Тілдің лексикалық жүйесінің таным процесімен байланысы



3.Когнитивтік лингвистиканың қазақ тіл білімінде зерттелуі. Ахмет Байтұрсынұлы өзінің филология саласындағы еңбектерін әдебиет танытқыш және тіл танытқыш деп үлкен екі салаға топтастырған. Алдыңғы топқа қазақ әдебиеті туралы еңбектері, ал соңғысы қазақ тілі жөніндегі жазғандары кірген. Ол қазақ тілін жеке пән, ғылым ретінде қалыптастыру, жүйелі түрде оқыту, қалыптастыру мақсатымен үш кітаптан тұратын «Тіл құрал» атты оқулықтар сериясын жариялады. Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл құрал» дейтін жалпы атпен үш кітап жазды. Олар: «Дыбыс жүйесі мен түрлері», «Сөз жүйесі мен түрлері» және «Сөйлем жүйесі мен түрлері».

XX ғасырдың 20-30 жылдарында педагогика, психология саласында өзінің соны да сындарлы пікірлерімен көрінген ағартушы, ақын, жазушы, аудармашы Мағжан Жұмабаевтың орны ерекше. Ағартушы Мағжан Жұмабаев «Педагогика», «Бастауыш мектепте ана тілі», «Сауатты бол» т.б. оқулықтарын жазды.

Қазақ тіл білімінің негізін салушы аса көрнекті ғалым, тұңғыш қазақ филолог–профессоры, ірі педагог–ағартушы 1936 жыл Қ.Жұбановтың аса мол жемісті жылдарының бірі болды. Бұл жылы оның «Қазақ тілінің грамматикасы. І бөлім. Жалпы морфология» деп аталатын кітабы жарыққа шықты. Білім аясы кең, қазақ тілінің шын жанашыры болған Қ.Жұбановтың қаламына әдеби тіліміздің даму мәселелері де үйірілмей қалмады. Бұған бір–екі мақаласы куә. Оның бірі – «Абай қазақ әдебиетінің классигі». Бұл еңбегі аяқталмай қалған. Ол -Абай туралы жазылған тұтас кітаптың үзіндісі.

С.Аманжоловтың ғылыми мұрасы қазақ тіл білімінің қалыптасып, дамуына зор үлес қосты. Атап айтқанда, «морфология, синтаксис», «Қазақтың әдеби тілі», «Қазақ әдеби синтаксисі», «Қазақ әдеби курсы», «Вопросы диалектологии и истории казахского языка» т.б.

Сәрсен Аманжоловтың да тілтанымдық зерттеулері лингвистиалық талдаулардың өзгеше амалын құрайды, себебі автор тілдік құралдар табиғатын анықтауда құрылымдық мәнбілерді адамның ішкі ойлау, қабылдау, тану мүмкіндіктерімен, сыртқы қоғамдық–мәдени негіздерімен шебер сабақтастыра білді.

1. А. Байтұрсынұлы «Тіл құрал» дейтін жалпы атпен үш кітап жазды. Олар: Дыбыс жүйесі мен түрлері, сөз жүйесі мен түрлері және сөйлем жүйесі мен түрлері.

2. Ағартушы М.Жұмабаев «Педагогика», «Бастауыш мектепте ана тілі», т.б. оқулықтарын жазды.

3. Қ.Жұбановтың 1936 жылы«Қазақ тілінің грамматикасы. І бөлім. Жалпы морфология» деп аталатын кітабы жарыққа шықты.Қазіргі жаһандану үдерісі когнитивтік лингвистиканың қалыптасуы мен дамуына әсер етті. Кейінгі онжылдықтар белесіндегі зерттеулер этносты, ұлт мәдениетін тіл арқылы анықтауды негізгі қағида етеді (Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Қ.Жаманбаева т.б.). Нақты айтқанда, тілді тұтынушы ұлтты алғашқы орынға қоятын лингвистикадағы антропоөзектік парадигма өз аясында жаңа бағыттарға жол ашуда. Осымен байланысты Г.Снасапова, Ш.Елемесова, М.Күштаева, Н.Аитова, А.Әмірбекова, Қ.Жаманбаева Э.Оразалиева, А.Ислам, Ә.Айтпаева тәрізді жас ғалымдардың жұмыстарында тілтаным кілті деп қаралып, когнитивтік лингвистика мәселелері этнолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика, әлеуметтік лингвистикамен тығыз байланыста зерттелген.

М.Т.Күштаеваның «Тары концептісінің семантикалық құрылымы мен лингвомәдени мазмұны» атты зерттеуі «Тары» сөзіне қатысты тұрақты тіркестер, коннотациялық мағыналарды айқындауға негізделіп, тілді ұлттық психологиялық таныммен сабақтастыра қарастыруға бағытталған еңбек болып саналады.

Келесі еңбектің бірі - Ә.Әмірбекованың «Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшелігі (М.Мақатаев поэзиясы бойынша)» атты диссертациясы. Ғалым өз жұмысына концептілік құрылымдарға және ақын М.Мақатаевтың танымдық болмысын «Өмір» концептісінің негізінде талдау жасап, «Көркемдік сана», «Когнитивтік модель», «ассоцация», «бейне» т.б. ұғымдарға поэтикалық мәтіннен мысалдар келтіре отырып саралады.

2007 жылы Э.Н.Оразалиеваның «Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы» атты монографиясы жарық көріп, зерттеуші өз еңбегінде қазақ тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың қалыптасу, даму алғышарттарын ғылыми теориялық тұжырымдарға сүйене отырып қарастырады. 1. Кейінгі онжылдықтар белесіндегі зерттеулер этносты, ұлт мәдениетін тіл арқылы анықтауды негізгі қағида етеді.

2. Тілді тұтынушы ұлтты алғашқы орынға қоятын лингвистикадағы антропоөзектік парадигма өз аясында жаңа бағыттарға жол ашуда.

