Ферменттер, функциялары.Ферменттердің құрылысы. Бір және екі компонетті ферменттердің ерекшелігін көрсетіңіз. Мысал келтірініз.



Ферменттер — барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздар. Химиялық реакциялардьі жеделдетеді. Реакция түрлеріне сай ферменттер 6 топқа болінеді:оксидоредуктазалар, трансферазалар, гидролазалар, лиазалар, изомеразалар, лигазалар.Ферметтердің функциясы организмдегі зат алмасудағы химиялық реакциялардың жүруін тездетеді, қоректік заттардың заттардың құрамына кирмейді. Ферменттер қатыспаған бір де бір тіршілік процесі жоқ. Ферменттер жасушаларда синтезделіп, биохимиялық реакцияларға қатысатын ақуыздық табиғаттағы биокатализатор болып табылады. Фермент немесе энзим (лат. fermentum – ашу; грек. en – ішінде, zim – ашытқы; 19 ғ. Ван Гельмонт ұсынған) алғашқыда ашыту үдерістерінде анықталған зат. Энзимология, ферментология – ферменттерді зерттейтін ғылым саласы. Ол басқа ғылымдармен: биология, генетика, фармакология, химиямен тығыз байланысты.. Фермент өзінің әсер етуші заты – субстратпен (S) ферменттік реакция жүргенде фермент-субстраттық кешен (аралық зат) түзеді. Бұл кешеннің қызметі өте күрделі, ол субстрат пен фермент молекулалары конформациясы мен энергиясын және химиялық байланыстарын өзгертеді. Реакция өткен соң фермент-субстраттық кешен жаңа қалыпқа ауысып, фермент-реакция өнімі кешеніне айналады. Содан кейін ол фермент және реакция өніміне (Р) жекеленіп бөлінеді: S + E → S·E → EP → E + P. Бір компонентті ферменттердің (фермент-протеин) каталиттік қыз­меті құрылымында активтік каталиттік субстраттық, аллостерлік орта­лықтардың болуымен тығыз байланысты.Ферметтер химиялық құрамы жағынан-қарапайым белоктар немесе күрделі белоктар.Ферметтердің көбі күрделі белоктар.Олпр 2 бөліктен құрылады белоктық және белоктық емес.Күрделі ферменттердің белоктық бөлігі апофермент деп аталады, белоктық емес бөлігі кофактор, кофермент деп аталады.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!