Дриш заңына түсініктеме беріңіз.



Организмнің біртұтастығы – оның ішкі дүниесінің бірлігі, салыстырмалы түрдегі дербестігі мен оның жеке бөліктерінің өзара бір-біріне тәуелсіздігі. Сонымен, онтогенез дегеніміз біртұтастық жағдайда сатылай алмасады. Нәтижесінде бір салаға тоқтаған бірлігі. Жеке-дара дамудың біртұтастығымен органикалық мақсатқа сәйкестік байқалады. Онтогенездің біртұтастығы цитогенетикалық, морфологиялық, гормондық, ал, көпшілік жануарларда нейрогуморальдық жүйелілік-реттеушілік факторлардың әсеріне негізделген. Бұл факторлар, кері байланыс жолымен әсер ете отырып, организмнің дамуымен тіршілік әрекетін үйлестіреді. Біртұтастық қасиет әртүрлі түрдің өкілдері мен түрлі особьтары үшін түрліше болып келеді. Өсімдіктердегі біртұтастық қасиет жануарларға қарағанда аз деңгейде байқалады. Регенерация процесінде біртұтастық заңы артады. Онтогенез бен филогенез процесіндегі құрылымның күрделене түсуі мен организмнің жүйелілік-реттеушілік факторларының үйлестіруші функциясының күшеюі біртұтастық принципінің күшейгенін көрсетеді. Сондықтан біртұтастық қасиеті организмнің жеке-даралық дамуында ғана емес, тарихи дамуында да сақталады. Біртұтастықты бұзуға себепші болатын өзгерістерді сұрыптау ығыстырып отырады. Ғылым тарихында неміс эмбриологі Гаис Дриштың атымен (1867-1914) байланысқан теориялық биология заңы бойынша организмнің жеке-дара дамуы – біртұтас, бөлінбейтін процесс және келешектегі әрбір дамитын элементті тұтастай алғанда оның функциясы. Барлық организмдердің жеке-дара дамуы – сатылы процесс. Вирустарда сатылылық тіршілік циклымен, олардың репродукциясымен және бір клеткадан басқа клеткаға өтілуімен байланысты. Бірклеткалардың жеке-даралық дамуы – митоз, бөліне алады, ДНҚ синтездеу және бөлінуден кейінгі сияқты фазалардан тұрады. Көптеген өсімдіктердің онтогенездің ұрпақ ауысу стадиялары байқалады (жыныстық және жыныссыз). Өсімдіктерде, әсіресе жануарларда эмбриологиялық, жастық, толу және қартаю кезеңдері анық ажыратылған. Даму кезеңдері мен тұтастық деңгейіне сәйкес: 1) бөлінетін клеткаларға тән – цитогенетикалық біртұтастық, 2) жұмыртқаның физикалық бөлінуін, дифференциясын, морфогенезі мен ұрықтың ұрық қабығымен өсуін – эмбрионалдық біртұтастық; 3) жастық пен толу кезеңдерін анықтайтын – постэмбриональдық онтогенездік біртұтастық; 4) кәрілік кезеңіндегі организмнің инволюциялық дамуын қамтитын инволюциялық біртұтастық. Біртұтастықтың әрбір деңгейіне тән өзінің жүйелік реттеушілік факторлар жиынтығы болады. Цитогенетикалық біртұтастылықта, бөліну кезіндегі клеткаларда негізгі реттеушілік функцияны цитоплазмалық бақылау, одан кейін ДНҚ, РНҚ мен белок арасындағы өзара әрекеттестік атқарады. Эмбриональдық біртұтастықта процеске белоктардың қатысуымен клетка және тканьдердің өзара әрекеттестіктерінде байқалатын реттеудің морфогенетикалық жүйесі іске қосылады. Жоғары сатыдағы өсімдіктерде генеративтік мүшелер қалыптасатын жапырақтар мен тамырдың сабақпен өзара қарым-қатынасының маңызы зор. Өзара әрекеттестіктер қоректік заттардың қозғалысына әсер етумен қатар гормондық реттеу мен өсімдіктердің тітіркену процестерін қамтамасыз етеді. Жануарлардың постэмбриональдық кезеңдерінде біртұтастықты сақтау үшін нейрогуморальдық және гормондық реттеудің маңызы зор. Жүйелік-реттеушілік факторлар организмнің салыстырмалы тұрақтылығы мен өз ұқсастықтарын сақтаумен қатар оның дамуын қамтамасыз етеді. Бұл көріністермен қатар дамудың жоғарғы тармақтарына тән қасиеттерімен бірге төменгі тармақтары қартаю-кезеңдерінде жүйелік кері құрымдылық процестері байқалады.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!