Таным теориясының тұжырымдамасы, оған тілдік сипаттама.



Қазақ тілтаным ғылымы өзіндік үрдіспен қалыптаса отырып, маңызды танымдық бірліктердің тілдік құралдар арқылы көрініс тауып, талдануына да ұтымды әсер етті, сол себепті классикалық үлгіде қабылданатын когнитивтік ұғымдармен қатар, мұнда ұлттық таным мен пәлсапа қағидаларына құрылған әрі универсалды танымдық әрекеттерден өрбіген бірліктер де жіктеліп ұсынылды. Тарихи бастауының өзі қоршаған орта құбылыстары мен тілдік амалдардың сабақтастығын өзектеген, адамды барша табиғи болмыстың бөлшегі деп қарастырған бұл саланың ғылыми-теориялық негізде болмаса да, логика-пәлсапалық тұрғыда дамуы аса құнды тұжырымдардың дүниеге келуіне түрткі болды, яғни гештальт, фрейм, концепт мәселелерінен бұрын не болмаса, олармен қатарласа ұқсату, яки аналогия, ассоциация немесе балау, бейнелі қабылдау, жоғары құндылықтарға зейін қою әрекеттерінен туындайтын тілтанымдық мағыналар да үстем бола бастады.

Фрейм. Лингвистикада фрейм ұғымының негізін қалаған ғалым – Ч.Филлмор. Фреймге „концептуалдық жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын қарапайым формасы” деген анықтама беріліп, басты өзгешелігі ретінде „концептінің ең жақын семаларынан құрылуы және ең жақын ассоциативтік, стереотиптік таңбалар арқылы көрініс табуы” өзектеліп отыр.

Сана. В.А.Маслова бұл танымдық бірліктің шеңберінде „адамның құндылықтарды, заттар мен құбылыстардың универсалды байланысын тану мүмкіндіктерін әрі сол сабақтастық негізінде әрекет ету өзгешеліктерін” қарастырады, сондықтан адамға тән ақыл-ой жүйесін „кез келген ілімнің қалыптасуын дәйектейтін құрылғы” деп таниды.

Білім. Бұл „бұрыннан орныққан тәжірибе мен қалыптасқан түсінік негізінде субъективті-объективті қатынастарды реттейтін, сөйтіп тұжырымдар мен қорытындыларды негіздеуге көмектесетін, бір мақсатқа бағытталған әрекет” деп танылатын термин үнемі дамып, толығып отыратын функционалды құрылымдар қатарынан орын алатын вербалды және бейвербалды тәжірибелер нәтижесі болып табылады.

Гештальт. Тілдік гештальттар теориясын ұсынған Дж.Лакофф оларды тілдің терең мағыналы ерекше бірліктері ретінде қарастыру керектігін атап өтті. Жалпы гештальт деген сөздің мағынасының өзі „бейне, құрылым, біртұтас форма” дегенді білдіреді.

Прототип ұғымы - белгілі бір өлшемдермен немесе параметрлермен тығыз байланысты анықталатын танымдық көрсеткіш.

1.Фрейм- концептуалдық жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын қарапайым формасы.

2. Жалпы гештальт деген сөздің мағынасының өзі „бейне, құрылым, біртұтас форма” дегенді білдіреді.

3. Прототип ұғымы - белгілі бір өлшемдермен немесе параметрлермен тығыз байланысты анықталатын танымдық көрсеткіш.

2.Тіл мен таным бірлестігі. Этнос немесе халық – адамзатты этнографиялық тұрғыдан классификациялағанда, негізгі единица деп есептеледі. Оның теориясы, экономикалық байланысы, біртұтас тілі, ортақ мәдениеті болады.Ғалым Ж.Манкеева пікіріне сүйенер болсақ, «тілдің танымдық, мұрагерлік қызметі негізінде сан ғасыр құпиясын бойына сақтаған этнотілдік деректерді сан ұрпақ ана тіліміздің қорына мәңгілікке сақталатын сарқылмайтын қазына, адамзат тарихының қоймасы.Адамзат тілі ежелгі дәуірден-ақ таным құралы ретінде дүниені танып білуге, санада сәулеленген ұғым-түсініктерді жарыққа шығаруға қызмет етіп келеді.Адамзаттың алуан түрлі танымдық ұғым-түсініктерін оның тілдік танымынан ажырата қарауға болмайтындығы жөнінде аз айтылып жүрген жоқ.

Бүгінгі таңда ғылым алдында тұрған мәселелердің бірі-адам жөнінде біртұтас тұжырымдамалық бағыттар белгілеу. Адамға тұтастық деп қарау бірнеше ғылымның зерттеу әдістер мен құралдарының бір проблема үстінде тоғысуына әкелмек. Бұл мәселеден шығатын ең басты тұжырымды түйін: таным мен тілдің арақатысының адам проблемасын шешуімен түйінделуі.

