік модельдер: типологиясы мен динамикасы» атты докторлық диссертациясы осы бағыттағы қазақ тіліндегі алғашқы зерттеу болып табылады. Докторлық диссертацияда адам санасындағы білімнің көріну деңгейі, берілу тәсілдері, құрылымы мен динамикасы қарастырылған. Когнитивтік модельдер универсумдар ретінде қарастырылады. Қазақ тілін когнитивтік зерттеуге арнаған алғашқы жұмыстардың бірі ретінде К.Ә. Жаманбаеваның "Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана" (Алматы: Ғылым, 1998,-1406.) монографиясын атауға болады [11]. Монография авторы алғы сөзде былай деп көрсетеді: "Зерттеу проблемаларын тілдік сана төңірегінде жинақтап, негізгі мәселені психофизиологиялық (нақтырақ айтсақ, бұл психофизиологиялық эстетикаға жақындау), психологиялык, (негізгі психоаналитикалық теориялардан басталады), философиялық, тілдік әдебиеттану (соңғы үшеуі семиотикалық сипатта) тұрғысынан кешенді түрде когнитивтік жүйеге біріктіру арқылы ғылыми негіздерге талпыныс жасаймыз [11,5]. Бұл жұмыста тілдік сана құрылымы, гештальт теориясы, тілдік сана және мәтін құрылымы, тілдік модельдер, мұң концептісі т.б. когнитивтік мәселелер қарастырылған [11]. Бұл еңбекте зерттеуші тілдік сананың құрылымын анықтап, гештальт теориясынның негізін жан жақты ашып көрсетеді. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымның қалыптасуына негіз болған аталмыш еңбектер тіл қолданысындағы когнитивтік негіздердің зерттелуіне айтарлықтай өз үлесін қосу үстінде. Когнитивтік құрылымның концептуалды көрінісі, күрделі жүйе тудыру ерекшеліктері де бүгінгі күні жан жақты қарастырылуда.

"Тіл мен таным процестерінің ара қатысын көрсету тіл қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді. Тіл мен ойлаудын, тіл мен танымның ара қатынасы адам баласының интеллектуалды өмірінде (оған тіл де кіреді) құндылықтар қаншалықты рөл атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен таным ара қатынасын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрылымға түседі" [11,3].??

Сондай-ақ ғалымның көрсетуінше, "ішкі терең қажеттіліктер символдар арқылы оянады. Бұл процесс санаға эмоция арқылы белгілі болады. Енді өз кезегінде ішкі қажеттілікті қанағаттандыру үшін қайтадан символдар дүниесіне жүгінеді. Сөйтіп, терең негізі бар қажеттіліктердің сипаты символдар арқылы анықталады. Яғни, сана сыртқы факторларға таңулы түрдегі тәуелділігін немесе ішкі өсу, жетілу қажеттілігін белгілі бір модельдің, форманын бойына жинақтау арқылы шешеді" [17,8].

Профессор Ж.Манкееваның "Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері" атты мақаласында М.Бирвиш, Хомский, Лакофф, Коок, Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян, А.Н.Леонтьев, Б.Касевич және тағы басқалардың есімдерімен байланысты когнитивтік лингвистиканың пайда болуы мен дамуына қысқаша шолу (экскурс) жасалды. Ж.Манкеева мұнда былай деп атап өтеді: "Тіл мен ойлау бірлігінің өзіндік ерекше қасиеттерін тіл білімінің дәстүрлі, таза тілдік және ғылым саласы шеңберінде зерттеу мүмкін емес. Оған қажет ғылыми парадигма - когнитивті лингвистика, социолингвистикамен тұтасуы" [12,40]. Когнитивтік лингвистиканың дамуымен байланысты анықталуы тиіс бірнеше ұғым немесе мәселелер бар. Оның негізгісі - тілдің қызметіне қатысты. "Ғаламның тілдік бейнесі (языковая картина мира)" [12,14]. Ж.Манкеева "тіл мен ой немесе таным, тіл мен ұлт т.б. мәселелер, сайып келгенде, ұлтты, ұлттың танымын өзінің терең құрылымдары арқылы тұтастырушы тілдің табиғатын анықтауға байланысты казіргі тіл біліміңде жаңа бағыттардың айқындалып, қалыптасып, дамып келе жатқаны байқалады. Оның көріністерін қазақ тіл білімінің даму күйінен де көріп отырмыз", - деген пікір айтады [12,43]. Профессор Ж.Манкеева аталған мақаласында когнитивтік лингвистикадағы тілдің бейнелеушілік қызметінің зор екендігін атап көрсете келе, негізгі үш ұстанымдарын айқындап береді. Сол секілді ғалым Б.Момынова Қазақ тіліндегі қоғамдық саяси лексика (әлеуметтік-бағалауыштық, сөзжасам)»/13/ атты еңбегінде когнитивтік бірліктердің көріністену (репрезентациялану) ерекшеліктеріне тоқталып, бағалауыштық сипатын қарастырса, профессор А.Ислам өз мақалаларындағы когнитивтік лингвистикадағы «тілдік тұлға» мәселесін көтереді. С.И.Жапақовтың диссертациялық жұмысында эпикалық фразеологизмдердегі ақиқат пен бейақиқат, дүние фрагменттерінің тілдік бейнесі мен когнитивтік лингвистиканың басқа да мәселелері туралы сөз етеді./14 /

