Биологиялық әсері



Нысана жасушалары Биологиялық әсерлер
Жетілген Т-лимфоциттер Т-лимфоциттердің антигентану рецепторлары арқылы Тх2 пролиферациясын қоздыру
Жетілген В-лимфоциттер Олардың плазматикалық жасушаларға айналуын, көбеюін және иммуноглобулиндерді өндіруін қоздырады.
Бастауыш В-лимфоциттер Беткері IgM жетілуі мен экспрессиясын қоздырады
NK-жасушалары Цитотоксикалық әсерін күшейтеді, ИЛ-2-ге арналған рецептордың экспрессиясын, ИЛ-2 және IFN-y өнімін қоздырады
Макрофагтар Фагоцитозды, хемотаксисті, цитотоксикалықты белсендіреді;супероксиданттардың генерациясын шақырады, МНСІІ класс антигендерінің экспрессиясын жоғарылатады, ИЛ-1,ИЛ-6мен ІНФ өнімін қоздырады
Нейтрофилдер Хемотаксис пен дегрануляцияның күшеюі, супероксиданттардың қозуы
Фибробласттар Коллагеназа,стромелизин,ИЛ-6және Г-КСФтын көбеюі мен секрециясын шақырады, циклооксигеназа синтезінің нәтижесінде
  Простагландиндер босатылып шығады (негізгі белоктарға м-РНК ның экспрессиясын тежейді)
Кератиноциттер Басқа цитокиндердің,мысал үшін –ИЛ-6, өнімі мен көбеюін қоздырады.
Эндотелиалдық Жасушалар Көбеюін қоздырады, беткері эндотелиалдық антигендердің экспрессиясын өзгертеді, TNF (ісік некроздаушы фактор) өнімін және адгезия молекулаларының экспрессиясын күшейтеді
Остеокласттар Сүйек резорбциясына себеп болатын протондық помпаны күшейтеді
Хондроциттер Шеміршектің бұзылуына және протеогликандардың бөлінуіне әкелетін металлпротеазалардың өнімін жоғарылатады.
Гепатоциттер Жедел фаза белоктарының өнімін қоздырады, альбуминдердің синтезін төмендетеді, комплементтің С3-компонентінің өнімін жоғарлатады
Гемопоэтикалық бағаналы жасушалар ГМ-КСФпен бірігіп көбею мен пісіп жетілуді қоздырады
Базофилдер мен мес жасушалары Гистаминнің босатылып шығыуын қоздырады
Ұйқы безінің жасушалары Лангерганс аралшалардың в-жасушаларының жойылуы
Ісік жасушалары Жасушалардың жойылуы

 

ИЛ-1-дің биологиялық эффектілерін шартты түрде:иммунологиялық, қабынулық, қан түзулік және жүйе аралық деп бөлуге болады(21-сурет).

ИЛ-1 иммундық жауаптың бастапқы кезеңіне қатысты, соның ішінде ИЛ-1ге арналған рецепторды басым түрде экспрессиялайтын ИЛ-3, 4 және 5-ті өндіретін Тх2-лер болып келеді.Сонымен қатар, ИЛ-1 ИЛ-2нің гендерінің экспрессиясына үлес көрсетеді.Бәлкім, аталған эффектілердің алғашқысы жанама механизмдер арқылы жүзеге асырылады.Мембраналық ИЛ-1 Т-лимфоциттер мен макрофагтардың контакттық әрекеттесуіне қатысады.Басқа цитокиндермен қатар (м.ү.ИЛ-4), ИЛ-1 белсендірілген В-лимфоциттердің пролиферациясын, олардың плазматикалық жасушаларға айналуын және иммуноглобулиндердің изотиптерінің реттелуін бақылайды.ИЛ-2 мен IFN-y –лармен бірігіп NK –жасушаларының белсенділігін жоғарылатады.

ИЛ-1миелопоэз бен эритропоэздің бастапқы сатыларын қоздырады (соңғыларын басады, себебі-эритропоэтиннің антагонисті).Қан түзуге қатысы бар болғандықтан, ИЛ-1дің радиоқорғау әсері бар.ИЛ-1сәулелерге дейін енгізілсе, радиоқорғау әсері пайда болады да, сәулелеуден кейін 5тәулік өткенде енгізілсе, сәулененудің әсерін күшейтеді.

ИЛ-1 қабындырғыш агент ретінде белгілі.Ол қабыну реакциясының жергілікті және жалпы көріністерінің басым санын ынталандырады.Сол бағытта ИЛ-1 қан тамырларының эндотелиіне қан жасушаларының жабысуын жоғарылатады, бірқатар жасушаларға хемоаттрактант болып келеді, қабыну ошағында жасушалардың белсенделуіне көмектеседі, басқа цитокиндердің, простагландиндердің, коллагенмен фибронектиннің өнімін күшейтеді, фагоцитозды, супероксид-радикалдардың өнімін белсендіреді, мес жасушаларының дегрануляциясын шақырады.Аталған барлығы қабыну процессінің экссудативті және пролиферативті бөлімдерінің дамуына себеп болады.

Сүйек және шеміршек тіндердің еруін негіздей отырып, ИЛ-1 қабыну процесінің альтернативті көріністерінің дамуына қатысады.Бірақ, ИЛ-1-дің төменгі концентрациялары остеобласттардың пролиферациясын шақыра алады және қысқа мерзімге коллагеннің синтезін қоздырады.

ИЛ-1 пирогендік фактор ретінде қызбаның дамуын негіздейді.Миелопоэзге әсер етіп, ИЛ-1нейтрофилдік лейкоцитозды шақырады.

1) NK-клеток жасушаларының белсенділігін арттыру;2)полиморфты ядролық нуклеоциттердің (ІІМН)метаболизмінің белсенуі;3)эндотелийдің өткізгіштігінің жоғарлауы;4)макрофагтардың простагландиндер мен цитокиндерді өндіруінің жоғарлауы;5)Тх көбейіп, ИЛ-2 рецепторларын экспрессиялау және цитокиндерді өндіру;6)В-лимфоциттердің пролиферациясы мен антиген өндіруші клеткаға (АӨЖ) айналуы (7).

Сонымен қатар, ол гепатоциттерде қабынудың жедел фазасының белоктарының синтезін күшейтеді.

ИЛ-1 әсерлерінің көпшілігін ИЛ-6мен ІНФ-а – лармен әсерлесіп жүзеге асырады.ИЛ-1 иммундық, жүйке және нейроэндокриндік жүйелердің арасында белгілердің алмасуына қатысады.Ол орталық жүйке жүйесінде жасушаларымен және тамырлық эндотелиймен өндіріледі, сонымен қатар, қан ағысынан мидың ІІІ және ІҮ қарыншаларына өтеді.ИЛ-1 ге арналған рецепторлар ми жасушаларында, әсіресе, қатпарларда, хориоидтық тамырлы өрімдерде, гипокамита, гипофизде табылған.ИЛ-1 пропиомеланокортин тегінің экспрессиясын күшейту арқылы гипоталамус пен гипофиздің бірқатар гормондарының өніміне әсер етеді, тимустың гормоны тимулиннің өнімін қоздырады, пролактиннің өнімін басады, ұйқыны, мінез-құлықтық реакцияларды реттеуге қатысады.

ИЛ-1 бірнеше ингибиторлары белгілі.Олардың біреуі температурасы жоғары адамдардың зәрінен табылған (ИЛ-1-дің фебрилдік ингибиторы, молекулярлық салмағы – 30 000 Д).Бұл ингибитор ИЛ-1-ге арналған рецептормен әсерлесіп цитокиннің әсерлерінің басым санын жоққа шығарады.Екінші ингибитор моноцитарлық лейкозбен ауыратын адамдардың зәрінен бөлініп шығарылған (молек. Салмағы 26 000).ИЛ-1-дің үшінші зәрлік антогонисті- уромодулин (молек. Салмағы 85 000) – жүкті әйелдердің зәрінен табылды.

ИЛ-1 рецепторлық антагонистіне (раИЛ-1) жоғары назар бөлінуде.РаИЛ-ИЛ-1а и ИЛ-1в кіретін тұқымдастықтың өкілі.Оның молекулалық салмағы 17 000 және ол ИЛ-1ге арналған рецепторлармен тұқымдас болып келеді.Бірақ, раИЛ-1 ИЛ-1-дің әсерлерінің көпшілігін, керісінше, жоққа шығарады.Қазіргі таңда раИЛ-1 келешегі зор қабынуға қарсы фактор ретінде қарастырылуда.

