Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы.



Билет 1

Қазақ лингвистикасындағы когнитивтік парадигманың даму тарихы ХХ ғасырдың І жартысынан басталған, ғылыми негізі сұрыпталған,өзіндік ұстанымдары мен ұғымдық негізі сұрыпталған,өзіндік ұстанымдары мен ұғымдық бірліктері бір жүйеге түскен ілімдер қатарына жатады.Тілдің эволюциялық даму жолдары анықталмайынша,оның жұмбақ сырлары ашылмайды,жүйе-құрылымы да,бай мазмұны да, сан алуан әлеуметтік-қоғамдық қызметі де өз дәрежесінде танылмайды деген ғалым б.Сағындықұлы пікірі: алуан түрлі қоғамдық-мәдени, әлеуметтік-саяси факторлардың ықпалына қарамастан,тілдік ізденістердің әр кезеңі терең танымдық мүмкіндіктерімен және логика-пәлсапалық ойларымен ерекшеленеді: «қазақ тілтаным ғылымының даму кезеңдерін айғақтайтын негізгі бес парадигмасы бөлініп қарастырылды.Олар: 1)тілтану парадигмасының қалыптасуы-ХХ ғ.20-45ж.Өкілдері:а.байтұрсынұлы.қ.Жұбанов,С.Аманжолов және т.б. 2)тілдік бірліктердің танымдық парадигмасы-ХХ ғ.45-70ж.Өкілдері:Н.Сауранбаев,Ғ.Мұсабаев,М.Балақаев,

І.Кеңесбаев және т.б.3)тілтанымдық қағидалардың жалпы теориялық

парадигмасы-ХХ ғ.65-85 ж.Өкілдері:К.Аханов,Т.Қордабаев,Ә.Хасенов және т.б.4)тілтанымдық этюдтер парадигмасы- ХХғ.70ж.Өкілдері:Ә.Қайдар,Р.Сыздық,Ш.Сарыбаев,

Ә.Болғанбаев,Е.Жанпейісов,Т.Жанұзақ,С.Исаев,Ө.Айтбаев,М.Серғалиев,Ж.Манкеева жәнет.б.5)қазіргі когнитивтік парадигмалар-ХХ ғ.аяғы мен бүгінгі күндер.

Лингвистика ғылымының қазіргі кезеңдегі дамуы антропоцентристік бағытпен сипатталатын семантикалық зерттеулердің тереңдігімен ерекшеленеді. Антропоцентристік бағыттағы лингвистиканың алға қойған мақсаты – тілдік субъектінің дүниетаным ерекшеліктерінің тілдің барлық деңгейлерінде көрініс табуын зерттеу болып табылады. Сондықтан қазіргі таңдағы тіл ғылымының басты мақсаты – тілдік құбылыстардың сырын тану жолында күрделі де кешенді үрдісті дамыту. Осымен байланысты тіл білімінің тылсым құпиялары басқа да ғылым салаларымен психология, философия, логика, мифология, этнография т.б-мен тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде танылып, ашылып отыр. Өйткені ұлттық мәдениет, болмыс, таным, дін сиқты ұғымдарды тоғыстыратын ұлттық тілдің табиғатын тілдің өзінің ішкі заңдылықтары негізінде ғана танып білу жеткіліксіз. Бүкіл рухани қазынаны жинақтап, сақтайтын ұлттық тілді халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен, жан ілімімен бірлікте қарау мәселесі тіл білімінде өзіндік өріс алып келе жатқан этнолингвистика, когнитивтік лингвистика, психолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану ғылымдарының пайда болуына негіз болды. Бұл ғылымдардың тығыз қарым-қатынаста болуы тілдің құрылымдық, функционалдық жүйесінің кешенді үлгілерін айқындауды мақсат етеді. Мысалы, когнитивтік лингвистикада тіл мен таным бірлікте қаралады. Яғни тіл мен таным сабақтастығы адамға қатысты біртұтастықта қаралады. Адамға тұтастық деп қарау бірнеше ғылым саласының зерттеу әдістері мен құралдарының бір мәселе үстінде тоғысуына әкеледі.

Қазіргі тіл білімінде осы бағыттағы зерттеулер кешенді сипатта антропоцентристік бағытта және когнитивтік лингвистиканың «ғаламның тілдік бейнесі» теориясының негізінде жүргізілуде. Өйткені тілді зерттеудің когнитивтік жүйесі «дүниені тіл әлемінде тану» қағидасына сай бағытта жүргізілуі - тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі.