С.Ақаев «Сөздің когнитологиялық сипаттары» атты мақаласында когнитологиялық талдаудың тәсілдеріне тоқталып, ойлау ой түю, қабылдау, қорыту сияқты абстрактілік құбылыстарды зерттеу әдісі ретінде қарастыру жайлы мәселені көтереді. Сонымен қатар жас зерттеушілер Г.Снасапова /15 /, Ш. Елемесова, А.Әмірбековалар көркем мәтінге концептуалдық талдау жасаудың үлгілерін ұсынады. Ал А.Сыбанбаева/16 /, Н.Зайсанбаевалар /17 / метафораның танымдық сипаты туралы пікірлерін ортаға сала отырып, диссертациялық жұмыстарын осы бағытқа арнайды.

Қазақ лингвистикасының когнитивтік мәселелеріне арналған келесі еңбек қазақ тілінің эпикалық фразеологизмдерінің когнитивтік негіздерін зерттейді.

Ш.К.Жарқынбекованың докторлық диссертациясында қазақ және орыс тілдерінің түр-түс концептілері когнитивтік және лингвистикалық мәдениеттану парадигмаларын біріктіретін дүниенің ұлттық бейнесін тілдік ретте іске асыру мәселесі шеңберінде талданады және әр этноста орын алған когнитивтік механизмдер мен лингвомәдениеттану факторлары тұрғысынан түр-түс концептілерінің қалыптасу ерекшелігі айқындалады [29].??

Қазақ және салыстырмалы тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың түрлі мәселелері мен проблемаларын зерттеу әзірлемелері белсенді түрде жүргізілуде, екі не одан да көп нәрселер мен құбылыстардың артық-кемдігі сарапқа салынуда, өйткені тілге деген когнитивтік әдіс "тілдің адаммен, оның ақыл-ой, рухани жағынан күшті дамуымен, барлық ойлау және ақиқат дүниені, өмірді танып білу жөніндегі білім процестерімен, сондай-ақ соның негізін құрайтын механизмдер және құрылымдармен алуан түрлі байланысындағы тілдің жарқын болашағын көре білуге жол ашады" [30,3].