Сонымен, екі түрлі молекулалық формасы бар ИЛ-1, көбінесе макрофагтармен өндірілетін, кең спектрлік әсері бар цитокин болып келеді.Ол иммунитеттің бастапқы серпілістерін негіздейді, қабынудың дамуында маңызы зор (септикалық шок, ревматоидтық артрит, атеросклероз сияқты жедел және созылмалы қабынулық аурулардың патогенезіне қатысады), гемопоэзді реттеуге қатысады, иммундық және нерв жүйесінің араларындағы медиатор болып келеді.

ИНТЕРЛЕЙКИН-2 (адамның хромосомаларының 4 жұбы).ИЛ-2 1976 жылы Т-жасушаларының өсу факторы ретінде табылғанғ 1980ж. Тазартылып биохимиялық тұрғыда сипаттама берілген.ИЛ-2-молекулярлық салмағы 15 000 Д таяу гликопротеин болып келеді.Молекуланың құрамында бір дисульфидтік байланыс бар.ИЛ-1ге қарағанда, ИЛ-2нің биологиялық белсенділігінің деңгейі төмен.

CD4-лимфоциттердің ішінде 90%, ал CD8-жасушаларының тек қана 10% ИЛ-2өндіреді.ИЛ-2нің негізгі өндірушілері болып белсендірілген Тх1 келеді.ИЛ-2 өнімін глюкокортикоидтер, оксимочевина, азатиоприн, ганглиозидтер, дезоксиаденозин және простагландиндер төмендетеді.Лейкотриндер және фосфолипаза мен циклоксигеназаны басатын агенттер ИЛ-2-нің синтезін жоғарылатады.Цитокиндердің арасында ИЛ-2нің өнімін үлғайтатындар – ИЛ-1, 6, ІНФ-а, IFN-ү.

ИЛ-2-нің нысана-жасушалары болып белсендірілген Т-және В-лимфоциттер және табиғи өлтіргіштер келеді.Т-лимфоциттерге көрсететін басты әсері-митогендік әсер, яғни, лимфоциттердің көбеюін және пісіп жетілуін қамтамасыз етеді:Тх1 (аутокриндік түрде), Т-киллерлерді, В-лимфоциттерді, IgM и IgG (1,3) өнімін қоздырады.

ИЛ-2 Т-киллерлерді пісіп жетілдіру қызметін атқарады.ИЛ-2-нің бұл әсері өсу әсерінен кейін пайда болады да тиімді іске асу үшін ИЛ-6,4,7 және 12 сияқты көмекші факторлар қажет.ИЛ-2 IFN-ү-ның өнімін, протоонгендердің экспрессиясын күшейту арқылы Т-хелперлердің қызметін атқаруға көмектеседі.Ол иммунологиялық төзімділіктің дамуына қарсы әсер көрсете алады.

ИЛ-2 Тх2-дің пайда болуын тежейді және оның лимфокиндерінің (ИЛ-4,5 және10) синтезін басады.

ИЛ-2 алдын ала белсендірілген В-лимфоциттерге өсу факторы ретінде әсер келтіреді.Аталған әсерді ИЛ-5 пен IFN-ү көмегімен атқарады.ИЛ-2 IgM и IgG және ІgА синтезін жоғарылатады.

ИЛ-2 NK-жасушаларының цитотоксикалық әсерін күшейтіп кеңейтеді.

ИЛ-2 оттегі мен тромбоциттердің түзілуін күшейтеді, сонымен қатар қан түзудің миелоидтық және эритроидтық тізбектерінің дамуын тежейді, гемопоэздің экстрамедулярлық ошақтарының пайда болуына ықпал етеді.

Қортып айтқанда, ИЛ-2 белсендірілген Т-хелперлермен өндірілетін Т-лимфоциттер мен NK-жасушаларының, азырақ көлемде В-лимфоциттердің, өсу және пісіп жетілу факторы болдып келеді.Ол иммундық қорғау реакцияларына және ісікке қарсы тұрақтылыққа қатысатын иммунитеттің (әсіресе жасушалықтың)аса маңызды медиаторы.

ИНТЕРЛЕЙКИН-3 (адамның хромосомаларының 5 жұбы, гранулоцитарлық-макрофагалық колониястимулдайтын факторды негіздейтін текке өте жақын орналасқан).Бұл цитокин 1981 ж.Т-жасушаларды пісіп жеткізу факторы ретінде бейнеленген.Кейінірек ИЛ-3 гемопоэздің бастапқы сатыларын қоздыратын фактор екендігі дәлелденді.ИЛ-3-молекулярлық салмағы 21000-36000 Д көлемінде күшті гликозданған белок.Молекуланың құрамында белсенділік көрсетуге маңызды бір дисульфидті байланыс бар.

ИЛ-3-тің өндіруші жасушалары болып арнаулы антигендермен белсендірілген Тх1 мен Тх2 және бірқатар басқа жасушалар (В-лимфоциттер;цитофилдік антиденелермен қарама-қайшы байланыспен белсендірілген мес жасушалары;миелоидтық жасушалар;сүйек кемігінің стромалық жасушалары;ми астрпоциттері;кератиноциттер)келеді.

ИЛ-3-тің нысана-жасушалары болып, көбінесе, жас, соның ішінде, көпқабілетті қантүзу бастапқы жасушалары келеді.

ИЛ-3 бағаналы жасушалары мен жетілмеген CD – бастауыштардың көбеюін қолдайды, сүйек кемігінде макрофагтардың, тимуста Т-лимфоциттердің жетілуін реттейді.

ИЛ-3 шырышты қабаттардың мес жасушаларының өсу факторы болып келеді, ИЛ-4-тің дәнекер тінінің мес жасушаларына көрсететін өсіру белсенділігін күшейтеді, олардың гистаминді өндіруін көбейтеді, басқаша айтқанда, ИЛ-3 аллергиялық реакциялар дамуына қатысы бар.

ИЛ-3 эозинофилдерді белсендіріп NK – жасушаларының дамуын тежейді.ИЛ-3 апоптозды тежеу арқылы жасушалардың сақталып қалуын жоғарылатады.Сонымен, ИЛ-3-гемопоэздің бастапқы сатыларына әсер ететін, оны жедел реттейтін белсендірілген Т-лимфоциттердің өнімі.Сонымен қатар, ИЛ-3 мес жасушаларының дамуына қатысады және NK-жасушаларының қалыптасын тежейді.

ИНТЕРЛЕЙКИН-4 (хромосомалардың 5-ші жұбы, ИЛ-5-ке арналған текке жақын).ИЛ-4 1981ж.В-лимфоциттерді белсендіруі факторы ретінде бейнеленген.Басқа да аттары бар:В-cell growth factor I (BCGF-I),B-cell stimulatory factor I (BCSF-I), T-cell growth factor II (TCGF-II), mast cell growth factor II (MCGF-II).ИЛ-4-19000-22000 Д жуық молекулалық салмағы бар гликопротеин,ИЛ-4 молекуласының құрамында белсенділікке маңызды дисульфидтік байланыс бар.

ИЛ-4-ті, негізгі, Тх2-лер өндіреді, сонымен қатар, ИЛ-4 өндірушілері болып мес жасушалары, базофилдер және В-жасушалық тізбектер келеді.Сонымен қатар, аз мөлшерде ИЛ-4-ті Тх0-дер өндіреді.ИЛ-4-тің өнімін жоғрылатады.

Қартайған сайын ИЛ-4-тің өнімі күшейе түседі.

ИЛ-4-ке арналған рецепторлар көптеген жасушаларда табылған.ИЛ-4-тің Т-лимфоциттерге көрсететін әсері ИЛ-2-нің әсеріне қарама қайшы келеді.ИЛ-4тимоциттер мен белсендірілген Т-жасушаларының көбеюін шақырады, сонымен қатар, ИЛ-4 CD4 жасушаларының Тх2-лерге айналуының негізгі себепкері болады, Тх2-лердің аутокриндік белсенуі және қосымша пайда болуы қамтамасыз етіледі.В-лимфоциттердің күшті өсу факторы ретінде ИЛ-4 цитофилдік IgE, IgG(2,4) мен IgA-ның синтезін қоздырады.Аталған эффектілер және ИЛ-4-тің мес жасушаларын көбейту қабілеті аллергиялық реакциялардың дамуына тікелей қатысы бар.Тышқандарда ИЛ-4-тің тегін зақымдайтын мутация кезінде IgE мен IgG (1)синтезі мүлдем тоқтайды.