Билет 7

1.Когнитивтік лингвистиканың лингвомәдениеттанумен сабақтастығы. Ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде халық тілінің еншісі мәдениетпен толығатынын, ұлт мәдениеті сол этностың тілінде сақталып, болашаққа аманатталатыны сияқты астарлы ой-пікірлер туындау төркіні тереңде жатыр. Айтылған ой жайында В.фон Гумбольдттің: “Тіл –халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс табады» деген тұжырымы – жаңа ғылыми жолдың концепциясының алғашқы нышаны немесе қағидасы. Сондай-ақ оның мәдениет тілдің ішкі құрылымдық бөлшегі деп қарастыруы да тіл табиғатын таныта түсумен қатар, жарыққа шығып келе жатқан ғылыми жаңалықтардың шығу тегіне арқау болғаны сөзсіз. Атап айтқанда, ғалым пікірінше: біріншіден, мәдениеттің екі түрі – материалдық және рухани мәдениеттер ізі халық тілінде сақталады. Екіншіден, мәдеиет – ұлт мен табиғатты жалғастырушы күш, төртіншіден, мәдениет пен халықтық рух – тілдің ішкі формасына тән”, - деп көрсетеді. /1.32/. Ал, мәдениеттің көне, жанасын, мәдениеттің арғы-бергі тарихын сөйлетуші де, жеткізуші де тек ана тілдің құдіреті екені әр халықтың өзіндік тұрмыс-тіршілігі тілі арқылы өрнектелуінен, мәдениеті тіл арқылы басқа елге танылуынан тіл мен мәдениет арасында ажырағысыз байланыстың торабы бар екенінен көрінеді. Мұның нақты ғылыми тұжырымын американдық ғалым Э.Сепир: “Тілдің бір тұғыры бар. Ол мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Ол дәстүр болып жалғасқан біздің тыныс тіршілігіміз мүлде қабысып кеткен салт-дәстүр мен наным-сенімдерден арыла алмайды. Тілдегі лексика өзі қызмет етіп отырған мәдениетті өз қалпында көрсетеді. Ол тұрғыдан алғанда тілдің тарихы мен мәдениет тарихы жапсарлас дамиды деуге болады” /2.186/ деп анықтай келе, әр халықтың танымдық ерекшелігі тек тілінің табиғатынан танылатынын көрсетіп, дәлелдейді. Соның негізіндегі адамзаттың дүниені тану мен ойлау арасындағы тәсілінің тіл құрылысының байланыстылығын этнолингвистикалық болжам ретінде баяндаудан туған “ Сепир – Уорф болжамы ” халықтық тіл мен ұлттық дүниетанымды танудың ғылыми алғышарты іспеттес болғаны – ғылымның жаңа сатыға аяқ басқандығының дәлелі.

Тіл – тек мәдениетті танушы құрал ғана емес, тілдің бойында оның (мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш анықталады. Тіл рухының ұлы күші халықтың ой-танымында, мінез-құлқында, әлеуметтік өмірінде сақталған. Өйткені адам баласының ой-санасы, сол арқылы істеген еңбегі, мінез-құлқына сай табиғатын қалыптастыруы, өз танымына сай өмір салтын қалыптастыруы тұтастай бір мәдениеттің дүниеге келуінің үлкен себепшісінің бірі. Осымен байланысты этностың психологиялық жайын тілге қатысты болжаулармен дәлелдеген В.фон Гумбольдт концепциясында: “Тілдің табиғаты мен тегі тіл мен ойлаудың халық рухымен байланыстылығында” деген құнды пікірмен бағаланды. Осы пікірді ғылыми жолға сүрлеп түсірушілер Г.Штейнталь мен М.Лацарус. Олар өз еңбектерінде халық психикасының этнотанымдық мәні, тілдің ішкі мазмұны адамның мінез-құлқымен байланысты деп түсіндіріп “тіл мәдениетке қатысты алғанда индивидтің творчествалық әрекеті”, “халық рухы алдымен тілде” /3.92.117/ деп түйіндеген. Осы ғылыми тұжырымдардың бастамасымен бұл үрдіс ғылымда өз жалғастығын тапқандығын төмендегі сияқты пікірлерден көреміз. Ғалым А.Вежбидская бұл туралы: “Каждый язык национально спецефичен. При этом в языке отражаются, не только особенности природных условий и культуры, но и своеобразие национального характера его носителей”, - деп көрсетеді. /4.19/. Демек, этнопсихология ілімінің тіл аясында мәдени факторларсыз анықталуы оның жете танылуын қамтамасыз ете алмайды.

Тілдің ерекшелігін әлеуметтану тұрғысында зерттеген ғалым В.Вундт өз еңбектерінде күрделі интеллектуалдық әрекеттердің ұлттық мәдениетті танудағы орнына ерекше назар аударылады. Ол – ұлттық рухты жаңғыртатын факторлар, салт-дәстүрлер олардың дамуы мен халық мәдениетіндегі рөлін әлеуметтік рухани құбылыс деп бағалаудың бағытын көрсетті. Расында да, ұлттық рухтың нағыз келбетін танытатын – салт-дәстүрлер деп танимыз. Этностың бар өміріне рухани азық болған, тұрақты ұрпақ жалғастығына себепкер құбылыс салт-дәстүрлердің ұлттық мәдениет бастауы екендігі сөзсіз. Осы құбылысты дер кезінде мойындап, ғылыми тұрғыдан жаңа бағытқа жол салушы – ресейлік тілші-ғалым А.Потебня. Ол тіл халық мәдениетімен біте қайнасқан ұғым деген түсінікті қалыптастыра келіп: “Тіл – халықтық “рухтың” жемісі, сондықтан тіл ұлттық ерекшелікті көрсетеді” деп анықтайды. Мәдениет – тілдің таңбалану қасиеті арқылы танылатынын, оған дәлел халық ауыз әдебиеті үлгілері екендігін Жан-жақты сөз ете келе: “Халық рухы” алдымен тілде, содан кейін барып әдет-ғұрып, салт-дәстүрінде, ән өнерінде, фольклорында көрініс береді” /5.117/ деп қорытады. Жоғарыда біз сөз еткен ғалымдардың зерттеулері ұлттық тіл мен халық мәдениеті арасындағы сабақтастықты о бастан болжап, тілдің ішкі формасына саятын қасиеттерін танытудан туған. Оның (ішкі форманың) тілдегі көрінісін өзек қылған ғылыми құнды ойлар мен тұжырымдар тіл ғылымының жаңа бағытымен ерекшеленетін лингвомәдениеттану пәнінің болжамы іспеттес. Асылында, адамзат қоғамының дамуында - әлеуметтік сананың өрлеуі, ой-сананың жетілуі, тіл, мәдениет, тарихтың тоғысуы маңызды фактор. Ал, әр халықтың этномәдени тұрмысын ұлт тілінің жетегінде, әлемдік мәдениеттің ауқымында, дүниетанымын қоғамдық ғылымдардың саясында сөз ету мәселесі тіл ғылымының бүгінде ғылыми өрісін тереңге жайған этнолингвистика саласында сәтті бағытта іске асуда. Осымен тығыз байланысты ұлттық мәдениет пен ұлттық тілдің өзара байланыстары бір-біріне әсері айқын деректің белгілі бір этносқа тән екендігін танытуда бізге кешеуілдеп жеткен жаңа бағыттың бірі – лингвомәдениеттану. Бірақ тіл ғылымында XV ғасырдың бас кезінен бастап ерекше қалыптасқан жоғарыда атлған ғалымдардың (Ф.Соссюр, В.Гумбольдт, А.Потебня, В.Штейнталь тағы басқа) ғылыми ой-тұжырымдарын одан әрі ұластырушы Ресейдегі фразеологиялық мектептің өкілдері В.Воробьев, В.И.Телия, Е.М.Верещагин, В.Т.Костомаров, В.Маслованың зерттеулерінің лингвомәдениеттануды дербес ғылыми пән дәрежесіне көтерілуіне, қалыптасуына зор ықпал еткенін ерекше атап өткен жөн.

