Ежелгі мәдениеттің құндылықтары

Архаикалық мәдениет.Миф мәдениетінің бір түрі

Жоспар:

Вавилон мәдениетінің қалыптасуы мен ерекшелігі

Ежелгі мәдениеттің құндылықтары

-1-

Шумер мәдениетінің тікелей мұрагері ежелгі Вавилон мәдениеті. Б.з.д II мыңжылдықтың ортасында Хаммурапи патшаның тұсында Вавилон қаласы бүкіл Шумер және Аккад облыстарын өзінің қол астына біріктірді. Хаммурапидің кезіндінде екі метрлік тас діңгекке сыналып жазылған атақты заңдар жинағы өмірге келді.Хаммурапи заңдарында Қосөзен алабының ежелгі тұрғындарының шаруашылық өмірі,салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары және дүниетанымы кеңінен көрініс тапты. Бір кездерде қуатты Вавилон патшалығы мен ұлы Ассирия державасы туралы деректер өткен ғасырға дейін тек Библиядан, сондай-ақ Геродоттың және т.б көне заман авторларының еңбектерінен ғана белгілі болатын. Ал Мосулдағы француз консулы Поль Эмиль Ботта Қосөзен бір өзен бір ұлы мәдениеттің көмескі жақтарын айқындауға жол салып берді. Вавилон абыздарының ілімі бойынша адамдар құдайға құлшылық еті үшін балшықтан жаратылған. Вавилон астрономдары Күннің, Айдың айналуын және күн тұтылуының қайталануынан бірінші болып есептеп шығарды. Вавилон ғалымдарының барлық ғылыми білімдері магиямен және балгерлікпен байланысты болды. Вавилондықтар көп құдайларға табынған. Солардың ең бастылары: Шамаш-Күн құдайы, Син-Ай құдайы, Адад-жауын шашын,Нергал-өлім,Ирра-соғыс, Вильги-От құдайы. Вавилон құдайларында адамдар бойынан кездесетін барлық қасиеттер табылды.Олар да адамдар сияқты жанұя құрып, ұрпақ жалғастырды, байлық пен мансаптан да бас тартпады, күншілдік, даңқұмарлық, өз мүддесін ойлау, тұрақсыздық сияқты осы құдайлар қолында болды. Абыздар шынында көп білетін-бұған абыздар ортасында дүниеге келген. Вавилон ғылымы дәлел. Арбау, дуалау және сиқыршылықтың түрлері абыздар мен жұлдыз есептеушілердің ғана қолынан келетін болған. Міне, сондықтан да олардың даналығы сиқырлы, бейне табиғатан тыс дүние есебінде құрметтелген. Вавилон сәулетшілері Ежелгі Рим, одан кейін Орта ғасырлық Европаның құрылыс өнерінің негізі болып табылатын сәулет формаларын жасаушылар болды.

-2-

Ежелгі Шығыс адамды ертедегі дүние аясынан алып шыққан ұлы мәдениеттер отаны болды. Ертедегі дүниеден шыға отырып, Шығыс адамның дүниеге қатынасының мифологиялық тәілін жеңе алмады. Бірақ ежелгі Шығыс мәдениеттерінің әлемі–бұл табиғат аппаттарының ғана емес, озбыр мемлекет қуатының құдайдай көрінуі. Ежелгі Шығыс мәдениетінің негізі адамның дербестігі мен еркіндігін мйындамайтын абсолютті бірлік идеалы болып табылады. Мемлекттің бұл типі қатаң біріктіру қажеттілігінен туды, ол нақты табиғат жағдайларына жауап болды. Осы мемлекет – шығыс озбырлығы зор төрешілдік аппаратпен басқарылады,оның бірлігі қол астына қарайтын адамдардың өмірі мен өліміне абсолютті билік етуге ие билеушімен бейнеленеді.Мемлекеттің мұндай типі Ежелгі Шығыс елдері Египет, Месопотамия, Үнді, Қытайға тән.

Ежелгі Египет- әлемдік өркениеттің дамуына үлкен әсер еткен ежелгі мәдениеттердің бірі.Б.з.дейінгі 3000 жылы перғауын патшалар басқаратын ерте құл иеленуші, орталықтандырылған озбыр формадағы мемлекет пайда болды. Египеттің жоғарғы билігін құрған негізгі принциптер оның мызғымастығы мен ақылға сыйымсыздығы болды.

Ежелгі египеттіктер мәдениетінің маңызды қасиеті мәңгілікке ұмтылу болды,оның белгісі «өлген адамға табыну» сенімінің болуы, оған сәйкес өлім өмірдің аяқталғандығын білдірмейді және мәңгілік өмірлік күш – «ка» ұзарады, және де тек жерлеу жорасын толық сақтаған жағдайда. Өлген адамның денесін сақтау қамы мумиялар жасау өнеріне әкелді.Өлген адамдардың денелері бальзамдалып, пирамидаларға салынды. Пирамидалардың ішіндегі ең ескісі 5 мың жыл бұрын салынған Джосер перғауынның пирамидасы,ол аспанға көтеріліп бара жатқан саты тәрізді салынған.Алайда ең белгілісі және өлшемі бойынша едәуірі–Хоепс пирамидасы.

Діни табынуда перғауынды құдай деп тану басты орын алды.Ол күн құдайы Ра тәрізді болды.Осирис – өлім құдайы және жерасты әлемінің патшасы.Исида – Осиристің әйелі және қарындасы, құнарлылық пен аналар қамқоршысы. Маат–шындық пен тәртіптілік құдайы. Кейбір жануарлар, өсімдіктер, заттар құдайлар болып саналды. Аменхотеп IV перғауын (Эхнатон) (б.з. дейінгі 1419-1400 ж.ж.) Атон құдайының атымен бір құдай ғана қалдыруды ойлады, бірақ бұған абыздар мен ақсүйектер қарсы тұрды. Қос өзеннің ежелгі тұрғындарының діни сенімдері олардың монументтік өнерінде бейнеленді. Қалаларда құдайларға арналған храмдар салынып, олардың жанында зиккурат-террасалармен қоршалған жоғары мұнара тұрғызылды, олар көлемі жағынан кертпеш кертпештен азаяды, зиккураттың жоғарғы ярусы алтын күмбезбен аяқталады.

 

 


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!