ИЛ-4 МНС ІІ өнімдерін көбейтеді және қосымша жасушаларының антиген таныстырушы қабілетін жоғарылатады.ИЛ-4 тек қана осы жағдайда IFN-y-ның функционалдық аналогы болып келеді, басқа сәттерде оларды антогонист ретінде білеміз.

Макрофагтардың қызметін басып, олардың ИЛ-1,ШНФ және ИЛ-6 өнімін төмендетіп, ИЛ-4қабынуға қарсы әсер келтіреді.Сонымен қатар, ол макрофагтардың цитотоксикалық белсенділігін жоғарлатады, нейтрофилдердің қабыну ошағына қарай жылжуына көмектеседі, колония стимулдайтын факторлардың өнімін күшейтеді.Қан түзу жасушаларының тірі қалуын негіздеп, ИЛ-4гемопоэзді күшейтеді.ИЛ-4-тің маңызды қасиеті-in vivo ісікке қарсы күшті белсенділігі. Жергілікті егу кезінде ИЛ-4тез арада ісік жасушаларына цитотоксикалық әсер келтіретін эозинофилдермен инфильтрациялауын шақырады.

Ил-5-ті қоздырып, ИЛ-4 in vivo эозинофилдердің көп мөлшерде өндірілуін шақырады.ИЛ-5-тің өнімі ИЛ-4 бақылайтын Тх-дің Тх2-ге айналуына тығыз байланысты.ИЛ-5-тің физиологиялық әсерлері (м.ү. паразиттерден қорғау)ИЛ-4-тің деңгейіне тікелей байланысты деген бірқатар эксперименталдық және клиникалық дәлелдер бар.ИЛ-4-тері аз тышқандар паразитарлық індеттерге бейім болады және Helimosomoides – тердің ересек құрттарын екіншілік жұғу кезінде жоя алмайтыны экспериментте анық дәлелденген.

Сонымен, ИЛ-4 Тх2-дің негізгі өнімі болып келеді, олардың көбеюін қоздырады, ТхІ-нің цитокиндеріне антогонист болып келеді, қан түзу жасушаларының дамуына, макрофагтарға, NK- жасушаларға, базофилдерге әсер келтіреді.ИЛ-4 аллергиялық реакциялардың дамуына көмектеседі, қабынуға қарсы және ісікке қарсы әсері бар.

ИЛ-4-тің клиникалық қолдануының мүмкіншіліктері:

· Сепсис ревматоидтық артрит және т.б. аурулар кезінде қабынуға қарсы агент ретінде;

· 1-ші түрлі диабет, трансплантаттың иесіне қарсы жедел реакциясы сияқты аутоиммундық аурулар кезінде ТхІ-дің пайда болуын азайтып, қызметін басатын иммуномодулятор ретінде;

· Ісікке қарсы жергілікті емдей кезінде пайдалану мүмкін.

ИНТЕРЛЕЙКИН-5 (адам хромосомаларының 5 жұбы).45 000 – 60 000 Д жуық молекулалық салмағы бар жоғары гликозидтенген ақуыз.

Тх2-лер өндіреді.Негізгі нысана-жасушалары болып В-лимфоциттер мен эозинофилдер келеді.В-жасушаларының көбеюін қолдау қабілеті ИЛ-4 пен ИЛ-1 әсерлерінен кейін жүзеге асырылады.ИЛ-5 В-лимфоциттердің плазматикалық жасушаларға, әсіресе IgA өндірушілерге, айналуына көмектеседі.Секторлық IgA-ның өнімін ұлғайтып, ИЛ-5 шырышты қабаттардың жергілікті иммундық қорғанысын күшейтеді.

Қалыпты жағдайда эозинофилдердің саны жоғары емес.ИЛ-3 пен ГМ-КСФ-тың әсерінен миелоидтық бағаналы жасушалардан аз мөлшерде эозинофилдер пайда болады.Бірақ, гельминтоздар сияқты паразитарлық жұқпалар кезінде эозинофилдердің саны күрт жоғарылайды.Басқаша айтқанда, ИЛ-5 эозинофилдердің белсенді өсіру және пісіп жетілдіру факторы болып келеді, гельминттердің личинкаларын жою қабілеттерін жоғарылатады, яғни, ИЛ-5 эозинофилдерді қабыну, антипаразитарлық және ісікке қарсы рекацияларға араластырады.Аталған қасиеттерге қоса ИЛ-5 жетілген эозинофилдерді қоздырады:фагоцитозды белсендіреді, ісік жасушаларының антидене тәуелді цитолизін, отттегінің супероксид-анион-радикалдарының өнімін күшейтеді.

ИЛ-5тің әсері ИЛ-3 және ИЛ-4 сияқты басқа цитокиндермен күшейтілуі мүмкін.ИЛ-5тің өнімі Тх2лердің ИЛ-4ті синтездеуіне тікелей байланысты.ИЛ-4 бойынша ақаулығы бар тышқандарда паразитарлық инфекциялар кезінде эозинофилдердің саны төмендейді, ал ИЛ-5-тері аз тышқандарда эозинофилдердің пайда болуы мүлдем тоқтатылады.

Сонымен, ИЛ-5-әсерлерінің көлемі «тар» Тх2-нің өнімі.Ол В-лимфоциттер мен эозинофилдердің өсу және пісіп жетілу факторы болып келеді, жергілікті иммунитетті дамытып IgA- ның өнімін жоғарылатады, паразитарлық инвазиялар мен ісік өсуіне қарсы эозинофилдерді қоздырады.

ИНТЕРЛЕЙКИН-6 (Адамның хромосомаларының 7-жұбы).20000-30000 Джуық молекулалық салмағы бар гликопротеин.Алғашында Т-жасушалар өндіретін В-лимфоциттердің плазматикалық жасушаға айналуының соңғы кезеңін реттейтін лимфокин ретінде табылған.ИЛ-6-ның көптеген биологиялық белсенділігі (В-жасушалардың иммуноглобулиндер өндіруі, бауырда жедел фазаның бірқатар белоктарының өндірілуі, әр түрлі В-жасушалық тізбектердің-миелома, плазмоцитома, гибридомалар-өсуін қамтамасыз ету, мегакариоциттердің жетілуі; нейрондардың жетілуі;остеокласттардың белсендірілуі) бар екендігі кейін дәлелденді.

ИЛ-6-ны өндіретін жасушалар өте көп: моноцит/макрофагтар, лимфоциттер, фибробласттар, гепатоциттер, кератиноциттер, эндотелиалдық, мезангиалдық, қан түзу жасушалары, трофобласт және ір текті ісіктердің жасушалары.ИЛ-6-ның өндірілуінің қоздырғыштары болып бактериялық өнімдер, полиэлектролиттер, митогендер, ИЛ-1, ІНФа, интерферондар және колония стиулдайтын факторлар бола алады.

ИЛ-6-ның нысана жасушалары: әр түрлі дәнекер тіндік элементтер, қан, иммундық және нейроэндокриндік жүйелерінің, бауырдың жасушалары.

Биологиялық әсерлері ИЛ-1 мен ІНФа-ға ұқсас.Біріншіден,ғ олар қабыну және иммундық реакцияларға, қан түзуге қатысады. ИЛ-6 созылмалы қабыну процестердің жеделдеуін және жедел процестердің созылмалы түрге ауысуына себепкер болады.Вирустарға қарсы әсер ететін қасиеті бар.ИЛ-1 мен ІНФ-а-лардан кешірек бөлініп шығып, ИЛ-6 олардың өнімін азайтады, сол себептен қаьыну реакцияны аяқтайтын цитокиндерге жатады.

Иммундық жүйеде ИЛ-6 В-лимфоциттердің иммуноглобулиндерді өндіретін плазмалық жасушаларға айналу соңғы сатысына стимул ретінде қатысады.Ол иммуноглобулиндердің барлық клсстарының бірдей өндірілуін шақырады.Жетілген Т-жасушаларға әсер етіп, ИЛ-6 оларды ИЛ-2-нің әсеріне дайындайды, ИЛ-2 шақыратын Т-жасушалардың көбеюін және цитотоксикалық Т-лимфоциттердің жетілуін күшейтеді, INF-y-ның NK – жасушаларына көрсететін әсерін жоғарылатады.

