Гигиеналық себізгі (душ) қабылдау



Стандарті№2

Әзірлеу: жөке,сабын,ваннаны өңдейтін құралдар,ваннаға қоятын отырғыш үстел,орамал н\се жайма,таза киім.

Алгоритм әрекеттері:

1. қолыңызды жуыңыз,құрғтыңыз,резеңке қолғап киіңіз.

2. Ваннаға отыратын үстелді,3%хлоромин ер-н 2рет 15 минут аралығында өңде.

3. Ваннаны,отыратын үстелді ыстық сумен шайыңыз.

4. Науқасты ваннадағы үстелге отырғызыңыз.

5. Науқасты сабындалған жөкемен жуығыз.

6. Алдымен басын,кеудесін,арқасын,қол-аяғын содан соң шат аралығын.

7. Жылы сумен шайындырыңыз.

8. Жуындырып болғаннан кейін науқасты ваннадан шығуына көмектесіңіз.

9. Науқасты құрғатып сүртіп,киінуіне көмектесіңіз.

10. Бөлмесіне шығарып салыңыз.

11. Ванна мен душқа қолданған құралдарды өңдеңіз.

12. Кір киімдерді қапқа салып,оны кір жинайтын бөлмеге жіберіңіз.

Сулап сүртіндіру

Стандарті№3

Егер науқасқа бөлшектеп сулап сүртіндіру әрекеттері тағайындалған болса,онда мыналарды әзірлеу керек:табақпен жылы су,орамал,клеенка,жылы жапқыш.Суға асептикалық(калий перманганат)ерітіндісін қосу арқылы.

Алгоритм әрекеттері:

1. Науқастың астына клеенканы төсеңіз.

2. Науқастың денесін толығымен ашпай,суланған орамалмен жекелеп сулап сүртіндіріңіз де,одан соң құрғатып сүртіндіріңіз,жылы жапқышпен жауып қойыңыз.

3. Ары қарай осылайша денесін жекелеп сүртіп шығыңыз.

4. Науқасқа жүргізілген тазалап-сулап сүрту жұмыс әрекеттері туралы толық мағлұматты ауруханада емделушінің медициналық картасына белгілеңіз.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!