Табиғи сұрыпталу заңы немесе Дарвин заңы.



Әртүрдің популяциялық құрамы тұқым қуалаушы өзгергіштік процесіне байланысты генетикалық әртектес болып келеді. Бұл әрекеттілік түрлі особьтардың бірдей бейімделушіліктерінен байқалады. Тіршілік үшін күресте бейімделген түрлер ғана қалып, ұрпақ таратады. Осыған байланысты ұрпақтан ұрпаққа бейімделген өзгерістер ғана арта түседі, ондай өзгерістер бар особьтар популяция ішінде доминантты жағдайда болады. Тұқым қуалаушылық, өзгергіштік және табиғи сұрыптау, яғни ұрпақ бойына бейімделгендердің ғана сақталуы биологиялық эволюциясының элементарлы факторлары болып саналады. Табиғи сұрыптау оның бағытын, бейімделу сипатын анықтайды. Биогеоценоздағы табиғи сұрыптардың әсерінен туындайтын тұқым қуалаушылық өзгерістерінен жаңа түрлердің пайда болуына әкеп соғатын дивергенция (ажырау) процесі жүреді. Табиғи сұрыптаудың тұрақтылық әсерін түрлердің тұрақтылығын ұзақ мерзімде сақтау фактілерін байқауға болады. Биологиялық эволюцияны тудыратын факторлар, оның бейімделушілік ерекшеліктері мен түрлердің сапалық оқшауланулары және сатыдағы таксондар жөніндегі ілімді ашқан Дарвин болды. Ол бұл ілімді табиғи сұрыптау механизмі мен табиғатта жүріп жатқан процестердің қорытындыларын теориялық талдау негізінде жасады. Сонымен жасанды сұрыптау Дарвин үшін табиғи сұрыптаудың үлгісі болды. Мәдени өсімдіктердің сорты мен үй жануарларының тұқымын шығарудың негізіне, Дарвин көрсеткендей үш фактор кіреді: тұқым қуалаушылық, өзгергіштік және қолдан сұрыптау. Табиғаттағы қолдан сұрыптаудың аналогіне табиғи сұрыптау, яғни аса бейімделген осоьтарды сақтау, олардың ұрпақтарын көбейту процестері жатады. Табиғи сұрыптау мен селекция кез келген популяцияның особьтары бетпе- бет кездесіп, тіршілік үшін күрестің алғы шептегі линиясы кезінде Ч.Дарвин көре білді. Табиғи сұрыптау эволюцияның беймделістік қасиетін қастамасыз етеді. Өйткені оның әрекет механизмі бейімделгендерді ғана сақтай алады. Ал, эволюция екі факторы - тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік болса, олар тіршілңкітің барлық формаларын қамтиды. Дарвин ілімі теориялық биологияның негізгі жақтарын қамтитын болғандықтан және материя қозғалысының биологиялық формасын тарихи- жүйелік тұрғыдан түсіндіруіне байланысты, оның ілімі теориялық биологияның негізін қалаушылардың бірі болып қала береді. Эволюция барысындағы морфологиялық прогресс пен тіршілік формасының құрылымдық негізінің күрделене түсуі- ортаның биотикалық және абиотикалық фоннның морфологиялық прогресі барынша қарқынды дамитын табиғи сұрыптаудың негізі. Сонымен морфологиялық прогрестің даму дегеніміз белгілі бір жағдайда жүретін сұрыптау процесі. Морфологиялық пргресс органикалық форманың тарихи дамуының негізгі бағыты ертінде тіршіліктің алғашқы пайда болуы мен қазіргі адамзатқа дейінгі аралығындағы биологиялық эволюцияның негізгі бағытын қалайды.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!