Ферменттер.Ферментативті еакцияның жылдамдығы.



Ферменттер дегеніміз белоктықзат,ол организмдегі түрлі химиялық реакцияларды тездетуші.Химиялық реакциялардың жүрісін тездетушілерді катализаторлар деп атайтыны белгілі.Осыған сәйкес ферменттерді биологиялық катализаторлар деп атайтыны белгілі.Бөліп алынған таза фермент өзінің ферменттік активтілігімен бағаланады.

Фермент дегеніміз — белоктық зат, ол организмдегі түрлі химиялық реакцияларды тездетуші. Химиялық реакциялардың жүрісін тездетушілерді катализаторлар деп атайтыны белгілі. Осыған сәйкес ферменттерді биологиялық катализаторлар деп те атайды, өйткені, олар тірі материяда әрекет жасайды. Фермент (латынның тілінде fermentum — ашу деген мағына береді) деген терминмен қатар әдебиетте энзим (грек тілінде — enzym, en — ішкі, zyme — ашытқы деген мағына береді) деген сөз де қолданылады.

Ферменттерді және олар катализдейтін реакцияларды зерттейтін биохимия бөлімі энзимология деп аталады. Ферменттер жөніндегі ілім қалай дамыды? Фермент қатысатын процестермен адам өте ерте кездерден бері-ақ таныс болатын. Тіпті ерте заманнын. өзінде-ақ қантты заттарды ашыту жолымен спирттік ішімдіктер алғаны белгілі. Ферменттер қатысатын про-цестерді ғылыми тұрғыдан зерттеу XVII ғатрдык орта кезінен басталады. Осы кезде Гельмонт қанты бар сұйық заттардың ашуы ерекше қоздырушылар көмегімен жүріетінін анықтаған. Осыдан кейін Лавуазье ашу кезінде қант түгелдей көмір кышқыл газға және спиртке айналатынын аныктады.

XIX ғасырдың ортасында кейбір фермент препараттары (уыт-тан — амилаза, карын сөлінен — пепсин, т. 6.) бөлініп алынды. Сөйтіп, катализ және катализаторлар жөніндегі ілім жарықка шықты (Берцелиус және басқалар). Бұл кезде атқарылған зерттеу жұмыстары ферменттердің химиялық зат екенін, олардың негізі биологиямен байланысты екенін дәлелдеді


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!