Генетикалық код ерекшеліктері. Генетикалық код мінездемесі мен қасиеттері.



1)Генетикалық код

Нуклеотидтер мен амин қышқылдарының реттілігі арасындағы ақпараттық байланыс генетикалық кодтың көмегімен жүзеге асады.генетикалық ақпарат ДнК-дан мРНК-ға көшірілетіндіктен,генетикалық код мРНК-дағы азоттық негіздер реттілігін белок құрамындағы аминқышқылдарымен тікелей байланыстыру тиіс екендігі түсінікті болды.түзілетін белок молекуласына қай аминқышқылының барып орналасатындығын анықтайтын генетикалық ақпарат бірлігін кодон деп атайды.мРНК-ның трансляция процесі кезінде түзілетін белок құрамына 20 аминқышқылы енуі үшін мРНҚ құрамына кем дегенде 20 түрлі кодондар болуы қажет.

Генетикалық кодтың жалпы қасиеттері мутация пайда болуының молекулалық заңдылықтарын зерттеу арқылы анықталған болатын.бұл осындай қасиеттер

-генетикалық код әмбебап яғни генетикалық код барлық тірі организмдерге тән

-генетикалық код триплетті яғни,әр аминқышқылын үш нуклеотид кодтайды

-генетикалық код бүркемелденбейді яғни көршілес триплеттерде ортақ негіздер болмайды

-генетикалық кодта жеке триплеттер арасында қандай болмасын шектелу белгілері болмайды

-генетикалық кодтың оқылуы сызықтық ретпен жүреді және колинеарлығымен сипатталады,яғни мРНК-дағы кодондардың орналасу реті түзілетін белоктағы аминқышқылдарының ретімен сәйкес келеді

-генетикалық код түбірімен өзгереді яғни,әр аминқышқылына бірнеше кодон сәйкес

-әр аминқышқылына аргининнен басқа кодондар саны оның белок молекуласындағы кездесу жиілігіне сәйкес корреляцияланады


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!