Липидтердің катаболизмі ыдырау жолдары,гидролиз өнімдерінің қарында және ішекте сіңірілуіндегі өт қышқыл орны.



Майдың қорытылуы қарында басталады.Бірақ онда толық жіктеліп қорытылып бітпейді.Қарынның қозғала алатын ерекшелігіне байланысты,майдан қою эмульсия түзіледі.Бұл құбылыс ферменттредің әсерін жеңілдетеді.Қарын сөлінде липаза бар.Бұл кезде босап шыққан май қышқылдары тікелей қарын арқылы өтеді.

Майлардың ішекте қорытылуы:Майлардың негізгі қорытылуы он екі елі ішекте өтеді,оған әсер етуші ұйқы безінің липаза ферменті.Мұнда қоректік заттар жиынтығы өттің,ұйқы безі сөлінің және ішек секретінің әсеріне ұшрайды.Липидтредің қорытылуында және олардың гидролизі өнімдерінің сіңінде өт қышқылдары маңызды рөл атқарады.

Өт қышқылдары:өтпен бірге өт қалтасынан шығады.4түрлі қышшқыл бар:хол қышқылы,хенодезолсихол қышқылы,дезоксихол қышқылы,летохол қышқылы.Бұл қышықылдар өт құрамында тиісінше 50,30,15,5%кездеседі.Өт қышқылдарының қызметі:липидтердің эмульсияға айналуын және еруін дамыту.Сосын липаза ферментінің әсерін жеңілдету.

37. Қаныққан май қышқылдарының β-тотығуында түзілетін өнімдер мен энергия мөлшерін нақты мысалдар келтіре отырып жазыңыз.

Қаныққан май қышқылдарының молекула құрамында көміртегінің 4-24 атомдары болады және олар түзу тізбекке орналасады. Табиғи майларда көміртегі атомдары жұп болады. Май қышқылдары құрамындағы көміртегін нөмірлеу карбоксил тобы тұрған атомнан басталады. Кейде көміртегі атомдары грек алфавиті әріптерімен де белгіленеді. Мұндай жағдайда карбоксил топқа ең жақын орналасқаны көміртегі атомы α- әріпімен белгіленеді.

СН3 – СН2-СН2-СН2-СН2- СООН

ع δ γ β α

1904 ж Ф.Кнооп мынадай жағдайды анықтады: май қышқылдары өздерінен кезектестіре отырып, бірден көміртегінің екә атомын бөліп шығару жолымен тотығады, сөйтіп, бастапқы қышқыл тиісінше көміртегінің екә атомына қысқарады.Кнооп бұл процесті β-тотығу деп атайды.

Стеарил – KoA (C18) толық β-тотығуындағы сегіз айналым кезінде 9 молекула ацетил – КоА түзіледі. Әр айналымында бір молекула НАД-Н және бір молекула ФАД-Н2 түзіледі. Әр молекула НАД-Н тыныстану тізбегіне екі электрон береді. Ол электрондарды молекулалық оттегіне дейін жеткізу үшін үш молекула АТФ түзіледі. Бұл жағдайда бір молекула ФАД-Н2 екі молекула АТФ береді.

Демек, β-тотығу кезіндегі әр айналымда 5 молекула АТФ түзіледі. Берілген жағдадайдағы айналым саны 8. Сондықтанда барлығы 5*8=40 молекула АТФ түзіледі.

Лимон қышқылы циклында 9 молекула ацетил – КоА СО2 және Н2О дейін тотығады: 9 ацетил – КоА+18О2 =18СО2+9Н2О. Лимон қышқылының 9 циклындағы әр цикл 12 молекула АТФ береді. Сөйтіп 9*12=108 молекула АТФ шығымы мынадай: 40+108=148 молекула АТФ.

38.Қанықпаған май қышқылдарының β-тотығуында түзілетін өнімдер.

Май қышқылдары тотығып ыдырағанда энергия бөлініп шығады. Осы энергия АТФ молек.да сақталады. Қанықпаған май қышқылының тотығуы βтотығу процесі арқылы жүреді, но қанықпаған май қышқ.ң құрамындағы ерекшелігіне байланысты айырмашылық бар. Қанықпаған май қышқ.ң ерекшелігі:табиғи қанықпаған май қышқ.ң (олеин, линол, арахидон)қос байланыстары цис-конфигурацмяда болады. Қаныққан май қышқ.тотыққанда 1-ші реакцияда транс-қанықпаған ацил-КоА түзіледі; қаныққан май қышқ.ры тотыққанда аралық зат ретінде ∆2,3 –ацил-КоА түзіледі. Түзілген қос байланыс 3 ж.е 4 көміртек атомдарының арасында орналасқан қанықпаған май қышқ.ң цис изомері, яғни β тотығу процесіне ұшырамайды. Май қышқ.ры молекуласында көміртек атомыны ң саны жұп болса, β тотығу процесі арқылы ацетил-КоА ғана түзіледі. Ал егер көміртек саны тақ болса, βтотығу процесінің нәтижесінде ацетил-КоА ж.е пропионил-КоА түзіледі. Май қышқ.β тотығуының нәтижесінде түзілген ацетил-КоА лимон қышқ.циклі арқылы СО2 ж.е Н2О дейін тотығады. Клеткаға қажетті болғанда май қышқ.ры, стеролдар түзілу үшін ацетил-КоА алғы зат ретінде пайдаланылады.