Тіл мен таным процестерінің ара қатынасын көрсету тіл қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді. Когнитивтік деген сөз «білім» деген ағылшын сөзінен алынған. Психикалық процестердің өтуін басқаратын білімдер жүйесінің құрылымы когнитивтік құрылым делінеді. Тіл мен ойлаудың, тіл мен танымның арақатысы адам баласының өмірінде құндылықтар қаншалықты роль атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен танымның арақатысын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрылымға түседі. Аталған құрылымды жіктеп, бөлшектеп ұсыну өте қиын.

Когнитивті лингвистиканы танымдық тіл білімі немесе немесе тілдің танымдық сипатын зерттеуші антропоцентрлік бағыттағы тіл білімінің үлкен бір саласы деуге болады. Танымдық тіл білімінің негізгі зерттеу нысандары – таным мен ақыл, ой мен сана, тіл мен таным, тіл мен ой.

Когнитивті лингвистика ғылымының осындай ерекшеліктеріне қатысты ғалымдардың пікірлері де кей жағдайда бір біріне қарама-қарсы келіп қалатын кездері де болады. Бұл туралы А. Исламның пайымдауынша: «Біздің ойымызша қоршаған ортаны танып білудегі ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерінен ескермеу сананы таза структуризациялауға әкеліп соғары сөзсіз. Таным өзінің күрделілігімен сипатталатыны хақ» деген ой айтады (34,72).

Танымдық ғылымның күрделі инфраструктурасындағы тіл білімінің алар орнына тоқтала кетсек. Танымдық үлгі жүйесінде тіл білімі тілдік категориялар мен бірліктердің қоршаған дүниені қабылдаумен арақатынасып, оны танып білуді қалай көрсететіндігін зерттейді. Г.Харманның пікірінше, «Тіл танымдық ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы. Бұл тілдің ойды жеткізудегі басты құрал болып табылуымен байланысты.... Тіл танымға өзінің әсерін беруі де мүмкін» (8,43).

Ақпараттың ішкі өңдеуге түсуі басқаша айтқанда адамның менталды табиғаты, оның ішкі ойлау механизімдері қазіргі заманғы когнитивтік ғылымның нысаны болып табылады. Ал осыдан өрбитін қоршаған ортаның ойлауда, оның тілде қалай көрініс табатыны сияқты мәселелер белгілі ғалымдар В.Гумбольдт, А.А.Потебня, Н.Хомский, Н.Я.Марр, Г.Гадамер т.б. қарастырған. Олардың концепциялары философия, психология, мәдениет пен тілді тоғыстыра зерттеуде негізделгендігі белгілі.

2.Когнитологияның тармағы. Адамның интеллектуалды – рухани қызметін зерттейтін 4 бағыт когнитивтік ғылымдардың қайнар көзі болып табылады: 1.Логикалық бағыт: ойлаудың формалді ережелерін, ұғым мен айтылған ойдың құрылымын зерттейді; 2.Лингвистикалық бағыт: тіл мен ойлау арасындағы өзара қарым- қатынасты зерттейді; 3.Нейрофизиологиялық бағыт: ойлау актісінің негізіндегі механизмдер мен процестерді зерттейді;4.Психологиялық бағыт: эмпирикалық ақиқат болмыстағы психикалық іс- əрекеттердің барлық түрі бұл бағыттың негізгі қарастыратын объектісі болып табылады

