Белоктар. Белоктардың құрылысы. Пептидті байланыс және оның сипаттамасы.



Белоктар -өзара ковалентті пептидтік байланыстармен байланысқан аминқышқыл қалдықтарынан тұратын полимерлі молекулалар (полипептидтер). Белок құрамына әр түрлі 20 аминқышқылдары кіреді. Ақуыздар – амин қышқылдарының гидролизі кезінде пайда болатын жоғарғы молекулалық полимерлі қосылыстар. Жануарлар ағзасында ақуыздар құрамы 40-50 % дейін және өсімдіктерде 20-35% дейін

Пептидтік байланыс бір амин қышқылының карбоксил тобы мен келесі аминқышқылының амин тобы арасындағы химиялық байланыс нәтижесінде құрылады

4)Белок молекулаларының ұйымдастыру деңгейлері: бірінші реттік, екінші реттік, үшінші реттік, төртінші реттік құрылымы.

Полипептидтік тізбектегі әртүрлі аминқышқылдар қалдықтарының бір-бірімен кезектесіп пептидтік байланысу ретін нәруыздың бірінші реттік құрылымы деп атайды. Көптеген полипептидтер тізбегі 300-ден 500-ге дейін аминқышқылы қалдығынан тұрады. Алғаш рет 1954 жылы Ф.Сенгер нәруыз инсулин гормонының аминқышқылы қалдығының реттілігін анықтады. Екіншілік құрылымы —біріншілік құрылымның кеңістікте орналасуы.Ол ά-спираль и β-құрылым болып бөлінеді. Белок молекуласындағы барлық атомдардың үш өлшемді кеңістікте жалпы орналасуын белоктың үшінші деңгейдегі құрылысы деп айтуға болады. Полипептид тізбегінде бір-бірінен алыс және екінші деңгейдің әртүрлі құрылымдарында тұрған амин қышқылдары белоктың үшінші деңгейінде өзара әрекеттесе алады. Полипептид тзбегіндегі иілімдердің орны, бағыты және ілгектердің құрылуы пролин, треонин, серин және глицин секілді майысу туғызатын амин қышқылдарының саны мен орналасуымен анықталады. Төртіншілік құрылымы - бірнеше ақуыздық тізбектердің қосылысы "суперглобулда" ақуыздың төртіншілік құрылымы деп аталады. Мысал: гемоглобин екі b және екі a тізбектен тұрады. Егер ақуыздың төртіншілік құрылымы бірдей тізбектерден құралған болса, онда ол әдетте симметриялы болып келед
Ақуыз — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі организмдерге тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан құралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз организмдер тіршілігінде олардың құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы әртүрлі және өте маңызды қызмет атқарады. Ақуызды зат - құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс.

Ақуыздар гидролизденгенде а-аминқышқылдарының қоспасы түзіледі. Әрбір организмнің өзіне тән ақуыздары бар. Барлық ақуыздар 20-дан астам әртүрлі а-аминқышқылынан құралады. А-аминқышқылдарының жалпы формуласы:

R—CHNH2—COOH


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!