Тіл мен мәдениет ұғымдарының сыбайластығы әсіресе Е.М.Верещагин мен В.Т.Костомаровтың зерттеу еңбектерінде жаңаша қырынан танылады. Олардың: “Тіл – тек сөйлесу, қарым-қатынас құралы емес, ол Адам өмірінің материалдық және рухани мәдениетінің сол ұрпаққа тән тума қасиеттерін жинақтаушы, сақтаушы құрал, осы арқылы болашақ ұрпаққа жеткізуші құрал. Мұны тілдің кумулятивтік қасиеті деп танимыз. Тілдің тағы бір қоғамдық қызметі - әлеуметтік өмірде адамдарды жеке тұлға ретінде, ұлт өкілі ретінде қалыптасуы” /6.10/ деген ойлары бүгінде лингвомәдениеттану пәнінің қоғамдағы әлеуметтік орнын нақтылай түскендей.

Мәдениет – қоғамдық фактор, бірақ оның мәдени тұғырға көтерілуіне әлеуметтік ортаның ықпалы зор. Өйткені бір этностың мәдениеті екінші халыққа оның тілдік деректері арқылы баяндалады. Ал тілдік деректер деп отырғанымыз – мәденитті сипаттаушы сөз символдары мен тілдік таңбалар. Осы жайт туралы мәдениеттің тілге қатысты ерекшелігін зерттеген ресейлік мәдениеттанушы Ю.М.Лотман төмендегідей пікірмен сабақтастырады:

“Всякая культура, обслуживающая сферу социального общения, есть язык. Это означает, что она образует определенную систему знаков, употребляемых и соответствии с известными членами данного коллектива првилами. Знаками же мы называем любое материальное выражение (слова, рисунки, вещи и.т.д.), которое имеет значение и, таким образом может служить средством передачи смысла. Следовательно, культура имеет, во-первых, коммуникационную и, во-вторых, символическую природу. ” /7.6/

Ендеше жоғарыда аталғандай мәдениет ұлттық менталитет құндылықтарының түп негізі тіл қасиетінде көрініс табады. Тілдің құдыретімен бейнеленіп, шынайылықты танытады. Осы тұрғыда әр халық тілінде өзі жасаған және табиғат дарытқан ұлттық мәдениеттің ізі бар деуге болады. Бұл – тіл мен мәдениеттің тоғысу жолын көздеген лингвомәдениеттану пәнінің негізі болмақ. Сонымен, лингвомәдениеттану дегеніміз не? Ол жеке ғылыми сала ретінде нені зерттейді?

Лингвомәдениеттану (лингвокультурология) латынның Lingua- тіл, Gultura –мәдениет, Logos – ілім деген терминдердің жинақталуынан туындап, лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болып, халық мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшелігін, жаңаша көзқараспен салыстыра зерттейтін сала. Осы орайда В.Н.Телия: “Лингвомәдениеттану – тілдің корреспонденциясы мен мәдениеттің өзара қатынасының синхронды түрін зерттейтін және сипаттайтын этнолингвистиканың бір бөлшегі”, /8.217/ деп сипаттаса, лингвомәдениеттану ғылымының теориялық және әдістемелік жолын сүрлеуші ғалым В.В.Воробьев оны “менталингвистика” ғылымы ретінде танытуға ғылыми бағыт бұрып, бұл саланың тіл мен мәдениеттің өзара әсерінің негіздерінен туындағанын дәлелдейді, әрі мынадай ғылыми анықтама береді: “Лингвокультурология – комплексная научная дисциплина синтезирующего типа, изучающая взаимосвязь и взаимодействие культуры и языка в его функционировании и отражающая этот процесс как целостную структуру единиц в единстве их языкового и внеязыкового (культурного) содержания при помощи системных методов с ориентацией на современные приоритеты и культурные установления (система норм и общечеловеческих ценностей)” /9.37/.

Ғалым В.А.Маслова бұл пәнді халық мәдениетін танытушы ғылым деп санап, былайша анықтайды: “ Лингвокультурология – это наука, возникшая на стыке лингвистики и культурологи и исследующая проявления культуры народа, которые отразились и закрепились в языке” /10.8/

Көріп отырғанымыздай, Воробьев, Маслова, Телияның бұл ғылыми тұжырымдарына арқау болған мәдениет пен тіл арасындағы байланыстың сыры американдық ғалымдар Э.Сепир мен Б.Уорфтың “Лингвистикалық ықтималдық теориясының” негізін танытқан “этнос дүниетанымындағы ерекшеліктің ізі халық тілінде сақталады” деген қағидамен астасып жатқандығы сезіледі. Бұл жайт лингвомәдениеттану пәнінің этнолингвистика ғылымы мен туыстығын ашық көрсететіндей. Көп жағдайда этнолингвистика мен лингвомәдениеттану пәндерінің ортақтық, тіпті ұқсас жақтары бірізді сөз етілгенімен, В.Воробьев атап көрсеткендей, этнолингистика ғылымының өзіндік ерекшелігін былайша түсіндіруге болады: “ Этнолингвистика комплексті этнографиямен шектес, халық мәдениеті, тарихтың шығу тегі мен таралуын зерттейді. Бүгінгі ғылымда этнолингвистиканың зерттеу мақсаты – тілдің қызметі мен дамуына лингвистикалық, этномәдени, этнопсихологиялық факторының әсерін ерекше қарастыру, ұлттық болмыспен ұштастыру” /9.15/

Тіл ғылымында лингвомәдениеттану-лингвистика мен мәдениеттанудың түйіскен тұсынан туындап отырған, әрі этнолингистика мен елтануды да ортақтастыратын жаңа ғылым. Сонымен, лингвомәдениеттану – ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, танымдық, этикалық, эстетикалық, саяси, адамгершілік, руханилық, тұрмыстық қағидалар мен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімінің бағыты. Осы тұрғыдан лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты – ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілері мен халықтың танымдық, этика-эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады. Лингвомәдениеттану пәнінің мақсатына қатысты негізделген ойымызды маман-ғалым В.Воробьевтің мына пікірі толықтыра түскендей: “Исследование “загадки” России, русской литературы и цивилизации – одна из важнейщих задач лингвокультурологиии: она позволяет открыть и освободить от всяческих наслоении духоный источник силы русского народа, может дать разгадку многих устоичивых языковых выражении, словесных и художественных образов, “подтекст”, которых иначе останется не вполне ясным, осознанным” /9.9/. Осы орайда лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу объектісінің ауқымы ұлттық мәдениеттің және рухани құндылықтардың тілдегі көрінісі әдебиет, фольклорда тағы басқа да берілуі арқылы кеңи түсетіні көрінеді. Олай болса, бүгінгі қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану ғылымы пән ретінде жаңа қадам басып жатқанымен, ұлттық мәдениет пен болмыстық ерекшеліктерді таныту,

лингвомәдениеттану пәніне қатысты Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Қ.Жұбанов, М.Әуезов еңбектерінен бастап, ғалым-тілшілер І.Кеңесбаев, Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жұбанов, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақов, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, А.Жылқыбаева, Қ.Рысбергенова, Р.Шойбеков тағы басқа ғалымдар еңбектерінде тіл фактілеріндегі сипаты ретінде танытылады. Мысалы, Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігінде (Алматы,1966) тілімізде көне сөздер ретінде танылатын әбдесте, барымта, адырна, дулыға тағы басқа сөздердің халықтық танымының сыры ашылған.

