Микроорг-дің таза дақылдарын бөлңп алу



Микроағзалардың физиолого-биохимиялық ерекшеліктері мен даму циклін,түрлік ерекшеліктерін анықтау үшін таза культурамен жұмыс істеу керек.Таза культура деп-бір клеткадан өсіп шыққан бір түрге жататын микроағзаларды айтамыз.

Таза культураны бөліп алу 3 кезеңнен тұрады

1.жинақтаушы культураны алу

2.таза культураны бөліп алу

3.оның тазалығын тексеру

Жинақтаушы алу үшін алдымен сол түрдің ғана өсуін қамтамассыз ететін элективты орта жағдайын таңдайды.Микроорг-ң сол түрінің өкілдері көп мекен ететін жерден культураны бөліп алып,элективты ортаға себеді.

Таза культураны жинақтаушы культураның бөліп алған жағдайда сұйылту жұмыстарын жүргізген соң қатты қоректік ортаға кох әдісі бойынша себеді.Кейін бір клеткадан өсіп шыққан колонияның әрқайсысын санайды.

Жинақтаушы культураны бөліп алу үшін аэробты бактрияларды сұйытылған культурадан 1 тамшы алып,шыны таяқшамен Петри табақшасындағы қатты қоректік ортаға абайлап жағады.Осылай тәжірбиені 3-4рет қайталайды.Табақшаларды термостатқа 2-7 тәулікке қояды.Себебі микроағзалардың өсу жылдамдығы әртүрлі болатынын ескеру қажет.Табақша басқа колониялардан оқшауланған колонияларды ілмекпен қатты қоректік ортасы бар пробиркаға немесе сұйық ортаға бөліп алады.

Факультативты аэробтар немесе факультативты анаэробтарды жинақтаушы культурадан бөліп алу үшін стерильды агары бар пробиркаға бағана түрінде терең себу жүргізіледі.Ол үшін стерильді агары бар пробиркаға бағана түрінде терең себу жүргізіледі.Ол үшін стерильды инені алып колониядан таза культураны іліп алады да бір мезгілде пробирканы ашып,шетін спиртшамда қақтап,спиртшамның үстіне пробирканың пробиканың түбін жоғары көтеріп,инені барынша терең итереді.

Анаэробты бактерияларды бөліп алу тек ауаның түсуі шектелген жағдайда ғана себу мүмкін болады және Кох әдісі бойынша жүргізіледі.Анаэростатта инкубациялайды.Таза культураны препаратты микроскоппен көру арқылы тексереді.


Дата добавления: 2016-01-05; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!