Қан түзу жасушаларына ИЛ-6. ИЛ-3тін, ГМ-КСФтын және М-КСФтын әсерлерін күшейтіп көбінесе, кофактор ретінде көмектеседі.Гемопоэзде ИЛ-6, тромбоциттердің санын өсіріп, көп қабілетті бағаналы жасушаларының, мегакариоциттердің ИЛ-3-тәуелді пісіп жетілуін қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, ол лейкемиялық, миелоидтық, бласттық жасушалардың және керотиноциттердің көбеюін күшейтеді.ИЛ-6 нейрондардың джамуына әсер етіп, иммундық жіне нейроэндокриндік жүйелерінің әсерлесуіне белгілі, бірақ әлі толық анықталмаған маңызы бар.

Әсерлерінің механизмдерінің көп болғандығынан ИЛ-6 ЖБИЖС, таралған миелома, ревматоидтық артрит, менопаузадан кейінгі артроз, Капоши саркомасы сияқты көптеген аурулардың патогенезіне қатысады.

Сонымен, ИЛ-6 фибробластармен, макрофагтармен өндірілетін полифункционалдық цитокин болып, биологиялық әсерінің спекторы бойынша ИЛ-1 және ІНФ-а-ларға жақын, қабынудың, иммундық реакциялардың дамуына, қан түзуді реттеуге қатысады, плазматикалық жасушаларының өсу факторы болып келеді, жүйе аралық әрекеттесулерге қатысады.

ИНТЕРЛЕЙКИН-7 (адам хромосомаларының 8-жұбы).ИЛ-7 1988 жылы лимфоциттердің бастауыштарының активаторы ретінде ашылған.Молекулярлық салмағы 25 000 Д құрайды.Алғашында В-лимфоциттердің дамуын қоздырушы факторы ретінде бейнеленген.Кейін ИЛ-7 Т-және В-лимфоциттердің бастауыш жасушаларының көбеюінің беделді қоздырғышы екендігі анықталды.ИЛ-7 жетілген Т-жасушаларының өсу факторы ретінде ИЛ-2-тәйелсіз механизмінің көмегімен антигентәуелді цитотоксикалық литикалық белсенділігі бар Т-лимфоциттер мен ЛАЖ жасушаларының пайда болуын қамтамасыз етеді.

ИЛ-7-ні сүйек кемігінің стромалық жасушалары, тимустың (тимустың фибробласттары, эндотелиалдық жасушалары, эпителиалдық жасушалары), көк бауырдың, бүйректің жасушалары, макрофагтар өндіреді.

ИЛ-7 негізгі лимфопоэтин болып келеді.Ол қан жасушаларының В-лимфоциттер жағына дамуды шақырады, тимус ішілік Т-лимфоциттердің бастауыш жасушаларының көбеюін қоздырады (лимфоцитердің дамуының бастапқы кезеңінің беделді өсу факторы), бастауыш Т-жасушалардың аман қалуын қолдап, bcl – 2 апаптоз ингибиторының экспрессиясын күшейтеді, тимустан тыс орналасқан Т-лимфоциттердің антиген тәуелсіз көбеюін негіздейді.Лимфоциттердің пролиферациясын қоздырып ИЛ-7, ИЛ-1-мен синэргиялық түрде әсер етеді, осы салада ИЛ-7 Т- жасушаларының дамуында басты маңызы бар сияқты.

Кофактор ретінде ИЛ-7 (ИЛ-6 сияқты) ИЛ-2-нің өнімін қоздырады, Т-жасушаларының көбеюі мен Т-киллерлердің жетілуін реттейді.ИЛ-7 ИЛ-2-нің орнына цитотоксикалық лимфоциттер мен ЛАЖ жасушаларына митогендік әсер көрсетуге қабілеті болуы мүмкін.Цитокиндердің көншілігіне қарағанда, ИЛ-7нің лимфоциттердің дамуындағы әсері басқа цитокиндермен қайталанбайды.Сол себептен ИЛ-7 тегі жойылса, тимус жасушалары жоғалады, жалпы лимфопения мен ауыр иммунды тапшылық дамиды.

ИЛ-7 адамның шеткері қанының моноциттеріне күшті әсер келтіреді:олардың ИЛ-1а, ИЛ-1в, ИЛ-6 және ІНФ-а жоғары көлемде өндіруін шақырады.Сонымен қатар, ИЛ-7 адам меланомасының А37S тізбегінің жасушаларының моноциттермен лизистенуін қоздырады.

Сонымен, ИЛ-7 лимфопоэтин ретінде иммунды жүйенің Т-жасушалық бөлігін қамтамасыз етуде зор маңызы бар.

ИНТЕРЛЕЙКИН-8 (адам хромосомаларының 4-жұбы).Хемокиндер тұқымдастығына жатады.Молекулалық салмағы 7500 Дқұрайды.ИЛ-8-ді макрофаг/моноциттер,фибробластар,гепатоциттер,Т-лимфоциттер,нейтрофилдер,глиобластомалар,астроцитома жасушалары, NK-жасушалары, бір қатар басқа жасушалары өндіреді.Фитогемаглютинин, конканавалин А, ЛПС, ИЛ-1а мен ИЛ-1в, TNF-а,ИЛ-3,INFy, фибролдық эфирлер, вирустар және бактериялар ИЛ-8 өнімін белсендіреді.

ИЛ-8 хемоаттрактант және активатор ретінде негізгі нейтрофилдерге әсер келтіреді (хемотаксис;пішінін өзгерту;дегнуляция, оттектік жарылыс, супероксидтің өнімі;цитозольде Са концентрациясы жоғарылуы;эндотелий жасушаларына;фибриногенге,жасуша сыртындағы матрикске адгезияны жоғарлату;Caninda ablikans өсуңн тежеу; лизосомалдық ферменттердің бөлуін жоғарлату).Сонымен қатар, ИЛ-8 серпіліс ошағына Т-лимфоциттер мен базофилдердің хемотаксисін қамтамасыз етеді,гистамин мен лейкотриендердің бөлінуін күшейтіп ИЛ-3-тің көмегімен мес жасушалары мен базофилдердің дегрануляциясын белсендіреді.Моноциттердің эндотелий жасушаларына адгезиясын жоғарылатады, макрофагтардың секреторлық қызметін қоздырады, эозинофилдер мен тегіс салалы бүлшық ет жасушаларының хемотаксисін шақырады, меланома жасушаларының адгезивтілігін, қан тамырларының пролиферациясын жоғарылатады.

Сонымен, ИЛ-8 қабыну кезінде өндірілетін, белгілі жасушаларға хемоаттрактант ретінде қызмет ететңн цитокиндердің тұқымдастығының (жалпы саны 20-ға жетеді) жалғыз ғана өкілі болып келеді.ИЛ-8-ге қатысты жасушалар-нейтрофилдер.Сол себептен инфильтраттық немесе тіндік макрофагтордан ИЛ-8 бөлініп шығуы зақымдалу немесе қабыну ошағына нейтрофилдерді арнаулы түрде шақырады.

ИНТЕРЛЕЙКИН-9 (адамның хромосомаларының 5-жұбы).Мес жасушаларының және белсендірілген Т-хелперлердің өсу факторлары болып келеді.30000-40000 Д молекулалық салмағы бар.ИЛ-9 (лектиндер мен CD-3-ке қарсы антигендермен қоздырылып)көбінесе, Тх2-лермен өндіріледі ең соңғы болып өндіріледі.

Алғашында ИЛ-9 кейбір Т-хелперлік клондарға әсер ететін Т-жасушалық өсу факторы ретінде бейнеленген.ИЛ-9 белсенділігі Т-жасушаларының белгілі бір субпопуляциясымен шектелмейтіні соңғы кезде дәлелденгенімен, қоздырылу сатысына тығыз байланысты (мысал үшін, шеткері қаннан қазір ғана бөлінген лимфоциттер ИЛ-9 жауап бермейді, лектинмен қоздырылғандар жауап береді).

ИЛ-9 келесі биологиялық эффектілерді көрсетеді:

· ИЛ-4-пен шақырылған Е және С иммуноглобулиндерінің синтезін күшейтеді;

· Тышқан сүйек кемігінен бөлінген мес жасушаларының тізбектерінің пролиферациясын шақырады;

· ИЛ-6 өнімін және сериндік протеазаларының синтезін қоздыру және жоғары аффиндік - рецепторларының экспрессиясын жоғарлату арқылы мес клеткаларының пісіп жетілуін шақырады;

· Қан түзуге (әсіресе эритропоэзге) әсер етеді, гемопоэздің басқа тізбектерінің пролиферациясына әсері төмен;

· Тышқандардың нейрондарының бастауыш жасушаларының морфологиялық жетілуі мен қоздырылуын жоғарылатады.