Этнолингвист -ғалым Е.Жанпейісов “Этнокультурная лексика казахского языка” еңбегінде М.Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясындағы этнографизмдерді тілдік әрі халықтық болмыс тұрғысынан зерттеуі қазақ халқының мәдениетін тіл деректері арқылы танытуда қосқан зор үлес деп білеміз. Көне сөздердің табиғатын танытқан белгілі тілші-ғалым Р.Сыздықова өзінің «Сөздер сөйлейді» тағы басқа еңбектерінде бүгінде жұртшылыққа таныс емес, бірақ ана тіліміздің қазынасында сақталған бірқатар сөздер мен сөз тіркестерінің (абжыландай толғану, Кеше, жыға, бес жетім тағы басқа) тарихи-тілдік мағынасын ашып, “қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен ғасырда өмір сүрген ақын-жырауларының тілінде, жырларды ескі тұрмыс-салтқа байланысты бұл күнде ұмыт бола бастаған немесе мүлде ұмытылған, я болмаса мағынасы өзгерген сөздер мен сөз тіркестерінің кездесуі табиғи құбылыс” деп көрсетеді /11.5/

Тұрақты сөз орамдарының мәдени -ұлттық мазмұнын халық тілінің байырғы лексикасының сан алуан сырына байланысты көптеген нақты пікірлерді осы саланы “індете” зерттеп жүрген маман-ғалым Н.Уәлиевтің еңбегінен табамыз. Автор: “Халық өзінің өткен дәуірлердегі наным-сенімін, түйсік-түсінігін, ой-қиялын, тыныс-тіршілігін аз сөздің аясына сыйдырып, әрі нәрлі, әрі әрлі етіп ерекше өрнектей білген. Түп төркіні беймәлім сөздердің сәті түсіп, кілті табылғандай болса, көп нәрсені баян етіп, халықтың өткендегі ой-қиялы, тыныс-тіршілігі, дүниетанымы туралы сыр шертіп тұрады” /12.12/ Дей келе, қасиетті жеті, он екі, тоғыз санымен тіркесті атаулардың (жеті көк, жеті ғалам, жеті ғашық, он екі мүше, тоғыз сәлемдеме) уақыт өлшемдерінің халықтық атауларының (он екі сәт, сәске, тәулік, екінді, марқа туған тағы басқа ) мәнін қазақ халқының күнделікті мәдени өмірімен біте қайнасып тәжірибесінен туған атаулар екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген. Осы аталған авторлар еңбектерінде сөз етілген ұлттық тіл деректерінің зерттелуін лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу аясына жатқызуға болады.

Бүгінде мәдениеттану ұлттық тілді танудың негізі екені соңғы кездегі біраз зерттеулерде (Г.Смағұлова, А.Алдашева, А.Салқынбай, А.Сейсенова, Г.Қажығалиевалардың тағы басқа) сөз болуы, назар аударылуы лингвомәдениеттану ғылымының пән ретінде қалыптаса бастағаны байқатады.

Г.Смағұлова ұлттық тіл мен ұлт мәдениетінің тоғысуындағы өзара байланысты анықтап, мәдениет ұғымын мағыналас фразеологизмдердің бойынан тіл аспектісінде қарастырған. Ол өз еңбегінде лингвомәдениеттану пәнінің ерекшелігін былайша көрсетеді: “ Лингвомәдениеттану – этномәдени және этнопсихологиялық факторлар мен тілдегі ұлттық мәдени мағына компоненттерін тіл арқылы мәдениеттану бағытында зерделеп, тілдің дәл қазіргі қолданыс қызметін көрсететін ұлттық ерекшелігін ешбір идеологиясыз, заманға сай келбетін таныту. Бұл ретте тіл-ұлт мәдениет дейтін үштік (триада) лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу нысаны болмақ” /13.147/

Лингвомәдениеттанудың өркениетте, қоғамдық ғылымдармен қатар дамуын тілдік тұрғыдан сөз ету пәнінің зерттеу объектісін нақтылай түседі. Осы жайт тұрғысында, сондай-ақ, көне тіл деректері лексикамызда сөзжасам саласының қызметін арттыруда халқымыздың мәдени өмірімен байланысты екенін тілші А.Салқынбайдың мына пікірі толықтырады: “Тілдік деректерді лингвомәдени аспектіде зерттеу – ең әуелі тілдер арасындағы жалпыадами гуманитарлық, мәдени, өркениеттілік қырларды айқындау болып табылады. Табиғаттағы, әлемдегі құбылыстар, қоғамдағы сана мен салт, бәрі де тілде өз көрінісін табатындықтан, атау мен оның жасалу сипаты лингвомәдени аспектіде қарастырады” /14.41/.

А.Сейсенова этикет формаларына лингвомәдениеттану аспектісінде салыстырмалы талдау жасаған халық мәдениеті мен ұлттық менталитеттің бірлік қызметіне ерекше тоқтай келіп, “лингвомәдениеттану – мәдениеттің тілдік жүйеге қалай әсер ететінін, яғни фактор мен Адам бойындағы тілдік факторлардың байланысын қарастырады” деп түйіндейді /15.19/.

Қазақ тіл біліміндегі лингвомәдениеттану пәні басқа халықтардың өмірінен де мәдени ақпарат береді. Бір ұлттың көршілес ұлтпен туыстығын немесе дәстүр ұқсастығын салыстыруды да мақсат етеді. Осы орайда лингвомәдениеттану пәні аударма мәселесімен шұғылданушылардың да назарынан тыс қалмаған. Аударматанудың лингвомәдени мәселелерін сөз еткен. А.Алдашева бұ пәннің зерттеу көздерін ғылыми тұрғыдан анықтап, әрі лингвистика ғылымымен ортақтығын: “ лингвомәдениеттанудың ауқымы соңғыларға қарағанда өте кең, ол әрбір тілдік единицаның белгілі бір халықтың төл элементі, халық тілімен бірге жасасып келе жатқан өз сөзі, өзгелерден ауыс-түйіс емес, өз меншігіндегі сөз, сөз тіркесі, афоризм, мақал-мәтел екендігін дәлелдейтін белгі қайсы; ұлттық “бет-пішіні” бар деп есептелген сөз (өзге де тұлғалар) ұлттық әлеуметтік, этникалық, саяси-адамгершілік, тұрмыстық нормалары мен қағидаттарынан қандай мәлімет жеткізе алады дегенді зерттеуге назар аударады”, - деп тұжырымдайды /16.121/.

