Онтогенездік қартаю мен жаңару заңы немесе Кренк заңы.



Тіршілік – өлшемді процесс, оның ұзақтығы тұқым қуалаушылық пен организмнің тіршілік ортасына байланысты. Өлім – кәріліктің нәтижесі. Түрлердің тіршілік ұзақтығы жекеленген особьтармен салыстырғанда уақытпен шектелмейді, қолайлы жағдай сақталса олардың тіршілік етуі жалғаса береді. Түрлер тіршілігінің үзіліссіз жалғасуын оларда өсімталдығы қамтамасыз етеді. Репродукция құбылысы организмнің жеке-дара дамуының маңызды жақтарының бірі. Бұл процесс организмде жүріп жататын жаңару процесімен тығыз байланысты. Жаңару дегеніміз жаңа заттардың түзілуі, клеткалардың көбеюі, морфогенез және регенерация мен ұрықтану процестері. Жаңару қартаюға қарама-қарсы процесс. Бұл екі процестің арасындағы қарама-қарсылық жеке-дара дамудың негізін қалайды. Сыртқы ортаның түрлі факторлары жаңару процесіне кері әсерін тигізуі немесе оны тездетуі мүмкін. Осыған байланысты организмнің жеке-дара дамуында ол түрліше көрініс береді. Көпклеткалы организмнің түрлі клеткалары жалпы жас мөлшерінен анық байқауға болады. Бұл мүшелердегі жасқа байланысты өзгерістер заңды түрде морфологиялық, физиологиялық және биохимиялық өзгерістер түрінде көрінуі мүмкін. Бұл белгілі бір жасқа сәйкес организмнің қандай орта жағдайында дамығандығын және оның қартаю мен басқа да тұқым қуалаушылық ерекшеліктерін білуге мүмкіндік береді. Онтогенездегі қартаю мен жаңару заңы совет ботанигі Николай Петрович Кренкстің (1892-1939) өсімдіктердің циклды қартаюлары мен жаңаруы жөніндегі теориясының жалпы биологиялық тұжырымдарының негізін қалады. Кренкс анықтаған өсімдіктердің жасқа байланысты өзгеру заңдылықтарын жойылу мен жаңаның үздіксіз пайда болу процесінен даму деген ұғым негізінде түсінуге болады. Қартаюдың 200-дей гипотезасы белгілі. Олардың көпшілігі тарихи тұрғыдан ескірген болжамдар. Мысалы, ол гипотезалар қартаю, көбіне организмнің өздігінен улануымен, денедегі ферменттер қорының таусылуымен түсіндіріледі. Қазіргі кезде қартаюды молекулалық механизм деңгейінде, яғни ДНҚ деструкциясымен байланысты түсіндіреді. Бірақ, Кренкс теориясына жүгінсек қартаю процесі жаңару процесімен қатар жүреді. Осыған байланысты онтогенездегі ДНҚ деструкциялық процесіне репарация процесі мен ДНҚ қалпына келу құбылысы қарсы тұруы керек. Дегенмен ДНҚ репарациясы репарациялық ферменттердің әсерімен жүретіндігі кездейсоқ құбылыс емес екендігі жөнінде қорытындыға келуге онтогенездік қартаю мен жаңару заңының жалпы биологиялық ерекшеліктері мүмкіндік береді. Организмнің жаңаруы мен қартаюын тежейтін процестеріне тікелей ДНҚ репарациясы жеке-даралық дамуда іргелік роль атқарады. Онтогенездік қартаю мен жаңару заңы индивид тіршілігінің мерзімін бейнелейтін уақыт ұғымының биологиялық көрінісін ашады. Қазіргі биологияда уақыт ұғымының физикадағы сияқты іргелік мағызы бар. Биохимиялық реакциялар, нервтік қозудың берілуі, жүректің ырғақты жұмысы, эволюция этаптары, яғни тірі табиғатта молекулалық деңгейде жүретін кез келген процесс белгілі бір уақыт мөлшерімен өлшенеді. Тірі жүйелердегі тұқым қуалаушылық ерекшеліктері мен сыртқы өзгерістердің ықпалымен туындайтын өзгерістер биоритм ретінде сипатталады. Биологиялық объектілер мен процестердің уақытша өзгерістері – аса маңызды сандық белгілер қатарына жатады. Бұл проблемаларды хронобиология зерттейді. Биология және геология ғылымдарының түйіскен жерінде органикалық дүниенің даму кезеңдерінің ұзақтығы мен көнелігін анықтайтын геохронология ғылымы тұр. Хронобиологияның қалыптасуына 1931 ж. В.И.Вернадский СССР ҒА-ның жалпы жиналысында жасаған «Қазіргі ғылымдағы уақыт проблемалары» атты докладының маңызы зор болды. Вернадский уақыт проблемасын физиканың дәстүрлі шеңберінен басқа ғылым салаларына қатысты жаратылыстану мен философиялық проблема деңгейіне көтерді.

