Белоктарды бөліп алу, тазарту әдістерінің схемасын келтіріп, түсініктемесін жазыңыз



Белок дегеніміз- биомолекулалар класына жататын аса әмбебап және бірегейде ғажап органикалык зат. Олардың тірі организмде атқаратын қызметін анықтау үшін ең алдымен молекулалық құрылымын білу қажет. Бұл үшін белгілі бір биологиялық заттан белокты жеткілікті мөлшерде бөліп алу және оны баска қоспалардан тазарту қажет. Белокты бөліп алу, тазарту кезінде мынаны ескеруге тиіспіз: барлық белокты бірдей бөліп алатындай бесаспап әдіс жоқ. Белокты бөліп алу үшін ең алдымен оған аммоний сульфатымен (немесе баска тұзбен), этанолмен немесе ацетонмен әсер етіп, қа сарысуынан глабулин белогын тұнбаға шөктіреді, бұл кезде басқа белоктар ерітідіде қалады. Белоктарды бір –бірінен осындай қарапайым жолмен ажыратып бөледі.Ары қарай хроматография, электрофорез, изоэлектрофокустеу сиякты әдістер бойынша жүргізілетін шеберлік пен бейімділікті талап ететін жұмыстар жүзеге асырылады.

Электрофорез әдісін пайдалану біріншіден белоктарды сәйкес көптеген гендер кластерлерімен кодталатын көп компонентті жүйе ретінде ажыратуға, екіншіден геннің аллелизмін анықтауға және әртүрлі популяциядағы геннің аллельдік құрамын бағалауға мүмкіндік береді.. Белок молекуласының бөлінуі «молекулалық торда» тұрақты тоқ әсерінен жүреді. Бұнда «молекулалық тор» қызметін гель атқарады. Бұл кезде белоктар бір полюстен екіншісіне әр түрлі жылдамдықпен жылжиды. Олардың жылжу жылдамдығы олардың молекулалық зарядтары және көлемі арқылы анықталды. Белоктардың бөлінуі жүрген соң оларды фиксациялау және бояу жүргізіледі. Нәтижесінде зерттеліп жатқан белоктың компоненттік құрамы жайлы мәлімет беретін жолақтар спектрі түзіледі. Белоктардың суббөлікті құрамы жайлы мәлімет алу үшін электрофорезді денатурацаялйтын (мочевина, натри додесульфаты) жағдайда жүргізеді. Белоктың айтарлықтай күрделі қосылыстары жайлы нақты мәліметтер алу үшін оларды екіөлшемді электрофорездеу жүргізеді.. Электрофорез сонымен қатар белоктың молекулалық массасы жайлы да мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Ол үшін зерттеліп жатқан белоктың қозғалғыштығын белок-эталонның қозғалғыштығымен салыстыру жүргізеді.

Хроматография әдісі. Заттар қоспасын ажырату үшін хроматографиялық әр-түрлі әдістер қолданылады. Ондай әдістер қоспалардың адсорбция және десорбция кезектесуіне негізделен. Белоктарды бөліп алу үшін бағаналық хроматографияны пайдаланады. Ол ушін ерітіндідегі белоктар қоспасын шыны бағана арқылы өткізеді. Белоктарды зарядтары және шамалары бойынша бөлуге мүмкіндік беретін матрикстар да бар.

Изоэлектрлік фокустеу әдісі. Белокты заттардың өте күрделі қоспаларын электрофорездік жолмен бөлудің жетілдіріген әдісі. Бұл әдіс қоршаған ортаның рН шамасына байланысты белок молекулалары зарядының озгеруіне негізделген. Изоэлектрлік фокустеу әдісі белоктарға қатысты коп мәселені шеше алады, іс жүзіндегі ол әдіс зарядталган бір ғана амин қышқылы бойынша айырмасы бар екі белокты ажыратып бөлуге мүнкіндік береді және рН көрсеткіші 0,01-0,002 шамасындай айырмасы бар белоктарды бөліп ажырата алады.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!