Көріп отырғанымыздай, лингвомәдениеттану мен этнолингвистиканың теориялық арқауы, зерттеу нысаны мен мақсатының өзектес, тамырлас екені дау туғызбайды. Осы екеуінің қатынасын жалпы мен жалқының, бүтін мен бөлшектің байланысы іспетті деп қарауға болады. Нақтырақ айтсақ, этнолингвистиканың зерттеу нысаны – этнос болмысын тұтастай танытатын “тіл әлемі”. Осы қағиданың құрамдас бөлшектерінің қатыстылығы мен үйлесімділігінің сипатын анықтау мақсатына қарай зерттеушілердің “этнолингвистика” деп аталатын “тіл әлемінің” тұтас шеңберін жеке-жеке салаларға бөліп қарастыруы этнос болмысының белгілі бір жақтарын көрсеткенімен, тұтас белгісін айқындай алмайды. Осыған байланысты “Этнолингвистика мен социология ғылымдарының аралығынан туған” (Б.Уорф), “Халықтың тілінде салт-дәстүрі көрініс табады” (Ф.де Соссюр), “Этностың дүниені тіл арқылы тануы оның салт-дәстүр, этнография, мифология тағы басқа символдық қызметімен байланысты” (Э.Сепир), “Этнолингвистиканың болмысы ретінде антропологияны қолдану” (АҚШ ғалымдары), “этнолингвистика тек “көне дүниені” немесе “ескіліктерді” зерттеуші ғылым” (Е.Жанпейісов), “этнолингвистика пәнаралық ғылым” (М.Копыленко) тағы басқа көзқарастар этнолингвистика ғылымын жіктейтін емес, оның кешенді сипатынан туындайтын сан түрлі қырларын айқындап, тұтастыра келіп, түптеп келгенде, бір арнаға тоғыстыратын салалары. Осындай тіл деректеріне сүйеніп этнолингвистикамен сабақтас этнос болмысының сан түрлі қырын зерттейтін ғылымдарды академик Ә.Қайдар екіге бөледі:

1) этнос тіліне жалпы қатысы бар (мәселен, мәдениеттану (астын сызған біз –А.С.), этнография, этнология, өлкетану, фольклористика, мифология, астрономия, педагогика, дидактика тағы басқа) ғылымдар.

2) этнос тілінің тілдік табиғатын айқындауға тікелей қатысты ғылымдар (мәселен, этимология, диалектология, ономастика, фразеология, паремиология, терминология, лексикография, социолингвистика, этнолингвистика, психолингвистика тағы басқа) /17.12/. Демек, бұл екі топтағы ғылым салаларын этнолингвистикамен байланыстыратын, этнос болмысын танытатын тілдік дерек көздерінен көреміз. Міне, осындай сабақтастықтың бірі – этностың мәдениетін таныту мүддесін көздеген мәдениеттанумен сабақтас лингвомәдениеттану.

Бүгінгі таңда тіл арқылы мәдениетті тану лингвомәдениеттану пәнінен бұрын этнолингистика ғылымында сөз етілген. Лингвистикалық түсіндірме сөздікте: “ Этнолингвистика (гректің “этнос” –тайпа, халық, француздың “лингвистика”) тілді мәдениетпен, тілді этномәдени және этнопсихологиялық факторлармен байланыстыра қарастыратын тіл білімінің бағыты” деп анықталған /18.275/.

Осы ғылымның жеке бағыт ретінде қалыптасуы XIX ғасырдың 70-жылдарынан бері Американың тіл білімінде Орталық Американың Үндіс тайпаларын зерттеумен байланысты өріс алып, жаңа дәстүрдің негізін салды. Этнолингвистика ғылымының негізі американдық ғалымдар Ф.Боас, Э.Сепир, Б.Л.Уорф, Хайер тағы басқа еңбектерінен бастау алады. Бұл бұлақтың бастауы орыс тіл білімінде ресейлік ғалымдар Ф.И.Буслаев, А.Н.Афанасьев, А.А.Потебня еңбектерімен жалғасып, XIX ғасырдың 80-жылдарында фольклор аясында тіл мен мәдениетті сабақтастыра зерттеудің жаңа бағытын пайдаланған Н.И.Толстой, В.В.Иванов, В.Н.Топоров сияқты ғалымдардың этнолингвистикалық зерттеулері атаулы саланы ғылыми биік сатыға көтеріп жіберді. Ресейлік ғалымдар (соңғы аталған) өз зерттеулерінде нақты бір тілдің тарихын сол ұлттың мәдениеті, тарихы, этнографиясымен тығыз байланыстыра қарастырған. Осы тұрғыда ресейлік тілші О.С.Ахманова: “ этнолингвистика – это раздел макролингвистики6 изучающий отношения между языком и народом и взаимодействия лингвистических и этнических факторов в функционировании и развитии языка” деп түсіндіреді /19.539/. Сөздіктегі бұл анықтама тіл мен халық арасындағы тікелей байланысты көрсетеді, ал оның басқа ғылым салаларының деректері арқылы зерттеу нысанының айқындалу жағдайы шет қалған.

Ғылыми аяда “этнолингвистика” термині ең алғаш ғалым Б.Уорфтың идеясымен туындап, осы идеяның жалғасы Э.Сепирдің еңбектерінде көрініс тауып, ғылымда аты белгілі “Сепир-Уорф” болжамына сай тілдік этнодеректер халық мәдениеті мен жеке индивид тұрғысында қарастырылған. Айтылған ой хақында профессор М.Копыленко: “Основы этнолингвистики” еңбегінде жан-жақты тоқталады. Осы жайтты Э.Сепир өз зерттеулерінде “халық дүниетанымында туған салт-дәстүр, мифологизм, наным тағы басқа ұғымдар этнос болмысымен тығыз байланысты, олар тілдің символдық қызметі ретінде көрініс табады” – деп көрсетеді /20.177/.

Жоғарыда атап көрсетілген ресейлік ғалымдар (Н.И.Толстой, В.Н.Топоров, В.В.Ивановтың) тұжырымдарында этнолингвистика – көне тілді зерттеуші ғылым ретінде танылады.

Ғалымдар тілдік этнодеректерді көбінде байырғы халық тілі мен жергілікті халық тілінен негіздеуді дәстүрге айналдырған. Мәселен, этнолингвистиканың зерттеу нысаны этнографизмдерді Н.М.Шанский: “этнографизмы – такие диалектные слова, которые обозначают предметы и явление быта и труда6 специфичные для определенной местности и неизвестные литературному языку” деп тұжырымдайды /21.118/. Ғалым пікіріне дәлел болатын анна тілімізде сирек қолданыстағы, кейбір диалектілік ерекшеліктерде кездесетін мына бір этнографизмдерге тоқталсақ. Бүгінде ұмытылған атаудың бірі – боқша. Боқша – қолдан тігілген қалта, сумка (ҚТТС, 2-т, 341). Бұл атау этнографизм ретінде тілімізде танылғанымен, Қазақстанның шығыс аймағындағы Семей өңірінде (Абай, Ақсуат, Көкпекті) сумка, портфель мағынасында, Жамбыл облысының (Мерке, Шу) жерлерінде қыздардың қуыршақ салып қоятын ыдысы мағынасында жұмсалған екен /22.130/. Боқшаның көне атау екенін “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жырынан былайша кездестіреміз:

Сол екі байдың ауылы көшкен екен,

Бір перзент көкейін кескен екен.