Ал когнитивті лингвистика ғылымының қазақ тіліндегі орны мен қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалымдардың еңбегіндегі танымдық ғылымның орны мен олардың теориялық аспектілерін зерттеуші Э. Оразалиева мынадай ерекшеліктерін көрсетіп береді: XX ғасырдың 30-жылдарында қазақ тіл білімінде Қ.Жұбанов лингвистикалық зерттеулерді жаңа мазмұнда, жаңа идеялық бағытта дамыту қажеттігіне назар аударды. А.Байтұрсынұлының «Тіл-құралын» жоғары бағалай келе, ғалым «...тіл құбылыстарын жалаң түр жағын ғана зерттеумен біліп болмайды. Бұл-сөзсіз сыңаржақтық... Түр-форма деген тілде жоқ белгі емес, бар нэрсе...түр тілдің бар тарауы емес, бір тарауы» (21,39) деген аса құнды қорытынды жасады. Тілші адам әрекеті мен танымының тіл дамуындағы орнын айғақтау үшін, «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінде» «... өте алыс экскурстерге» барды. Әр пікірін халық санасында жақындата отырып, зерттеуші адамның жадында сақталар танымдық «ұғымдарға», «көрініс қалыптарға», образдарға», «ұқсата атауларға» тоқталды, олардың жаңа ұғым мен сөз жасауға қатысын сұрыптады. Бұл ретте автор танымдық қорға негіз болар элеуметтік-мәдени тәжірибемізді «әуелі көзқарас» (21, 95) деп атады. Сөйтіп өткен ғасырдың өзінде-ақ тілдік зерттеулер өзінің қалыпты шеңберінен шыға отырып, жаңа бетбұрыстарды қажет ете бастады. Тіл табиғатын зерделеу тек формалық сипаттамалармен шектелмей, адам өмірінде алар орны мен атқарар қызметін анықтауға, оның физио-анатомииялық негізін айғақтауға ұласты. Сондықтан тілдік құралдар құрылымдық лингвитиканың ғана емес, сан алуан экстралингвистикалық салалардың нысанына айналды — деген теориялық тұжырым айтады (22,11-12). Қазақ тілінде когнитивтік лингвистиканы біршама зерттеген ғалым А.Исламның пікірінше: «Танымдық (когнитивтік) ғылым» термині (ағылш. cognitive) алғашқыда белгілі бір ақпаратты қабылдап, оны белгілі бір електен өткізіп, мида сақтай отырып, қажетті кезде оны қолдану нәтижесінде адамның миында білім қыртыстарының қалыптасып және толығу процестерін зерттейтін ғылыми пәндер жиынтығын айқындау үшін енгізілген. Бұл жалпы айтқанда, танымдық ғылым адамдардың қоршаған дүниені қабылдау және танымдық қызметтерінщ пайымдау нәтижесінде белгілі бір жүйеге келтіріліп, біздің санамызда «жазылып», ментальды яғни, танымдық процестердің негізін құрайтын білім мен таным туралы ғылым. Ғалымдардың көпшілігі танымдық ғылымның адамның ми қыртыстарына әртүрлі жолдармен келетін білімнің қалай «жазылу» жолдары мен сол ақпараттардың белгілі бір өңдеуге түсу жүйелерін зерттейтін ғылым деген ықшам түріндегі анықтамасын қолданады (34,71).

Сонымен когнитивті лингвистика ғылымының қысқаша түсініктемесі Ғ. Қалиевтің «Қазақ тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігінде» былайша: «Когнитивтік тіл білімі орыс.-когнитивная лингвистика (лат. cognito білім, түсінік)-табиғи тілді сана әрекетінің көрінісі, ойдың тікелей шындығы ретінде зерттейтін тіл білімінің саласы. Когнитивтік тіл білімі табиғи тілдің игерілу, қолданылу механизімін түсіндіруді және соған лайық оның моделін жасауды мақсат етеді. Ол үшін ниет, ес, еске сақтау, түсінік, жоспарлау, басқару сияқты сөйлеуге қатысты тілдік, психологиялық, физиологиялық т.б. ақпараттардың басын біріктіретін когнитивтік категориялар пайдаланылады. Когнитивтік тіл білімі тілдің көмегімен ақпараттың берілу, сақталу тэсілдері мен құрылымы жайында түсінікті кеңейтеді және машиналық аударма, ақпараттық-ізденіс, есептеу жүйесімен т.б. байланысты бірқатар қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді» - деген анықтама береді (19).

Билет 9

1.Тіл мен ғаламның концептуальді моделі. Тілдік модельдер туралы түсінік

Әлем бейнесі тілде емес, санада қалыптасады. Санада қалыптасқан ғалам бейнесі ерекше материалдық формада бекітіледі және таратылады. Ол материалдық форма – тіл. Белгілі

бір ғалам бейнесі толық мәтін көлемінде берілуі мүмкін Тіл өз кезегінде ойлаудың көшірмесі ретінде қызмет етеді. Егер ойлаудың субстанциясы – ми болса, абстрактілі ойлау формасының субстанциясы – дыбыстық тіл. Ғалам бейнесі ойлау қызметінің атрибуты болғанда, оның адам санасында өмір сүру формасы ұғым мен оның түрлі байланыстылығынан тұратын абстракция болады. 27 Ғалам бейнесі туралы ұғым фундаменталды ұғымдар қатарына жатады. Ол адамның, оның тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктерін сипаттайды. Оның әлеммен байланысын, әлемде өмір сүру шарттарын қарастырады. Тіл – ойлау дихотомиясын қарастыруда ойлаудың тіл арқылы

