Шы сурет.Цитокиндік тордың фрагменті.



Цитокиндер торының ерекшеліктеріне өте жоғары сенімділік жатады, себебі, негізгі әсерлері артық деңгейде қамтамасыз етіледі:иммундық жүйенің жасушаларының қоздырылуы бұл жүйенің қызмет етуінің шарты.

Интерлейкиндер

1979 жылы Швейцарияда өткен лимфокиндер бойынша эксперттердің комитетінің Халықаралық симпозиумында сол уақытқа дейін белгілі болған лимфокиндер мен монокиндер туралы мәліметтер біріктіліп интерлейкиндердің (ИЛ)-лейкоцитарлық медиаторларының қағидасы негізделді.Сол кезде алғашқы зерттелген екі интерлейкинге-ИЛ-1жәнеИЛ-2деген кезекті сан берілді.Қазіргі таңда 30-дан астам интерлейкиндер зерттелген.Олардың біріншілік құрылымдары анықталып, барлығы рекомбинанттық түрде өндірілген.

ИНТЕРЛЕЙКИН-1 (Адамның хромосомаларының 2-ші жұбы).

ИЛ-11972 ж. Төменгі концентрациядағы митогендермен әсерлесіп тимоциттердің көбеюін қоздыруға қабілетті фактор ретінде табылған.

ИЛ-1дің тектерін клондауы біртекті белсенділігі бар екі түрлі белок бар екенін көрсетті:ИЛ-1а және ИЛ-1в.Олардың молекулалық салмақтары 15 000-17 000Дсапалық көрсеткіштері ұқсас және екеуі де иммундық жауап пен қабынудың эффекторлық фазасының негізгі цитокиндері болып келеді.

ИЛ-1дің негізгі өндірушілері – моноциттер мен макрофагтар, сонымен қатар В-лимфоциттер, дендриттік жасушалар, нейтрофилдер,лангерганс жасушалары, глиалдық, эндотелиалдық және синовиалдық жасушалар,фибробласттар, тері мен тимус эпителий,дақылда – Т-лимфоциттердің кейбір клондары болып келеді.Моноциттер мен макрофагтардың ИЛ-1-ді өндірулерінің шарты-бактериалдық және басқа өнімдермен қоздырылу (3-ші кесте).

ИЛ-1-дің өнімінің ингибиторларына простагландин Е2, глюко-кортикоидтар, цАМФтың деңгейін жоғарылататын факторлар, GTF-b және retijoic acid жатады.

ИЛ-1-дің көптеген нысана жасушалары бар (4-ші кесте).белсендірілген Т-және В-лимфоциттер, макрофагтар мен нейторфилдер, NK- жасушалары, эндотелий жасушалары, тегіс салалы бұлшық ет жасушалары, хондроциттер, базофилдер, плазмоциттер, қантүзу жасушалары, кератиноциттер, остеокласттар, гепатоциттер, ұйқы безінің Лангерганс аралшаларының жасушалары.

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!