Жасушадағы катилиздік процесстер. Ферменттердің құрылысы мен қасиеттері. Кофакторлар мен коферменттер жіктелуі.



Фермент дегеніміз- белоктық зат, ол организмдегі түрлі химиялық реакцияларды тездеуші. Химиялық реакциялардың жүрісін тездетушілерді катализаторлар деп айтады. Осыған сәйкес ферменттерді биологиялық катализаторлар деп те атайды, өйткені, олар тірі материяда әрекет жасайды. Фермент (лат. Fermentum- ашу, en-ішкі, zyme- ашытқы) деген сөз де қолданыладын. Ферменттерді және олар катализдейтін реакцияларды зерттейтін биохимия бөлімі энзимология деп аталады. Фермент дегеніміз биохимиялық реакциялар кезінде катализдік активтілік көрсететін белоктар екені белгілі болды.

Қарапайым ферменттер дегеніміз - қарапайым белоктар, олар гидролиз кезінде амин қышқылдарына ғана ажырап бөлінеді. Қарапайым ферменттерге мыналар жатады: рибонуклеаза, пепсин, трипсин, химотрепсин, папаин, амилазалар және гидролаза класына жататын басқа да ферменттер.

Күрделі ферменттер дегеніміз- күрделі белоктар. Күрделі ферменттер екі бөліктен: белоктық және белоктық емес бөліктен тұрады. Ферменттердің белоктық бөлігі апофермент деп, ал белоктық емес бөлігі простетикалық топ немесе кофактор деп аталады. Апофермент кофакторсыз активті болмайды. Күрделі ферменттердің кофакторлары металл иондары немесе белоктық емес органикалық заттар. Мұнда металл иондары активаторлар деп аталады. Активаторлар мына иондар: Na+, K+, Fe2+, Cu2+, Co2+, Zn2+, Mg2+, Mn2+,Ni2+.

Кофактор белоктық емес зат болғандықтан кофермент деп аталады. Кофермент (лат.Ко- бірге және фермент деген сөзден шыққан)- құрамында белок жоқ органикалық қосылыстар, олар апоферментпен тығыз байланысқан. Ферменттің мықты байланысқан кофакторы- простетикалық топ. Коферменттер- төменгі молекулалы заттар, олар жоғарғы температураға төзімді келеді және ферменттің белоктық бөлігінен оңай ажырайды. Көптеген коферменттер витаминге жатады немесе витаминдер туындысы болып табылады.

Коферменттер НАД+ және НАДФ +

1. Никотинамиднуклеотидті немесе пиридиндік коферменттер. (НАД+ никотинамидадениндикунлеотид, НАДФ + никотинамидадениндикулеотидфосфат) Бұл коферменттердің активті бөлігі никотинамид (РР витамині) болып табылады, оның молекуласында пиридин сақинасы бар және ол пиридиндік кофермент деп аталады.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!