ИЛ-9 экспрессиясының ақаулығы Т-жасушалық онкогенезді қоздыра алады деген болжам бар. Ходжкин ауруы және үлкен клеткалық анапластикалық лимфомалармен науқастанған адамдарда ИЛ-9 арналған м-РНК экспрессиясы табылды.

ИНТЕРЛЕЙКИН-10 (адам хромосомаларының 1-жұбы).1989 жылы Тх1 активтілігінің ингибиторы ретінде бейнеленген.Молекулалық салмағы 35 000 – 40 000 Дқұрайды.Негізгі өндіруші жасушалары ретінде Тх2, сонымен қатар В-лимфоциттер, макрофаг/моноциттер (антигендер мен бактериалдық өнімдерімен қоздырылу нәтижесінде) және цитотоксикалық Т-жасушалары қызмет етеді.

ИЛ-10 негізгі эффектісі ИЛ-2 мен INFy өнімін төмендету арқылы Тх1 қалыптасуын және белсенділігін тежеу, Тх1 дамуын шақыратын активтелген макрофагтармен өндірілетін ИЛ-12)тежейді.Осыған байланысты ИЛ-10 негізгі қабынуға қарсы цитокин болдып келедң.Әр түрлі індеттерден организмді қорғайтын Тх1 азаюы қоздырғыштардың көбеюіне алып келеді.

Кейбір вирустарда (Эпштейн-Барр вирусы сияқты) ИЛ-10 аналогын негіздейтін тектері табылған.Сол себептен иммундық жауаптың белсенділігі төмендейді.Вирустық ИЛ-10 INFy синтезін төмендетіп макрофагтардың белсенділігін басады.Басқаша айтқанда, ИЛ-10-ға ұқсас Эпштейн-Барр вирусының цитокины бұл вируспен зақымдалған жасушаларына қарсы Т-лимфоциттердің жауабын әлсіздендіреді, індеттің нысаналарын көбейтеді.

ИЛ-10 МНС ІІ-ші клас молекулаларының экспрессиясын, митогендермен қоздырылған Т-жасушаларының пролиферациясын және баяуланған жо,ары сезімталдықтың дамуын тежейді.Сонымен қатар,ИЛ-10 тимоциттердің көбеюіне қатысатын ИЛ-2 мен ИЛ-7 кофакторы ретінде, ИЛ-4 синэргисті ретінде жұмыс атқарады, В-жасушаларының көбеюін күшейтеді, оларды апоптоздан қорғайды, IgM мен IgA синтезін жоғарылатады.

Қорытып айтқанда, ИЛ-10 иммундық жауаптың гуморалдық негіздерін дамытады, гельминттерге қарсы қорғаныс пен организмнің аллергиялық реактивтілігін қамтамасыз етеді.ИЛ-10 макрофагтар мен Тх1 активтілігін басатын Тх2 кейбір биологиялық эффектілерін қамтамасыз ететін иммундық жауаптың маңызды реттегіші болып табылады.

ИНТЕЛЕЙКИН-11 (адам хромосомаларының 19-жұбы).Бұл молекулалық салмағы 26000 Д гликозидтелмеген белок.Ол фибробластармен, трофобласттармен бір қатар стимулдардың (ИЛ-1, форболдық эфирлер, GNF-B)әсерінен өндіріледі, бірақ шеткері қан жасушалары ИЛ-11-ді синтезделмейді.Осы тұқымдастыққа жататын цитокиндер сияқты (м.ү., ИЛ-6)ИЛ-11 плейотроптық цитокин болып табылады.Гемопоэтикалық жүйеге белсенділік көрсете алатындықтан ИЛ-11 қан түзудің алғашқы бастауыштарының (алғашқы бағаналы жасушалары, эритроидтік бастауыш жасушалары және мегакариоциттердің бастауыш жасушалары)көбеюін неігздейді, сүйек кемігінің бағаналы жасушаларын ИЛ-3-тін әсерін қабылдауға дайындайды, миело және эритропоэзді, мегакариоциттердің дамуын сүйемелдейді, сонымен қатар анемияны шақыра алады.

ИЛ-11-дің бауырға қатысты (жедел фазасының белоктарының синтезінің индукторы), стромалық жасушалар жүйесіне қатысты (адипоциттердің пісіп-жетілуін тежеу)және ішектің эпителиалдық жүйесіне қатысты (қорғау/регенерация)белсенділігі байқалады.ИЛ-6сияқты, ИЛ-11 Т-және В-лимфоциттеріне тікелей әсер көрсетпейді.ИЛ-11нейтрофилдердің жетілуін сүйемелдеп, иммундық жауап пен қабынудың дамуын қоздырады, липопротеиндік липазаның белсенділігін төмендетеді.

Бірқатар эффектілер бойынша ИЛ-11 ИЛ-6-ның қызметтерін қайталайды.Мысал үшін, ИЛ-6 сияқты,ИЛ-11 антидене өндіруші жасушаларының саны көбеюін шақырады және тышқан плазмацитомасының ИЛ-6-тәуелді жасушалық тізбегін қоздырады, адам мегакриобласттарының тізбектеріне аутокриндік өсу факторы ретінде әсер етеді, бауырда жедел фаза белоктарының өндірілуінің стимуляторы болып табылады.ИЛ-11мен ИЛ-6-ның рецепторлық компаненттері отақ болғандықтан (gp 130)қызметтері де ұқсас.

ИНТЕЛЕЙКИН-12 (тектері:р40 субьірлік үшін – хромосомаларының 5-жұбы, р35-3-жұбы).35000 пен 40000 Дмолекулалық салмағы бар полипептидтік тізбектен құралған гетеродимдер.Бактериялармен, жасуша ішілік паразиттермен немесе олардың өнімдері мен қоздырылған макрофагтар/моноциттермен, дендриттік жасушалармен және бактериалджық өнімдермен белсендірілген В-лимфоциттермен өндіріледі.

ИЛ-12-цитотоксикалық жасушалардың индукторы және цитокиндердің өнімінің стимуляторы.ИЛ-12 макрофагтар мен лимфоциттердің араларында, туа біткен иммунитеттің және жүре біткен иммунитеттің арасында делдалдық қызмет атқарады.ИЛ-12 Тх0 Тх1-ге айналуда және IgE синтезін тежеуде негізгіфактор болып келеді.Бұл қабілет оның гуморалдық және жасушалық жауаптарының тепе-теңдігін Т-хелперлердің ТхІ бағытында жетілдіру арқылы рттеуде айқындалады.Аталған эффект, көбінесе IFN-y көлемі тез арада көбеюіне байланысты.ИЛ-12 NK-жасушаларының белсенділігін, олардың көбеюін жоғарылатады, цитотоксикалық Т-лимфоциттердің пісіп жетілуін негіздейді (IFN-y көмегімен); ЛАЖ-жасушаларының қалыптасуын жоғарылатады.ИЛ-12әсері ТхІ мен NK-жасушаларының қоздырылуымен байланысты, сол себептен ИЛ-12 клиникада ісіктерге қарсы және вирустарға қарсы препарат ретінде, жасушалық иммунды жауапты бастайтын адъювант ретінде, иммундытапшылық кезінде байқалатын оппортунистік індеттердің емі ретінде қолдануға болады.

ИЛ-12 В-лимфоциттерді, әсіресе В1-жасушалары, қоздыруға қатысады, нәтижесінде аутоантиденелердің көлемі жоғарылайды.ИЛ-12 бір қатар иммунологиялық жүйелерге супрессорлық белсенділігі бар, соның ішінде IgE өнімін тежейді.Бұл себептен кейбір жағдайларда клиникада ИЛ-12-ні IgE-аллергиясын немесе аутоиммундық жауапты тежеу мақсатымен қолдануға болады.ИЛ-12 бағаналы қан түзу жасушаларының айналымға шығуын және экстрамедулярлық қан түзу ошақтарының қалыптасуын неіздейді.

Сонымен, ИЛ-12, макрофагтар мен лимфоциттердің арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, ТхІ мен цитотоксикалық жасушалардың белсенділігін жоғарылатып, IFN-y өнімін қолдап, вирустарға, микробтарға және ісікке қарсы қорғанысқа зор үлес қосады, себебі IFN-y жасушаішілік микроцидтіктің, соның ішінде оттегінің активті құрамдарының және азот тотығының активаторы ретінде белгілі.