Қатынымыз қыз тапса екеуі де,

Қол боқшасы бір болсын дескен екен.

 

Ғалымдардың бір қатары этнолингвистика ұлт тілінің жалпы сипатына танылады деп анықтайды. Мәселен, Н.И.Толстой: “ Этнолингвистика – халықтың рухани байлығының, менталитетінің, шығармашылығының бір-бірімен байланысын, бір-біріне тәуелділігін, астарластығын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Ол халықтың ұлттық мәдениетінің көрнекті позициясындағы негізгі формаларының бірі болып табылады” деп тұжырымдайды /23.181-190/. Н.И.Толстой пікірімен мазмұндас анықтама лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте төмендегіше берілген: “ Этнолингвистика, қандай тәсіл арқылы берілгеніне қарамастан, мәдениеттің, халықтық психологияның және мифологияның “мазмұнын” лингвистикалық әдістер көмегімен зерттейтін кешенді пән” /24.597/.

Кез-келген тілдік құбылыстың табиғатын оның тек тілдік заңдылықтарына ғана сүйеніп емес, сонымен қатар халықтың дүниетанымына, салт-дәстүріне, ұллтық болмысына да қатысты қарастыру этнолингвистика мен лингвомәдениеттану пәндерінің ортақ заңдылығы деуге болады. Профессор Қ.Жұбановтың “Тіл арқылы халықтың тағылымдық мұраты этностың әр дәуірдегі ұрпақ өкілдеріне мәдени әрі тілдік мұра ретінде сақталатынын және тіл мен мәдениетті табыстыратын жаңа саланың дүниеге келетініне сол кездердің өзінде-ақ болжам айтқаны белгілі”.

“Ата мұрасы болып, Абайдың еншісіне тиген әдебиет қазынасы екі түлік болатын. Бірі – емшек сүтімен қатар құлағына кіріп, сүйегіне сіңген ананың “әлди-әлди, ақ бөпем”, атаның “сал, сал, білек, сал білек”, қойшының әні, қыздың сыңсуы, қаралы қатынның жоқтауынан бастап, көркемдік сезімін шарбыдай шырмаған халық әдебиеті”.

“Орыста қой сөзінің баламасы жоқ. Олардың овца дегені саулық, баран дегені қошқар. Орысша корова – сауын сиыр; рогатый скот – мүйізді мал; толстый дегені бірде – жуан, бірде – қалың; лошадь – жылқы; бірақ ат, байтал, айғыр емес. Ал бізідің ісек, тұсақ, құнан, құнажын, дөнен, дөнежін деген сөздеріміз басқаларда жоқ. Қазақ синий, голубой, зеленый деген түстердің бәрін көк дейді.

Халықтардың тұрмыс қалпы түрлі-түрлі болған соң, олардың әр затқа қоятын аттары да түрлі-түрлі. Тіл ұзақ заман жасалады, бірден өзгермейді, оның өзгерісі тұрмысқа байланысты” /25. 290, 92-93/. Артынан өшпес мұра қалдырған, ана тіліміздің ғылыми жолын сүрлеген профессор Қ.Жұбановтың осы зерттеулері бүгінде берік тұғырын сайлаған этнолингвистика ғылымы мен ғылыми сатыға қадам басқан лингвомәдениеттану пәндерінің ғылым көкжиегіндегі алғашқы нышандарын көрсетеді.

Академик Ә.Қайдардың “ана тіліміздің бай қоры – ұлттық болмыс-бітімді танытатын тілдік этнодеректердің қазынасы” деген пікірі қазақ этнолингвистикасының негізін салып, атаулы ғылым саласы жайында: “ Этнолингвистика ” – этностың (одан ұлыс, халық, ұлт) инсандық болмысынан туындап, санасында сараланып, тарихи жадында сақталып, тіл арқылы ғасырлар бойы қалыптасып, қорланып, рухани, мәдени мұра ретінде атадан балаға мирасты жаңғыртып, жан-жақты зерттеп, танымдық мәнін ашып, болашақ ұрпаққа ұсыну мақсатына байланысты дүниеге келген тіл білімінің күрделі құнарлы мақсат тұтамыз. Екіншіден, қазақ, кең көлемде – түркі мәдениетінің концептілер жүйесін басқа мәдениеттер негізінде салағстыра отырып айқындап, олардың тілде көрініс тапқан тұстарына түсінік беру мақсат етіледі. Сонымен қатар, символ мен этномәдени белгілерде көрініс тапқан қоршаған ортаны танып-білудегі тереңде жатқан танымдық құрылымдарды айқындауды міндет етеміз. Үшіншіден, танымдық әдістемелерді қолдана отырып, салыстырмалы және салғастырмалы түрде қазақ тілінің фразеологизмдерінде танымдық тетіктердің қандай жолдармен бейнеленетінін анықтап, мәдени реңктегі фразеологиялық бірліктердің мәдени коннотациясын лингвомәдени сараптама негізінде ашу; көңіл-күйді білдіретін эмотивті мағыналас фразеологизмдердің образдық негізіне талдау, фразеологизмдердің мағынасын түсінудегі лингвомәдени құзіреттің рөлін айқындау мақсат етіледі. Қазақ, кең көлемде – түркі мәдениетінің тілде көрініс тапқан реалийлер мәселесі және олардың шетел, соның ішінде ағылшын тіліне аудару жолдарының теориялық және практикалық мәселелері зерттеу нысаны болмақ.

Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешу мақсатында зерттеуде лингвомәдениеттанудың әр түрлі кешенді әдістерін: лингвистикалық, концептуалды сараптама, этимологиялық, мәдени және лингвистикалық реконструкциялау (қайта өңдеу), эксперименталды танымдық лингвистиканың, метафораның танымдық теориясының әдістемелерін қолдана отырып тіл мен мәдениеттің, олардың өзара байланысының жан-жақты күрделі де біртұтас құбылыс екендігін дәлелдеуге талпыныс жасаймыз.

Сонымен қатар қазақ тілі материалдарына байланысты лингвомәдениеттанудың лингвомәдени құзірет, мәдени коннотация және тағы басқа ұғымдары айқындалады. Әйтсе де, лингвомәдениеттанудың терминдік немесе ұғымдық аппараты біз көрсеткен немесе осы таңдағы анықталған белгілерімен ғана шектелмейтіндігін баса айтқымыз келеді. Қандай да болмасын ғылым саласының ізденіс барысыныда тереңдей беретін және келешекте теориялық жаңалықтардың болуы шарты лингвомәдениеттану ғылымына да тән.

2.Тілдік дүние суреті: «концепт» және «ұғым». Кең мағынасында алғанда, концепт ғалам туралы білімдер жүйесінің (ғаламның концептуалды бейнесінің) бір үзіндісі ретінде түсініледі де, индивидтің қоршаған ортадағы, ақиқат болмыстағы бар заттар мен құбылыстар, алуан түрлі объектілер туралы білетінінің, ойларының қиялындағы көріністернің бәрін қамтиды.

