Органикалық мақсатқа сәйкестілік немесе Аристотель заңы.



Ғылым жанды формаларды неғұрлым терең және жан-жақты зерттесе соғұрлым олардың мақсатқа сәйкестіктері ашыла түседі. Органикалық мақсаттарға сәйкестілік тіршілік формаларының нақты ерекшеліктерін түсіну процесінде қалыптасады. Мақсатқа сәйкестілік барлық түрлерге тән. Ол биологиялық обьектілердің құрылымы мен міндетінің өзара сәйкестілігінен тіршілік формаларының тіршілік жағдайына бейімдестілігімен, жекелей даму ерекшелігімен, мақсатқа сәйкестілігімен және биологиялық түрлердің мінез-құлқымен сипатталады. Органикалық мақсатқа сәйкестілік Дарвиннің биологиялық эволюциясының бейімделушілік ерекшеліктерінен көрініс тапқан табиғи сұрыптаудың шығармашылық ролі жөніндегі ілімдерінен материалистік түсінікті тапты. Органикалық мақсатқа сәйкестіліктің көріністерін зерттеу биологияның маңызды міндеттерінің бірі. Цитология шеңберіндегі адам мен өсімдіктер клеткаларының бөлінуі бұған мысал бола алады. Эквационды (митоз) және редукциялық (мейоз) бөліну өсмідіктер мен жануарлар клеткаларындағы хромосом санының тұрақтылығына себепші болады. Митоздағы диплоидтық набордың еселенуі бөлінетін соматикалық клеткалардағы хромосомдар санының тұрақтылығының сақталуын қамтамасыз етеді. Жыныс клеткаларының түзілуі барысындағы хромосомдар наборының гаплоидтануы және жыныс келткаларының өзара қосылуы нәтижесінде зигота түзілуінде оның қалпына келуі жыныстық көбею кезіндегі хромосом полиплоидтық құбылыстар тудыратын немесе хромосомдар санын көбейетін қалыптан тыс ауытқулар табиғи сұрыптаудың тұрақтандырушы әсерінен жоғалып отырады. Бұл жерде жаңа полиплоидты хромосомдар жиынтығын сақтайтын цитогенетикалық механизмдер қайта іске қосылады. Органикалық мақсатқа сәйкестіліктің кең көлемді аумақтары- тіршілік формалары таралуы мен көбеюлерін көрсетеді. Мысалы, бактерия споралары ортаның қолайсыз жағдайларына жоғары төзімділік көрсетеді. Гүлді өсімдіктер айқас тозаңдануға бейімделге алған. Жыныс инстиктері мен ұрпағына қамқорлық жасау жануарлар дүниесінде жақсы дамыған. Уылдырық пен жұмыртқаның құрылысы өздеріне сәйкес ортада жануарлардың дамуын қамтамасыз етеді. Сүт бездері ұрпақтарын қажетті көрінетін заттармен тамақтануын қамтамасыз етеді. Бірқатар бейімделушлік ерекшеліктерінің пайда болуы өсімдіктер мен жануарлардың сулы ортадан құрлыққа шығумен байланысты. Тұқым өсімдіктерінің, бауырмен жорғалаушылар мен құстардың және сүтқоректілердің сулы ортадан тыс жерде ұрықтанулары олардың құрылыстарында морфологиялық өзгерістер туғызды. Бұл жерде өсімдіктердегі гүл, дән, жеміс, ал жануарлардағы омыртқалыларға тән ұрық қабығын және жылы қандылар мен сүтқоректілердегі тері қабатын атап айтқан жөн. Осылардың барлығын жер бетіндегі жоғары топтағы жануарлар мен өсімдіктер дүниесіндегі органикалық мақсатқа сәйкестіктің көрінісі. Органикалық мақсатқа сәйкестіктің кейбір көріністерінде омыртқасыздар мен омыртқалы жануарлар арасында көп тараған қорғаныштық бүркемелену бояуы жатады. Жанурлар әлемінде пассивті қорғанумен қатар жыртқыштардан активті қорғану құралдары қабанның азу тістері мен бұғылардың мүйізі, т.б. кең тараған, қазіргі кезде бейімделушілік биологиялық эволюция процесінің нәтижесінде пайда болағндығы айдан анық. сонымен қорыта келгенде органикалық мақсатқа сәйкестілік заңы табиғи сұрыптау заңымен тығыз байланысты. Бұл байланыстылық органикалық мақсатқа сәйкестілік табиғи сұрыпталу процесінің салдары екендігін дәлелдейді. Табиғи сұрыптау өз кезінде, органикалық мақсатқа сәйкестіліктің салыстырмалылығы, популяциядағы түрлердің бейімдеушілік дәрежесі негізінде іске асырылады.


Дата добавления: 2016-01-04; просмотров: 1; Мы поможем в написании вашей работы!

Поделиться с друзьями:






Мы поможем в написании ваших работ!