Ал тіл мен таным процестерінің арақатысын көрсету тіл қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді. Тіл мен ойлаудың, тіл мен танымның арақатысы адам баласының интеллектуалды өмірінде (оған тіл де кіреді) құндылықтар қаншалықты рөл атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен таным арақатысын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрылымға түседі. Аталған құрылымды жіктеп, бөлшектеп ұсыну өте қиын, дегенмен оны процесс ретінде алып қарау арқылы белгілі бір түйіндер жасауға болады.

3.Когнитивті лингвистиканың тіл білімінде пайда болуы-

Билет 4

1.Психолингвистика және когнитивті лингвистика. Психолингвистика — психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы. Ол сөйлеу процесін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді. Осы бағыттың негізін салушы неміс ғалымы Г.Штейнталь (1823-1899) тілді жеке адаммен қатар, этноспсихологиясының көрінісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше, тіл білімі кісінің жеке психологиясын ғана емес, халық психологиясына да сүйенуі қажет. Кейіннен Потебня мен Пауль еңбектерінде осы бағыт сөз, сөйлем, грамматикалық категория, сондай-ақ лексикалық мағыналардың түрлерін түсіндіруде көрініс тапты. Белгілі лингвистер Бодуэн де Куртенэ, де Сессюр еңбектерінде сөйлеу әрекетінің әлеумеітік сипатына баса назар аударылды. Америка ғалымдары Ч.Осгуд, Т.Сибсок т.б. психолингвистикаға жаңа мағына енгізіп, ойлаудың сөзге, сөздің ойға талассыз алмасуын сөйлеудің даму процесі деп түсіндірді. Сөйлеуді игерудің шарттарын қарастыратын үйрету теориясы мен (А.Н.Хомский), бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу (когнитивтік көзқарас) теориясы (Ж.Пиаже) психолингвистиканың дамуына елеулі үлес қосты. Осы салада кеңес ғалымы профессор А.А. Леонтьевтің еңбектері де ерекше орын алды. Қазақстанда психолингвистикалық зерттеулер XX ғ. 60-жылдарынан бастап қолға алында. Бұл жерде М.М.Мұқанов, А.А. Залевская, М.М. Копыленко, Б.С. Мучник т.б. еңбектерін атап өткен жөн. Бізде осы саладағы зерттеулер үш бағытта жүргізілді (екінші, бөгде тілді меңгеру; сөйлеудің пайда болуы мен оны түсіну; ойлау мен қарым-қатынастың арақатысы). Бұл мәселелер "Ойлау мен қарым-қатынас" атты Бүкілодақтық симпозиумда (Алматы, 1973), "сөзбен ойдың механизмдері" атты (Целиноград, 1976) ғылыми конференцияларда талқыланды. Қазақстан психолингвистері (М.М.Мұқанов, Н.М.Құрманбаев, М.К.Қайырбаева, Ш.С.Баймешева т.б. қостілділік, оны меңгерумен түсіну, іштей сойлеу т.б.) мәселелерін жан-жақты зерттеді. Психолингвистикада бұрынғы необихевиористік және дескрибтік лингвистикалық көзқарас- тардың тоғысынан келелі үш мәселеге назар аударылды: жеке сөйлеу түрлерінің қалыптасу тетігі; нақты психологиялық үйлесімділікті грамматикалық тұрғыдан өзгертудің формалды моделі; сөйлеуді құраудағы грамматикалық құрылымның ойлаудың,танымның, логиканың желісімен байланысты. Психолингвистиканың негізгі бағыты қазіргі кезде инженерлік психология, нейро- және патопсихология, шетел тілдерін оқыту міндеттерімен ұштасуда.[1]

' Психолингвистика – адамның сөйлеу қабілеті қалыптасуының бірқалыпты өтуін зерттейтін ғылыми саласы.

Психолингвистика ойдың сөзге, сөздің ойға толассыз және қайта айналып алмасуын сөйлеудің даму процесі деп есептейді. Психолингвистиканың қалыптасуына үйретутеориясының, сөйлеуді игерудің арнайы шарттары туралы А.Хомский дің еңбектері, бойдағы туа біткен ақпаратты қабылдау және зерделеу туралы когнитивтік көзқарастұрғысындағы зерттеулер (Ж.Пиаже) елеулі үлес қосты. 1960–70 жылдары Психолингвистикада бұрынғы необихевиористік және дескриптік лингвистик. көзқарастардың тоғысынан келелі үш мәселеге назар аударылды: жеке сөйлеу түрлерінің қалыптасу тетігі; нақты психологиялық үйлесімділікті грамматтикалық тұрғыдан өзгертудің формальды моделі; сөйлеуді құрудағы граммат. құрылымның ойлау мен танымның, логиканың желісімен байланысы. Қазіргі кезде Психолингвистиканың негізгі бағыты инженер- психология, нейро- және патопсихологиямен байланысты.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!