8. Ақыл-ойдың биосфералық рөлі заңы немесе Вернадскийдің екінші заңы.

Владимир Иванович Вернадский (1863-1945) - академик, жаратылыстанушы, биологиямен геологияның сферасындағы мәселелермен айналысқан. Геохимия, биогеохимия, радиогеологияның негізін калаған. Космизм философияның өкілі. Биосфераның ноосфераға өту заңдылығын зерттеген. В.И. Вернадскийдің ноосфералық концепциясының негізгі тұжырымы: адамзат күшті геологиялық күш; бұл күш адамның саналы ойы; планета келбетінің өзгеруі; адамзаттың биосферадан басқа жеке дамитын сатысы. 1Х ғасырдың басында ғылымға “биосфера” түсінігін еңгізген француз жаратылыстанушысы Ж.Б. Ламарк (1744-1829) болған. “Биосфера” терминін тіршілік бар жердің қабықшасын анықтау үшін “гидросфера”, “литосфера”, “тропосфера” ұғымдарымен бірге Х1Х ғасырдың аяғында атақты австрия геологы Э. Зюсс (1831-1971) ұсынды. Биосфера немесе экосфера – жердің ір қабаты, тірі организмдер өмір сүретін орта. Биосфера тропосфера, гидросфера, литоосферадан тұрады. Биосфераның жоғарғы шекарасы озон қабаты болып есептелінеді (15 км). Биосфера туралы ілімнің негізін қалаушы В.И. Вернадский. Оның негізін В.И. Вернадский “Биосфера” деген кітабында жазған. Оның түсінігі бойынша биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын не ұшыраған бөлігін айтады (литосфера). Биосферадан кейін ноосфера ұғымын алғашқы рет Эдуард Леруа және палеонтолог Пьер Тейляр Шарден (1927ж) болды. Ол 1959 жылы жарық көрген “Адам феномені” еңбегінде ноосфераның “жаңа қабат”, “ойлайтын қабат” деп атады. Вернадский бойынша ноосфера адам санасының рөлі және ол бағыттайтын адам еңбегі күшті, өсіп келе жатқан геологиялық күшке айналатын биосфераның даму сатысы болып табылады. Ол өзінің ең соңғы еңбегінде ноосфера – сана, ақыл-ой қабаты деді. Планетамыздағы ағзалардың барлық жиынтығын В.И.Вернадский тірі зат деп атаған, оның негізгі қасиеттері ретінде қосынды массасын, химиялық құрамын және энергиясын қарастырған. Сонымен, В.И.Вернадский бойынша бос энергияның ұстаушы ретінде тірі органикалық заттар болып есептеледі. Биосфера құрылысына, тірі заттан басқа (өсімдік, жануар, микроағзалар) биогенді заттар (тірі ағза өмір қызметінің өнімдері – тасты көмір, битум, мұнай), биокосты заттар – тірі ағзалар мен геологиялық процестердің бірлескен қызметінің нәтижесінде пайда болған денелер (таулы және шөгінді жыныстардың тірі ағзалармен өндірілуі және таралу өнімдері – топырақ, барлық табиғи сулар, олардың қасиеттері жер бетіндегі тірі заттардың қызметімен байланысты) және қосты заттар – биосферадағы, тірі ағзалардың қатысуынан пайда болған заттардың жиынтығы (магматикалық, бейорганикалық түпті тау жыныстары, су, космосты шаң, метеориттер) кіреді. Сонымен, биосфера – тірі заттар әсерімен қамтылған жердің бөлігі. 1940 ж. В.И.Вернадский тірі ағзалардың биосферадағы геохимиялық процеспен басқаратын (биогеохимиялық принциптері) ашқан. «Биосфера» терминнің авторы Э.Зюсс өзінің кітабында «Жердің жүзі», терминнің енгізгеннен кейін 30 жылдан соң (1909 ж) биосфераның кері әсерін байқамаған және оны «жер бетінде мекендейтін және кеңістікпен уақытта шектелген бірлестік ағзалар ретінде» анықтаған. Тірі ағзалардың жер қабатының пайда болуның үлкен рөліне көңіл аударған алғашқы биологтарының бірі Ж.