Тіршіліктің глобальдылық заңы немесе Вернадскийдің бірінші заңы. Жер бетіндегі өсімдіктердің рөлі. -22 суракты караныз



24. Табиғи сұрыпталу заңы немесе Дарвин заңы.Дивергенция құбылысы. Әртүрдің популяциялық құрамы тұқым қуалаушы өзгергіштік процесіне байланысты генетикалық әртектес болып келеді. Бұл әрекеттілік түрлі особьтардың бірдей бейімделушіліктерінен байқалады. Тіршілік үшін күресте бейімделген түрлер ғана қалып, ұрпақ таратады. Осыған байланысты ұрпақтан ұрпаққа бейімделген өзгерістер ғана арта түседі, ондай өзгерістер бар особьтар популяция ішінде доминантты жағдайда болады. Тұқым қуалаушылық,өзгергіштік және табиғи сұрыптау, яғни ұрпақ бойына бйімделгендердің ғана сақталуы биолгиялық эволюциясының элементарлы факторлары болып саналады. Табиғи сұрыптау оның бағытын, бейімделістік сипатын анықтайды. Биогеоценоздағы табиғи сұрыптардың әсерінен туындайтын тұқым қуалаушылық өзгерістерінен жаңа түрлердің пайда болуына әкеп соғатын дивергенция (ажырау) процесі жүреді. Жаңа түрлерден туыс пайда болуы мүмкін. Қалыпты жағдайда табиғи сұрыптау популяциялардың генетикалық ерекшеліктерін сақтап, тақрақтандыратын және оны зиянды тұқым қуалаушылық ауытқуларын сақтайтын тұрақтылық әсер көрсетеді. Табиғи сұрыптаудың тұрақтылық әсерін түрлердің тұрақтылығын ұзақ мерзісде сақтау фактілерін байқауға болады. биологиялық эволюцияны тудыратын факторлар, оның бейімделушілік ерекшеліетері мен түрлердің сапалықоқшауланулары және сатыдағы таксондар жөніндегі ілімді ашқан Даривн болды. Ол бұл ілімді табиғи сұрыптау механизмі мен табиғатта жүріп жатқан процестердің қорытындыларын теориялық талдау негізіде жасады. Сонымен жасанды сұрыптау Дарвин үшін табиғи сұрыптаудың үлгісі болды. Мәдени өсімдіктердің сорты мен үй жануарларының тұқымын шығарудың негізіне, Дарвин көрсеткендей үш фактор кіреді: тұқым қуалаушылық, өзгергіштік және қолдан сұрыптау. Табиғаттағы қолдан сұрыптаудың налогіне табиғи сұрыптау, яғни аса бейімделген осоьтарды сақтау, олардың ұрпақтарын көбейту процестері жатады. Табиғи сұрыптау мен селекция кез келген популяцияның особьтары бетпе- бет кездесіп, бастарынан кештіра алатын тіршілік үшін күрестің алғы шептегі линиясы кезінде Ч.Дарвин көре білді. Табғи сұрыптау эволюцияның беймделістк қасиетін қастамасыз етеді. Өйткені оның әрекет механизмі бейімделгендерді ғана сақтай алады. Ал, эволюция екі факторы- тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік болса, олар тіршіілктің барлық формаларын қамтиды. Дарвин ілімі теориялық биологияның негізгі жақтарн қамтитын болғандықтан және матреия қозғалысының биологиялық формасын тарихи- жүйелік тұрғыдан түсіндіруіне байланысты, оның ілімі теориялық биологияның негізін қалаушылардың бірі болып қала береді. Эволюция барысындағы морфологиялық пргресс пен тіршілік формасының құрылымдық негізінің күрделене түсуі- ортаның биотикалық және абиотикалық фоннның морфологиялық прогресі барынша қарқынды дамитын табиғи сұрыптаудың негізі. Сонымен морфологиялық прогрестің даму дегеніміз белгілі бір жағдайда жүретін сұрыптау процесі. Морфологиялық пргресс органикалық форманың тарихи дамуының негізгі бағыты ертінде тіршіліктің алғашқы пайда болуы мен қазіргі адамзатқа дейінгі аралығындағы биологиялық эволюцияның негізгі бағытын қалайды.