ИНТЕРЛЕЙКИН-13(адам хромосомаларының 5-жұбы, ИЛ-3, 4,5 және ГМ-КСФ тектернің қасында).

ИЛ-13 биологиялық активтілігінің 30% ИЛ-4тің әсерлеріне ұқсас.Бұл цитокин Тх2 сияқты активтелген Т-лимфоциттермен, мес жасушаларымен өндіріледі, моноциттердің қызмет етуіне әсер етеді (көбеюі мен жетілуін қолдайды) және В-лимфоциттердің IgE мен IgG4 синтездеуін қоздырады.ИЛ-13 Т-жасушаларын активтей алмайды.ИЛ-13 В-лимфоциттердің өсу факторы болып келеді, ИЛ-4-пен гомологиялы түрде ұқсас.Рецепторлары әр түрлі болса да, ортақ тізбектері бар.

ИЛ-13 макрофагтар мен моноциттер әндіретін қабыну цитокиндердің өнімін және цитоулағыштықтарын тежейді.

ИНТЕРЛЕЙКИН-14.ИЛ-14-тің қызметі толық зерттелмеген.Адамның қалыпты Т-жасушаларымен, в-жасушалық тізбектерімен, ФГАмен қоздырылған В-жасушалық лимфомаларымен және фоликулярлық дендриттік жасушаларымен өндіріледі.ИЛ-14 зерде В-лимфоциттердің қалыптасуына және белсендірілген В-лимфоциттерінің көбеюіне ықпал етеді.Бұл цитокин антидене синтезін тежейді, В-лимфоциттерінің апоптоздан сақтап, bcl -2 экспрессиясын күшейтеді.

ИЛ-14-ке әлсіз жауап (in vivo) жалпы вариабелдік иммунологиялық жетіспеушілігі бар науқастарда байқалады.

Сонымен, ИЛ-14 ИЛ-4 пен ИЛ-13 ұқсас белсенділік көрсетеді, бірақ, өзінің әсерін басқа рецепторлар арқылы іске асырады.

ИНТЕРЛЕЙКИН-15.Макрофагтар өндіреді.Биологиялық әсері бойынша, құрылымдары гомологиялы болмаса да, ИЛ-2 және ИЛ-21 ұқсас, қоздырылған Т-жасушаларының көбеюін, цитотоксикалық Т-жасушаларының пісіп жетілуін қолдайды, NK – жасушаларын активтейді және шеткері қанның митогенмен қоздырылған монокулеарлық жасушаларының көбеюін шақырады.ИЛ-15-тің in vivo орындалатын эффектілері толық зетррелмеген.

ИНТЕРЛЕЙКИН-16 (немесе лимфоциттердің хемоаттрактанты).Т-лимфоциттермен, көбінесе CD8-жасушаларымен өндіріледі.ИЛ-16рецепторы CD 4 тұқымдастығына жатады, сол себептен ИЛ-16 CD 4пен әсерлесе алады.Оның негізгі нысанасы - CD 4-жасушалары.ИЛ-16 оларға хемоаттрактант ретінде қызмет көрсетеді, олардың адгезивтігін жоғарылатады, көбеюін тежейді, сонымен қатар, CD25 экспрессиясын және цитокиндердің өндірілуін күшейтеді.

Сонымен қатар, ИЛ-16 Т-жасушалары ИЛ-2-рецепторын және қоздырылмаған Т-лимфоциттер МНС ІІ клас антигендерін экспрессиялауын күшейтеді.

ИЛ-16-ның анти-АИВ-белсенділігі бар екені жақында дәлелденді.Бұл эффект CD 4 ақуызы рецептор ретінде ИЛ-16-мен әсерлесе алатынына байланысты.ИЛ-16 жоғары концентрацияда CD 4лимфоциттермен байланысқан АИВ репликациясын тежейді.

ИНТЕРЛЕЙКИН-17.Бұл да Т-жасушаларымен өндіріледі.Көрсететін әсері ИЛ-6 мен ИЛ-8өнімін, адам фибробласттарында адгезияның беткері молекулаларының экспрессиясын жоғарылататын ИЛ-1 мен TNF-a әсеріне ұқсас.ИЛ-17-Тжасушаларды белсендіретін, жақында клондалынған CD 4-жасушалық цитокин.ИЛ-17-рецепторы Т-жасушаларда да табылған.ИЛ-6менИЛ-8өнімін, фибробласттар адгезиясын беткері молекулаларының экспрессиясын жоғарылататындығы ИЛ-17 қабыну цитокині сияқты қызмет көрсетеді дегенді дәлелдейді.Сонымен, ИЛ-17Т-тәуелді қабыну реакцияларға қатысады және гемопоэтикалық бағанылардың дамуын реттейді.

ИНТЕРЛЕЙКИН-18.Алғашында IFN-ү индукторы ретінде табылған.ТхІ белсенділігін жоғарылататын жаңа цитокин.ИЛ-18Fas лингандалар арқылы тышқанның ТхІ(Тх0 немесе Тх2 емес)клондарының цитоулағыштығын жоғарылататыны кеінірек дәлелденді.ИЛ-18 in vivo әсерлері толық зерттелмеген.

ИНТЕРЛЕЙКИН-19.Молекулалық салмағы – 35-40 000 Д.Липополиқанттармен белсендірілген моноциттер мен В-лимфоциттермен өндіріледі.ИЛ-10 цитокиндік тұқымдастығының өкілі болып табылады.Қышқылдауыш серпілістерді және агюптозға алып келетін қабынулық цитокиндерді күшейтеді;бұл цитокин ТхІ/Тх2 баланысын IFN-y тежеу және ИЛ-4 пен ИЛ-13 көбейту бағытына қарай өзгерте алады.

ИНТЕРЛЕЙКИН-20. Молекулалықсалмағы – 18000 Д.Моноциттер және кератиноциттермен түзіледі. Өзінің белсенділігін эпирдермалдық тінде көрсететін ИЛ-10 тұқымдастығының өкілі.ТхІ/Тх2 балансына ИЛ-19 сияқты әсер ете алады.

ИНТЕРЛЕЙКИН-21.15000 Д аралығында молекулалық салмағы бар полипепид.ИЛ-21менИЛ-21R цитокин-рецепторлық жұбы клондалған.ИЛ-2, ИЛ-4 және ИЛ-15-термен гомологиялы.Тек қана лимфоидтық тінге жататын көк бауырда, айырша безде, шеткері қанда лимфоциттерде және лимфа түйіндерінде өндіріледі.ИЛ-21рецепторы шеткері В-лимфоциттер, Т-және NK – жасушаларының бетінде экспрессияланады.

ИЛ-21 ИЛ-15-пен әсерлесіп NK –жасушаларының гемопоэзі мен пісіп жетілуіне, анти- CD 4-пен костимуляцияланған жетілген В-жасушаларының активациясына және көбеюіне анти- CD5-пен костимуляцияланған Т-жасушаларының көбеюіне қатысады.ИЛ-21 мен ИЛ-15құрамында бірдей позицияда цистеин қалдықтарының 2жұбы бар:біреуі-ИЛ-24пен ГМ-КСФ сақталады, екіншісі-ИЛ-21мен ИЛ-15қана тән.Осы аминқышқылдық гомологиясының күшті болғандығынан, ИЛ-15 пен ИЛ-21 құрылымдары өте ұқсас.

ИЛ-21 өз бетімен адамның оқшауланған В-лимфоциттеріне митогендік әсер келтіре алмаса да, олардың анти- CD 40 моноклоналдық антиденелермен қоздырылған пролиферациясын күшейте алады.Және, керісінше, ИЛ-21 анти-IgM-антиденелері мен ИЛ-4 комбинациясымен шақырылған пролиферацияны тежейді.Сонымен қатар, ИЛ-21 жетілген Т-жасушаларын емес «аңқау» Т-жасушаларын костимуляциялайды.ИЛ-21 анти-CD3 немесе басқадай стимулдарсыз Т-жасушаларына белсенді пролиферативті әсер келтіре алмайды.

Активтелген CD4-Т-жасушаларының өздері де ИЛ-21 өндіретіндігінен, бұл цитокиннің Т-хелперлердің кең таралуын шақырып көршілес В-жасушаларының келісті жауабын шақырып, иммундық жауапты реттеуде аутокриндік маңызы бар.

