Глюконеогенез. Схемасы. Маңызы.



33. Глюкозо-6-фосфаттың тотығып ыдырауы. (пентофосфаттық жол жəне оның мəні).
50-жылдары глюкозаның СО2 мен рибозо-5-фосфатқа дейін ыдырайтыны жөнінде басқа жол анықталды. Бұл жол - пентозо-фосфат процесі деп аталады, немесе гексозо-монофосфаттық шунт деп, немесе Глюкозо тотығуының пентоздық циклі деп аталады. Реакция цитрзольда жүреді. Бұл реакцияның бағалығы мынада: глюкозаның тотығуы барысында маңызды екі зат -НАДФН жəне рибулозо-5-фосфат түзіледі. НАДФН мен НАДН арасында үлкен айырма бар. НАДН коферменті тыныстану тізбегінде тотығады жəне АТФ генерацияланады. Ал НАДФН өзінің электрондарын тыныстану тізбегіне бермейді, ол стероид гормондарын жəне май қышқылдарын синтездеуге электрондар мен протондар береді.
1. Глюкозо -6-фосфаттың дегидрленуі. Глюкозо-6-фосфат-дегидрогеназа ферментінің əсерімен глюкозо-6-фосфат 6-фосфоглюкон қышқылына дейін тотығады. Ең алдымен 6-фосфоглюкон-сигма-лактон түзіледі.Ол зат тұрақты емес, өзіне Мg2+ қатысында лаатоназа ферменті катализдейді.

2. Рибозо-6-фосфаттың түзілуі. НАДФ+ қатысуы арқылы 6-фосфоглюкон қышқылы дегидрлену жолымен тотығады. Бұдан кейін фосфопентозоизомераза ферментінің əсерімен измерленіп, рибозо-5-фосфатқа айналады:
(Аяжан, сюда #2 фотка)

Көбінесе реакция осы стадиясында аяқталады жəне рибозо -5-фосфат нуклеотидтер синтезі үшін пайдаланылады. Цитоплазмада бірқатар ферменттер бар, олар пентозо-5-фосфатты катализдейді, басқа көмірсуларға - фосфатты қосылыстарға айналдырады. Бұл кездегі реакциялар барлық стадияларында қайтымды. Сондықтан пентозо-фосфат циклындағы ферменттердің əсер етуімен глюкозо -6-фосфаттың 6 молекуласы тотыққан кезде глюкозо -6-фосфатың 5 молекуласы қалпына келеді де, бір молекула ғана жоғалып кетеді:

Глюкозо-6-фосфат+12 НАДФ+ = 6СО2+12 НАДФН+12Н+ + Н3РО4.
Молекула теңдеуіне қарағанда, пентозофосфат циклында глюкозаның бір молекуласы тотығады да, 12 молекула НАДФН жəне 6 молекула СО2 түзіледі.

 

34. Гликоген биосинтезі

Гликоген гликогенсинтетазының ферментті синтезі «а» (белсенді формасы), цАМФ-тәуелді протеиндер белсенді емес гликогенсинтетазының формасына өтеді.

Гликоген синтезі үшін глюкоза қалдықтарына донор рөлін УДФ – глюкоза атқарады, онда глбкозо-1-фосфат-уридилтрансфераза ферменті әсерінен УТФ-дан глюкозо-1 фосфат түзіледі.

Глюкозо-1-фосфат + УТФ УДФ-глюкоза+Н3PO4

Одан әрі, гликогенсинтетаздың (1,4-гликозилтрансфераза) әсерімен УДФ-глюкозасының глюкоза қалдықтарынан олигосахаридті фрагментке өтеді (гликоген-шүрпі).

Глюкоза қалдықтары бір-бірімен 1-4 альфа-гликозидті байланыс түзетін түзу гликогенді тізбек синтезделеді.

УДФ-глюкоза + n(глюкоза) УДФ + (1,4) – гликоген

Бұл әрекеттердің нәтижесі гликоген молекуласының өрбуінен тұрады: - амило-1,4 1,6 гликозилтрансфераза.

(1,4)-гликоген (1,4) – (1,6) - гликоген


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!