Аминқышқылдарының құрылысы және классификациясы.



Аминқышқылдары- белоктардың құрылымдық компоненті ретінде.

Аминқышқылдарының құрылысы және классификациясы.

1. Аминқышқылдары(а.қ) дегеніміз – молекуласында карбоксил (-COOH) және амин (-NH2) топтары бар органикалық қышқыл. Барлық тірі организмдердің, бактериялардан бастап адамға дейін, белоктар құрамына 20 а.қ тұрады. 1820 жылы Браккона екі а.қ ашты – желатиннен глицинді, бұлшық еттен – лейцинді.

2. R CH COOH

NH2 А. қ жалпы формуласы. Табиғаттар α β γ жағдайда және басқа да кездеседі. Табиғи белоктарда α а.қ. табылған. Ондай қышқылда амин тобы (- NH2) карбоксил тобынан кейінгі бірінші көміртек атомымен байланысады.

Хмиялық құрамына және бүйірлік топтардың құрылымына қарай а.қ полярлы (гидрофилбді), полярсыз(гидрофобты) деп жіктеледі. Оларды бейтарап, қышқылдық, негіздік а.қ деп бөледі.

Полярлы а.қ – зарядталған бөлшектер түзей алатын, басқа да полярлы затпен байланыса алатын, мысалы су молекуласын қосып алатын.

Полярсыз бейтарап а.қ. – заряды жоқ, су молекуласын қосып ала алмайды, бірақ басқа полярсыз молекулалармен байланыса алады.

Гидрофильді а.қ. – су молекуласын қосып алатын қасиеті бар.

Гидрофобты а.қ. – полярлы молекулаларды кері тебеді, су молекуласымен байланыса алмайды, ал басқа полярсыз қосылыстармен әрекеттесе алады.

Фунциональды топтары бойынша а.қ. жіктеу:

Альфатикалық (глицин, аланин, валин, изолейцин, лейцин)

Ароматикалық (фенилаланин, тирозин)

Гетероциклді (триптофан, гистидин)

Иминоқышқылды (пролин, оксипролин)

Күкіртті а.қ. (метионин, цистеин)

Гидроксиқышқылды (серин, треонин)

Диаминомонокарбонқышқылды (аргенин, лизин, глутамин, аспарагин)

Моноаминодикарбонқышқылы (аспарагин және глутамин қышқылы)


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!