ИЛ-21 қатерлі трансформацияланған жасушаларға иммунологиялық бақылауды атқаратын NK-жасушаларының көбеюі мен таралуына қатысады, сондықтан метастазалардың пайда болуына әсері бар.Сонымен қатар, NK- жасушалары микробтық патогендерге, соның ішінде вирустарға қарсы туа біткен иммунитеттің негізі;гемопоэзді реттеуге қатысады.

Сонымен, клондалған ИЛ-21 цитокины жетілген Т-және В-лимфоциттердің қоздырғыш стимулдарға жауап ретінде орын алатын пролиферацияларын реттейді, сүйек кемігінен NK-жасушаларының популяциясы таралуына делдалдық қызмет көрсетеді, қортып айтқанда, иммун жүйесінің маңызды реттеушісі болып келеді.

ИНТЕРЛЕЙКИН-22. Молекулалық салмағы – 25 000 Д.Лимфоцитарлық белсендіруші фактор деп те аталады (TIF).Белсенген CD4 Т-лимфоциттерімен өндіріледі.Биологиялық қызметтері ИЛ-10ұқсас.Биологиялық қызметтерінің ішінде-эпидермалдық жасушалардың жетілуін тежеу, РАР1(pancreatitis-associated protein 1) және остеопоэтиннің көбеюін шақырады. Қызметтері бойынша ИЛ-19бен ИЛ-20жақын.Тх1/Тх2 балансын реттеуге қатысады.

ИНТЕЛЕЙКИН-23.Белсенген дендритті жасушалармен өндіріледі.Биологиялық қызметтері ИЛ-12-нің қызметтеріне ұқсас.

ИНТЕРЛЕЙКИН-24.Ьолекулалық салмағы – 35 000 Д.ИЛ-10В немесе МДА7 (меланоманың жетілуімен біріккен протеин 7)деп те аталады.Меланоциттермен, NK-жасушаларымен, В-лимфоциттерімен және Т-лимфоциттердің кейбір субпопуляцияларымен өндіріледі.

ИНТЕРЛЕЙКИН-25.Молекулалық салмағы-18-20 000 Д.Сүйек кемігінің стромалдық жасушаларымен, Т-лимфоциттердің субпопуляцияларымен өндіріледі.ИЛ-17 тұқымдастығына жатады (ИЛ-17Е) ИЛ4, ИЛ5, ИЛ-13 және эотоксиннің өндірілуін белсендіреді.ИЛ-25 in vivo өкпеге енгізілуі тыныс алу жолдарының аурулары кезінде тиімді екені анқталды.Цитокиндердің өнімін, тіндердің регенерациясын, шырыштың бөлінуін және тыныс алу реактивтілігін белсендіреді.

ИНТЕРЛЕЙКИН-26. Молекулалық салмағы-36 000 Д.Т-лимфоциттердің субпопуляциялары мен NK- жасушаларымен өндірілетін цитокин.Жақында ашылған ИЛ-10 тұқымдастығының өкілі.ИЛ-20 қызметтерін қайталайды.

ИНТЕРЛЕЙКИН-27.Дендритті жасушалармен, макрофагтармен, эндотелиалды жасушалармен және плазмоциттермен өндіріледі.Бұл цитокиннің ИЛ-12 және IFN-ү мен бірігіп «аңқау» CD4 Т-лимфоциттердің клондарының көбеюін және CD8 Т-лимфоциттердің ісікке қарсы белсенді медиаторларын өндіруін шақыратын қасиеті табылған.

ИНТЕРЛЕЙКИН-28. (IFN-2/3).Молекулалық салмағы -19800 Д.Дендритті жасушалармен өндіріледі. IFN-в мен ортақ рецепторлары бар жақында анықталған интерферонтәрізді цитокин.Вирустарға қарсы иммунды жауапқа қатысады.1 және ІІ МНС антигендерінің экспрессияларын күшейтеді.

ИНТЕРЛЕЙКИН-29.(IFN-І).Дендритті жасушалармен өндіріледі.Қызметтері ИЛ-28-ге ұқсас.

ИНТЕРЛЕЙКИН-30.Антигентаныстырушы жасушалармен өндіріледі.ИЛ-27 гетеродимерлік түрі болып келеді.Қызметтері ИЛ-27 қызметтері сияқты.

ИНТЕРЛЕЙКИН-31.Бұл цитокинді белсенген Тх2 мен моноциттер өндіреді.Полиморфты ядролық лейкоциттерді, моноциттерді және Т-лимфоциттерді қабыну ошақтарына аттандыруға қатысты.

ИНТЕРЛЕЙКИН-32.Белсенген NK-жасушаларымен өндіріледі.Жақында анықталған ИЛ-1 тұқымдастығының өкілі.Митогендік әсері бар, TNF-a өнімін күшейтетін қабынулық цитокин болып келеді.

 

Ісік некроздаушы факторлар

1975 жылы М.bovis пен қоздырылған және ЛПС егілген тышқандардың қан сарысуында гуморалдық факторлардың жинағы табылды.Бұл фактор егілген ісіктің ыдырауын шақырып ЛПС егілген орнында геморрагиялық некрозды дамытады.Осы әсерге жауапты цитокин ісік некроздаушы фактор (ІНФ немесе TNF-tumor nekrosis factor)деп аталды.Бұдан бұрын лимфотоксин деп аталған ісік жасушаларының иммундық цитолизін қамтамасыз ететін Т-лимфоциттердің өнімі табылған.Осы екі фактор ортақ рецепторға әсер етіп бірдей биологиялық эффектерді шақырады.Сол себептен олар екеуі де ісік некроздаушы факторлар тобына егізіліп, біріншісі ІНФ – деп, екіншісі (лимфотоксин)ІНФ-в деп белгіленді.Кейін бұл тұқымдастықтың тағы бір өкілі табылды-лимфотоксин-в (сол себептен ІНФ-В лимфотоксин-а деп те аталатын болды).Осы цитокиндердің екеуін де негіздейтін тектері гистосәйкестіктің негізгі кешенінің құрамында адам хромосомаларының 6-шы жұбында көршілес орналасқан.

ІНФ-а мен лимфотоксиндер гликопротеиндер болып табылады.ІНФ-а мен ІНФ-в-ларды өндіретін жасушалары әр түрлі.ІНФ-а (синонимдері: кахексин, макрофагалдық цитотоксин, некрозин, геморрагиялық фактор)моноциттер/макрофагтардың (басқаша айтқанда, монокин), эндотелиалдық, мес және миелоидтық жасушалардың, ЛАЖ-жасушаларының, нейроглия жасушаларының, кей-кезде қоздырылған Т-лимфоциттердің өнімі болып табылады.ІНФ-а (лимфокин) Т-лимфоциттермен өндіріледі.ІНФ-а өндірілуінің индукторлары ретінде микроорганизмдер және олардың өнімдері, форболдық эфирлер, полиэлектролиттер және фагоцитоз қызмет етеді.Дені сау адамдардың қан сары суында ІНФ-а анықталмайды.Оның деңгейі індеттену кезінде, ағзаға бактериалдық эндотоксиндер енгенде жоғарылайды.Мысал үшін, ревматоидтық артрит кезінде ІНФ-а буын суықтығында жиналады, қабыну үрдістерінің көпшілігінде зәрде анықталады.

Нысана жасушалары мен биологиялық эффектілер бойынша ІНФ-а-ға ИЛ-1 мен ИЛ-6жақын.ІНФ-а моноцит/макрофагтарға, Т-, В-және NK-жасушаларына, қан түзуге, мес, шеміршектің, сүйек жасушаларына әсер береді.ІНФ ерекшелігі-тегі әр түрлі трансформацияланған (ісік)жасушаларына әсер етеді.

ІНФ цитотоксикалық әсері кешенді.Апоптозды қоздыру қабілетімен қатар, ІНФ-а жасушалық мембранада оттегінің белсенді түрлерінің, суперрадикалдардың және азот тотығының генерациясын шақырады.Өнімдерінің арасында табылатын ІНФ-а NK-және ЛАЖ-жасушаларының цитотоксикалық әсерінің іске асырылуына қатысты сияқты.ІНФ-а тек қана ісік жасушаларын емес, вируспен зақымдалған, паразиттер инвазияланған жасушаларды да жояды.ІНФ-а цитотоксикалық әсері қабынудың альтернативтік белгілерінің дамуына үлес қосады.ІНФ-а шақыратын кахексия липопротеиндік липазаны тежеу (май тінінің ыдырауына әкелетін) арқылы дамитын жасушалық деструкция нәтижесі (бұл себептен алғашқы аталуы болған).

