Сент-Илер заңы. Организмдердің ұқсастығының түрлері және себептері.



Жер бетіндегі тіршілік өте күрделі. Ол адамзаттан вирустарға дейінгі аралықты қамтиды. Аталған көптүрлілік иерархиялық топтарды, яғни түрлі рангалы таксондар - табиғи таксондық жүйелерді қалыптастырады. Органикалық форманың біртұтастығы жануарлар дүниесі мен кез келген рангалы таксономдық топтар деңгейінде байқалады. Әртүрлі органикалық формалардың құрылысы мен функциясының ұқсастығы олардың шығу тегінің жалпылығымен –гомология, орта жағдайының ұқсастығына бейімдеушілік процестердің паралельдігімен – аналогия және тірі ормалардың ішіндегі бейімдеушілік процестермен байланысы жоқ заңдылықтарды анықтайтын эволюцияның номогенетикалық компоненттерінің әсерлерімен байланысты. Бұл факторлардың әртүрлі нақты жағдайлардағы ұқсастық қатынастары түрліше болуы мүмкін. Органикалық форманың алуан түрлілігінен олардың қарапайымдылықтан күрделілігіне қарай дамулары, эволюциялық жағдайдың алуантүрлілігі, оның дивергенттілігі мен бейімдеушілігі және мутациялық процестердің кқпбағыттылығы байқалады. Систематикада жекеленген өсімдіктер өзара бір-біріне бағынатын ранг қатарындағы таксондық топтарға жатады, олардың ішіндегі негізгісі-түр. Ботаникалық таксондардағы басты рангілер; түр, тұқымдас, туыс, қатар, класс, бөлім, патшалығы. Жануарлар классификацясы да осы жолмен құрылады, бөлімге тип, қатарға отряд, сортқа – тұқым сәйкес келеді. Биологиялыық патшалықты классификациялау құрылымдық-морфологиялық критериийлерге негізделегн болуы қажет, осыған байланысты тірі материя құрлысының 1- ацеллюлярлық, 2-квазицеллюлярлық, 3-протоцеллюлярлық, 4-моноцеллюлярлық, 5-полицеллюлярлық сияқты негізгі формаларын ажыыратуға болады. Ацеллюлярлық құрылымдар вирустар мен олардың гипотетикалық аналогтарына және И.А.Опариннің тіршіліктің пайда болуыы теориясындағы концервативтік белок тамшыларына тән. Квазицеллюлярлық құрылымдар жабынды қабағы болмайтын ұсақ бактериялар – микоплазмаға тән. Протоцеллюлярлық құрылымдар – нағыз бактериялар, мұндай қасиеттер археобактериялар мен цианобактерияларға да тән. Эукариоттардан жоғары деңгейде тұрған моно- және полицеллюлярлы құрылымдар түрлі өкілдерінің симбиоздық эволюциясы нәтижесінде пайда болған. Сонымен ұсынылып отырған гипотездік схема филогенетикалық туыстығы жағынан өзара бір-бірімен тығыз байланысты тірі материяның құрылымдық формаларын тұтастай қамтып отыр. Сент-Илер заңын қарастыруды аяқтай келе бұл заңның бастапқы идеясымен салыстырғанда оның қазіргі мазмұны тіршіліктің біртұтастығы мен көптүрлілігі анықтайтын факторларды түсіндіруде көптеген соңғы жаңалықтарды енгізгендігін айтуға болады. Бұл факторларды талдаумен эволюциялық ілім шұғылдануда. Бұдан Сент-Илер заңының биологиялық эволюция заңымен тығыз байланыстылығын көреміз.

22. Биосфера мен атмосфера, гидросфера, литосфера арасындағы зат айналымы және планетадағы энергия ағыны.

