Гликоген синтезінің реттелуі және ыдырауы



Гликоген синтезінің негізгі ферменті гликогенсинтаза және гликогенфосфорилаза.

Гликогенсинтетазаның реттелуі: ол глюкозо-6-фосфаттың-артық мөлшерінен активтелінеді. Сондықтан, бұл қосылыстың басқа жолдарға жұмсалуы аз болса, онда гликоген синтезінің жылдамдығы жоғары болады. Гликогенсинтаза катализдейтін реакция қайтымсыз.

Белгілі бір жағдайда гликоген ыдырауға қабілетті. Бұл айналма жолмен өтеді. Оның негізгі ферменті гликогенфосфорилаза (фосфорилаза). Бұл фермент гликоген молекуласын фосфор қышқылы қатысуымен глюкозо-1-фосфаттық фрагменті бөлінуін катализдейді.

6Н10О5)n+Н3РО4=(С6Н10О5)n-1+глюкозо-1-фосфат

Фосфорилаза гликоген ыдырауының шектеуші немесе реттеуші ферменті. Оның реттелуі: АТФ-тің артық мөлшерінде тежеледі, ал АДФ артық мөлшерінде активтелінеді.

Гипергликемия -қандағы қант көлемінің көбеюі, инсулин уақытымен салынбай қалған кезде немесе инсулин дозасы аз болғанда дамиды. Емінде көктамырға инсулин енгізіледі. Оның пайда болу себептеріне қарай ауқаттық, эмоциялық, гормондық және инсулиннің жеткіліксіздігінен болатын гипергликемиялар болып бөлінеді. Ауқаттық гипергликемия тамақпен жеңіл қорытылатын көмірсуларды көп қабылдағанда байқалады. Эмоциялық гипергликемия орталық және симпатикалық нерв жүйелері қатты қозғанда дамиды. Гормондық гипергликемия эндокриндік бездердің қызметтері бұзылғанда байқалады. Гипергликемия инсулин жеткіліксіздігінде ең көрнекті және тұрақты болады.

35.Пирожүзім қышқылының тотығып декарбоксилденуі.Пируватдегидрогеназды кешен. Пирожүзім қышқылының (пируват) тотығып декарбоксилденуі. Реакция кезектескен ретпен жұмыс істейтін бір комплекске жинақталған пируватдегидрогеназдық комплекс арқылы атқарылады. Ол үш ферменттен тұрады. Бұл комплекс митохондрияның ішкі мембранасында орналасқан және оған матрикс жағынан қосылады.Ферменттердің бұл комплексі конвейер тәрізді жұмыс істеп өнімдерді эстафета бойынша береді. 1-ші фермент - пируватдекарбоксилаза. Оның коферменті ретінде В1 витаминінің туындысы - тиаминдифосфат болады. Фермент карбоксилдік топты СО2 түрінде бөледі де ацетилдік қалдықты екінші ферменттің коферменті липой қышқылына қосады.Нәтижесінде ацетил-липоат қосылысы түзіледі. 2-ші фермент - дегидролипоатацетилтрансфераз а липой қышқылындағы ацетилдік қалдықтың екінші коферменті НS-КоА-ға қосылуын катализдейді. Нәтижесінде ацетил-КоА түзіледі. Бұл реакциядағы липоат ферментке мықты байланысқан кофермент, ал НS-КоА реакция кезінде қосылады. ФАДН2-ден сутегілер липой қышқылына байланысып оны дегидролипоатқа айналдырады. 3-ші фермент-дегидролипоатдегидрогеназа липой қышқылынан сутегілерді бөліп, оны қайтадан қалпына келтіреді (липоатта күкіртті көпірше байланысы -S-S-қайта түзіледі). Ал, сутекті қабылдағанда түзілген НАДН-ы ары қарай тыныс алу тізбегіне қосылады.Ары қарай, негізгі түзілген өнім ацетил-КоА цитрат циклінде тотығады.Ацетил-КоА май қышқылдарының, холестериннің, кетондық денелердің синтезінің реакцияларына қатысады. Оның ең үлкен бөлігі лимон қышқылын синтездеп үшкарбон қышқылының цикліне қосылады.

36. ЦТК.Үш карбон қышқылының циклы және оның биологиялық мәні. Никотинамидті коферменттер – жасушадағы тотықсыздандырғыш эквиваленттің негізгі көзі.

Үш карбон қышқылы циклі

 

Үш карбон қышқылының циклі

 

 

Коферменттерге активті тобы бар витаминдер - тиаминпирофосфат (В1 витаминінің туындысы), никотинамидті коферменттер (РР витамині бар) жатады.

• Дәрумен РР (В5) - никотинамидадениндинуклеотид (НАД)

НАД

 

 

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!