Оксидоредуктаза және изомераза класының ферменттері катализдейтін реакцияларының ерекшеліктерін көрсетіңіз.



Оксиредуктазалар тотығу-тотықсыздану реакцияларын катализдейтін ферменттер. Оксиредуктазалар деген топқа кіретін ферменттер тыныс алу және ашыту процестерімен байланысқан. Оксиредуктаза класының ішіне анаэробты және аэробты дегидрогеназалар кіреді.Дегидрогеназалар және оксидозалар топтарына жататын ферменттер сутегі атомдарын немесе электронды қосып алу немесе бөліп шығару арқылы субстраттың тотығу және тотықсыздану реакцияларын катализдейді.Изомеразалар заттардың молекулаішілік өзгерістерін катализдейді. Бұл ферменттертер фосфат және ацил топтарының сутегі атомдарының қос байланыстардың молекула ішінде ауысуын катализдейді.Изомеразалардың тобына триозомеразалар тағы басқа ферменттер кіреді. Мысалы мевалон кышқылын полиизопрен молекулаларына айналдыруда изопентилпирофосфатазаның маңызы зор.

Изомеразалар.Заттардың молекулаішілік өзгерістерін катализдейді.Бұл ферменттер фосфат және ацил топтарының, сутегі атомдарының, қос байланыстардың молекула ішінде ауысуын катализдейді, цис-транс-изомеризация құбылыстарын жүзеге асырады.Изомеразалардың тобына триозофосфатизомераза, изопентилпирофосфатаза, глицератмутаза тағы басқа ферменттер кіреді.Мысалы мевалон қышқылын полиизопрен молекулаларына айналдыруда маңызы зор.ал триозофосфатизомераза 3-фосфоглицерин альдегидінің 3-фосфодиоксиацетонға айналуын катализдейді.Гликолиз процесінде бұл реакция өте маңызды.

43. Гидролаза және трансфераза класының ферменттері, катализдейтін реакцияларының ерекшеліктерін көрсет.

Бұл ферменттер химиялық байланыстарды үзеді де, суды қосады. Гидрозалар мынадай топтарға бөлінеді: 1) эстеразалар күрделі эфир байланыстарын гидролиздейді де, қышқыл және спирт түзеді: CH3COO---CH2---CH3+H2O---»CH3---COOH+CH3CH2OH 2) липазалар триглицеридті ыдыратып, глицерин және май қышқылдарын түзеді; 3) гликозидалар углеводтардагы гликозидтік байланыстарды гидролиздейді. Оларға амилаза, лактоза, мальтоза т.б. жатады. 4) протейназалар белоктардағы, полипептидтердегі пептидтік байланыстарды гидролиздейді. Ал трансферазалар биохимиялық реакцияларда атомдар тобын және молекула калдықтарын алмастырып ауыстыратын ферменттер. Олар мынадай топтарды бір субстратпен екінші субстратқа ауыстырып отырады: метил, карбоксил, амино, сульфо, формил С1, фосфат және басқалар. Трансферазалар өздері тасымалдамайтын топтарға байланысты метилтрансфераза, фосфотрансфераза деп аталынады. Мысалы: аспартатаминотрансфераза ферменті амин топтарын амин қышқылынан альфа кетонқышқылына тасымалдап жеткізед, бұл кезде жаңа амин қышқылы түзіледі(аспартат, пируват, аланин және оксалоцетат)

 


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!