Көмірсулардың стереозомериясы.Көмірсулардың өзара айналымы.



1. Моносахаридтердің стериоизомериясы.

Моносахаридтердер құрылымдық формуласы бойынша көп изомерлері болып келеді, себебі олардың құрамында бірнеше хиральдық орталық болады. Мысалы, альдопентозаларда үш хиральдық орталық болғандықтан, N = 23 = 8 (4Д+ және 4L-).

Әр стереоизомердин кенистик курылысын D және L арпимен белгилейди.

Моносахаридтердің салыстырмалы конфигурациясы глицерин альдегидімен (эталон) салыстырып, анықталады. Альдопентозалардың соңғы хиральдық атомы болып С-4, ал альдогексозаларда С-5 саналады. Егер осы хиралдық көміртегі атомының конфигурациясы Д-глицерин альдегидінің конфигурациясымен сәйкес келсе, моносахаридті Д-қатарға жатқызады. Егер ен кашыктыктагы комиртеги ассиметриялыкатомына жалгаскан гидроксильдик топ формулада он жакка орналасса, ондай көмірсуды D-катарга, ал егер сол жакка орналасса L-катарга жаткызады.

 

2. Көмірсулар алмасуы – тірі организмдерде жүретін көмірсулардың қорытылу, ыдырау, сіңірілу, сондай-ақ, олардың басқа қарапайым заттардан биологиялық түзілу процестерінің жиынтығы. Көмірсулардың қорытылуы, сінуі, глюкозаның жұмсалуына келетін болсақ, Көмірсулардың жасушада ыдырауының бастапқы сатысы –анаэробты ыдырау. Бұл ұрдіс көбінесе бұлшық еттерде жүреді.

Гликолиз (егер ыдырау гликолиздан басталса) немесе гликогенолиз (егер ыдырау гликогеннен басталса) ферменттердің қатысуымен жүретін 10 түрлі
реакциялардан тұрады. Шартты түрде гликолизді үш кезеңге бөлуге болады:

1. Қарапайымдалу кезеңінде көмірсулар - АҮФ-ның көмегімен белсендіріліп (1,2,3,4 реакциялар) биологиялық тотығуға қажетті субстрат 3 глицероальдегидфосфат түзіледі. Егер де анаэробты тотығу глюкозадан
басталса 1 молекула АҮФ шығындалады.

2. Биологиялық тотығу кезеңінде бөлінген қуат макроэргиялық қосылыстарда (1,3 фосфоглицерофосфат және фосфоэнолпируват) жинақталады.

3. Макроэргиялық қосылыстардың байланысында жинақталған
қуаттың АҮФ молекуласына тасымалданып сақталуы және гликолиздің соңғы өнімдері түзілуі кезеңі.

Сонымен гликолиз ұрдісінің мәні мынада: белсендірілген глюкоза
молекуласы 2 молекула сүт қышқылына айналып, ол кезде бөлініп
шығатын қуаттың бір бөлімі жылуға, екінші бөлімі АҮФ молекуласының
макроэргиялық байланысында жинақталады. Көмірсулардың аэробты тотығуы.

Ағза жасушасында қуат бөлінуінің негізгі жолы - аэробты тотығу.
Көмірсулардың аэробты тотығуының жалпы қорытынды реакциясы:

 

С6Н12О6+6О2+36Н3РО4+36АДФ----> 6СО2 + 42Н2О+36АҮФ

 

Глюкозаның аэробты (оттекті) тотығуын () шартты түрде 3
кезеңге бөлуге болады.

І-ші кезең - глюкозаның 2 молекула пирожүзім қышқылына
дейін ыдырауы (гликолизбен бірдей). Бұл кезеңде 8 молекула АҮФ пайда
болады.

ІІ-ші кезең пирожүзім қышқылының тотыға декарбоксилденуі
(СО2-бөлінуі, НSКоА әсерінен белсендірілуі) арқасында белсенді сірке
қышқылының калдығы - ацетил КоА түзіліп, 6АҮФ молекуласы пайда
болады. Бұл кезеңде өтетін реакциялар үш ферменттің және 5
коферменттің әсерімен өтеді (ТАПФ, липой қышқылы, КоА, НАД, ФАД).

ІІІ кезең - екі молекула ацетил КоА кребс циклінде тотығуы. Бұл
кезеңде 4 түрлі лимон қышқылдары: изолимон, ά - кетоглюторат,
сукцинат, малат биологиялық тотығу ұрдісінің субстраттары болып
табылады. Кребс циклының барысында осы аталған қышқылдардан
бөлінген 16 сутегі атомы тотығу-тотықсыздану ферменттерінің
катысуымен оттегіне беріліп бөлінген қуат 24 молекула АҮФ түзүлуін қамтамасыз етеді. Қорыта айтқанда бір молекула глюкоза толық
ыдырағанда 2880 кДЖ.моль-1 қуат береді. Бұл куаттың бір бөлімі (1569 кДЖ)
жылу ретінде бөлінсе; екінші бөлімі (1З11кДЖ) 36 молекула АҮФ
түзуге жұмсалады. Сондықтан, глюкозаның аэробты жағдайда
ыдырауынан бөлінген қуаттың тиімділігі орта есеппен 50-55%.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!