материалдану фактісі ерекше еске алынады, бірақ таным ойлаудан емес, айналадағы заттар мен құбылыстарды зерттеп, бақылау әрекетінен басталады. Кез-келген ғалам бейнесі сол кезеңдегі дүниеге көзқараспен байланысты қалыптаса отырып, өзі де сол «дүниеге көзқарасты» қалыптастыруға ықпал етеді. Ғалам бейнесін әр кезеңдегі зерттеушілер «дүниені көру», «заттар мен оқиғаларды тану», «идеология», «түрлі мәдени құндылықтарды көркем бағалау», «қоршаған әлемді ұлттық сипатта қабылдау» деген ұғымдарда танытуға тырысады.Тілді ойлаумен байланысты талдау барысында лингвистер,сондай-ақ философтар да дүниені танудың екі түрлі тұрпатын ұсынады: 1. дүниенің (ғаламның) тілдік бейнесі; 2. Дүниенің (ғаламның) концептуалдық бейнесі;«Тіл және ғалам бейнесі» туралы мәселе адамның дүниетанымын қалыптастыруға тілдің қатысын қарастыра отырып, зерттеудің екінші ракурсын да қамтиды, оның мәні тіл – лингвистиканың, семиотиканың, философияның, теологияның, мифологияның, фольклордың, өнердің, поэтиканың, дағдылы (кәдімгі) сананың көзімен қалай бейнеленетіндігімен анықталады. Тілді түрліше ғалам бейнесі тұрғысынан зерттеу тіл табиғаты мен танымын жаңаша қарастыруға жол ашты. Е. П. Никитиннің көрсетуінше, ұғым – «атрибут», «субстрат», «генезис», «себеп», «даму», «құрылым»,«функция» тәрізді философиялық терминдермен анықталады. Соған

сәйкес ғалам бейнесі де концептуалдық білім деңгейін білдіретін: 1) ғалам бейнесінің табиғи, ажырамас белгісі болып табылатын(атрибут); 2) белгілі бір компоненттерден тұратын (субстрат); 3)белгілі бір заңдылықтармен дамитын, пайда болатын (генезис,даму), 4) арнайы ұйымдастырылған, құрылған (құрылым); 5)тұрақты, құлықтық әрекетті көрсетуші (функция) категориялардан тұрады. XIX ғасырдың екінші жартысында тіл білімінде жаңа бетбұрыстың алғашқы белгілері біліне бастады. Оның негізін салған – немістің көрнекті лингвисі В. Гумбольдт. Оның пікірінше, 28 әрбір ұлттың өзіне тән болмысы, рухани энергиясы бар, ұлттың рухани күшін сыртқа шығаратын бірден-бір құралы – тілі. Ғалым тілді адамның ой-санасымен, мәдениеті, рухани өмірімен тығыз байланыста қарастырды. В. Гумбольдттың философиялық теориясы XX ғасырдың басында В. Вундттың «халықтар психологиясы» идеясы арқылы жалғасын тапты. Осы идея бойынша тілдің ішкі формасы – психологиялық процесс, тілдің негізгі мақсаты халықтың психикалық, яғни рухани қызметі деп танылды. В. Вундттың көрсетуінше, күрделі интеллектуалдық процестерді (сезім иірімдері, діни не моральдық сезімдерді) зерттеу, оларды зертханаларда жасау мүмкін емес.Мұндай күрделі психикалық процестер адам қауымының тарихи

өмірінде: тілде, аңыздарда, әдет-ғұрыптарда, дінде, өнерде өз ізін қалдырады. Бұдан шығатын қорытынды: ұлттың болмысындағы рухани-әлеуметтік құбылыстарды жете түсіну үшін ұлттық тіл арқылы көрінетін жеке адам психикасын және оның ұлттық санаға әсерін жете зерттеу қажет.В. Гумбольдттың тілді халықтың, ұлттың рухымен, психикасымен байланыстыра зерттеу туралы концепциясын Ресейде А. А. Потебня жалғастырды.Ғалымның поэтикалық тіл табиғатын айқындауға қатысты «Сөз өнері теориясы туралы жазбалар», «Ойлау мен тіл», «Сөз және миф», «Эстетика және поэтика» т.б. еңбектері бар. А.Потебняның поэтикалық тіл табиғатын айқындаумен байланысты ой-тұжырымдарын былайша топтастырып көрсетуге болады:1. Тіл мен ойлаудың тарихи тамырластығына меже жасай отырып, «сөздің ішкі формасы (қалпы)» туралы ілімнің негізін жасайды. Оның пайымдауынша біздің дүние туралы ойлауымыз ақиқат дүниенің көшірмесі болып табылады. Сөздің екі мазмұны бар: бірі объективті, яғни жақын этимологиялық мағынасы,ол барлық уақытта бір белгіде көрінеді, екіншісі субъективті мазмұн, оның белгілері бірнешеу болуы мүмкін. Сөздің ішкі формасы этимологиялық мағынамен байланысты және ол ойлау мазмұнының санаға қатысын анықтайды. Ойлау процесі арқылы түсінік қалыптасады.

Когнитивті лингвистика меңгеруде терминдерді білудің мәні мен маңызы


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!