бағаналы, түтікшелі, жұқа қабатты, қағазды хроматография болып бөлінеді

 

Талданатын ерітіндідегі иондарды адсорбенттің құрамына кіретін иондарға қайтымды алмастыруға негізделген хроматография әдісін атаңыз: ион алмасу хроматографиясы

 

Өз иондарын сұйық жылжымалы фаза иондарына алмастыра алатын табиғи не синтетикалық сорбенттерді не деп атайды: иониттер немесе ионалмастырғыштар

 

Иониттің құрамына кіретін тұндырғышпен немесе тұндырғыш және тасушының қоспасымен хроматографияланатын заттың әрекеттесуіне негізделген хроматография әдісі: тұндыру хроматографиясы

Экстракция заңдылықтарына бағынатын, араласпайтын екі сұйықтар арасында заттардың таралуына негізделген хроматография әдісі: таралу хроматографиясы

 

Қоспадағы заттарды бір-бірінен ажырату, олардың әртүрлі адсорбциялануына және қозғалмалы фаза бойымен қозғалу жылдамдығының түрліше болуына негізделген хроматография әдісі: адсорбциялық хроматография

 

Адсорбциялық хроматографияда адсорбент ретінде не қолдануы мүмкін: А12О3, СаСО3, МgО, қант, крахмал

 

Ерігіштік көбейтіндісіне әлі жетпеген бөгде заттардың ерітіндіден тұнбаға түсіп және сол тұнбаға өтуі.......... деп аталады: қоса тұну

 

Кристалды тұнбаны алу жағдайы: Ыстық ерітіндіге тұндыру реагенті шаймалай отырып, ақырындап тамшылатып құяды.

Аморфты тұнбаны алу жағдайы: Түзілген тұнбаның бет аумағы аз болу үшін салқын ерітіндіге тұндырушы реагенті тез құяды.

 

Химиялық қоса тұнуы қандай процестермен қатар жүреді? Адсорбция, окклюзия және изоморфизм

Тұнбаның ластану түрі адсорбция – бұл: Адсорбенттің бет қабатынан иондардың және молекулалардың ерітіндіге көшуі.

Тұнбаның ластану түрі окклюзия – бұл: Қоспалардың тұнба бөлшектерінің іш жақ бетіне тұнуы.

 

Тұнбаның ластану түрі изоморфизм – бұл: Атомдардың, иондардың, молекулалардың кристалдық торда бір-бірінің орнын басуы нәтижесінде аралас кристалдарды түзу қабілеті.

 

Тұндырушы сұйықтың көлемі теориялық есептік мәнінен қанша есе артық болуы керек? 1,5 есе

 

Тотығу-тотықсыздану реакциясында эквивалент – ол: Заттың берілген реакциясындағы бір электронға сәйкес келетін эквивалентті шартты бөлігі.

 

Эквивалент факторы (f экв) деп аталады: Бөлшектің (молекуланың, атомның, ионның) берілген реакциясында бір сутек ионына немесе бір электронға сәйкес келетін эквивалентті шартты бөлігі.

 

Кристалды тұнба алу үшін бастапқы өлшендінің ең үлкен массасы қандай болу керек? 500 мг

 

Аморфты тұнба үшін бастапқы өлшендінің ең аз массасы қандай болу керек? 100 мг

 

Бейорганикалық заттың ылғалдылығын анықтау үшін алынатын өлшендінің массасы тең болуы керек: 1-3 г

 

Затты жандырғанда қалатын күлді (күл қалдықты) анықтау үшін зерттелетін өлшендінің массасы тең болуы керек: 1 г

 

Бір немесе бірнеше ерітілген заттарды бір сұйықтықты біріншімен араласпайтын (не бөлшектеніп араласатын) басқа сұйықтықтан бөліп алу әдісі...... деп аталады: экстракция

 

 


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:




Мы поможем в написании ваших работ!