Тірі заттардың химиялық құрылымы туралы заңы.



Тірі дененің материалдық негізін организмнің тіршілік әрекеті нәтижесінде биохимиялық өзгерістерге ұшырап отыратын көміртегінің органикалық қосылыстары құрайды. Бұл өзгерістердің жолы – ассимиляция мен диссимиляция процесі. Ассимиляция мен диссимиляцияның жиынтығын организмнің заттар алмасуы немесе оның метаболизмі құрайды. Зат алмасуында биохимиялық реакциялардың реттеушісі ретіндегі рольді белоктік ферменттер атқарады. Одан басқа, белоктар құрылым түзуші, қозғалыс, тасымалдау, иммундық және энергиялық функцияларды да атқарады. Белок биосинтезі нуклеин қышқылдарының қатысуымен жүреді. Нуклеин қышқылдарының генетикалық ақпараттарды бере алатын қасиетіне байланысты олар тұқымқуалаушылық, белок түзілуі мен организмнің дамуы сияқты құбылыстарда аса зор роль атқарады. Тірі денеге белок пен нуклеин қышқылдарынан басқа липидтер мен көміртегі, АТФ сияқты органикалық қосылыстары кездеседі. Органикалық емес заттардан судың маңызын ерекше атап кеткен жөн. Тіршілік – белокты заттардың өмір сүру тәсілі екендігін анықтай отырып, сонымен қатар Энгельс белоктардың тіршіліктегі биохимиялық роліне де тоқталды. Тіршіліктің физиологиялық-биохимиялық мәнін анықтай отырып, тіршіліктің негізіне белоктан басқа нуклеин қышқылдары – ДНҚ мен РНҚ жатқызады, өйткені, нуклеин қышқылдары белок түзілуіне тікелей қатысуымен қатар тұқым қуалаушылық міндетін де атқарады. Сонымен, тіршіліктің материалдық негізін белок пен нуклеин қышқылдары құрайды. Олар басқа да компоненттермен бірлесе отырып тіршіліктің қарапайым құрылымдық-функционалдық бірлігі – клетканы құрайды. Липидтер клетканың плазмалық мембраналарын қалыптастыруға қатысады, ал онда, негізінен биохимиялық процестер жүріп, қоректік заттар қоры жасалады. Түрлі көмірсулар метаболизмдік функциялар атқарады, фотосинтездің бастапқы өнімі және қордағы қоректік зат көзі болып табылады. АТФ болса, ол әрбір клетканың құрамында болады және энергия алмасуында негізгі роль атқарады. Су – кез келген тірі дененің міндетті компоненттерінің бірі. Онда барлық биохимиялық процестер жүреді. Химиялыө реагент ретінде ол органикалық заттар гидролизіне, фотосинтез процесіне қатысады. Сулы ортада биохимиялық реакцияларға қатысатын неорганикалық заттардың иондануы жүреді. Клеткадағы судың мөлшері 60-80%, әрине бұл тірі дененің механикалық қасиетін анықтайды.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!