Қазіргі тіл ғылымында аталмыш термин түрліше түсіндірілетінін жоғарыда айттық. Осы мәселеге орай, В.С.Ли сол ұғымға берілген анықтамалардың бәрін жинақтап, мазмұны жағынан бір-біріне қарама-қарсы қойылатын екі топқа бөлуге болады дейді:

1) концепт – рухани мәдениеттің кілт сөзі;

2) концепт дегеніміз – сөз туындауына түрткі болатын психоменталдық құбылыс ретінде танылатын бастапқы түсінік /55.91/.

Осымен байланысты концепт, ұғым, сөз терминдерінің арақатынасын проблемасы бой көтереді (актуалданады). Алдымен аталмыш терминдерге қазіргі ғылымда беріліп жүрген анықтамаларға тоқталайық:“ Ұғымдар деп заттардың ойша түсірілген суреттері аталады. Олар сезімдер мен түйсінулер, бір заттардың қасиет-белгілерін дерексіздендіру арқылы екінші біреулеріне телу негізінде пайда болады. Ұғым мазмұны дегеніміз – заттардың сол ұғымда ойша бейнеленетін қасиеттері мен байланыстары, олар сол заттың белгілері ретінде танылады. Ұғым көлемі дегеніміз – заттар тобы, ол заттардың әрбіріне осы ұғымның мазмұнын құрайтын барлық белгілер тән болады”.А.Вежбицкая “әрі қарай бөлшектеуге келмейтін және семантикалық метатілдің әмбебап бірліктері болып табылатын ең кіші, ұсақ мәндерді” бөліп көрсетеді. Олар белгілі бір нақты тілге қатысты, бағынышты болмайды, сондықтан да кез-келген тілде қолданыла береді. Осы бірліктерге индивидуалды, ұлттық мән-мағыналар үстеліп, “жамалады” да, тіл мен мәдениеттің ұлттық спецификасын көрсетеді.

М.М.Копыленконың анықтамасы бойынша, “когнцепт” термині “тек ұғымдарды ғана емес, ұғымалды (яғни ұғым болғанға дейінгі) және концептуалдануға дейінгі жасалымдарды да қамтиды. Олар бірігіп біртұтас мәнді құрайды (қалыптастырады). Ал реалийлерді таңбалану (белгілеу) үшін сөздер ғана емес, фразеологиялық тіркестер де қолданылады” /57. 44-45/.

Зерттеуші Е.И.Диброва концептіні “ақиқат болмыстағы құбылыстардың сезімдік, көрнекілік образдары ретіндегі түсініктерге негізделетін айырықша ұғымалды мәнділіктер қатарына” жатқызады (бұл жерде ой түсініктен ұғымға қарай концепт арқылы жылжиды). Сөйтіп осы мәнділіктер біртұтас мәнді (смысл) құрайды /58.133/. Осы жерде М.В.Никитиннің “концептілер дегеніміз – ең алдымен, ұғымдар мен түсініктер” деген тұжырымын еске түсірген жөн /59.85/. Б.С.Жұмағұлова: “ Концепт ұғымынан анағұрлым кең, ол ұғымның мазмұнын қамтиды, сондай-ақ оның құрылымын “бастапқы формалар” (этимология), мазмұнның негізгі белгілері сығымдалған тарих, қазіргі заманғы ассоциациялық бағалаулар тағы басқа құрайды. Ұғым ғалам туралы ғылыми білімдерге сүйенеді, олар логикалық қатынастар жүйесіне орнығады. Концепт сөздің сөздіктегі мағынасынан бөлек, адамның эмоциялары мен сезімдеріне негізделген жеке тәрбиесіне сүйенеді”, - деп көрсетеді /60.21/. Жоғарыда келтірілген анықтамалардың бәрінде де концепт ұғымның бүкіл құрылымдық мазмұнымен қоса ұжымдық және индивидуалдық саналарда белгілі бір тілдік формада орныққан, көп қырлы, мәдени маңызды социо-психикалық жасалымдарды да қамтитыны айтылған.

Қазіргі тіл білімінде концептуалды семантиканы зерттеуде “концепт” ұғымын қарастыратын (интерпретациялайтын) екі: семантикалық және логикалық бағыттарды бөліп көрсетуге болады. Бұл бағыттар концепті мен сөзді және концепті мен ұғымды әр түрлі түсіндіруге байланысты қалыптасты.

Семантикалық бағыт өз бастауын С.А.Аскольдов-Алексеевтің “Концепт и слово” деген еңбегіндегі тұжырымдардан алады. Ол бойынша, “концепт біздің ойлау әрекетіміз кезінде бір текті заттардың көпшілігін алмастыратын ойша жасалым (түзілім)” /61.28/. Д.С.Лихачев осы теорияның тұжырымдарын дамыта отырып, әрбір сөздің ғана емес, сөздің әрбір негізгі (сөздік) мағынасының да концепті болатынын айтады. Ғалымның пікірінше, концепт мағынаның біз ауызша және жазбаша сөзжұмсам барысында пайдаланатын жиынтық көрінісін білдіреді. Сөздің көптеген сөздік мағыналарының қайсысын концепт алмастырып отырғаны әдетте контекстен, кейде жалпы ситуациядан түсініледі. Концепт тікелей сөз мағынасынан пайда болмайды, сөздің сөздік мағынасы мен дамуының жеке және халық жинақтаған тәжірибесінің ұштасуы нәтижесінде жасалады /62.4/.

Логикалық бағытты жақтаушылар (Ю.С.Степанов, Р.И.Павиленис тағы басқа) “ұғым” және “концепт” терминдерін ұқсастырады. Концепт ретінде әдетте жинақтаудың аса жоғары дәрежесінде болатын грамматикалық немесе семантикалық категория көрінеді. Ю.Степановтың анықтамасы бойынша, концепті ұғым сияқты, сонымен бір қатарда тұрған құбылыс, оны белгілі бір сөзге қатысты түсініктердің, ұғымдардың, білімдер мен ассоциациялардың, әр түрлі күйлердің “бумасы” деуге болады /63.40/.

Е.С.Кубрякованың пікірінше, “концепт” және “ұғым” терминдері адам санасы мен ойлау жүйесінің әр түрлі қырларын сипаттайды. Ұғым – ақиқат болмыстың белгілі бір логикалық формада бейнеленуінің аса маңызды түрлерінің бірі. Ал, концепт оперативті сананың түсініктер, образдар, ұғымдар сияқты бірліктерін қамтиды. Олар бірге отырып концептуалды жүйені немесе ғаламның концептуалды моделін (ҒҚМ) құрайды /64.143/.

