Иммунограмманы талдау



«Иммунограмма» термині ХХ ғасырдың 90-шы жылдары клиникалық иммунологтар К.А.Лебедев және И.Д.Понякина ұсынды. Олар иммунограммаға қалыпты деңгейде ағзада қабыну үрдісінің бар екенін қандағы жасушалық және гуморалды факторлардың көрсеткіштерінің минималды кешені ретінде анықтама берген.

Нақты иммунограмманы талдап-шешу кезінде әр көрсеткішін қалыпты жағдайдағы берілген көрсеткіштің тербеліс интервалымен салыстырады. Бұндай интервалдар үлкен топтағы дені сау адамдардың иммунологиялық тексерулердің нәтижелеріне негізделу арқылы анықталған.

Дені сау адамдардың қанында Т-лимфоциттердің (CD3) құбылмалылығымен сипатталады, осы көрсеткіштің тербеліс интервалы 40-тан 80% дейін құрайды; Т-лимфоциттердің абсолюттік құрамы шамамен – 1,0-2,4 (х109/л) тербелісті көрсетті.

Лимфоциттердің Т-хелпер және Т-киллер/супрессор субпопуляцияларының бөлінуі клиникада маңызды орын алады. Осы көрсеткіштер CD4 және CD8 антигендеріне МонАД-ің қолдануымен бағаланады. Дені сау адамдардың қанында Т-лимфоциттер субпопуляциясының саны келесі мағыналармен сипатталады: СD4+-лимфоциттер 33-50% (абсолюттік көрсеткіштері – 0,6-1,7х109/л); CD8+-лимфоциттер 16-39% (абсолюттік көрсеткіштері – 0,3-1,0х109/л); көрсеткіштер үшін қалыпты мағынасы CD4/CD8 арақатынасында – 1,5-2,0 құрайды.

В-лимфоциттер үшін олардың қалыпты мағынасы Т-лимфоциттермен салыстырғанда төменгі шекарасы тән, себебі бұл жасушалар үшін қанға қарағанда, лимфоидты тіндерде болуы тән. В-лимфоциттің CD20+ саны (%-бен лимфоциттер санының жиынтығына) қанда 5-30% құрайды, ал абсолютты саны – 0,04-0,6х109/л.

Шеткері қанда табиғи киллерлер CD16+ және/немесе CD56+ антигендеріне МонАД қолдану арқылы анықталады. Ересек адамдарда осы жасушалардың салыстырмалы саны 5-15% құрайды, абсолюттік көрсеткіші 0,045-0,7х109/л тең.

Қанда иммуноглобулиндер екі негізгі жағдайда болады. Молекуланың бір бөлігі плазмада бос күйінде, ал басқа бөлігі – жасушалар бетінде байланысқан күйінде болады. Дені сау адамдардың қан сарысуында IgG, IgM, IgA қалыпты концентрациясының шекарасы 14 кестеде берілген.

14 кесте. Дені сау адамдардағы иммуноглобулиндердің көрсеткіші

Жасы (жылы) IgG мг/мл М Ig мг/мл А Ig мг/мл
15-45 5,4-16,1 0,5-1,9 0,8-2,8
45 және одан жоғары 5,3-16,5 0,5-2,0 0,8-4,0

Егер де иммунограмманың бір немесе бірнеше көрсеткіштері қалыпты деңгейінен төмен болса, осыған негізделе отырып, адамда иммунды тапшылық жағдай бар деп айтуға бола ма? Жоқ, себебі бұл уақытша серпіліс әртүрлі сыртқы әсерлерден болуы мүмкін, сондықтан да иммунограммада анықталған өзгерістің қаншалықты тұрақты екенін білу үшін, зерттеуді 2-3 аптадан кейін қайталау қажет.

Иммунологиялық көрсеткіштің төменеуі ағзаның қорғаныс қызметінің төмендегенін көрсетеді, яғни ол клиникалық көріністермен міндетті түрде байқалады. Қандағы фагоцитоздық жасушалардың функционалды белсенділігінің және санының төмендеуі созылмалы іріңді серпілісі бар науқастарда жиі кездеседі. Белгілі аурулардың ішіндегі ең ауыр жағдай – ЖИТС-тің вирустық ауруларында Т-лимфоциттің ақауы көрінеді. Адамның иммунды тапшылық вирусы тек Т-хелперлерді таңдап зақымдайды, сондықтан Т-хелперлер санының төмендеуі нәтижесінде, Т-лимфоциттердің жалпы саны төмендейді. Ол Т-хелпердің санының төмендеуіне және жалпы лимфоцитопенияға әкеледі. Себебі Т-хелперлер жұқпаға және ісіктік өспеге қарсы иммунды жауаптың реттелуіне қатысады, олардың төмендеуі жұқпалар мен ісіктің дамуына әкеледі, сондықтан ЖИТС-пен ауыратын науқастар осыдан өлімге шалдығады. Осы аурудың ерте белгілері иммунограммада Т-лимфоциттер субпопуляцияларының қалыпты арақатынасының бұзылуымен байқалады.

Иммундық тапшылықтың құрылыстық критериясы зертханалық тексерулерде Т- және В-лимфоциттер популяцияларының қызметін және құрамының 20% және одан да төмендеуі, бұл кезде арнайы емес қорғаныс факторлардың деңгейі қалыптыдан 10% және одан да төмендеуімен сипатталатын зертханалық көрсеткіштер болып табылады. Функционалды иммундық тапшылық жағдайлардың болу критериясы Т- және В-лимфоциттердің 10% шамасында төмендеуі болып табылады, ал арнайы емес қорғаныс факторлардың мөлшері қалыпты шамасында немесе біршама жоғарлаған.