25. Организмде жүретін жаңару процестері. (клетка бөлінуі, морфогенез, регенерация, ұрықтану) Кренке заңы. Тіршілік – өлшемді процесс, оның ұзақтығы тұқым қуалаушылық пен органнизымның тіршілік ортасына байланысты. Өлім- кәріліктің нәтижесі.түрлердің тіршілік ұзақтығы жекеленген особьтермен салыстрғанда уақытпен шектельмейді.қолайлы жағдай сақталса олардың тіршілік етуі жалғаса береді.түрлер тіршілігінің үзіліссіз жалғасуын оларда өсімталдықты қамтамасыз етеді. Репродукция құбылысы органинзымның жеке дара дамуының маңызды жақтарының бірі. Бұл процес организымде жүріп жатқан жаңару процесімен байланысты. Жаңару–жаңа затттардың түзілуі, клеткалардың көбеюі.морфогенез және регенерация мен ұрықтану процестері.жаңару қартаюға қарама – қарсы процесс.олардың арасындағаы қарама- қарсылық жеке дара дамудың негізін қалайды. сыртқы ортаның түрлң факторлары жаңару процеіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Осыған байланысты организымның жеке дара дамуына ол түрліше көрініс береді. Жалпы көпклеткалылы организмдерде олардың мүшелеріне байланысы өздерінің меншікті жасы арқылы ажратылуы мүмкін. Ол мүшедегі жасқа байланысты өзгерістер заңды түрде морфологиялық және биохимиялық өзгерістер түрінде көрінуі мүмкін. белгілі жасқа сәйкес органиымның қандай ортада жағдайында дамығандығына және оның қартаюы мен басқада орта жағдайында және оның қартаюымен басқада тұқым қуалаушылық ерекшеліктерін білуе мүмкіндік береді. бұл заңныңң негізін Николоай Петрович Кренко өсімдіктердің жалпы циклді қартаюы мен жаңаруы жөніндегі теория негізінде қалаған. Қартаю процесі жаңару мен бірге жүреді. қазыргі кезде қартаюды молекулалық механизм деңгейінде, ДНК молекуласымен байланысты түсіндіріледі. онтогенездегі ДНК деструкциялық процесіне репатция процесі мен ДНК қалпына келу құбылысы қарсы тұруы мүмкін. Бірақ ДНК репарациясы ферменттердің әсерімен жүретіндігіне,ол кездейисоқ құбылыс емес екендігін қартаю мен жаңару заңдылығы биологиялық ерекшеліктері мүмкіндік берген. осы заңға мысалы: адмының белгілі өмір фазасы болады.13-14 жасқа келгенда балалар ата аналарына бағынбай өзгеше болып кетеді. Дәл осындай кезде дұрыс қарамаса балалар тез теріс жолға кетуі мүмкін. сондықтан баланы бастан дегендей кәшкентай кезден бастап дұрыс тәрбие беру керек.

26. Ноосфераның қалыптасуы – табиғат пен қоғам дамуының негізі. Ноосфера (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы. Адам баласы уақыт пен кеңістікке қатысты биосфера шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — Жер. Ноосфера – ақыл-ой сферасы деген түсінікті алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954) мен Тейяр де Шарден Пьер (1881 – 1955) енгізген. XX ғасырдың 30 – 40-жылдары ноосфераны материалистік тұрғыдан сипаттап жазған В.И. Вернадский болды. Ол ноосфераны биосфера мен қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, бұл саналы, ақыл-ойы жетілген адамзаттың бағыттауымен қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы деп түсіндірді.Ноосфера – табиғат заңдылықтарының қоғамның ойлау заңдарымен және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен тығыз байланысып жататын біртұтастығын (бүтіндігін) басқарушы жоғарғы тип. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы бұрын игерілмеген жерлерді игеріп, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлықтарын пайдаға асырып қоймай, ғарышкеңістігін, ғаламшарларды игеруге, ядролық қарулар жасауға мүмкіндік берді.Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең — заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең — тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі — адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді. Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі — қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" — шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера — адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.1930—1940 жылдары В.И. Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, терендете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады. В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша: "Ноосфера — табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті.Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсуі керек. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті. Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байқалады. Бұл кезде бүкіл адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол ашылу керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді.Биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М.И.Будыко терең талдау жасаған (1984 ж.). Ол биосфераның қалыптасуында адамзат қоғамының біртұтас екендігін ұмытпау керектігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып, пайдалануға басты назар аудару көзделуде. Ноосфера кезінде Жер бетіндегі барлық халықтың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға айрықша көңіл бөлінеді.

Экономиканымилитаризациялау мен атом қару жарағын көптеп шығару- биосфера мен адамзат үшін өте қауіпті. Атом соғысы бүкіл адамзат цивилизациясын құртады. Адамзат алдындағы міндет- соғысты болдырмау.Ноосфераның қалыптасуы- адамзат дамуының қазіргі кезеңдегі глобалды міндеттерінің бірі. Ноосфераның қалыптасуы табиғат пен қоғам дамуының обьективті заңы. Сондықтан қоршаған ортаны саналы түрде қорғау қазіргі замандағы адамзаттың интелектуалды және өнегелі көрсеткіштерінің қатарына жатады.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!