Берталанфи заңы



Кез келген тірі организм өзін-өзі реттеп, көбейе алатын және үнемі жаңарып отыратын ашық жүйе. Мұнда жүретін биохимиялық процестер кеңістік-уақыт жөнінен қатаң тәртіпке келтірілген және өзін-өзі жаңартып отыруға, көбеюге бейім біртұтас жүйе. Тірі жүйелердің ашық жүйе екендіктері олардың қоршаған ортамен зат, энергия және ақпарат алмасуларынан көрінеді.Тірі жүйенің өзін-өзі жаңартуы организмнің ескірген заттардан жаңадан түзілген заттармен үзбей алмастырып отыруымен байланысты. Бұл процес жүйенің өзін-өзі сақтауын қамтамасыз етуге зор роль атқарады, өзін-өзі реттеушілік процесі тірі жүйенің өзін-өзі сақтауына бағытталған қажетті жағдайларды туғызып, үздіксіз қызмет атқаруын бақылайды.Тірі жүйенің өсіп-дамуы мен көбеюі табиғи сұрыптаудың бақылауында болады. Ол тірі дененің құрылымдық-функционалдық құрылысын, оның жалпы биологиялық және жекедара немесе тарихи дамуындағы өзін-өзі сақтау қабілетін қамтамасыз етеді. Тірі жүйенің дамуы мен көбеюінің негізгі себептері нуклеин қышқылдары мен белок молекулаларының функционалдық құрылысы мен қартаюына және тірі дененің жаңарып отыруы мен зат алмасу процестеріне байланысты.Тірі жүйенің активтілігі оның зат, энергия және ақпараттар алмасу қарқындылығы мен тітіркену қабілетінен және бейімдеушілік ферменттерін түзуі мен иммундық реакциялар және мінез-құлқының активті формаларынан көрінеді.Тірі денелердегі заттардың өзгерістері түзу бағытты және тармақталған тізбек, тұйықталған цикл және биохимиялық реакциялар торы тәрізді көпсатылы катализдік процестер түрінде байқалады.Бұл реакциялар жүйесінің ретке келтірілуі ферменттер биосинтезінің индукциясы мен репрессиясын метаболизмдік бақылаудың генетикалық механизмі кері байланыс (принципі бойынша әрекет) ететін аталған метаболизмнің жүйелілік-реттелушілік факторларының функциясы организмнің сақталуы мен даму процесіне бағындырылған. Егер Энгельстің бірінші заңы тірі материяның субстанциялық, заттық қасиеттерін сипаттайтын болса, Берталанфи заңы тірі дененің функционалдық қасиеттерін, яғни онда жүріп жатқан физиологиялық және биохимиялық процестердің жалпы қасиеттерін қарастырады. Организмнің ашық жүйе екендігін ескере отырып, оның тіршілік етуі үшін сыртқы ортамен зат және энергия алмасу қажеттілігін ұмытпау қажет. Осыған байланысты кейбір жалпылама ойлар мен фактілерді еске салуды жөн көрдік.Автотрофты организмдердің қоректік заттарына негізінен – СО2, аммоний иондары, азот, фосфор қышқылдары, K+, Ca2+, Na+сияқты неорганикалық қосылыстар енеді. Ал, микроэлементтер болса (Fe, Mg, Mn, B, Cu, Zn және т.б.) аз мөлшерде қажет. Автотрофты организмдердің негізгі топтарын өсімдіктер құрайды, олар үшін энергия көзі-күннің жарық энергиясы, сондықтан оларды фототрофты организмдер деп атаған. Жасыл өсімдіктерден басқа оларға көкжасылбалдырлар мен фотосинтездеуші бактериялар да жатады. Автотрофты организмдердің негізгі бөлігін энергиясы неорганикалық қосылыстардың өзгеру процесінде алатын хемотрофты бакериялар құрайды.Гетеротрофты организмдер белок, май, көмірсу, витаминдер сияқты органикалық қосылыстармен қоректенеді.Бұл организмдерге автотрофтылар сияқты калий, кальций, натрий және микроэлементтер сияқты неорганикалық қосылыстар қажет. Гетеротрофты организмдерге барлық жануарлар, саңырауқұлақтар мен көптеген микроорганизмдер жатады.Гетеротрофты организмдер үшін азоттың негізгі көзі –белоктар, ал автотрофтар үшін азот қышқылының тұзы мен аммоний. Дегенмен кейбір микроорганизмдер молекулалық азотты сіңіруге қабілетті келеді. Оларға түйін бактериялары, азотобактериялар, азот түзуші көкжасыл балдырларжатады.Организмнің сусыздануы өлімге әкеліп соғатыны белгілі. Дегенмен, көптеген түрлер ондай құбылыстарға берілмей, тіршілік мерзімін ұзақ мерзімге сақтай алады. Ондай құбылысты анабиоз деп атайды.Биохимиялық процестердің жүйелік құрылымына кері байланыс негізінде реттеу принципінің маңызы зор, кері байланыс деп жүйелер функциясының нәтижесінің сол функциясының өзіне әсерін айтады. Мысалы, биохимиялық процестердің кері байланыс реакция өнімінің осы реакциясының барысына әсері негізінде бейнеленеді. Тірі жүйелерде биохимиялық процестердің барысын оның өзінің өнімінің әлсірететін кері әсерінің маңызы зор. Тегіс кері әсер функционалдық жүйені тұрақтандырып, оның қызметіне тұрақтылық қасиет береді.Организмнің биохимиялық тұрақтылығы абсолютті емес, керісінше, ондай жүйе тұрақты түрдегі теңгермелі емес жағдайда болуы мүмкін.Биохимиялық реакциялардың жүйелік құрылымдық заңы биологиялық эволюция және организмнің жеке-дара даму заңдарымен логикалық байланыста, өйткені жүйелі құрылымдар даму принципі ұғымынан туындайды. Бұл заңды түсінуге тіршіліктің генетикалық, кибернетикалық талдаулары мүмкіндік береді.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!