39.Белоктар, көмірсулар, липидтер алмасуындағы байланыстылықты корсетіңіз.

Жалпы зат алмасу тіршіліктің негізгі белгісі. Тірі организмдегі жүзеге асатын биол.қ процестің энергия көзі күн сәулесінің энергиясы. Бұл эн.я хлорофилл бар клеткал.мен сіңіріледі де, фотосинтез проц.арқылы көмірсу түзілу үшін жұмсалады. Одан әрі қарай көмірс.ң алмасуы нәтижесінде өсімд.р микроорг.де аминқ.р, пуриндер, май қышқ.ры түзіледі. Адам мен жануар клеткаларында азық-т.лік құрамына кіретін көмірсу тотығып ыдырағанда әр түрлі метоболиттер түзіледі. Ж.е энергия түрінде бөлініп шығады. Ол эн.я АТФ түрінде сақталады. Сондықтан көмірсу алмасуы организм.ң тіршілік әрекетінде негізгі процесс болып табылады. Көмірс.ң көбісі крахмал, гликоген т.үрінде адам мен жануар организміне түседі. Ал липидтер адаммен жануар үшін маңызды ауыстырылмайтын тамақ компоненті. Липидтер көмірсу мен белокқа қарағанда химиялық энергияға бай қосылыс. Олар ыдырағандағы энергияны клетка әр түрләі қосылыстардың синтезіне пайдаланады. Бір г..тотығып ыдырағанда 39 кДж.н.е тоғыз ккал бөлінеді. Бұдан басқа адам мен жануарл.ң өсуі үшін май қышқ.ры, липидт.де еритін витаминдер керек. Организмде липид триацилглицерид түрінде болады. Май қышқ.ң ыдырауы глюкоза мөлшеріне байланысты. Глюкоза жеткіліксіз болғанда клетка басқа энергия көзі ретінде май қышқ.нан,оладың тотығуынан шыққан энергияны пайдаланады,яғни май қышқ.ң катаболизмі күшейеді. Яғни зат алмасуы басқа энергия көзі ретінде пайдаланатын заттардың алмасуына мыс.көмірсу байланысты. Ал белоктар барлық тірі организм клеткаларында өте маңызды әр түрлі иммундық, рецепторлық, траспорттық, каталитикалық, қорғаныштық т.б қызметтерді атқарады. Организмде белоктар,олардың компоненттері қор ретінде жиналмайды. Адмдарда белок алмасу липид, көмірсу алмасумен салыстырғанды өте жоғары деңгейде өтеді. Тәулік ішінде -1-2% белок синтезделеді. Ал жаңа белок синтезіне қажет аминқ.ң ½ шамасындай көзі тамақпен түскен белоктар.

 

40.Гликолиз және глюконеогенез процестерінің реакцияларын салыстыра отырып,глюкогеннің ыдырауы мен синтезін талдаңыз.

Г ликолиз клетканың цитозолында жүреді, пируватқа дейін глюкозаның ыдырауын катализдейтін ферменттер цитозольда орналасады.Гликолизге қатысатын ферменттер:гексокиназа, глюкозофосфат изомераза, фосфофруктокиназа, альдолаза, фосфоглицеромутаза, енолаза, пирруваткиназа.

Гликолиздің қайтымсыз реакцияларын катализдейді: гексокиназа, фосфофруктокиназа, пирруваткиназа.

Гликолиз реакциялардың ішінен 3 реакциясы қайтымды.Гликолизге қатысатын метаболиттердің барлығы фосфорланған түрінде болады.

Фосфорлану реакциялары үшін фосфат тобының көзі ретінде немесе бейорганикалық фосфат қатысады.Гликолиз процесі жүзеге асу үшін НАД қажет.Аэробты гликолизде НАД тыныс алу тізбегі қатысуымен түзіледі.Анаэробты гликолизде пируват тотықсызданғанда НАДН тотығады да НАД түзіледі.

Гликонеогенез- бұл көмірсу емес қосылыстардан глюкозаның синтезі. Организм көп энергия шығарып ауыр жұмыс атқарған кезде глюконеогенез маңызды қызмет атқарады.Адамдардағы гликоген түріндегі глюкозаның қоры бір күнгі зат алмасуына жетеді.Глюконеогенез шамалы мөлшерде бүйректе, ішектің шырышты қабатында, өте аз мөлшерде бұлшық етте, жүрек бұлшық етінде, ми клеткаларында жүзеге асады. Гликонеогенез клетканың цитозолында өледі.Глюкозаның пирожүзім қышқылынан синтезделуіне глиеолиз процесінің 7 ферменті қатысады,3 ферменті өзгеше болады.Гликолиз процесінің 7 реакциясы қайтымды, 3 реакциясы қайтымсыз.Гликолиздің қайтымсыз реакцияларын катализдейтін ферменттер-гексокиназа, фосфофруктокиназа,пируваткиназа глюконеогенезге қатыспайды.Жануарларда глюконеогенездің негізгі орны-бауыр.Аминқышқылдарының көбісінің ыдырау процесі нәтижесінде аралық заттар ретінде пируват немесе қымыздысірке қышқылы түзіледі.Бұл қосылыстар глюконеогенез процесі арқылы глюкозаға айналуы мүмкін.Глюкоза жетпеген уақытта гликоген гидролизденеді де глюкоза түзіледі.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!