Көмірсулардын жіктелуі, сипаттамасы.



Көмірсулар – барлық тірі организмге негізгі энергия беретін зат және көміртегінің көзі.

Көмірсулардың қызметі:

1. Көмірсулар – өсімдіктер мен жануарлар клеткасы үшін қуат көзі (глюкоза,крахмал,гликоген)

2. Бірқатар көмірсулар өсімдіктер мен бактерия клеткаларының қаңқасы қызметін атқарады.Мысалы: өсімдік клеткаларының қабығы целлюлозаның мықты талшықтарынан тұрады.

3. Моносахаридтер және бірқатар дисахаридтер белоктармен ковалентті байланысып гликопротеиндер, ал олар өз кезегінде липидтермен өзара әрекеттесіп гликолипидтер құрайды. Гликопротеиндер буын аралықтарын майлау қызметін атқарады.

4. Көмірсулардың адам қанының қандай топқа жататынын анықтауда және клеткаларды ажыратын білудегі клетка сыртының рецепторлы қызметі өте маңызды.

Көмірсулар химиялық құрамы жөнінен 3 класқа бөлінеді:

1. Моносахаридтер –қарапайым қанттар,гидролизденбейді:(глюкоза, фруктоза,галактоза,манноза,рибоза,дезоксирибоза ксилоза, арабиноза).

2. Дисахаридтер мен олигосахаридтер - әр молекуласы екі моносахаридтерден тұрады (сахароза, мальтоза, лактоза).Олигосахаридтер дегеніміз-әр молекуласы үш және одан көп моносахаридтерден тұратын көмірсулар.

3. Полисахаридтер - өте күрделі заттар(крахмал, клетчатка, гликоген).

Биологиялық жағынан пентозалар мен гексозалар үлкен маңызға ие.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!