Т ірі формалардың көбейіп және таралу қасиеттеріне байланысты тіршілік жер шарының баплық жерінде таралған. Органикалық дүние тірі организмдер биомассасы мен оларды қоршаған ортаның жұқа планетарлық қабығын биосфераны құрайды. Биосфераның құрылымы оның геобиологгиялық компоненттерінің қалыптасып дамуымен, яғни биогеоценозбен, табиғи зоналармен, ландшафттармен, биогеографиялық облыстарымен және өсімдіктер формацияларымен анықталады. Биосфера атмосферамен, гидросферамен және литосферамен тығыз байланысты, олардың эволюциясына ықпал ете отырып, планетадағы заттар мен энергия ауысуы мен олрдың айналымын қамтамасыз етеді. Жер бетіндегі заттардың биологиялық айналысын өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің және микроорганизмдерінің арасындағы өзара қарым-қатынасымен анықталады, олардың глобальды ролі тіршілік иелерінің қоршаған ортамен қарым-қатынастарына байланысты. жасыл өсімдіктер атмосферадағы молекулалық оттегін көбейте отырып, күннің жарық энергиясын жианқтауда және жер бетінде алғашқы органикалқ заттар биосинтезін жасауда космостық роль атқарады. Өсімдіктер- биоценоздағы трофикалық тідзбектің бастапқы буыны. Жануарлардың экологиялық пирамида деп аталатын экологиялық жүйенің басқа да биологиялық компоненттерін жасаудағы ролі олардың зат және энергия айналу процесіндегі аралық тізбек ретінде қатысуысен байланысты. микроорганизмдердің глобальдық ролі органикалық заттарды минералдау, тау жыныстарымен топырақты және басқада организмдерде патогендік әрекеттердің пайда болу әрекеттерінен айқын көрінеді. Тіршіліктің глобальды әрекетін теориялық пайымдаудың негізі ретінде санауға болады. Зерттеулер нәтижесінде түрлі деңгейдегі биоценозбен экожүйелер туралы ұғымдар қалыптасып, одан әрі дамиды. Жердің геологиялық тарихының факторларын анықтайтын биосфераның кең көлемді концепциялары жасалды. В.И. Верандский ұыснған бұл концепциясы- глобальді тіршілік заңының негізгі ядросы. Глобальді масштаб жөнінен біздің планетамыздағы биомассасы аса үлкен емес, бар жоғы жер шары массасының 1/6000000 ғана құрайы. Тадағы Д ету масштабы жөнінен биомасса планегенмен әсер ету масштабы жөнінен биомасса планетадағы геохимиялық күштердің ішіндегі ең күштісі. Атмосферадағы ауа құрамының қалыптасып тұрақтануы- тіршіліктің нәтижесі. Гидросфераның химиялық құрамында организмдер тіршілігінің нәтижесі екендігі дәлелденіп отыр. Топырақ – тірі затттардың активтілік аумағы және тіршілік әрекетінің өнімі. Жержің шөгінді тұқымдастары- ол тірі заттар жасаған биогенді тұқымдасы. Жердің гранитті қабығы шөгінді тұқымдастарының балқуы есебінен пайда болған. Вернадский бойынша граниттер бұрынғы биофералар. Органикалық дүние Д.И Менделеевтің периодтық кестесіндегі барлық элементтердің геохимиялық тарихын анықтай отырып, өзінің ісерімен жер қыртысының барлық химиясын қамтиды. Организмдердің тікелей қатысуымен планетаның беткі қабатында күн энергиясы өзгеріске ұшырап, ол түрлі органикалық заттарға химиялық энергия ретінде жинақталады. Жер бетіндегі фотосинтездік процестің нәтижесінде жылына 42-46 млрд. Органикалық көміртегі түзіледі екен. Фотосинтездеуші организмдер – кейбір бактериялар мен жасыл өсімдіктер- неорганикалық заттарды- СО2, Н2О, азот қосылыстары, күкірт – органикалық заттарға айналдырады. Жасыл өсімдіктер тобының биологиялық айналыстағы роліне байланысты оларды органикалық заттар продуценті деп атайды. Консументтер тобы негізінен жануарлардан тұрады. Ең соңында үшінші топты құрайтын (бактериялар, актиномицеттер, микроскоптық саңырауқұлақтар) органикалық заттарды бұзып, минералдайды. Бұл топтың өкілдерін редуценттер деп атайды. Продуценттер, консументтер мен редуценттер өзара әрекеттестіктері заттар айналысының негізін қалайды. Биосфера табиғи зоналарға, табиғи зоналар өз кезегінде, табиғи ландшафттарға бөлінеді.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!