3.Тіл және таным процесі. Адамзат тілі ежелгі дəуірден- ақ таным құралы ретінде дүниені танып білуге, санада сəулеленген ұғым- түсініктерді жарыққа шығаруға қызмет етіп келеді. Адамзаттың алуантүрлі танымдық ұғым-түсініктерін оның тілдік танымынан ажырата қарауға болмайтындығы жөнінде аз айтылып жүрген жоқ.Бүгінгі таңда ғылым алдында тұрған үлкен мəселелердің бірі – адам жөнінде біртұтас тұжырымдамалық бағыттар белгілеу. Адамға тұтастық деп қарау бірнеше ғылымның зерттеу əдістер мен құралдарының бір проблема үстінде тоғысуына əкелмек. Бұл мəселеден шығатын ең басты тұжырымды түйін: таным мен тілдің ара қатысының адам проблемасын шешуімен түйінделуі. Ал тіл мен таным процестерінің ара қатысын көрсету тіл қолданысының когнитивтік жүйесіне сүйенеді. Тіл мен ойлаудың, тіл мен танымның ара қатысы адам баласының интеллектуалды өмірінде (оған тіл де кіреді) құндылықтар қаншалықты роль атқаратынын белгілеп береді. Тіл мен таным ара қатысын сипаттайтын ұғымдар белгілі бір құрылымға түседі. Аталған құрылымды жіктеп, бөлшектеп ұсыну өте қиын, дегенмен оны процесс ретінде алып қарау арқылы белгілі бір түйіндер жасауға болады.Ə.Қайдар қазақ тіл біліміндегі танымдық бағыттың маңыздылығына мəн бере келе, когнитивті ұғымдардың өзгеше сабақтастығына негізделген пікірлер тізбегін ұсынды. Айталық, мақал-мəтелдердің пайда болу себептері қатарында «саналы қауымның өзі өмір сүрген табиғи ортаны, табиғат құбылыстарын танып білу» мүмкіндіктерін қарастырған тілші «елдің жады», «қоғам жадысы», «халық жады» сияқты тіркестерді пайдалану арқылы этнотанымдық феномен табиғатын дəйектеді, соның негізінде тілдің өзге қызметтері қатарында оның «кумулятивті функциясын» осы сирек кездесетін құбылыстан, оның жүзеге асу заңдылықтарынан туындайтын өзгешелік деп анықтады. Нəтижесінде тілтанымдық зерделеудің келесі сатысы «қор», «қордаланған жиынтық», яғни «... ұлт тарихы мен менталитетіне, сана-сезіміне, өзіндік болмысына қажетті рухани құндылықтарының бойында сақтап, келесі ұрпаққа асылмұра ретінде жеткізіп отыратын қасиеті» сараланады.

 

 

Билет 2

1.Тіл және таным процесі. Адамзат баласының бітім-болмысының универсалды сипатын айқындау тіл мен танымның да жалпыға ортақ өзгеше мүмкіндіктерін сұрыптауға көмектесті. Барша адам баласына тән биоанатомиялық негіз оның ми мен жүйке, сана мен жады құрылыстарының жұмыс істеу принциптерін айқындауға, адамзат атаулының ерекше қабілеттерін жүйелі зерттеуге әрі табиғи болмыс-бітімнің әлеуметтік-мәдени ұстанымдар негізінде даму, өзгеру, толығу бағыттарын талдап көрсетуге себепкер болар маңызды факторлардың қатарына жатады. Сол себептен де жалпы тіл білімі көлемінде ғалымдар адамның ерекше жаратылысын оған қызмет ететін тіл, сана, таным, қоғам ұғымдары арқылы зерделеуді, олардың ішкі-сыртқы сабақтастығын әрқайсысының динамикалы қозғалысынан өрбітуді, сол арқылы жеке мен жалпының байланысы негізінде диалектиканың даму заңдарын сұрыптауды мақсат еткендігін де аңғаруға болады. Бүгінгі жербетіндегі қоғамдық құбылыстардағы интеграция процесі тіл ғылымы ғылымдар тоғысында, олардың аса маңызды жетістіктері негізінде күрделі ғылыми мәселелерді шешуге талпыныс жасауда, ең бастысы, лингвистика адамның барша әрекетінің көзі ретінде тіл мен оның құралдарын қарастыру қажеттігін дәйіктеп көрсетуде. Тіл адамның сыртқы ортамен байланысынан туындайтын, соған ұқсастыра әрекет еткен адам қабылдауынан сусындайтын өзгеше құбылыс екенін ғалымдар ерте кезден байқағандығын бүгінгі күні тарихи еңбектерден көруге болады. Негізінен олар сөз табиғатын зерттей отырып, оның номинативтік қызметін түсіндіруде тіл пәлсапасының маңызды тұжырымдарын басшылыққа алған болатын. Осы аталған проблемаларға қатысты Э. Оразалиева өз ойын былайша қорытындылайды. «Ат қою мен ұқсату арқылы да жаңа ұғым, жаңа сөз жасала отырып, адамның танымдық қорына енген үлгілер мен бейнелер, мағыналар мен типтік формалар саны көбейе түсетінін дәлелдеген. Демек, адам әрекетінің когнитивті аясы екі категорияға байланысты болады:

