Олғапты кию және шешу



Қолғапты кию ережесі:

1.Оралған қолғапты ашыңыз

2.Қолғаптың шетін сол қолыңызбен сыртқа қарай қайырып,қолғаптың іш жағына саусағыңызды тигізбей алыңыз

3.Оң қолыңызды саусақтарын қусырып,қолғабыңыздың ішіне кіргізіңіз4.Оң қолыңыздың саусақтарын ашып,қолғаптың қайырған жағын бұзбай қолғапты таптып кигізіңіз5.Қолғап киілген оң қолдың 2,3,4

саусақтарын сол қолғаптың қайырылған жағының астына кіргізіңіз,сол жақ қолғаптың 1-ші саусақ жағы оң жақ қолдың 1-ші саусағына бағытталып тұру керек

6.Сол қолғаптың оң қолдың 2,3,4 саусақтарын тігінен ұста

7.Сол қолдың саусақтарын қусырып қолғаптың ішіне енгізіңіз

8.Сол қолғаптың қайырылған шетін дұрыстап жеңге қарай тартыңыз,сосын оң қолдың 2-3 саусағының көмегімен қолғаптың қайырылған ұшын дұрыстаңыз.

Қолғапты шешу тәртібі

1.Сол қолғаптың шетін сыртқа қарай оң қолдың саусақтарымен қайырыңыз

2.Оң қолғаптың шетін сыртқа қарай сол қолдың саусақтарымен қайырыңыз

3.Қайырылған жағын ұстап іштен сыртқа қарата айналдырып,сол қолдың қолғабын шешіңіз

4.Оң қолға сол қолдың қолғабын ұстаңыз

5.Оң қолдың қолғабының шетін қайырып,ішкі жағын сол қолмен алып,оң қолдың қолғабын іштен сыртқа қарата айналдыра шешіңіз,сол кезде сол қолғап оң қолғаптың ішінде қалады 6.Екі қолғапты да зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа немесе ылғал өткізбейтін қапшыққа салыңыз.

З бетімен халат киген кезде мейірбекенің іс-әрекетінін алгоритмі

Стандарті№15

Көрсеткіші: Операция кезінде асептиканы сақтау үшін

Құжаттар:

Операциялық жабдықтары бар бикс;

Тану материялдары бар бикс;

Залалсыздандыралған лоток, корнцанг;

Қолды өңдеу үшін антисептикалық ертінділер;

Бикске арналған подставкалар

Іс-әрекеттің алгоритмі:

1. Подставкаға операциялық жабдықтары бар залалсыздандырылған биксті орналастыру.

2. Сыртқы бейнесіне қарап бикстің залалсыздандыруын маркировкасын тексеру.

3. Көмекші немесе педаль көмегімен биксті ашу.

4. Залалсыздандыру индикаторларын залалсыздандырылған корнцанг арқылы алып, жағдайын тексеру.

5. Залалсыздандырылған корнцанг арқылы ақ жайманың ішкі қабаттарын ашып тастау (бикстің шеттері жабық тұру керек)

6.Залалсыздандырылған корнцанг арқылы ашық бикспен залалсыздандырылған косынканы немесе колпакты алу.

7. Колпакты немесе косынканы киіп шаштарды жабу керек.

8. Залалсыздандырылған корнцанг арқылы масканы алып жіптерін байлау (төменгі бөлігін –бастың төбе сүйек аймағында, жоғарғы бөлігін –шүйде аймағында)

9. Бикстің қақпағын жабу

10. Қолды ағынды сумен жуып, кептіру, антисептікпен өңдеу

11. Көмекші немесе педаль көмегімен бикстің қақпағын ашу,қолмен оралған халатты алу.

12. Мойын жағынан халатты ұстап турып, халатты ашу(залалсыздандырылған халаттың сыртқы жағы киімге, көрші заттарға тимеу керек)

13. Халаттың ішкі жағын өзіне қарату.

14. Екі қолға халатты кигізу, қолды жоғары көтеру керек, сосын жанына. Көмекші халаттың ішкі жағынан ұстап дұрыстайды, байламдарын байлайды.

15. Қолдағы байламдарды өз бетімен байлайды, басында сол қол, сосын оң қолды.

16. Байламдарды халаттың жеңінің ішкі жағына салады.

17. Оң жақ қалтадан белдікті алып, 30см арақашықтықта ұстап, әр жақ шетінен 15см-ден қалдырып отырып.

18. Көмекшіге белдікті әперу (шеттерін ақырын алады,белдікті халаттың беліне байлайды.

19. Бикстегі оралған қолғаптарды ашады.

20. Сол жақ қолмен қолғапты алып, астына еңгізеді, II,III,IV-V саусақтарды жауып, I саусақпен қолғаптың ішкі жағын ұстап тұрып

21. Оң жақ қолдың саусақтарын қолғапқа еңгізу, сол жақ қолмен қолғаптың бас жағын ұстап жабу.

22. Оң жақ қолдың саусақтарын ашып,қолғапты саусақтарға тартып кигізу

23. Қолғапты халаттың манжетіне кигізу

24. Қолғапты оң қолымен алып,жаңағыдай әдіспен сол жақ қолға кигізу

25. Залалсыздандырылған үстелді жумысқа дайындау.

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!