Гликогеннің синтезі гликоногенез, ал гликогеннің гидролизі гликогенолиз деп аталады.



Жануарларда гликогеннің синтезі жүзеге асатын негізгі мүшелері бауыр мен бұлшық ет, басқа мүшелерде гликоген аз мөлшерде түзіледі.

ГЛЮКОЗА→глюкоза 6-фосфат→глюкоза-1-фосфат→УДФ-глюкоза→ГЛИКОГЕН

(глюкокиназа) фосфоглюкомутаза УТФ (n+1 глюкозаның қалдығы) Бауырда жүзеге асатын гликогеннің синтезі

Гликогеннің ыдырауы.

Гликогеннің ыдырауы гликогенолиз деп аталады.Гликоген фосфоролиз реакциясына ұшырайды да оның молекуласынан глюкоза глюкоза-1-фосфат түрінде бөлінеді.Реакция гликоген-фосфорилаза ферментінің қатысуымен жүзеге асады.Ферменттің әсерінен тармақталған полисахаридтік тізбектің соңдарынан моносахарид қалдықтары бөлінеді.Гликогенфосфорилазаның әсерінен 1,4-гликозидтік байланыстары ғана гидролизге ұшырайды, ал 1,6-гликозидтік байланыстар ыдырау үшін екінші фермент қызмет атқарады.Бұл фермент амило-1,6-гликозидаза деп аталады.Түзілген глюкоза-1-фосфат одан әрі қарай глюкоза-6-фосфатқа дейін изомерленеді.Глюкоза-6-фосфат гликолиз процесі арқылы ыдырайды.

41 Гликогеннің гликолиз жолмен ыдырауы, түзілетін аралық өнімдері мен энергия мөлшері

Гликогеннің гидролизге ұшырағанда (гликогенолизге) ыдырауы

Гликоген — глюкоза қалдықтарынан құралған, адам мен жануарлар организмі мүшелері мен ұлпаларында қорланатын күрделі көмірсу (полисахарид). Гликоген негізінен бұлшықеттер талшықтары мен бауыр жасушалары (гепатоциттер) цитоплазмасында дәнше (түйіршік) түрінде жинақталады. Организмдегі глюкоза мөлшерінің азаюына байланысты арнайы ферменттердің әсерінен гликоген глюкозаға ыдырап, қанға өтеді. Организмдегі гликогеннің түзілуі мен ыдырау процестерін жүйке жүйесі және тиісті гормондар реттеп отырады.Гликоген-глюкозаның жүздеген молекуласынан құралған полисахаридтер. Гликогеннің ыдырау процесі гликогенолиз деп аталады. Қан құрамындағы глюкоза мөлшері төмендеген кезде адреналин және глюкаген гармондарының әсерінен цАМФ синтезі күшейеді де гликогенолиз процесі жүреді. Гликолиз – тынысалу процесi мен көптеген ашу түрлерiне ортақ реакциялардың тiзбегi. Гликолиз кезiнде АТФ-тың аздаған мөлшерi синтезделедi

1. АТФ-тен фосфатты топ глюкозаның алтыншы көмiртегi атомына өтiп, глюкоза 6-фосфат түзедi. Терiс зарядталған фосфат-топтың болуы глюкоза молекуласына клетканың мембранадан өтуiне мүмкiндiк жасайды. Бұл топ молекулада келесi айналымға түсу үшiн ферментке қосылатын ерекше тану бөлiгiн түзедi. Гликолиздiң бұл бiрiншi кезеңiнде АТФ түзiлмейдi, керiсiнше, жұмсалады. Бұл сорғыш секiлдi: АТФ-тың аздаған мөлшерi, энергияның бөлiнуiмен жүретiн бiрнеше процестердi түзу үшiн жұмсалады, өз кезегiнде бұл процестер АТФ түрiнде “өнiм” бередi

2. Молекула басқа алтыбұрышты қант, фруктоза-6-фосфатқа айналып, қайта құрылады.

3. Келесi реакцияларда АТФ-тың тағы бiр молекуласы өзiнiң фосфат тобын бередi. Бұл топ сақинадан тыс қалған, бiр көмiртегi атомына қосылады. Фруктоза-1,6- бисфосфат түзiледi.

4. Фруктозабисфосфат, бiр ұшында- дигидроксиацетон-3- фосфаты орналасқан фосфатты тобы бар 2,3 көмiртектi молекулаларға және фосфоглицеральдегидке айналады.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!