-интеллектуалы «жоғары» категорияларға немесе білім, сана, ойлау, ақыл, шығармашылық, қиял, арман, символ секілді ұғымдардың ерекше ұштасқан әлеміне;- «күнделікті тіршілік» категорияларына, яғни практикалық әрекет, естелік, көңіл бөлу, тану, қабылдау ұстанымдарын басшылыққа алар іс қимылдар тізбегіне (Алефиренко, 196) - деген тоқтамға келе отырып когнитивті лингвистика ғылымының негізгі тұжырымдарын былайша көрсетіп береді: 1) когнитивті лингвистика-тіл білімінің маңызды саласы; 2) Тіл мен таным арақатынасы-танымдық лингвистика нысаны; 3) Тілдік заңдылықтар мен танымдық ұстанымдардың адам санасында, жадында көрініс табуы; 4) Когнитивті лингвистиканың өзге ғылымдармен байланысты - деген қорытындыға келеді (27, 22).

"Адам және тіл" мәселесі соңғы уақытта мол өзектілікке ие болуда, өйткені тілді адекватты зерттеу ісі оның өз шеңберінен шығып, табиғат пен қоғамдағы белгілі бір ортада өмір сүретіндердің тобына жүгінгеңде ғана толық мүмкіңдікке ие болмақ, себебі, тіл адамды адам ететін айрықша белгі, ерекше нышан қасиетімен танылады.

Әрине, тіл пайда болған күннен бастап адамзаттың өз ойын басқаға жеткізу үшін тәжірибесі жинақталып, қалыптасады. Осымен байланысты оған қатысты тілдік бірліктердің табиғатын тануда тілдің когнитивтік, танымдық қызметі ерекше. Бұл - тілдік ойды жарыққа шығару құралы. Когнитивтік қызметтен тілдің танымдық, затдеректік (денотаттық), референция қызметтері бірге танылады. Яғни тіл - тек заттың, ұғымның аты ғана емес, ол халықтың белгілі бір кезеңдегі таным-түсінігі, өмір салтының жемісі, сол себепті тіл әлеуметтік құбылыстардан тыс өмір сүрмейді. Адам баласының таным-түсінігі толысқан сайын өзіне дейінгі ұрпақтар жасаған мұраларды зерттеп, игеруге деген қажеттілігі арта түспек. Бүгінгі таңдағы ғылыми түсінік ғылымды да, әдебиет пен өнерді де, ел-жұрттың білім өрісі мен сауатын да, ойдың оралымдылығы мен тілдің құнарын да "адам және тіл" аясына сыйғызады. Сондықтан да "адам және тіл" когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселесіне айналып отыр. "Когнитивтік лингвистика лингвистикалық зерттеулердің шеңберін маңызды түрде күшейте түсетін қазіргі антропоцентристік парадигмалар шегіндегі когнитивизм негізінде туындайды" Когнитивтік лингвистика, метафораның когнитивтік теориясы — ғаламның тілдік бейнесінің концепциялары тұрғысынан тіл білімін жүйелеу мен құрудың құралы. Жеке бір сөздің толық концептісі оның семантикалық және ассоциациялық өрісі арқылы айқындалады. Сөздің семантикалық және ассоциациялық өрісінде пайда болған ақпараттың құрамында когнитивтік және прагматикалық мағыналардың элементтері бейнеленеді. "Когнитивистикада адам когнициясына басты назар аударылады, көзге түскен іс-әрекеттер ғана емес, олардың ментальдік репрезентациялары, ішкі көріністері, модельдері, тілдегі когнитивтік модель ретіндегі символдың түрлері, адамның стратегиялары да зерттеледі, олар білім негізінде іс-әрекеттерді туындатады, яғни адамның когнитивтік дүниесі, оның жүріс-түрысы мен қызметі бойынша белсенді түрде қатысуымен жүргізіледі, адам қызметінің мотивтері мен қондығырларын қалыптастырады, нәтижесін болжайды".

Тіл когнитивтік құрылымдардың ментальдік көрінісі көмегімен дүние туралы білімдерді концептілеу мен категориялау процесінде дүниенің ғаламдық бейнесін көрсетіп, түсіңдіріп береді. Концептілер жүйесі немесе концептілік жүйе дүниенің концептілік, тілдік суретінің негізгі бөлігі, рубрикатор болып табылады. Тілдік таңбалар мен оның ішіндегі бейнеленген мәдени, әлеуметтік шындық құбылыстар арасындағы қатынас когнитивтік семантика мен вербалдану тәсілдерінің, мазмұнын құрайды. Сөйтіп тіл мен тілдік бірліктерді зерттеуден когнитивтік лингвистика тілдік шеңбер аумағынан шығып, жеке когнитивизмнің адам санасындағы ментальдік процестерді басқаратын жалпы принциптері туралы ғылымның мәселелерімен, сондай-ақ лингвонәдениеттану, этнолингвистика, психология, философия пәндерімен байланысады.

