Алалық антропологияның негізгі ұғымдарына терминологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз



Қалалық антропология қаланың әлеуметтік ұйымдастырылуын зерттеп, қалаға тән әлеуметтік байланыстар мен әлеуметтік өмірдің үлгілерін қарастырады.Қала антропологиясы өз алдына дербес сала ретінде XXғасырдың 50-60 жылдары қалыптасты.Қала антропологиясында оның әдіснамасын сипаттайтын бірқатар аспектілері бар.Негізінен алғанда маңызды сұрақтар қалаларды салыстырмалы зерттеуге қатысты қалыптасты.Қала антропологиясында қалалардың түрлі типтері -индустриалыққа дейінгі, батыстық,және батыстық емес индустриалдық, колониалдық, колониалдықтан кейінгі – қарастырылады.

Антропологтар қалаға ерекше орта ретінде қарады.Бұл идея Э Дюркгеймнің <<Қоғамдық еңбек бөлінісі>>деген енбегінде дамылтып,кейін Чикаголық мектептің қаланы зерттеуге байланысты бағытына әсер етті.Егер Шоберг қаланы сауатты элитаның болу өлшеміне қарай анықтаса,онда П.Уитли <<этноқаланың>>функционалдық анықтамасына назар аударып, халаықтың және әлеуметтік белсенділіктің шоғырланған ортасы ретінде қарайды.

Қалалық антропология үлкен қалалардың әлеуметтік мәселелерін:қылмыскерлік,әлеуметтік,ұйымсыздық,кедейшілік,үйсіздік,тұрақсыздық мәселерін қарастырады.

Гарольд Дуайт Лассуэл (1902-1978) - Чикаголық мектептің көрнекті өкілі, саяси ғылымда бихевиористік көзқарасты жақтаушы. Йель құқық университетінің құрметті процессоры, Нью-Йорктағы Саяси ғылымдар Орталығының директоры, Американдық саяси ғылымдар Ассоциациясын басқарды. Саяси ғылымның саласында саяси мінез-құлықты әлеуметтік психология мен психоанализ әдістерін кеңінен қолданатын зерттеулерге бағыттады. "Психопатология және саясат" еңбегінде жеке тұлғаның саяси белсенділігіне әсер ететін жасырын, астыртын сананың ықпалы зерттелді. Лассуэлл саяси тұлғалардың жіктелуін жасап, саясаткерлердің түрлерін анықтады. Билікті зерттеу барысында бір индивидтердің әмір етіп, екіншілерінің бағынуын түсіндіретін "билікке - ерік" жайында гипотеза ұсынды, ол бойынша саясаткерлердің сыртқы және ішкі (рухани) кемістіктерінің орнын толтыру мақсатындағы әрекеті түсіндіріледі. Элиталар саясаттың басты субъектілері деген қорытындыға келеді және абстрактылы институттар мен ұйымдарды зерттегеннен сол субъектілердің арақатынасын зерттеу әлдеқайда маңызды деп тұжырым жасайды. "Саясат: кім, қашан, қалай, не алады" деген еңбегінде Лассуэлл саяси ғылымның басты міндетін қоғамдағы құндылықтар бөлінісін зерттеуден кәреді. Егер қоғамның экономикалық саласында материалдық құндылықтар өндірілсе, мәдениет саласында - рухани құндылықтар, ал саяси салада құндылықтар өндірілмейді, тек бәліске түседі. Құндылықтарды кім бөлсе, сол билікке ие болады, - дейді ол

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!