Көпклеткалы организмдегі ырғақ иерархиясы.ЖОК ЖАУАП



39. Кренк заңы. Хронобиологиядағы рөлі. Биологиялық және физикалық сағат. Тіршілік – өлшемді процесс, оның ұзақтығы тұқым қуалаушылық пен организмнің тіршілік ортасына байланысты. Өлім – кәріліктің нәтижесі. Түрлердің тіршілік ұзақтығы жекеленген особьтармен салыстырғанда уақытпен шектелмейді, қолайлы жағдай сақталса олардың тіршілік етуі жалғаса береді. Түрлер тіршілігінің үзіліссіз жалғасуын оларда өсімталдығы қамтамасыз етеді. Репродукция құбылысы организмнің жеке-дара дамуының маңызды жақтарының бірі. Бұл процесс организмде жүріп жататын жаңару процесімен тығыз байланысты. Жаңару дегеніміз жаңа заттардың түзілуі, клеткалардың көбеюі, морфогенез және регенерация мен ұрықтану процестері. Жаңару қартаюға қарама-қарсы процесс. Бұл екі процестің арасындағы қарама-қарсылық жеке-дара дамудың негізін қалайды. Сыртқы ортаның түрлі факторлары жаңару процесіне кері әсерін тигізуі немесе оны тездетуі мүмкін. Осыған байланысты организмнің жеке-дара дамуында ол түрліше көрініс береді. Көпклеткалы организмнің түрлі клеткалары жалпы жас мөлшерінен анық байқауға болады. Бұл мүшелердегі жасқа байланысты өзгерістер заңды түрде морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық өзгерістер түрінде көрінуі мүмкін. Бұл белгілі бір жасқа сәйкес организмнің қандай орта жағдайында дамығандығын және оның қартаю мен басқа да тұқым қуалаушылық ерекшеліктерін білуге мүмкіндік береді. Онтогенездегі қартаю мен жаңару заңы совет ботанигі Николай Петрович Кренкстің (1892-1939) өсімдіктердің циклды қартаюлары мен жаңаруы жөніндегі теориясының жалпы биологиялық тұжырымдарының негізін қалады. Кренкс анықтаған өсімдіктердің жасқа байланысты өзгеру заңдылықтарын жойылу мен жаңаның үздіксіз пайда болу процесінен даму деген ұғым негізінде түсінуге болады. Қартаюдың 200-дей гипотезасы белгілі. Олардың көпшілігі тарихи тұрғыдан ескірген болжамдар. Мысалы, ол гипотезалар қартаю, көбіне организмнің өздігінен улануымен, денедегі ферменттер қорының таусылуымен түсіндіріледі. Қазіргі кезде қартаюды молекулалық механизм деңгейінде, яғни ДНҚ деструкциясымен байланысты түсіндіреді. Бірақ, Кренкс теориясына жүгінсек қартаю процесі жаңару процесімен қатар жүреді. Осыған байланысты онтогенездегі ДНҚ деструкциялық процесіне репарация процесі мен ДНҚ қалпына келу құбылысы қарсы тұруы керек. Дегенмен ДНҚ репарациясы репарациялық ферменттердің әсерімен жүретіндігі кездейсоқ құбылыс емес екендігі жөнінде қорытындыға келуге онтогенездік қартаю мен жаңару заңының жалпы биологиялық ерекшеліктері мүмкіндік береді. Организмнің жаңаруы мен қартаюын тежейтін процестеріне тікелей ДНҚ репарациясы жеке-даралық дамуда іргелік роль атқарады. Онтогенездік қартаю мен жаңару заңы индивид тіршілігінің мерзімін бейнелейтін уақыт ұғымының биологиялық көрінісін ашады. Қазіргі биологияда уақыт ұғымының физикадағы сияқты іргелік мағызы бар. Биохимиялық реакциялар, нервтік қозудың берілуі, жүректің ырғақты жұмысы, эволюция этаптары, яғни тірі табиғатта молекулалық деңгейде жүретін кез келген процесс белгілі бір уақыт мөлшерімен өлшенеді. Тірі жүйелердегі тұқым қуалаушылық ерекшеліктері мен сыртқы өзгерістердің ықпалымен туындайтын өзгерістер биоритм ретінде сипатталады. Биологиялық объектілер мен процестердің уақытша өзгерістері – аса маңызды сандық белгілер қатарына жатады. Бұл проблемаларды хронобиология зерттейді. Биология және геология ғылымдарының түйіскен жерінде органикалық дүниенің даму кезеңдерінің ұзақтығы мен көнелігін анықтайтын геохронология ғылымы тұр. Хронобиологияның қалыптасуына 1931 ж. В.И.Вернадский СССР ҒА-ның жалпы жиналысында жасаған «Қазіргі ғылымдағы уақыт проблемалары» атты докладының маңызы зор болды. Вернадский уақыт проблемасын физиканың дәстүрлі шеңберінен басқа ғылым салаларына қатысты жаратылыстану мен философиялық проблема деңгейіне көтерді.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!