Реакцияның жылдамдығы Х град С



0-40С шамасында коэффициент Q10 ферментативті реакцияның коэффициенті екіге тең.

Басқаша сөздермен айтқанда, неғұрлым температураны 10 градусқа көтерген сайын, соғұрлым ферментативті реакцияның жылдамдығы еселенеді.

Ферментативті реакцияның қарқынды белсенді қабілеттін қамтамасыз ететін температура - оптималды температура деп аталады.

Денатурация кезеңінің басталысымен реакцияның жылдамдығы нөлге дейін төмендейді.

рН-ортаның әсері:

Қалыпты температура барысында кез-келген фермент, рН ортаның белгілі диапазонында қарқынды белсенділікке ие болады.

рН-орта мағынасы – реакцияның максималды жылдамдықта жүруін білдіреді.

рН-ортасының төмен немесе жоғары деңгейінде ферменттердің белсенділігі төмендейді.

Мысалы, оптимум рН орта пепсин үшін = 2,00; сахароза үшін = 4,5; амилаза сілекейі үшін = 6,8; каталаза үшін= 7,6; липаза үшін = 9,0.

Субстрат концентрациясының фермент белсенділігіне әсері:

- Субстрат концентрациясын ұлғайтқан сайын ферментативті катализдың жылдамдығы ұлғайып, максимум (Vmax) деңгейіне дейін жетеді және өзгермейді.

Фермент концентрациясының әсері:

- Жоғары субстрат концентрациясы және тұрақты температура кезінде, рН орта, ферментативті реакциялардың жылдамдығы (Е) фермент концентрациясына пропорционал болады. Фермент концентрациясы неғұрлым ұзарған сайын, соғұрлым реакция жылдамдығы ұлғаяды.

Ферменттердің белсенділігін ұлғайтатын, сәйкесінше, ферментативті реакцияның жылдамдығын белсендіретін заттар – активаторлар деп аталады. Металл иондары, ферменттер кофакторлары, субстраттар ферменттердің белсенділігін арттыра алады. Ферменттердің белсенділігін төмендететін заттар ингибиторлар деп аталады.

Михаэлис — Ментен теңдеуі — фермент көмегімен катализ жүрген реакцияның жылдамдығының субстрат концентрациясынатәуелділігімен сипатталатын, ферментативті кинетиканың негізгі теңдеуі. Теңдеу атауы — алғаш ашушылар — Леонор Михаэлиспен Мод Леонора Ментеннің құрметіне берілген. Михаэлис теңдеуін қанағаттандыратын қарапайым теңдік.

Жалпы теңдік:

 

Мұндағы:

-реакцияның максимал жылдамдығы.

-Михаэлис тұрақтысы.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!