Аминқышқылдарының қайта аминдеу реакциясы. Аминқышқылдарды декарбоксилдеу. Биогенді аминдердің рөлі



Трансаминдеу биологиялық ыдырау және аминқышқылдар синтезінде басты рөл атқарады. Қайта аминдеу реакциясы А.Е.Браунштейн мен М.Г.Крицман ашқан, яғни аминотопты аминқышқылдан кетоқышқылға тасымалдау, кейін ол өзі аминқышқылға өзгереді. Реакция аминотоптардың аралық тасымалдаушысы болып табылатын простетикалық топ ретінде қызмет ететін фосфопиридоксалі бар трансаминаза ферменттерімен катализденеді. Аминотопты қосып алған фосфопиридоксаль фосфопиридоксоминге айналады. Бұдан аминотопты кетоқышқыл қабылдап алады.

· Аминқышқылдардың карбоксилді топтарының СО2 күйінде ұсақталу процесі декарбокилдену атауына ие болды. Аминқышқылдардың жануар ұлпаларында декарбоксилдеу әсеріне ұшырауынан реакцияның өнімдері – биогенді аминдер пайда болады.

Тірі ағзаларда аминқышқылдарды декарбоксилдеудің 4 типі ашылған:

1. α-декарбоксилдеу- жануар ұлпаларына тән, аминқышқылдардан α-көміртекпен көрші тұрған карбоксил тобын ұсақтап алу. Реакцияның өнім-і: СО2,биоогенді аминдер.

2. ώ- декарбоксилдеу-микроағзаларға тән.Мысалы, аспарагин қышқылынан α-аланин түзіледі.

3. Трансаминдеумен байланысты декарбоксилдеу. Нәтижесінде альдегид пен алдыңғы кетоқышқылға сай келетін жаңа аминқышқыл.

4. Екі молекуланың конденсациясымен байланысты декарбоксилдеу.

Бұл реакция жануарлар ұлпаларында глициннан δ-амин-левулин қышқылы мен сукцинил-коА синтезі мен сфинголипидтердің синтезінен, ал өсімдіктерде биотин синтезінен болады.

 

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!