Иммунограммада төменделген көрсеткіштермен қатар, жоғарылаған көрсеткіштердің анықталуы да дәрігерлерді күмәндандырады. Көрсеткіштердің жоғарылуы ағзаның адаптациялық серпілісі деп қарауға болады. Мысалы, қандағы лейкоциттер санының жоғарылауы – лейкоцитоз, ол жедел қабынуға, соның ішінде жедел жұқпаларға тән. Бактериалды жұқпаларда сүйек кемігінде гранулоциттер өнімдері жоғарылайды: қанда олардың таяқшатәрізді ядросы бар пісіп-жетілмеген түрлері кездеседі. Вирусты жұқпаларда қанда лимфоциттер саны жоғарылайды (лимфоцитоз), ол вирустарға қарсы иммунитетте маңызды рөл атқарады.

Жұқпалы аурулар кезінде қанда IgG және IgM деңгейлерінің жоғарыласа, ол қоздырғыш антигендеріне қарсы белсенді иммундық жауаптың белгісі ретінде оң деп бағаланады. Аутоиммундық аурулары бар науқастардың қанында осы иммуноглобулиндер деңгейінің жоғарылауы, аутоагрессияның күшейтетін, организмнің өзінің антигендеріне қарсы аутоантиденелер өнімдерінің көбею белгісі, болжамы қолайсыз деп бағалайды.

Иммунограмманың білкелкі нәтижесі әрқашанда болуы мүмкін емес. Бірақ иммунограмма иммунологиялық ақауды орналасуын нақтылайды және де сәйкес орынбасушы немесе иммунитетті реттейтін терапияның жүргізуінің негізі болып табылады. Аллергиялық және жұқпалы аурулардың емі осы иммунограмманың динамикасына сәйкес негізделген. Иммунограмма организмнің иммунды жүйенің қызметін және жағдайын көрсететін өзіндік экран болып табылады.

Мысалы, IgG және IgM иммуноглобулиндер жеткіліксіздігінің анықталуы, донор қанынан дайындалған иммуноглобулин препараттарын, көк тамырға енгізу көрсеткіші деп қарастырылады. Т-лимфоциттер ақауы табылған кезде құрамында тимус пептидтері бар бұзау тимусының тіндерінен жасалған емдік препраттарды қолданады, ол Т-лимфоциттердің дифференцировкасына және белсенділігіне себепкер болады. Плазмаферез, қанда жиналған иммунды кешендерді, қабыну алды цитокиндерді және т.б. компоненттерін элиминациялау әдісі ретінде міндетті түрде иммунограмманың бақылауы арқылы жүргізіледі.

Аллергиялық аурулардың диагностикасы

Бүгінгі күнде, халықтар арасында аллергизацияның жайылуына және гельминтоз жиілігінің жоғарылауына байланысты IgE мөлшерін анықтау маңызды.

Қалыпты жағдайда қан сарысуында IgE мөлшері жоғары болмауы керек. IgE қалыпты деңгейі әртүрлі халықтар тобының популяциялар арасында айырмашылықтар болуы мүмкін (ер адамдарда IgЕ деңгейі 20-дан 60 жас аралығында 380 МЕ/мл, ал сол жастағңы әйелдер арасында – 175 МЕ/мл жетуі мүмкін. Бірақ келтірілген көрсеткіштерді жуықтап қолдануға болады, және әр зертханаларда, қан сарысуындағы IgE қалыпты концентрациясының шекарасын есептеу туралы кеңес беріледі. Мысалы, Алматы қаласында сау адамдардың сарысулық IgE деңгейі шамамен 40 МЕ/мл құраған, ал Будапештте – шамамен 135 МЕ/мл құрайды.

Сарысулық IgE өте жоғары концентрациясы паразитарлық ауруларда байқалуы мүмкін. ІgE деңгейінің жоғарылауы, аллергиялық риниттер, атопиялық бронх демікпесі, атопиялық дерматит, жүйелі анафилаксия, ангионевротикалық ісіну сияқты аллергиялық аурулары бар науқастарда жиі кездеседі.

Белгілі бір антигенмен кездескеннен кейін, қалыпты IgG немесе Ig M кластарының орнына жоғары мөлшерде IgE өндірілу қабілеті генетикалық детерминанттылық белгісі болып табылады және кейбір жағдайда жанұясының біреуінде кездеседі. Осындай генетикалық ерекшелігі бар кейбір адамдарда аллергиялық ауру, мысалы, бронх демікпесінің дамуына әкеледі. Қан сарысуында IgE деңгейінің жоғарылауын анықтаған жанұяда, аурудың дамуын болжауға болады. Кейбір жағдайда атопия, көбінесе, моносенсибилизация кезінде, аурудың айқын симптомына қарамастан, IgE деңгейі аз мөлшерде жоғарылауы немесе деңгейі қалыпты болуы мүмкін. Ересек адамдардың қан сарысуында IgE концентрациясының келесі көрсеткіштері тән:

Ø IgE концентрациясы 25 МЕ/мл тең немесе одан төмен болуы – атопиялық аурудың бар екені күмәнді;

Ø IgE концентрациясы 25-100 МЕ/мл жоғары – атопиялық ауруды жоққа шығаруға болмайды;

Ø IgE концентрациясы 100 МЕ/мл жоғары – атопиялық аурудың болуы күмәнсіз, себебі, аллергенге арнайы ІgE меншікті мөлшері жоғары және базофилдер рецепторына арнайы және арнайы емес ІgE аз бәсекелестігімен түсіндіріледі.

Аллергиялық аурулардың диагностикасында келесі лабораториялық әдістер қолданады.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 20; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!