Гармондар. Стероидты гармондардың құрылысы. функциясы



Тірі агзаның әртүрлі мүшелері, ұлпалары мен жасушаларында өтіп жататын көптеген биохимиялық процестер белгілі бір тәртіппен үйлесімді түрде жүруі оларды реттейтін жүйелердің барлығынан. Негізгі реттеуші жүйелер орталық жүйке жүйесі және гормондар (эндокринді жүйе)Бұлардың арасында өте тығыз байланыс бар. ОЖЖ-сі зат алмасу процессін гормондар арқылы реттейді. Гормондар - арнайы ішкі сөлініс бездерінде түзілетін органикалық заттар. Ішкі сөлініс бездерінен (гректің "епdокrіп" - ішке шығарамын) шығатын жол болмағандыктан гормондар қан, жасушааралык сүйыктыққа, лимфаға бөлінеді. Ішкі сөлініс бездері орталық (гипоталамус, гипофиз,эпифиз) және шеткі (қалқанша маңы, ұйқы безі, бүйрек үсті, жыныс бездері) болып бөлінеді. Орталык бездер орталық жүйке жүйесімен тығыз байланыскан, олар шеткі бездердін қызметін басқарады.

Гормондардың қасиеттері:

1. Гормондардың белсенділігі өте жоғары болғандықтан, олардың реттеу әсері өте төмен концентрацияда болады (10-8-10-11 моль)

2. Гормондарға арнайы әсер ету тән, олар зат алмасу процесін нысана-жасуша, нысана-ұлпа арқылы реттейді, себебі ол жасушалар мен үлпаларда сол гормонның рецепторлары болады. Рецепторлар - жасушаныц плазмалық мембранасында орналасқан арнайы белоктар. Жасушада бірнеше түрлі рецепторлар болуы мумкін. Гормондар тиісті рецепторлармен өзара әрекеттесу нәтижесінде әртурлі биохимиялық процестерге әсер етеді, әртүрлі мүшелердің қызметін реттейді.

3. Гормондар қашықтан әсер етеді, мысалы, гипофиз гормондары бүйрек үсті және жыныс бездерінің қызметін реттейді.

Стероидты гормондар липид - холестериинің туындысы, оларға бүйрек үсті безінің гормондары: альдостерон және кортизол; жыныс безінің гормондары: тестостерон, әстрадиол. Стероидты гормондар майда еріп жасуша мембранасы аркылы оңай өтеді, олардың рецепторлары нысана — жасушалардың цитоплазмасы мен ядросында болады.

1. Бүйрек үсті безі қабығынан жасалып шығатын гормондар: кортикостерон, кортизол, альдостерон.

2. Жыныс без гормондары: андрогендер-тестостерон және адростерон; эстрогендер-эстрадиол, эстрон және эстриол.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!