ІНФ-а (ИЛ-1 мен ИЛ-6 сияқты) қабынудың жергілікті және жүйелі көріністерінің дамуына қатысады.Адгезия молекулаларының экспрессиясын жоғарылатып эндотелийге, макрофагтарға, нейтрофилдерге әсер етеді, антиогенез бен простгландиндердің бөлінуін күшейтеді, әр түрлі жасушаларға хемотаксикалық әсер келтіреді, қызбаны шақырады және қабынудың жедел фазасының белоктарының синтезін негіздейді.

ІНФ-а В-және Т-лимфоциттерінің көбеюін шақыратын өсу цитокиндердің кофакторы ретінде иммундық жауаптың дамуына қатысады.ІНФ-а in vivo антидене түзуді күшейтеді, жоғары сезімталдықты тежейді, иммунологиялық төзімділіктің қалыптасуына кедергң етеді.ІНФ-а эритро-миело және лимфопоэзді тежеп, қан түзу жүйесі арқылы іске асырылатын радиоқорғау эффектісі тән.

ІНФ-а – ның биологиялық мінездемелері ІНФ-в-ға ұқсас, бірақ, әлсіздену, көбінесе жергілікті және лимфотоксиннің продуценттері-Т-жасушалары қоздырылатын иммундық жауаппен күштірек байланыста болады.Оның синтезі антигендік және вирустық стимулдарымен шақырылады.Ісік жасушаларының цитолизімен қатар лимфотоксин жасушалардың бетінде МНС тектерінің өнімдерінің және ісік әсерлері антигендерінің экспрессиясын жоғарылатады, лимфоциттер мен қан түзу жасушаларының полиферациясына әсер келтіреді, қабынудың дамуына қатысады. ІНФ-в көптеген аурулардың патогенезіне қатысады (эксперименталдық аллергиялық энцефаломиелит, инсулин-тәуелді диабет және т.б.)

Сонымен, ІНФ биологиялық эффектерінің сипаттамалары мен таралуы бойынша ұқсас, иммунды жауап пен гемопоэзді реттейтін, ісік және вируспен зақымданған жасушаларды жоя алатын, лимфоидтық жасушалардың морфогенезіне қатысатын макрофагтар (ІНФ-а)және Т-лимфоциттердің (ІНФ-в)өнімі.

 

Колониябелсендіруші факторлар (гемопоэтиндер)

Бұл цитокиндер колониястимулдайтын факторлар деп атауының себебі-олар дақылда сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан қан жасушаларының белгілі түрінің колонияларының өсіп-өнуін шақыра алады.Сонымен қатар, гемопоэтиндер иммундық жауап және арнайы емес қабыну жетілген жасушаларының сақталуы мен қызмет етуіне әсер келтіреді.

Бұл топқа сүйек кемігінде in vitro миелоидтық және моноцитарлық тізбектердің қалыптасуын сүйемелдейтін 3 фактор кіреді:ГМ-КСФ (гранулоцитарлық-макрофагалдық колониястимулдайтын фактор), Г-КСФ (гранулоцитарлық КСФ)және М-КСФ (макрофагалдық КСФ).Сонымен қатар бұл топқа тағыда ИЛ-3, 7және 11 жату керек еді, осымен цитокиндердің қазіргі жіктелуі шартты екендігі айқындалады. IFN-y-мен қосылып, адам моноциттерінің U937 тізбегінде АИВ-1 репликациясын тежейді. ГМ-КСФ

КСФ сүйек кемігінің және басқа ағзалардың жасушаларымен (фибробласттармен, эндотелиалды жасушаларымен), макрофагтармен, белсендірілген Т-лимфоциттерімен өндірілетін гликопротеиндер.Олардың синтезін бактериалдық өнімдер,полиэлектролиттер, митогендер және антигендер қоздыра алады.

ГМ-КСФ-алғашқы рекомбинанттық ДНК технологиясымен жасалған адамның гемопоэтикалық гормоны.Негіздейтін тегі адамның хромосомаларының 5-ші жұбында орналасқан.ГМ-КСФ макрофагтардың пісіп жетілуін белсенді түрде қоздырады.ИЛ-3 екеуінің рецепторларының В-тізбектері бірдей болғандықтан әсерлері ұқсас.Г-КСФ сияқты, ГМ-КСФ әр түрлі ситокиндермен әсерлесіп гемопоэтикалық жасушалардың көбеюі мен жетілуін реттейді.Және де ГМ-КСФ жетілген мелиоидты жасушалардың қызметтерін белсендіре алады, соның ішінде, қатерлі меланома жасушаларына қарасты (А375 тізбегі)макрофагтрадың цитотоксикалық әсерін күшейтеді.Сонымен қатар, ГМ-КСФ макрофагтардың тыныстық үрдістерін ұлғайтады. ГМ-КСФ белгілі бір деңгейде, әсіресе IFN-ү-мен қосылып, адам моноциттерінің U 937 тізбегінде АИВ-1 репликациясын тежейді. ГМ-КСФ жетілген нейтрофилдер мен эозинофилдердің бірқатар қызметтерін жоғарылатады:нейтрофилдердің бактериялар мен ашытқыларды фагоцитоздауын белсендіреді;антиденелермен байланысқан нысана жасушаларына нейтрофилдер мен эозинофилдердің цитотолағыштығы әсерлеуіне ықпал етеді. ГМ-КСФ қабынудың белсенді медиаторы-лейкотриен В4 синтезіне қатысты нейтрофилдік 5-липоксигеназаны активтейді. ГМ-КСФ культивацияланған адамның эндотелиалды жасушаларының миграциясы мен көбеюін қоздырады. ГМ-КСФ рецепторлары бірқатар тіндерде табылған:плацентада, олигодендроциттерде және кейбір ісік жасушаларында (меланома, өкпенің жасушааралық карциномасы және қуықасты безі).Сонымен, in vivo өткізілген зерттеулер нәтижесінде ГМ-КСФ макрофагтар мен нейтрофилдердің физиологиялық белсенділігінде зор маңызы бар деп те айта аламыз, сол себептен бір қатар індеттер кезінде, соның ішінде макрофагтардың ішінде көбейетін микробтармен шақырылатын, емдеу және алдын алу шарасы ретінде қолданыла алады.

Г-КСФ-тегі адам хромосомаларының 17-ші жұбында орналасқан, классикалық гемопоэтикалық өсу факторларының бірі. Г-КСФ негізгі өндіруші жасушалары:моноцит/макрофагтар, фибробласттар, тегіс салалы және эндотелиалды жасушалар. Г-КСФ синтезін қоздыратындар-ИЛ-1, ИЛ-6 және ГМ-КСФ.Ол, көбінесе, гранулоциттердің бастауыштары мен жетілген гранулоциттерге әсер келтіріп, эритроциттер,тромбоциттер, нейтрофилдер және эозинофилдердің дамуын қамтамасыз етеді, митогендерге (ЛПС) жауап ретінде фагоциттердің белсенділігін және оттегі өнімін жо,арылатады.Сонымен қатар, Г-КСФ хемотаксикалық белсенділікті көрсетіп, лейкоциттердің миграциясын шақырады;гранулоцитопоэзді қоздыруда ИЛ-3, 6, 11-лермен бірігіп, қызмет етеді;адам эндотелиінде фибрин ұйытқыларын ерітетін протеолитикалық ферменттің-плазминнің плазминогеннен пайда болуына әсер келтіретін плазминоген активаторының белсенділігін жоғарылатып, культивацияланған адам эндотелиінің жасушаларының миграциясы мен пролиферациясын күшейтеді;қуық карциномасына аутокринді өсіру фактор ретінде әсер келтіреді. Г-КСФ-ды енгізгенде тез арада гранулоциттердің саны көбейеді.

М-КСФ-тегі адам хромосомаларының 5-жұбында орналасқан. М-КСФ өндірілуінің индукторлары:ИЛ-3, ГМ-КСФ, IFN-y.Оны фибробластар, эндотелиалды жа сушалар, моноцит/макрофагтар өндіреді.Негізгі биологиялық әсері моноцитопоэзді қоздыруымен және моноцит/макрофагтарды белсендірумен байланысты.ГМ-және Г-КСФ-термен салыстырғанда, нейтрофилдердің хемотаксисының күшті тежегіші болып келеді.Сонымен, КСФ табиғи жағдайда миело/моноцитпоэзді, белгілі бір сатылары мен тізбектеріне әсер етіп, қамтамасыз ететін факторлары ьолып келеді.

Интерферондар (IFN)


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!