Концептілерді зерттеу (концептуалды талдау) нақ тілдік интроспекцияны көрсетуге мүмкіндік береді. Ол бойынша сөз семантикасы қоршаған ортадағы заттар, яғни денотаттар арқылы емес, олардың (объектілердің) адам санасындағы идеалды образдары, яғни прототиптері арқылы интерпретацияланады. Бұл тұрғыдан алғанда, концептілер - әлемді тіл арқылы көру, тану катергориялары, идеалды әлемдегі “жасаушы”, әрекет етуші және сонымен бір мезгілде сол әрекеттердің нәтижесі де болып табылады. Концептілерді, ең алдымен, ұлттық-мәдени менталдылық жемістері, нәтижелері деуге болады /55.47/.

В.В.Колесов концепт мәнін түсініктен көреді. Концепті мен түсінік арасындағы байланыстың әлсіздігін, тұрақсыздығын С.Аскольдов былайша анықтайды: “Көптеген концептілер схемалық түсініктер сияқты, қандай да бір нақты детальдарсыз, белгі-нышандарсыз қабылданып жүр, мысалы, көшеде келе жатқан адам дегенде көз алдымызға бойы, түрі, жынысы, жасы белгісіз, әйтеуір бір адам елестейді. Көзбен көруге болатын, ұқсас заттардың жиынтығын атайтын концептілерге сызбалылық (схематичность) тән болады. Ал абстрактылы ұғымдарға қатысты алғанда “түсінік” терминін қолдану орынсыз деуге болады. Бұл жерде концептінің, белгілі бір әрекет жасауға қабілеттілік, әлеуметтілікке негізделген алмастыру қасиеті туралы айтқан тиімдірек болар” /65.40/.

Д.С.Лихачев концепт сөздің өзіне емес, біріншіден, сол сөздің әрбір негізгі (сөздік) мағынасына жеке-жеке тән болады деп ойлайды, екіншіден, концептіні мағынаның бір өзіндік ерекшелігі бар “алгебралық мән” (алгебралық таңбалану) деп санауды ұсынады. Зерттеушінің пікірінше, біз ол таңбаны ауызша және жазбаша сөзде ыңғайымызға қарай пайдаланамыз, оның аса күрделі мән-мағынасын түгел қамтуға адам тіпті үлгермейді де, кейде оған шамасы да жетпеуі мүмкін, ал кейде оны өз біліміне, жеке тәжірибесіне, жүрген ортасына мамандығына тағы басқа сәйкес етіп, өз қабілетіне орай түсінеді, саралап ұсынады. Концептінің “орынбасарлық” яғни орын алмастырушылық қызметі бір жағынан тілдік қатынасты жеңілдете алады: “яғни ол адамдардың арасындағы кейбір сөздерді түсінуге, оларды ұғынуға қатысты болатын аздаған айырмашылықтарды байқатпай, білдірмей жібереді” /62.4/. Тілші ғалымдар алдында концептіні сипаттайтын көптеген дұрыс және дәл емес терминдерді өзара салыстырып, сараптап, жүйелеп, солардың ішінен ең дәлелді де дәйектісін таңдап алу міндеті тұр деуге болады. Әзірге зерттеу еңбектерінде аталмыш терминнің мынадай синонимдері қатар қолданылып жүргені белгілі: “кілт сөздер”, “лингвокультурема”, “мәнді сақтаушы қойма, сауыт” (контейнеры смысла), “абстрактылы (дерексізденген) сөздер”, “жалпы семиотикалық сөздер”, “сөздің когнитивтік жады”, “құдыретті сөздің “ұрығы” (зародыш божественного логоса)”, “ойдың түпнегізі” (архетипі). Бұл тізімді осылайша жалғастыра беруге болады. Ол тәжірибе (өзімен өзі әйтеуір емес), белгілі бір адамдар ортасына, адамзат идеосферасына тән болады.

Санамаланған нұсқалардың алғашқысының (“кілт сөздер”) семантикасы анықтама ретінде аса күрделі саналады, онда белгілі бір сөз арқылы таңбаланған ұғымның мәні (философиялық, ғылыми сана деңгейінде де, сонымен бірге қарапайым сана деңгейінде де) алуан түрлі түсіндірілетіні аңғарылады /66.23/. Лингвистикада мұндай термин лексикалық жүйеге қатысты әр алуан аспектіде жүргізілген зерттеулерде қолданылады. Зерттеушілердің кейбірі жекелеген тақырыптық топтарға қатысты кілт сөздерді бөліп көрсетсе (О.Н.Трубачев), О.И.Фонякова деген ғалым көркем сөз стилистикасы мен поэтикадағы кілт сөздерге тән белгілерді анықтаған. Оның пікірінше, кілт сөздерге тән ондай межелеуіштер (критерий) ол сөздердің мәтінде атқаратын семантика-стилистикалық және эстетикалық қызметтерінен келіп шығады /66.24/.

Зерттеуші А.Б.Жуминова “лингвомәдени мәнге ие сөздерді кілт сөздер деп санауға болады” дейді. Автордың пікірінше, кілт сөздер белгілі бір тіл ұстанушының қоршаған әлемге (ғаламға) деген көзқарасын, қатынасын білдіретін ұлттық менталитетін түсіну үшін үлкен маңызға ие болады. Орыс тілді қазақ ақыны О.Сүлейменовтың тілдік тұлғасын зерттеуге арналған еңбегінде лингвист аталмыш сөз зергерінің шығармасында орыс менталдылығын хоровод, баня, печь, блины, балалайка, кафтан сөздері, ал қазақы менталдылықты киіз үй, бәйге, байырсақ, домбыра, сексеуіл, дермене немесе жусан, арғымақ тағы басқа сөздер көрсетеді деген ой түйеді. Яғни О.Сүлейменов шығармашылығындағы кілт сөздер ретінде аталған лексикалық бірліктер танылады /67.50/.

“Концепт” терминінің түсіндірмесімен қатар оның құрылымы туралы мәселеде де зерттеушілер әлі бірізді пікірге тоқтала қоймаған. Р.И.Павиленс концепт құрылымын мағынаның объективті және субъективті мазмұнымен байланыстырады: “Қоршаған болмыстағы заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен қатынастар жүйесі (объективті мазмұн) адам санасында (субъективті мазмұн) мағыналар тіліне аударылған (таңбаланған) болмыс, объективті шындық (ақиқат) ретінде беріледі”. Мұндағы ұғым мен нақ мағына тілдік таңбаның субъективті мазмұнының когнитивтік және коммуникативтік инварианты ретінде өзара байланысады /68.240/.

Кей зерттеулерде концепт құрылымының тізбекті, радиалды және аралас болатыны айтылады /69.73/.

Ю.С.Степанов концепт құрылымы үш компоненттен тұрады дейді:

1. Негізгі, актуалды белгісі;

2. Қосалқы немесе пассив белгілері;

3. Сырттай сөз формасына берілетін ішкі форма. Концептінің негізгі, актуалды “қабатты” бүкіл тіл ұстанушыларға белгілі, ал қосалқы (қосымша) пассив қабат белгілі бір әлеуметтік топтар үшін ғана маңызды болса, ішкі формаға тек арнайы зерттеушілер ғана назар аударады /63.44/.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!