Минеральды заттардың алмасуы(К,Са,Р Nа.S.F, Мд).



Ағзадағы алуан түрлі биохимиялық процестердің іске асуы үшін минералды заттардың маңызы зор. Минералды заттар ағзада жасуша, ұлпалардың күрамына кіреді, олардың жалпы мөлшері салыстырмалы т үрде шамалы ғана - дене салмағының (кебу) 4-10% пайыз, минералды заттар ағза ұлпасында катиондар мен аниондар және ерімейтін түздар түрінде кездеседі. Адам ағзасында кездесетін кейбір минералды заттардың физиологиялық маңызына токталсақ:

Кальций фосфорлы және көмір қышқылды косылыс түрінде сүйекте, қанда, лимфада кездеседі, барлық минералды заттардың 40% пайызын құрайды. Ол қанның ұйуына, бүлшық еттердің жиырылуы мен босаңсуына, көмірсулардың анаэробты жолмен ыдырауын жүргізетін және креатинфосфатты ыдырататын ферменттердің белсенділігін үдетуге қатысады.

Фосфор ағзадағы барлық минералды заттардың 22% пайызын құрайды, оның 80% пайызы сүйекте.кальций фосфаты түрінде кездеседі. Сонымен катар фосфордың ағзада қуат түзілуінде маңызы зор, фосфор қалдығы түрінде макроэргиялық қосьшыстар - АҮФ, АДФ, КРФ, әртүрлі нуклеотидтер күрамына кіреді. Фосфор қышқылынын түздары (NаН2Р04, 2НРО4) буфер жүйелерінің кызметін атқарып ағзадағы қышқыл-сілті. тепе-тендігін бірқалыпты ұстауға қатысады.

Натрий мен калий ағзада хлорлы, қос көмір қышқылды және фосфор қышқылды түздар ретінде кездеседі. Бүл иондар сүйық ортаның осмостық кысым мөлшерін сақтауға, қышқыл-сілті тепе-тендігін сақгауға, жүйке импульсін өткізуге, ұлпаның қозуына, су алмасуын реттеуге т.б. қатысады. Темір ағзада органикалық емес және органикалық қосылыстар ретінде кездеседі. Ол қандағы гемоглобин мен бүлшық еттердегі миоглобиннің құрамына кіреді. Мысалы, қанда, бауырда, мида, аз мөлшерде бүлшық еттерде болады. Ол тотықтырушы каталаза, цитохром, аскорбиноксидаза және лактаза ферменттерінің кұрамына кіреді. Ол гемоглобинді түзуге қатысады.

Ағзадағы сұйық орталардың реакциясын бірқалыпты ұстап тұруда ондағы буфер жүйелерінің маңызы зор. Ағзаның сүйык ортасында кездесетін буфер жүйелерді түзуге әртүрлі минералды заттар: бикарбонаттар, фосфорлы түздар, аммоний түздары, органикалық қышқылдардың натрий немесе калий тұздары қатысады.

Ағзадағы тұздардың алмасуын реттеуге орталык жүйке жүйесімен қоса, бүйрек үсті, қалқанша, қалқанша бездері маңындағы бездердің гормондары катысады.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!