Б.Ламарк (1744-1829) оның көрсетуі бойынша, жер шарының бетіндегі бар және оның қабығын құрайтын барлық заттар тірі ағзалар қызметінен қалыптасқан. Биосфера туралы фактілер және ережелер ботаника, топырақтану, өсімдіктердің географиясы және басқа да, ерекше биологиялық ғылымдар және геологиялық пәндердің дамуымен байланысты келе-келе жинақталған. Биосфера түсінігіне қажетті білім элементтері, жалпы экологияның пайда болуымен байланысты болды, ол ағзалар және қоршаған ортаның арасындағы қарым-қатынасты зерттейді. Биосфера ол белгілі табиғи жүйе, ал оның тіршілігі біріншіден тірі ағзалардың қатысуымен энергия мен заттардың айналамында көрінеді. Биосфера туралы негізгі ережелері, оның құрылысы және дамуы Владимир Иванович Вернадскиймен құрастырған (1863 – 1945). Негізгі ережелері: 1. Биосфераның эволюция нәтижесінде ол ноосфераға (ақыл – ой сферасы) өзгеріледі. Ол материяның өз ұйымдастыруының барлық процестерін бірлік ретінде қарастырған. 2. Эволюциялық процестер адамның табиғатқа әсерінің өсуінен көп жылдамдайды. Оның дамуының анықтаушы факторы адам. 3. Ұжымды ақыл – ой эволюциялық даму жолдарын анықтауға қабілетті. В.И.Вернадский концепцияның негізгісі ол тірі ағзалар туралы түсінік, оны ол тірі ағзалар бірлетігі ретінде анықтайды. Өсімдіктер мен жануарлардан басқа В.И. Вернадский оған адамзатты да кірістіреді, себебі оның геохимиялық процестерге әсері басқа тірі тіршіліктердің әсеріне қарағанда өзгеше, біріншіден, өзінің қарқындылығымен, геологиялық мезгілмен көбейетін, екіншіден, адам қызыметінің басқа тірі заттарға тигізетін әсерімен. В.И.Вернадскийдің ойы бойынша, тірі ағзалардың өзінің эволюциялық процесі бар, ол ортаның өзгерісіне байланысты емес, геологиялық мезгілдің жүру өзгерісінде көрінеді. Өз ойын дәлелдеу үшін ол жануарлардың орталық нерв жүйесінің үздіксіз өсуіне және оның биосферадағы маңызы және биосфераның ерекше ұйымдастырылуына сілтейді. Оның ойы бойынша, жеңіл модельде осы ұйымдастыруды келесі түрімен көрсетуге болады, биосферадағы бірде бір нүкте «бұрыңғы орынға, биосферадағы сол нүктеге түспейді». Қазіргі терминдер бойынша ол көріністі эволюция мен дамудың әрбір процесіне тәуелді қайтарымсыз өзгерістер ретінде көретуге болады. Жаңа ағзалар түрлерінің пайда болуымен шағылысатын эвоюцияның үздіксіз процесі жалпы биосферадағы, соның ішінде табиғи биокосты денелерге, мысалы, топыраққа, жер бетті мен жер асты суларға және т.б. әсер тигізеді. Ол келесімен дәлелденеді, девонның топырақ пен өзендері, третичті, және қазіргі мезгілде ерекше. Сонымен, түрлердің эволюциясы таралып жалпы биосераға өтеді. Кейбір қарамағарсылыққа қарамастьан Вернадскийдің биосфера туралы ілімі, тек қана тірі табиғатың емес, оның тарихи адамзат қызметімен тығыз байланысты түсінуіндегі жаңа үлкен қадамды көрсетеді. В.И.Вернадский биосфера деп өмірдің тіршілік ететін немесе бұрын тіршілік еткен және тұрақты тірі ағзлар әсеріне тартылатын немесе тартылған біздің планетамыздың облысын атаған. 3,5-4,0 млрд. жыл бұрын пайда болған, қазіргі биосфера тірі ағзаларды (3 млн.түрге дейін), олардың қалдықтары, мекендейтін және сол ағзалармен өзгертілген атмосфера, гидросфера және литосфера аймақтарын кірістіреді.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!