Когнитивті лингвистика туралы ғалымдардың пікірі



Билет 8

1.Метафора тіл мен мәдениеттің, таным мен ойдың көрсеткіші болатындығы.Метафора және метафоралану- «сөз мағынасының ауысуы». Метафора – тұжырымдау мен танудың бір үлгісі. Ол – жаңа ұғымдарды жасай отырып, жаңа білімнің қалыптасуына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Тілдің дәстүрлі теориясында метафора ойдың емес, тілдің ғана құбылысы деп танылып келді. Когнитивистер алғашқылар қатарында метафораның әлемдік бейнені танудағы, оның концептуалды сипатын айқындаудағы қызметін сұрыптаған ғалымдар қатарында М.Реддидің есімін атаған орынды деп есептейді. Адамның ұқсату әрекеті тек салыстыру мақсатында ғана емес, әсер ету, шынайы болмысты өзгеше қабылдау бағытында ұғынылады. Метафора танымдық құрылғы емес, абстрактылы ұғымдарды нақтылауға көмектесетін құрал.Когнитивистер метафораның шығу тегін адамдардың әртүрлі тұлғалар мен объектілер арасындағы ұқсастықтарды құрастыра білу қабілетінен өрбітеді.Бұл ұғым бір объектінің екінші объект арқылы сипатталуымен ерекшеленетіндіктен, ғалымдар оны жекеленген құбылыстар табиғатынан гөрі күрделі ой кеңістігіне сәйкестендіре зерделейді, олар танымдық үдерісте орын алатын ой-қорытындылар метафора арқылы бір-бірімен байланысқа түсе келе, нақты және абстрактылы бірліктердің үйлесу заңдылықтарын саралауға септігін тигізеді деп пайымдайды. Демек, ойлау жүйесіне құрылған метафораның танымдық қызметін өзектеумен қатар, қазіргі тіл ғылымында оны «абстрактылы тұжырымдарды саналы түрде қабылдаудың тәсілі, абстрактылы ойлауға мүмкіндік беретін механизм ретінде» қарастыру керектігіне өзгеше мән берілуде, сол себепті Дж.Лакофф пен М.Джонсонның авторлық бірігуімен дүниеге келген еңбекте «Адам ойлайтын, әрекет ететін жүйе табиғатынан метафоралық күйде болатындықтан, метафоралық таным адамның күнделікті өмірінде тек тілге ғана емес, оның ойы мен әрекетіне де әсер етіп, толығымен кірігіп кеткен» делінген. Осы мақсатқа ғалымдар метафораның келесі түрлері бар:

Онтологиялық метафора-эмоцияны, оқиғаларды, әрекеттер тізбегін белгілі бір зат немесе субстанция ретінде қарастырудың амалы. Когнитивті терминдер сөздігінде оған «абстрактылы ұғымдардың кеңістіктегі шекарасын анықтау» деген анықтама берілген.

Бағдарлы метафора – бір-біріне қатысты дәрежеде ғана айқындалатын әрі кеңістіктегі бағдарға негізделген бағдарға негізделген тұжырымдар жүйесі, мұнда «жоғары-төмен, іші-сырты, терең-таяз, орталық-шеткі» секілді қарсылықты ұғымдар қолданылады.Айталық, ағылшын тілінде жақсы атаулының барлығы жоғары деңгейдегі көрсеткіші құрайды – денсаулық, бақыт,сана; ал оның қарсы мағыналары- төменгі деңгеймен өлшенеді-ауру, бақытсыздық, жамандық т.б.

Концептуалдық метафора – ерекше хабарлы құрылымды құрайтын, білім туралы мәлімет беруге, оның жадыдағы көрінісін сұрыптауға мүмкіндік беретін амалдарды – ерекше хабарлы құрылымды құрайтын, білім туралы мәлімет беруге, оның жадыдағы көрінісін сұрыптауға мүмкіндік беретін амалдардың бірі.

Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігінде оның қосымша тағы төрт түрі аталады:

· Құрылымдық метафора

· «хабарды жеткізу құралы» ретіндегі метафора

· Контейнерлік метафора

· Құрылымды метафора

Бірінші жағдайда әр түрлі салаларға қатысы бар объектілер туралы тұжырымдау, оларды бір-біріне ауыстыру әрекеті жүзеге асса, екінші кезекте аталмыш ұғым қатысымдық негізде сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы тілдік құрылымды толықтыратын «мағыналар қозғалысы» ретінде танылады. Үшіншіден, «контейнер» ұғымының өзі білдіріп тұрғандай, жаңа мағыналар тізбегінің «контейнерлерді», яғни нақты тілдік бірліктерді толтыруы негізге алынады. Ал соңғы өзгешелік сөйлесім әрекетінің көлемді мағыналық бірліктерін кіші мағыналар қосындысынан жинақтау арқылы жасалады. Метафора құбылысының құпиясы ерте заманнан-ақ көптеген ірі ойшыл-ғалымдардың назарын өзіне аударып келеді. Метафора құбылысының құпиясы ерте заманнан-ақ көптеген ірі ойшыл-ғалымдардың назарын өзіне аударып келеді. Әлемдік тілдерде, орыс тіл білімінде метафораның теориясын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлініп, оның болмысы, мән-маңызы жан-жақты зерттелуде. Метафораның болмысы оның тілдегі қызметі мен маңызы, пайда болу механизмдері, түрлері мен ерекшеліктері т.б. метафораға қатысты маңызды мәселелер осы күнге дейін бір жақты зерттелуде.

Концептуалдық метафора термині шетел ғалымдары еңбектерінде, орыс тілшілері Е.О.Опарина, В.Н.Телия, Н.А.Арутюнова зерттеулерінде танымдық, жаңа ұғым жасау мағыналарында қолданылады.

Орыс тіліндегі метафоралардың концептуалдық қызметін арнайы зерттеген ғалым Е.О.Опарина еңбегінде концептуалдық метафораның жасалуына, танымдық қырларына, оның мағыналық ерекшеліктері, түрлері мен тілдегі қызметтеріне, ғылым тіліндегі концептуалдық қызметіне тоқталады. Концептуалдық метафора – адам танымында анология, ассоциация сияқты ойлау үдерісі заңдылықтарының нәтижесінде туындаған деректі, дерексіз ұғымдардың атауы,жаңа лексикалық мағына.

Концептуалдық метафора заттық дүниені белгілеу құралы ғана емес,ол сонымен қатар абстрактілі болмыстарды табу,оларға сай келетін немесе тілдік ұғымдарды қалыптастыру болып табылады. Мысалы: ’’Ислам -халықтық мәдениеттің тірегі,оның рухани қазығы”.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!