2.Когнитологияның жеке тармағы. Когнитивтік лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын, тіл мен таным жүйесін біртұтас жүйе тұрғысынан қарастыру болып табылады. Ол сан ғасырлық тілдік білімді адам миының жемісі ретінде бағалап, күрделі құрылым, жүйе ретінде кешенді сипаттауға бағытталған.«Когнитивтік ғылым» термині алғашқыда белгілі ақпаратты қабылдау, оны електен өткізу, ми қыртыстарында сақтай отырып, қажетті кезде оны тәжірибеде қолдану үшін қолданылған болатын. Аталған мәселелерді қамтудың нәтижесінде адамның миында білімнің қалыптасып және толығу жүйелерін зерттейтін ғылыми пәндер есебінде қолданылады. Танымдық үлгі жүйесіндегі тілдің қызметі жөнінде Г.Харман: «Тілдің танымдық ғылымдардың ішіндегі ең маңыздылығы-тілдің ойды жеткізудегі басты құралы болып табылумен байланысты... Тіл танымға өзінің әсерін беруі де мүмкін» (8,43 б)-дейді. Ал В.Гумбольд «Язык-главнейшая деятельность человеческого духа, пронызывающая все сферы человеческого бытия и познания»-деген болатын. Бұл жөнінде Е.С.Кубрякова: «Мы знаем о структурах и сознания только благодария языку, который позволяет сообщить об этих структурах и описать их на любом естественном языке» деген де тұжырым жасайды (2,21). Зерттеушілердің пікірінен адам санасында, миында қалыптасқан білім қыртыстарының көрінісі тек тілдің қызметі арқылы жүзеге асатындығына көз жеткізуге болады. Яғни, таным негізінде қалыптасқан санадағы білім тек тілдік бірліктер нәтижесінде коммуникативтік қарым-қатынасқа түсе алады. Сондықтан да тілдің когнитивтік лингвистикада алар маңызды болмақ.

Когнитивтік ғылым саласы ғылымның философия, логика, лингвистика, психология, мәдениеттану сияқты бірнеше салалардың басын тоғыстыру арқылы тілдік мәселелерді шешуді ұсынады. Тілдік бірліктердің когнитивтік тұрғыдан қарастырылуы адамның қоршаған әлемді қабылдауымен байланысты.Тіл біліміндегі когнитивтік бағыт жөнінде Жаналина: «Дәстүрлі тіл білімінің шеңберінің кеңеюі тіл мен ойлау арақатынасы мселелерінің шешілуіне жағдай жасайды». Тілдік мәселелердің өзге салалармен байланысы адамның ойлау процестерінің ерекшелігін жете тануды алға тартады. Сондықтан тілдік жүйені когнитивтік парадигмада зерделеуде адамның ойлау процесіндегі білім қоры негізгі категория ретінде танылады. Таным мен тілдің ара қатысы, сайып келгенде, адам проблемасының өзегі- дара тұлға тұжырымдамасымен шешіледі. Оның себебі мынада: таным сыртқы дүние заттарына бағытталған тәрізді көрінгенмен, оны жүзеге асырып отырған адам болмысы тұрғысынан бағдарласақ,айтылған процестің үнемі ішке қарай (адамның ішкі дүниесіне қарай) бағытталғанын көреміз.Бүгінгі таңдағы лингвистика ғылымының жаңа бағыттарының зерттеу нәтижелері негізінде тілдік деректер мен ғылыми теориялардың біртұтас сипатта топтасуы тілдің табиғатын анықтаудың жүйелі үрдісін қалыптастыруда. Бұл үрдістің негізін қалаған В.Гумбольдт тіл мен рух, тіл мен ойлау, тіл мен сана, тілдік бейнелеу мен таңбаның өзіндік байланысына баса назар аударып, соның негізінде тілдің қызметі мен қолданысын сипаттайтын өзінің «ішкі форма» туралы ғылыми теорисын, тілді жүйелі түрде зерттеу туралы концепциясын ұсынады. Ғалымның лингвистика ғылымындағы бұл концепциясы бүгінгі таңда антропоцентристік бағытта зерттеу жасаушылардың тарапынан кең қолдау табуда. Демек ішкі форма В.Гумбольдттың пайымдауынша - ойлау материясының элементтерін белгілі бір тілдің онтологиясына сай ұйымдастыру тәсілі, құрылымдық жүйесі.

