Науқасты зембілде тасымалдау



Әзірлеңіз: каталканы, зембілде.

Алгоритм іс-әрекеттері:

1.Каталканың (зембілдің бас жағын кушетканың аяқ жағына келтіріп қояды)

2.Науқас қасына бір жағынан 3 кісі қатар тұрады

А. Бірінші кісі қолын науқастың басы мен жауырының астына жібереді.

Б. Екінші кісі қолын науқастың жамбасынан және санынан ұстайды.

В. Үшінші ксі аяқ жағынан ұстайды.

3.Науқасты көтергеннен кейін онымен бірге каталканы немесе зембілді 90° ке бұрады.

4.Науқасты зембілге немесе каталкаға жатқызып үстін жабады.

5. Бөлімге халі ауыр науқас жіберілген туралы хабар береді.

6. Мейірбике бөлімге науқасты және ауру тарихын алып барады.

7.Бөлімде каталканың немесе зембілдің бас жағын керуеттің аяқ жағына қойып, үшеулеп науқасты көтеріп 90° ке бұрып керуетке жатқызады.

Ескерту: науқасты тасымалдағанда өте тез жүрмей зембілді көлдеңінен ұстап жайлап жүру керек. Егер біреулері шаршаса науқасты түсіріп алмау үшін тез екінші кісіні шақырады.

Тасымалдаған кезде науқастың қал жайып сұрап тұру қажет.

Науқасты кресло-каталкамен тасымалдау.

Әзірлеңіз: кресло-каталканы:

Алгоритм іс-әрекеттері:

1.Санитарка науқасты аяққа арналған тіреуге отырғызып, сосын оны жайлап сосын оны жайлап ұстап кресло-каталкаға отырғызады.

2. Кресло-каталканы төмен түсіріп, бұрынғы жағдайына келтіріңіз.

3. Кресло-каталканы алып келе жатқанда науқастың қолы кресло-каталканың шынтақшасынан артық шықпауын қадағалау керек.

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!