Микроорг-дің тыныс алуы және қоректенуі туралы түсінік



Микроог/ң қоректенуі. Микроог/р басқа тірі организм/р сияқты қоректі қажет етеді. Айырмашылығы аузы болмайды. Қоректік затты бүкіл денесімен сіңіреді. Сондықтан микороорг/ң зат алмасу процесі өте интенсивті жүреді. Қоректену просецінің шапшаңдығы түрлі жағдайларға бай/ты, әсіресе заттар концентрациясына. Басқа фактор/н клетка құрамына қабығының өткізгіштігіне бай/ты. Қоректік затты қабылдау осмос құбылысына бай/ты. Заттар ерітіндісі клетка қабығының өткізгіштігі белгілі мөлшерде қысым туғызады. Оны осмос қысымы д.а. Егер еріген зат/ң концентрациясы артық болса қысым да арта түседі. Клеткада жүретін биохимиялық процесінің нәт/де жиналған заттар осмос қысым/ң әсерінен сыртына да бөлініп шығады. Ортада су көп болғанда цитоплазма ісініп клетка қабықшасына кіреді. Мұны тургор процесі д.а Бұл жағдайда клеткал/ң тіршілігі жойылады. Көп тағамдық затт/ы сақтау үшін тұрмыста қант пен ас тұзының пайдалануы осы жағдайға негізделген, әдетте микроб клеткасы үшін О, С, N, Н, минерал заттар қажет. Н, О негізгі көзі-су. Ал сутегінің сіңіру тәсіліне қарай микроорг/р 2 топқа бөлінеді:

1) автотрофтар- көміртегін ауадағы СО2 газынан сіңіріп өздеріне керекті органикалық заттарды түзу үшін энергияны минерал заттар тотыққанда(хемосинтез) немесе күн сәулес/ң(фотосинтез) көмегімен алады. Бұларға көк жасыл балдырлар, күкірт, бактериялар т.б жатады. Өйткені олардың фотосинтезге қабілеті бар. Құрамында ерекше хлорофилге жақын пигменттер бар.

2) Гетеротрофтар н/е хемеорганотрофтар д. те а.- көміртегін дайын органикалық заттардан сіңіреді (аминоқышқылдардан, витаминнен, басқа күрделі органикалық заттардан. Гетеротрофтар өзара 2 топқа бөлінеді:

1) мететрофтар н/е сапрофиттер

2)паратрофтер н/е паразиттер

Метотрофтар өсімдіктердің қалдықтарынан және жануарлардың өліктерінен қоректенеді бұларға супстраттағы топырақ судағы түрлі органикалық заттарды ыдыраттатын және тағамды бүлдіретін микроорганизм. Кейде метатрофтарды табиғи санитарлар деп атайды. Өйткені қалдықты ыдыратып тазалайды.

Паратрофтар тек тірі организмдердің белогында көбиеді бұларға адам жануар ауру қоздырғыш микроб басқа зат азот микроорганизмдер тіршілігі үшін аса маңызды қорек ол негізінен тірі протоплазманың қорегі. Азотты сіңіру қабілеті 2 ге бөледі.

1)Аминоавтотрофтар белокты азоты минералды және органикалық қосылыс түзеді.

2)Аминогетеротрофтар олар қосылыста минералды тұздар кездесетін көміртегі мен азоттан амин қышқылдар түзеді. Бірақ олардың қалыпты тіршілігі үшін таза амин қышқыл керек. Басқа заттардан көбінесе бактериялар амин қышқылдар витамин және басқада өсуге қажетті қосымша затты қажет етеді. Бұл заттарды микроорганизмдер өздері синтездей алмайды бірақ қалыпты тіршілік үшін қажет етеді. Сондықтан бұл зат өсу факторы деп аталады әсіресе қажет ететін зат витаминдер. Витаминдер олар клеткада катализатор қызмет атқарады.

Микроорганизмдердің тыныс алуы. Микроорганизмдер басқа организмдер сияқты энергияны керек етеді. Микробтар энергияны органикалық немесе минералды затты химиялық жолмен ыдыратуда алады. Тірі клеткада тотығу процесі жүргенінен оны тыныс алу деп атайды. Микроорганизмдердің тыныс алуы мен қоректену арасында тығыз байланысы бар. Бұл процесс бір кезде жүруі мүмкін.

Тыныс алу түріне қарай микроб 2 ге бөлінеді.

1 Аэробтар оттегін қажет етеді облигатты аэробтар тек оттегі бар жерде тіршілік етеді. Мысалы: туберкулез, микроаэрофилдер оттегінің төменгі концентрациясында тіршілік етеді. Оларға актиномициттер жатады.

2Анаэроб оттегін қажет етпейді. Факультатифті анаэробтар оттегі бар немесе жоқ жерде тіршілік етеді. Облигатты тек оттегі жоқ жерде тіршілік етеді. Мол күиіндегі оттегі олар үшін у болып келеді. Анаэробта табиғатта кең таралған топырақтың терең қабатыңда тіршілік етеді. Клеткада қоректену кезінде эндометриялық реакция басым өйткені энергия босап сыртқа шығады. 1861 жылы Луй Пастер өсімдіктің өзіндік ерекшелігі бар анаэробты микроб тапты олар оттегі жоқ жерде органикалық қосылыстарды ыдырыту жолымен энергияны қамтамасыз ету. Бұл ашу процесс деп атайды.

Тыныс алу және ашу процестеріндегі құрастырылған энергия АТФ түрінде жинақталады яғни АТФ химиялық энергияны әмбебап тасымалдаушысы немесе энергетикалық валютасы немесе қоры деп есептеледі. Клетка барлық қажетті энергияны осы АТФ тен алады. Энергетикалық жағынан тыныс алу процссі ашу процесіне қарағанда тиімді өйткені 1 моль глюкоза аэробты 0,09*10Дж энергия береді. 1 Моль глюкоза аэробты /(бөлу) тыныс алу 1,6*10Дж энергия бөледі.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!