Тілді зерттеудің когнитивтік парадигмасы тіл мен ойлаудың арасына теңдік қоймайды. Тілдің ойды ұйымдастырушылық қызметін атап көрсетеді, тілдің мазмұндық жағы грамматикалық құрылыммен тікелей байланыстырылады. Осы тұрғыдан түсіндірілетін ғаламның тілдік бейнесі – мифтік танымнан поэтикалық ойға дейін жетілген ой мазмұнын, тілдік модельдердің сандық және сапалық қатынастарын бойына сіңіретін даму үстіндегі жүйе болып табылады.

Лингвистика ғылымының даму тарихында үш түрлі ғылыми парадигма анықталып отыр. Олар: салыстармалы-тарихи, жүйелі-құрылымдық және антропоцентрлік. Тілді зерттеудің арнайы әдісі салыстырмалы-тарихи әдіс болғаны бүкіл ХІХ ғасыр тіл білімінің алғашқы ғылыми парадигмасы ретінде сипатталса, ХХ ғасырда жүйелі-құрылымдық парадигмаға сай сөзге, атауға таңбалық жүйе ретінде ерекше көңіл бөлініп, соның негізінде тілдің әр түрлі деңгейдегі парадигмалық және синтагмалық қатынастарын, қызметін анықтайтын іргелі зерттеулер, оқулықтар және акдемиялық грамматикалар жазылды да көптеген зерттеушілердің арқа сүйер негізгі идеяларына айналды.(Ф.Фортунатов, Бодуен де Куртене, Ф.де Соссюр, А.Мартине, Э.Бенвенист, т.б.)

ХХІ ғасырда тілді өз ішінде қарастыратын зерттеу жеткіліксіз болып табылды да, оны ой-санамен, мәдениетпен ижәне адамның тұрмыс-тәжірибелік қызметімен, таныммен, философиямен, дінмен тығыз баланыста қарастыру қажеттілігі туды. Осы қажеттілік лингвистика ғылымында жаңа ғылыми бағыттың және соның негізінде қалыптасқан парадигманың дамуын талап етті.

Демек бұл – тілді зерттеудің мүддесін объектіден субъектіге аудару, яғни адамды тіл арқылы анықтау болып табылады. Бұл, бір қарағанда, тіл білімі зерттеулерінің жаңа даму сапасы негізінде жасалған жаңа бағытқа қатысты туған жаңа көзқарас сияқты көрінгенмен оның бастау көзі тереңде екенін лингвистика ғылымындағы лингвистикалық мектептердің өмірге әкелген еңбектерінен көруге болады. Нақты айтқанда, Қазан лингвистикалық мектебінің негізгі жетістіктерінің бірі – ассоциативті-психологиялық негізде айқындалатын теориялық тұжырымдар. Сол мектептің жаңа құрылымдық лингвистиканың көрнекті өкілі Бодуен де Куртенэнің өзі кез келген тілдік единицаны зерттеуде оның сыртқы және ішкі жақтарының байланысына ерекше көңіл бөледі. Ішкі жақтағы психикалық мазмұнды ол семасиологиялық құрылыммен, ал оның көрінісін морфологиямен байланыстырады.Қазіргі тіл білімінде ұлттық тілдің табиғатын шынайы тану үшін тілдік бірліктерді мәдениетпен сабақтастыра және танымдық тұрғыда тілдік емес мәнділіктермен байланыста «ғаламның тілдік бейнесі» теориясына сай қарастырылып жүр. Ғаламның тілдік бейне көрністері әр тілдің өзіне тән ерекшеліктеріне, әр халықтың дүниені өзінше тануына, ол фрагменттерді өзінше бейнелеп атауына байланысты, тіл-тілде өзгеше көрініс табады. Қазіргі таңда дүниенің тілдік мәселесі Ю.М.Караулов, Е.С.Кубрякова, А.А.Уфимцева, В.Н.Телия т.б. еңбектерінде қарастырылып жүр.

Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. «Когнитивтікпсихология» деген терминді 1967 жылы У.Найсер ұсынды. Психологияның танымдық бағыты субьектілердің қабылдау, ойлау, пайымдау, түсіну әрекеттерін жан-жақты талдау негізінде адамның ішкі, көзге көріне бермейтін әрі нақты механизмдер мен үдерістер арқылы емес, сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерді шешуге бағытталды.Алғашқы кезең үшін структурализм мен бихевиоризм идеяларының әсері тән болса, екіншісі лингвистика мен психолингвистикадағы трансформациялық туындатушы грамматиканың басым болуымен байланысты. Психолингвистика дамуының ағымдық кезеңі когнитивтік әдістің психолингвистикалық білімдер, ділдік репрезентациялық табиғатын орнатумен байланысты зерттеуге әкеліп соғады.

Когнитивтік психология («тіл біліміндегі психологизм» туралы)дегеніміз- адамдардың дүние, әлем, қоршаған орта жайлы ақпаратты қалай алатыны мен адам осы ақпаратты қалай ұғынады, ақпарттың есте сақталып білімге айналуы мен осы білімдердің біздің зейініміз бен жүріс-тұрысымызға тигізетін әсерін зерттейтін психологияның бір саласы.

Когнитивтікәлеуметтану. Когнитивтік әлеуметтану социолингвистика мен когнитивтік лингивистика ғылымдарының қалыптасып дамуына ықпал жасады. Бүгінгі таңда әлеуметтік лингивистика тілдің әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың тілге әсер ету тетігін, қоғам өміріндегі тілдің атқаратын қызметін зерттейтін ғылым.

1. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды.

2 Когнитивтік әлеуметтану социолингвистика мен когнитивтік лингивистика ғылымдарының қалыптасып дамуына ықпал жасады.

3. Антропология – адамның биологиялық табиғатын зерттейтін ғылым.

