Цитокиндік-антицитокиндік терапияның кейбір асқынулары мен шектеулері



Цитокиндер in vivo орташа дозаларда енгізілсе, олардың қалыпты әсерлерін жүзеге асыруға болады.Бірақ, цитокиндердің әсерінің плейотропты болуынан иммунологиялық үрдістеріне керексіз балама әсерлер пайда болуы мүмкін.Сонымен қатар, цитокиндер иммундық жауабы мен гемопоэзді ғана емес, басқа да биологиялық процестерге қатысады.Солай, олар кардиоваскулярлық, бүйректік немесе бауырлық бұзылыстарды және басқа мүшелер мен жүйелердің қызметтерінің бұзылуын шақыра алады.Мысалы үшін, интерферондар мен ИЛ-2 қабылдаған науқастарда терең шаршау, сөйлеу қабілеті өзгеруі және ұйқышылдықпен әсерлескен гипотиреоидизм қалыптасуы мүмкін.

Ал егер жоғары, токсикалық дозалар егілсе цитокиндердің әсерінің негізі-жергілікті-бұзылады, бүкіл цитокиндік тордың қоздырылуы байқалады.

Төмендегі 8-ші кестеде цитокиндік терапияның нәтижесінде (мысал үшін, қатерлі ісіктерді емдегенде)жиі байқалған асқынулар келтірілген.

Цитокиндік терапияның жиі байқалатын асқынуы болып нейроұлағыштық келеді.

Цитокиндермен емделетін науқастарда екі түрлі нейроұлағыштық әсер байқалады:жедел және оның соңында болатын созылмалы фазалар.Жедел фазада органикалық сиптомдар байқалады – грипп-тәрізді синдром.Бұл синдромға:қызу,тону, бас ауруы, шаршау кіреді.Олар әдетте препаратты қолданған кейін 2-4 сағатта пайда болады да 6-142 сағатқа дейін сақталады.Аталған көріністер емдеудің 1-3 апталарында байқалады.Жедел фазаның ауырлығы препараттың мөлшеріне, қолнау әдісі мен тәсіліне және түріне байланысты болады.

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!