Сырқаттан сірке шыққан кездегі жүргізілетін тазалықтар.



Стандарті№7

Әзіртіндер: Кушетка, клёнка, таза іш киімдер тұратын шкаф, кір киімдер үшін керекті күбелер, сабын,белгіленген таза ыдыста сақталатын әркімнің жеке басына қолданатын бірнеше таза жуыну жөкелері қайшы, қырынатын құралдар, зарарсыздану ерітінділері, шелек, швавр, дәрігер, халат, қалпақ немесе ақ жаулық.

алгоритм әрекеті:

1.Сырқатты кушеткаға отырғызып, шашын 27°-қа дейін қыздырылған 30%- тік сірке суының ерітіндісін басына жағады.

2. 20 минут шашын жаулық немесе орамалмен байлап қояды.

3. Шашын бит тарақпен тарайды.

4. Шашты тазалап жуады.

5. Шашты құрғатып тарайды.

Ескерту: Сырқатты дезинсекция жасап болғаннан кейін сол бөлмені немесе басқа қолданған нәрселерді, сол дезинсекция ерітінділерін гидропульд арқылы тазалау керек. Мысалы: бөлмеге, сырқатты санитарлық тазалық жасаған кезде киген халатын, жаулығын басқа киімдерді қапшыққа салып, жинап залалсыздандыру камерасына жіберіледі.

Ниттифор ерітіндісімен тазалау.

1. Шашты 0,15 % сулы-спирті «Ниттифор» ерітіндісіне мақта немесе дәке тампонын дымқылдатып, сүрту керек.

2. Басты косынкамен байлау керек.

3. 40 минуттан кейін ағынды сумен сабындап шаю керек.

4. Шашты бит тарақпен өдген биттерді алып тастау керек.

Ескерту:

● Препарат отқа қауіпті, сондықтан ашық от жанып тұрған жерде қолдануға болмайды.

● Препараттың көзге, мұрынға, ауызға, тимеуін байқау керек, егер тиген болса, ағынды сумен шаю қажет.

 

Ауыр науқасты тасымалдау.

Стандарті№8

-Сырқатты бөлімшеге бірнеше жолдармен тасымалдауға болады;
-Тасымалдау түрі туралы мәселені дәрігер шешеді;
-Жай-күйі қанағаттанарлық сырқатты палатаға медициналық қызметкерлер шығарып салады;
-Бір қатар жағдайларда сырқатты бөлімшеге дейін кресло каталкаға сырғатып апарған жөн;
-Ауыр науқастарды бөлімшеге арнайы каталкаларға орнатылған зембілдермен тасымалдайды;
-Әрбір каталка маусымына қарай таза ақ жаймамен жабылып,көрпемен жабдықталып төселуі тиіс;
-Ақ жайманы әрбір сырқаттан кейін ауыстыру керек;
-Көрпені желдетіп алады,ал жұқпалы аурулардан кейін залалсыздандырады;
-Қазіргі кезде тежеуіші бар зембіл –каталкалар шығарылған;
-Лифт жоқ жерде ауыр науқасты н\се адам зембілмен көтеріп шығарады.
Зембілдің аяқ жағын көтеріп алдымен шығарады;
-Қазіргі кезде көптеген ауруханалар арнайы тасымалдау құралымен қамтамасыз етілген.Олар сырқатты қабылдау бөлімшесінен қашық тұрған корпусқа жеткізу үшін пайдаланылады;
-Қозғалуға болмайтын ауыр науқастарды зембілден төсекке еппен белгілі бір ережелерді сақтай отырып жылжытып салады;зембілдің аяқ жақ шетін кереуеттің бас жағына қою қажет.
-Егер бөлме тар болса,зембілді кереуетке жақындатып қояды да, медициналық қызметкерлер зембіл мен кереует арасында ауруға бетін беріп тұрады;
-Ыңғайсыз артық қимылдар жасамау үшін зембілді кереуетке қалай дұрыс келтіре керегін алдын ала ойластырған жөн.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!