3.Когнитивті лингвистикадағы сананың рөлі мен маңызы. Когнитивтік ғылымның негізгі ерекшеліктеріне, зерттеу нысанына, бағыттары мен ұғымдарына алғаш рет көңіл бөлген шетелдік ғалымдар болатын. Дж. Миллер когнитивтік ғылымды «XX ғасырдың 50 жылдарында дүниеге келген ақпараттар теориясының симпозиумы» деп бағалаған. 1960 жылы Гарвард университетінде американдык профессор Дж. Бруннер Дж. Миллермен бірге когнитивтік зерттеу орталығын ашады. Аталган орталық когннитивтік лингвистика ғылымының негізін қалауға айтарлықтай үлес қосады. Ежелден шешімін таба алмай келе жатқан сауалдарға когннитивтік лингвистика тұрғысынан жауап беруге болатындығын көруге болады. Мысалы, кейбір құбылыс, зат, оқиға, санада нақты бейне ретінде көрініс алса, кейбіреулері қарапайым ұғым, ал енді бірі тіпті символдар ретінде ғана түсіндіріледі (мәселен, махаббат – жүрек суреті). Когнитизмнің жаңашылдығы неде? Когнитивизм адам ойлауы жайлы мәселенің ең ұтымды тәсілі болып табылады. Когнитивтік лингвистика қазіргі антроцентристік парадигма шеңберіндегі базалық ілім деңгейінде қарастырылады. XX ғ. ортасында тілді адамның танымдық іс-әрекетіне қатысы тұрғысынан қарастыру мәселесі туындады. Осы бағытта біршама зерттеу жұмыстары жүргізілді. Осының нәтижесінде Европада XX ғасырдың аяғына қарай когнитивтік ғылымның теориялық бағыттары жетіліп, тереңірек зерттеліп, қанатын кең жая түседі. кем Осы тұста Дж. Лакофф, Р.Лангакер, Т. ВАН ДЕЙК, ДЖ ХЕЙМАН, Х.И.ШМИДТ, М Джонсон, М.Витгенштейн, Г.Н.Кент сияқты шетелдік ғалымдардың когнитология саласына қатысты зерттеу еңбектері жарық көреді. Зерттеушілер танымдық ғалымдар аясында тілдің әлемнің «тілдік бейнесін» сипаттаудағы қызметіне айрықша назар аударады. Орыс тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселелері Ю.А.Сорокин, Е.С.Яковлева, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия, А. Вежбицкая, А.П.Бабушкин, С.А.Аскольдов, А.Н.Баранов, Д.О.Добровольский, И.Д.Арутюнова, Н.Н.Болдырев, Э.Д.Попова, И.А.Стернин, Ю.Н.Караулов, В.А.Маслова сияқты зерттеушілердің еңбектерінен көpiнic табады. Аталған ғалымдардың зерттеу еңбектерінде когнитология ғылымының нысаны, бағыт-бағдары, зерттелуі негізгі ұғымдары сөз етіледі. Олардан танымдық ғалымдар ішінде тілдің атқаратын қызметінің жоғары екендігін аңғаруға болады. Когнитивтік лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын (біртұтас жүйе тұрғысынан қарастыру болып табылады. Ол сан ғасырлық біЛіМДі адам миының жемісі ретінде бағалап, күрделі құрылым, жүйе ретінде кешенді сипаттаута бағытталған. Қазіргi кезде зерттеу нысанына байланысты танымдық үлгілер жөнінде ақпарат аларлык танымдық бағыттағы ізденістер баршылық. Когнитивтік үлгілер негізгі рол атқарады, сондықтан танымдық ғылымның басты ұстанымдары туралы қысқаша тоқталайьқ. Әрине, бұл мәселенің ізденіс шеңбері кеңейіп, таным, интенционал, тіл логикасы т.б. ұғымдарымен толықтырылып, жана концепциялар, багыттар негізінде зерттелуде. Қазіргi кезде әcipece, шет ел ғалымдарының өзінің зерттеу нысанына байланысты танымдық бағыттағы көптеген ғылыми iзденістepi жарық көрді. Төменде танымдық ғылымының басты концепнияларына сараптамалық шолу жасамақпыз. Tiл және таным үдерісі, тілдің танымдық қызметі «Когнитивтік ғылым» термині алғашқыда белгілі 6ip ақпаратты қабылдап, оны белгілі 6ip өңдеуден өткізіп, мида сақтай отырып, кажетті кезінде оны колдану нәтижесінде адамның миында білім кабаттарының қалыптасу және тану үдерістерін зерттейтін ғылыми пәндер жиынтығын айқындау үшін енгізілген. Демек, танымдық ғылым – адамдардың қоршаған дүниені қабылдау және танымдық қызметтерінің, пайымдау нәтижесінде белгілі 6ip жүйеге келтіріліп, біздің санамызда белгілі бip жүйеге түcipіліп жазылып ділдік, яғни танымдық үдерістердің негізін құрайтын білім мен таным туралы ғылым. Көбінесе танымдық ғылымның адамның ми қыртыстарына әр түрлі жолдармен келетін білімнің қалай жазылу жолдары мен сол ақпараттардың белгілі бip өңдеуге түсу жүйелерін зерттейтін ғылым деген ықшам түріндегі анықтамасы қолданылады. Р.Шепард бұндай сипаттама жеткіліксіз екенін айта келе, өз тарапынан оны «адамның ми қыртысындағы менталды процестердің белгілі бip жүйеге келтіріліп, баскарып отыратын жалпы қағидалар туралы ғылым» деген анықтама береді Ал бұл қағидалардың пайда болуы мен олардың атқаратын қызметін ғалым жалпы дүниенің белгілі бір заңдылықтарға сүйенетіндігімен ұштастырып, ойлау мен механика заңдылықтары арасында ұқсастықтар табады. Алғашқы танымдық үдерістер қазігі заманның есептеуіш техника негізінде белгілі бір құрылымдар етінде түсіндірілді. Алайда бұған қарсы пікіррлер де аз емес: «Когнитивтік ғылым адам танымы құрылымын қазіргі заманғы есептеуіш техника көмегімен үлгілеу жолдары арқылы зерттеу, әрине өзекті, ең бастысы – іс жүзінде қолданбалы. Дегенмен адамның танымдық құрылымдарын механикалық құрылымдарға пара–пар етуге болмайды. Бұл адамның ойлау қабілетін немесе когнициясын зерттеу, ақпаратты символдық өңдеудің бағдарламасын зерттеумен бірдей дегенге әкелер еді. Онда адамның ми қыртысын нерв жүйелерінің өзара қарым-қатынасы ретінде де оның ділдік жағдайын танымдық ғылым аясында зерттеудің қажеті болмас еді». Осы пікірді қолдап В.З.Демъянков бұл «адамдар мағыналық нәрселермен ойлағандықтан, адам ic-әрекстінің интенционалдығын зерттемей, тек қана символдық белгілермен ғана түсіндіруге әкеліп соғады» дейді

 

Билет 3


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!